Ей, жүрегімнің қуаты, перзенттерім! Сіздерге адам ұлының мінездері туралы біраз сөз жазып жәдігер қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббаттың төлеуі – махаббат. Әуелі адамның адамшылығы ақыл, ғылым деген нәрселермен. Мұның табылмағына себептер – әуелі, хәуас сәлим1 һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалған өзгелердің бәрі жақсы ата-ана, жақсы құрбы2, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Білім-ғылымға махаббат бермек әлгі айтылған үшеуінен болады. Білім-ғылымды әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйір қылу уә3 үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала білім-ғылымды махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла Тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана «жәлб-и мәнфә‘әт дәф‘-и музәррәтләрді4» айырмақтық секілді ғылым-білімді үйренсе білер деп үміттенуге болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан молдаға берген болады, я ол балалар өздері барған болады – ешбір бәһре5 болмайды. Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, хатта6 имани иғтиқадқа7 да қиянатпен болады. Бұл қиянатшылар – жарым адам, жарым молда, жарым мұсылман. Олардың адамшылығының кәмелет8 таппағы – қиынның қиыны. Себебі, Алла Тағала өзі – хақиқат жолы, хақиқат пен рас қиянаттың дұшпаны. Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге махаббат тұрғанда, хақтықты таппайды. Адамның білімі, ғылымы хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен табылады. Ол – Алланың ғылымы емес, һәмманы9 білетұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым береді. Оның үшін ол Алланың өзіне ғашықтық. Ғылым – Алланың бір сипаты, ол – хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақтық һәм адамдық-дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ізет-құрмет таппақ секілді нәрселердің махаббатымен білім-ғылымның хақиқаты табылмайды. Мал, мақтан, ізет-құрмет адамды өзі іздеп табылса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Егерде адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады.
_________________________________________
1 خواص سالم – (араб.) [хәуас-и салим] – зиялылық, асыл тектілік.
2 قرب – (араб.) [қурб] – жақындық, туысқандық. Мұнда ағайын, туысқан деген мағынада.
3 و – (араб.) [уә] – жалғаулық: мен, менен, пен, пенен, және.
4 جلب منفعت دفع مضرت – (араб.) [жәлб-и мәнфә‘әт дәф‘-и музәррәт] – зиянынан қауіптеніп, пайдасынан бас тарту.
5 بهره – (парсы.) [бәһре] – үлес, пайда, табыс.
6 حتی – (араб.) [хәттә] – үстеу: тіпті, керек десе, …да, …де.
7 اعتقاد – (араб.) [и‘тиқад] – сенім. Имани иғтиқад – имани-сенім.
8 مالت – (араб.) [кәмаләт] – кемелдік.
9 همه – (парсы.) [һәммә] – бәрі, барлығы.
Енді хақиқат сүйіп, шынды білмек құмарың бар болса, адамшылыққа лайықты ықыласты құлағыңды қой. Әуелі дін исламның жолындағы пенделер иманның хақиқатын білсін. Иман дегеніміз бір ғана иланбақтық емес, сен Алла Тағаланың бірлігіне уә1 Құранның Оның сөзі екендігіне уә пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләм2 Оның тарапынан елші екендігіне инандың. Жә, не бітті? Сен Алла Тағалаға Алла Тағала үшін иман келтіремісің, йә өзің үшін иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де, Алла Тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Я өзің үшін келтірсең, жә иландың. Ол иланбақтығың құры ғана иланбақтықпен қалса, саған пайда бермейді. Оның үшін сен өзің иланбақтығыңнан пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл иман болады. Сіз «Әмәнту билләһи кәма һуә би әсмәйһи уа сифәтиһи3» дедіңіз. Ол исмуллалар4 һәмма Алла Тағаланың фиғл ғазимдерінің5 аттары, олардың мағынасын біл, һәм сегіз сипат затиялары6 не деген сөз, кәміл үйрен. Өзіңді Оның құлы біліп, өзіңе муслим7 ат қойып, тәслим8 болғаныңа рас боласың да. Өз пейілдеріңді Соған өз халіңше ұқсатуды шарт қыл. Алла Тағалаға ұқсай алам ба деп, надандықпен ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ – дәл бірдейлік дәғуәсімен9 емес, соның соңында болмақ. Оның үшін Алла Тағаланың сипаттары: Хаят10, Ғылым, Құдірет, Бәсәр11, Сәмиғ12, Ирада13, Кәлам14, Тәкуин15. Бұл сегізінен Алла Тағаладағыдай кәмаләт16-ғазимәтпен17 болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты.
______________________________________
1 و – (араб.) [уә] – жалғаулық: мен, менен, пен, пенен, және.
2 صلی الله علیه و سلم – (араб) [саллаллаһу ‘әләйһи уә сәлләм] – Алланың оған сәлемі мен амандығы болсын.
3 امنت بالله کما هو باسمائه و صفاته – (араб.) [Әмәнту билләһи кәма һуә би әсмәйһи уа сифәтиһи] – Мен Аллаға, сол сияқты Оның есімдері мен Оның сипаттарына иман келтірдім.
4 اسم الله – (араб.) [исмуллаһ] – Алланың есімдері.
5 فعل عظیم – (араб.) [фи‘ли‘азим] – ұлық іс, ұлы әрекет.
6 صفت ذاتیه – (араб.) [сифәте затийә] – Алланың өзіне тән заттық сипаттары.
7 مسلم – (араб.) [муслим] – иланушы, мойынсұнушы.
8 تسلیم – (араб.) [тәслим] – илану, мойындау.
9 دعوی – (араб.) [дә‘уә] – талас, тартыс
10 حیات – (араб.) [хәйәт] – тірі, тірі болу. Алла Тағаланың сегіз сипатының бірі – мәңгі тірі деген мағынада.
11 بصر – (араб.) [бәсәр] – көру. Алла Тағаланың сегіз сипатының бірі – бәрін көруші деген мағынада.
12 سمع – (араб.) [сәми‘] – есіту. Алла Тағаланың сегіз сипатының бірі – бәрін есітуші деген мағынада.
13 اراده – (араб.) [ирадә] – қалау. Алла Тағаланың сегіз сипатының бірі – қалағаны еш күдіксіз болады деген мағынада.
14 کلام (араб.) [кәләм] – сөйлеу. Алла Тағаланың сегіз сипатының бірі – өзіне тән қасиетпен сөйлеуі.
15 تکوین – (араб.) [тәкуин] – жарату. Алла Тағаланың сегіз сипатының бірі – қалағанын жаратушы деген мағынада.
16 کمالت – (араб.) [кәмаләт] – кемелдік.
17 عظیمت – (араб.) [‘әзимәт] – ұлықтық.
Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә1 атлас сипатымызды ол Алла Тағаланың сегіз ұлық сипаттарынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпен біздің атымыз муслим бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттарымен әғләмланған2 фиғлі Құдаға3 фиғлімізді4 ертпек немен табылады, қалайша табылады, оны білмек керек. Ол – Алла Тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттармен тәғрифлап5 танымаққа керек. Егерде ол сипаттармен тәғрифламасақ, бізге мәғрифәтулла6 қиын болады. Біз Алла Тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмады. Алла Тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білерге мүмкін болмайды. Біз Алла Тағала «Бір» дейміз, «Бар» дейміз, ол «Бір» демектік те – ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «Бір» демектік те Алла Тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін мумкінаттың7 ішінде не нәрсенің ужуді8 бар болса, ол бірліктен құтылмайды. Әрбір хадиске айтылатұғын бір қадімге тәғриф9 болмайды. Ол «Бір» деген сөз ғаламның ішінде, әлем Алла Тағаланың ішінде, Құдай тәбәрәкә уә тағала10 кітаптарда сегіз субутия11 сипаттарымен, уә12 тоқсан тоғыз Әсмәи-хуснәлермен13 білдірген. Бұдардың һәммасы Алла Тағаланың затия, субутия уә фиғлия сипаттары-дүр. Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның екеуі – ғылым, құдірет. Сегіз сипаттан қалған алтауы – бұларға шәрх14. Ол алтауының бірі – хаят, яғни тірілік. Алланы бар дедік, бір дедік, ғылым, құдірет сипатымен сипаттадық. Бұл бірлік, барлық ғылым, құдірет өлуде боларлық нәрселер ме? Әлбетте, ғылым құдіреті бар болады: хаяты – мәлім, бірі – ирада, яғни қаламақ. Ғылым бар болса, қаламақ та бар. Ол еш нәрсеге харекет бермейді. Һәммаға харекет беретұғын Өзі. Ол ирада ғылымның бір сипаты, бірі – кәләм, яғни сөйлеуші деген, сөз әріпсіз, дауыссыз болушы ма еді? Алла Тағаланың – әріпсіз, дауыссыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті және бәсәр15, сәмиғ16, ол – көруші, есітуші деген. Алла Тағаланың көрмегі, естімегі біз секілді көзбенен, құлақпенен емес. Көргендей, есіткендей болатұғын ғылымның бір сипаты.
__________________________________
1 ذره – (араб.) [зәррә] – кішкентай, түйірдей.
2 اعلام – (араб.) [ә‘ләм] – біліну, жариялану. Мәтінде білінген ретінде қолданылған.
3 فعل خدا – (п-а). [фи‘ле Худа] – Құдайдың іс-әрекеті.
4 فعل – (араб.) [фи‘л] – іс-әрекет.
5 تعریف – (араб.) [тә‘риф] – түсіндіру, баяндау.
6 معریفت الله – (араб.) [мә‘рифәтуллаһ] – Алланы тану.
7 ممکنات – (араб.) [мумкинәт] – жаратылыс.
8 وجود – (араб.) [ужуд] – болмыс.
9 تعریف – (араб.) [тә‘риф] – баяндау, суреттеу.
10 تبارک و تعالی – (араб.) [Тәбәрәкә уә тә‘әлә] – Аллаға эпитет ретінде қолданылатын атау. Мағынасы: игілікке бастаушы ұлы Алла деген мағынада.
11 ﺛبوتیه – (араб.) [субутийә] – дәлелді, айғақты. Мәтінде Алла Тағаланың өзіне тән айғақты сипаттары туралы айтылып отыр.
12 و – (араб.) [уә] – жалғаулық: мен, менен, пен, пенен, және.
13 اسماء حسنی – (араб.) [Әсмәи хуснә] – көркем есімдер.
14 شرح – (араб.) [шәрх] – түсінік.
15 بصر – (араб.) [бәсәр] – көру. Алла Тағаланың сегіз сипатының бірі – бәрін көруші деген мағынада.
16 سمع – (араб.) [сәми‘] – есіту. Алла Тағаланың сегіз сипатының бірі – бәрін есітуші деген мағынада.
Бірі – тәкуин1, яғни барлыққа келтіруші деген сөз. Егер барлыққа келтірмегі бір өз алдына сипат болса, Алла Тағаланың сипаты өзіндей қадим2, һәм әзали3 һәм әбәди4 болар да, һәмише5 барлыққа келтіруден босанбаса, бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші боларға жарамайды. Олай болғанда ғылым, құдірет сипаттары секілді босанбай, әр уақыт жаратуда болса, бір ықтиярсыздық шығады. Ықтиярсыздық Алла Тағалаға лайық емес. Оның барлыққа келтірмегі – құдіретіне және бір шәрх. Бұл ғылым, құдірет екі сипатпен сегіз сипат бұзылмастан түгел болады. Ол ғылым, құдірет те ешбір ниһаятсыз6, ғылымында ғапілет, құдіретінде епсіздік, я начарлық7 жоқ. Саниғын8 сунғатына9 қарап білесіз. Бұл көзге көрілген, көңілге сезілген әлемді қандай хикметпен жарастырып, қандай құдіретпен орнастырған, ешбір адам баласының ақылы жетпейді. Бірақ пендесінде ақыл – үкімші, қайрат, қуат – қызмет қылушы болушы еді. Соған қарап ойлайсың: Алла Тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс. Олай болмаса, сипаттар өз орталарында бірі – тәбиғ10, бірі – мәтбуғ11 болады ғой. Бұл болса, тәғрифи Раббгә12 жараспайды. Сегіз сипат қылып, және ол сипаттарға «Лә ғәйру уә лә һуә»13 болып, бұлай айтуда, бұлардан бір өз алдына жамағат яки жамғиат14 шығып кетеді. Бұл болса келіспейді. Егерде сипаттардың әрбірін басқа-басқа дегенде, көп нәрседен жиылып, иттифақпен15 Құдай болған болады. Олай деу батил16, бір ғана құдірет пендеде болған қуат, құдірет, ғылым ақылдан басқа болатұғын еді. Алла Тағалада болған құдірет – ғылым һәм құдірет һәм рәхмәт17. Ол – рәхмәт сипаты, сегіз сипат ішінде жазылмаса да, Алла Тағаланың Рахман18, Рахим19, Ғафур20, Уадуд21, Хафиз22, Сәттар23, Раззақ24, Нафиғ25, Уәкил26, Ләтиф27 деген есімдеріне бинан28 бір ұлық сипатынан есептеуге жарайды. Бұл сөзіме нақлия29 дәлелім – жоғарыдағы жазылған Алла Тағаланың есімдері. Ақлия30 дәлелім Құдай Тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтұғын келісімменен жаратқан, онан басқа, бірінен бірі пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайда алатұғын ақылды инсанды31 жаратыпты. Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтұғын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтұғын қылып, һәм олардан махшарда32 сұрау бермейтұғын қылып. Енді бұлардың һәммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан адам баласынан махшарда сұрау беретұғын қылып жаратқандығында һәм әділет һәм махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар сипатында жаратпай, бұл гөзәл33 сипатты беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып, өзі хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет қылдырып, аузына қолы ас бергенде, не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззәттанғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстінен тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктігінен, зарардан қорғап тұрарлық қылып қабақ беріп, ол қабақтарды жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оны жүзіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуі ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп жаратпақтығы махаббат емес пе? Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмақ қарыз емес пе? Ақыл көзіменен қара: күн қыздырып, теңізден бұлыт шығарады екен, ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзінде неше түрлі даналарды өстіріп, жемістерді өндіріп, көзге көрік, көңілге рахат гүл-бәйшешектерді, ағаш-жапырақтарды, қант қамыстарын өндіріп, неше түрлі набататтарды34 өстіріп, хайуандарды сақтатып, бұлақтар ағызып, өзен болып, өзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар балығын, балықтар икрасын, хатта35 ара балын, балауызын; құрт жібегін – һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі – адам баласының таусылмас азығы. Миллион хикметпен жасалған машина, фабрика адам баласының рахаты, пайдасы үшін жасалса, бұл – Жасаушы махаббатпен адам баласын сүйгендігі емес пе? Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз емес пе? Адам баласы қанағатсыздықпен бұл хайуандардың тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жәбір қылмасын деп, малды адам баласының өзінің қызғанышына қорғалатып, өзге хайуандарды бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып, һәм әрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып, жас күнінде, кішкене уақытында шапқат36 сиқырымен бастарын байлап, қамқор қылып қоймақтығы – адам баласына өсіп-өніп, теңдік алсын емес, бәлки37, адам баласының үзілмес нәсліне таусылмас азық болсын дегендік. Бұл хикметтерінен һәммасынан мәрхәмәт38, һәм әділет заһир39 тұр екен. Біз ортамызда бұл мәрхәмәт, әділетті иманның шартынан есеп қылмаймыз, оның үшін муслим40 болғанда, Алла Тағалаға тәслим41 болып, оның жолында болмақ едік, болғанымыз қайсы? Бұл екі – ай менен күннен артық мәлім тұрған жоқ па? Фиғлі42 Құданың ешбірін де қарар қылмаймыз, өзгелерде болғанын жек көрмейміз, өзіміз тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе? Қиянатшылыққа бір қарар43 тұрған адам – я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла тәбәрәкә уә тағаланың44 пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. «Тәфәккәру фи иләллаһи»45 деген хадис шәрифтің46 «Инналлаһа йухиббул-муқситин»47 деген аяттарға ешкімнің ықыласы, көңілі менен ғылымы жетіп құптағанын көргенім жоқ. «Әтә`мурунән-нәсә бил-бирри уә әхсину инналлаһа йухиббул-мухсинин»48, «Уәлләзинә әмәну уә ‘әмилус-салихати уләйкә әсхәбул-жәннәти һум фиһа халидун»49 деген аяттар Құранның іші толған «амалус-салих»50 не екенін білмейміз. «Уә әммәлзинә әмәну уә ‘әмилус-салихати фәйуәффиһим ужурәһум уә Аллау лә йухиббуз-залимин»51 аятына қарасаң, амалус-салих52 залымдықтың зидды53 болар. Олай болғанда әділет, рәфғәт54 боларға кімде-кімнің әділеті жоқ болса, хаясы55 жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген, Пайғамбарымыз саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләмнің56 хадис шәрифі57 «Мән лә хайә`ән ләһу уә лә имәнә ләһу»58 деген дәлел-дүр. Енді белгілі, иман құры инанышпен болмайды, әділет уә59 рәфғәтпен болады. Амалус-салих60 әділетті уә мәрхәмәтті61 болмақ, күллі тәнмен қылған құлшылықтарының ешбірі әділетті, мәрхәмәтті бермейді. Көзің күнде көреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не халатта62 екендіктерін, оған да дәлел керек емес. Бәлки63 әділет барша ізгіліктің анасы-дүр. Ынсап, ұят – бұл әділеттен шығады. Оның үшін әділетті адамның көңіліне не келеді? Мен өз көңілімде халық меніменен, сондай-мұндай құлықтарменен муғамала64 қылса екен деп ойлап тұрып, өзім сол халықтарменен муғамала қылмағандығым жарамайды ғой деп, сол өзі әділет те һәм ынсап та емес пе? Һәмма жақсылықтың басы емес пе? Жә, олай қулықпенен сол ойды ойлаған кісі Халлақына65 шүкірді неге ойламасын? Шүкірліктен ғибадаттың бәрі туады. Енді зинһар66 әділет, шапқаттан67 босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та һәммасы босанады. Аллайар Суфидың «Бір фәрдәдән йүз фәрдә бижай»68 дегені басыңа келеді.
__________________________________
1 تکوین – (араб.) [тәкуин] – жарату. Алла Тағаланың сегіз сипатының бірі – қалағанын жаратушы деген мағынада.
2 قدیم – (араб.) [қадим] – бұл жерде Алланы меңзейді.
3 ازالی – (араб.) [әзәли] – шексіз ежелден бар.
4 ابادی – (араб.) [әбәди] – мәңгілік.
5 همیشه – (парсы.) [һәмишә] – қашан да, үнемі.
6 نهایت – (араб.) [ниһайәт] – ұшы, шегі. Мәтінде шексіз деген мағынада.
7 نا چار – (парсы.) [на чар] – шарасыздық.
8 صانع – (араб.) [сани‘] – шебер, жасаушы.
9 صنعت – (араб.) [сун‘әт] – өнер, шеберлік.
10 تابع – (араб.) [тәби‘] – бас июші.
11 متبوع – (араб.) [мәтбу‘] – бас идіруші.
12 تعریف رب – (араб.) [тә‘риф] – баяндау, түсіндіру. Мәтінде Жаратушыны түсіндіру деген мағынада.
13 لا غیر و لاهو – (араб.) [Лә ғәйру уә лә һуә] – басқа да емес, ол да емес.
14 جمعیت – (араб.) [жәм‘иәт] – жиналу, бас қосу.
15 اتفاق – (араб.) [иттифақ] – одақ
16 باطل – (араб.) [батил] – қате.
17 رحمت – (араб.) [рәхмәт] – мейірім.
18 رحمن – (араб.) [рәхмән] – аса қамқор.
19 رحیم – (араб.) [рахим] – ерекше мейірімді.
20 غفور – (араб.) [ғафур] – кешірімді.
21 ودود – (араб.) [уәдуд] – ізгілік істеуші, сүюші.
22 حفیظ – (араб.) [хәфиз] – сақтаушы, бәлелерден қорғаушы.
23 ستار – (араб.) [сәттар] – айыптарды жабушы.
24 رزاق – (араб.) [рәззақ] – ризық беруші.
25 نافع – (араб.) [нәфи‘] – пайда беруші.
26 وکیل – (араб.) [уәкил] – басқарушы.
27 لطیف – (араб.) [ләтиф] – жұмсақ, зор кеңшілік иесі.
28 بناء – (араб.) [бина`ән] – лайықты, байланысты.
29 نقلیه – (араб.) [нәқлийә] – нақылдық, дәстүрлі.
30 عقلیه – (араб.) [‘әқлийә] – ақылды, ойлы.
31 انسان – (араб.) [инсан] – адам.
32 محشر – (араб.) [мәхшәр] – қияметте адамзаттың жиналатын алаңы.
33 گوزل – (түркі.) [гузәл] – сұлу, әдемі.
34 نباتات – (араб.) [нәбәтәт] – өсімдіктер.
35 حتی – (араб.) [хәттә] – үстеу: тіпті, керек десе, …да, …де.
36 شفقت – (араб.) [шәфқәт] – мейірім.
37 بلکی – (парсы.) [бәлки] – қайта, керісінше, бәлкім.
38 مرحمت – (араб.) [мәрхәмәт] – мейірбандық.
39 ظاهر – (араб.) [заһир] – анық, сыртқы көрінісі. Мәтінде мейірбандық пен әділет көрініп тұр екен деген мағынада.
40 مسلم – (араб.) [муслим] – иланушы, мойынсұнушы.
41 تسلیم – (араб.) [тәслим] – илану, мойындау.
42 فعل – (араб.) [фи‘л] – іс-әрекет, яғни Құдайдың іс-әрекеті.
43 قرار – (араб.) [қәрар] – орнығу, тыныштану. Бұл жерде жақын деген мағынада қолданылып тұр.
44 تبارک و تعالی – (араб.) [Тәбәрәкә уә тә‘әлә] – Аллаға эпитет ретінде қолданылатын атау. Мағынасы: игілікке бастаушы ұлы Алла деген мағынада.
45 تفکرو فی الی الله – (араб.) [Тәфәккәру фи иләллаһи] – Алла туралы ойланыңдар!
46 شریف – (араб.) [шәриф] – қастерлі, қасиетті.
47 ان الله یحب المقسطین – (араб.) [Инналлаһа йухиббул-муқситин] – Өйткені Алла турашылдарды жақсы көреді! (إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُقْسِطِينَ) («Хужурат» сүресі, 9 аят).
48 اتاءمرون الناس بالبر و احسنو ان الله یحب المحسنین – (араб.) [Әтә‘мурунән-нәсә бил-бирри…, уә әхсину инналлаһа йухиббул-мухсинин] – Сендер ел-жұртқа ізгілікті бұйырып… («Бақара» сүресі, 44 аят), …істеріңді барынша тиянақты етіп істеңдер. Шүбәсіз Алла игі жандарды жақсы көреді («Бақара» сүресі, 195 аят).
49 والذین آمنو و عمل الصالحات اولائک اصحاب الجنت هم فیها خالدون – (араб.) [Уәлләзинә әмәну уә ‘әмилус-салихати уләйкә әсхәбул-жәннәти һум фиһа халидун] – Ал иман етіп, игілікті істер істегендерге келсек, міне, солар жұмақтықтар, олар сонда мәңгі-бақи қалады («Бақара» сүресі, 82 аят).
50 عمل الصالح – (араб.) [‘әмәлус-салих] – ізгі амал.
51 واما الذین آمنوا و عملوالصالحات فیوفیهم اجورهم والله لا یحب الظالمین – (араб.) [Уә әммәлзинә әмәну уә ‘әмилус-салихати фәйуәффиһим ужурәһум уә Аллау лә йухиббуз-залимин] – Ал иман етіп, игілікті істер істегендер болса, (Алла) олардың қарымын толық қайтарады. Алла (айдан анық аяттарын жоққа шығарып, күпірлік қылған һәм Өзіне серік қосқан) залымдарды жақсы көрмейді («Әли-ғимран» сүресі, 57 аят).
52 عمل الصالح – (араб.) [‘әмәлус-салих] – ізгі амал.
53 ضد – (араб.) [зидд] – қарсысы.
54 رفعت – (араб.) [рәф‘әт] – ұлылық, биіктеу.
55 حیا – (араб.) [хәйа] – ұят.
56 صلی الله علیه و سلم – (араб.) [саллаллаһу ‘әләйһи уә сәлләм] – Алланың оған сәлемі мен амандығы болсын.
57 شریف – (араб.) [шәриф] – қастерлі, қасиетті. Мәтінде қасиетті сөзі деген мағынада.
58 من لا حیا له و ایمانا له – (араб.) [Мән лә хайә`ән ләһу уә лә имәнә ләһу] – кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ.
59 و – (араб.) [уә] – жалғаулық: мен, менен, пен, пенен, және.
60 عمل الصالح – (араб.) [‘әмәлус-салих] – ізгі амал.
61 مرحمت – (араб.) [мәрхәмәт] – мейірбандық.
62 حالت – (араб.) [халәт] – күй, жағдай.
63 بلکی – (парсы.) [бәлки] – қайта, керісінше, бәлкім.
64 معامله – (араб.) [му‘амәлә] – байланыс, қарым-қатынас.
65 خلاق – (араб.) [[хәллақ] – жаратушы.
66 زنهار – (парсы.) [зинһар] – сақ бол, байқа!
67 شفقت – (араб.) [шәфқәт] – мейірім.
68 بر فردادا یوز فرده بی جای – (түркі.) [Бір фәрдәдән йүз фәрдә бижай] – Бір пердеден жүз перде жыртылады.
Енді біздің бастағы тағриф бойынша Құдай Тағала – ғылымды, рахымды, әділетті құдірет еді. Сен де бұл ғылым, рахым, әділет – үш сипатпен сипаттанбақ ыждағатын шарт еттің, мұсылман, һәм толық инсаниятың бар болады. Білгіл-ки, жауанмарттік үш хисләтпен болар деген: сидқ, кәрәм, ақыл. Бұл үшінен сидқ – әділет болар, кәрәм – шапқат болар. Ақыл мәлім-дүр, ғылымның бір аты екендігі. Бұлар әр адамның бойында Алла тәбәрәкә уә тағала тәхмин бар қылып жаратқан. Бірақ оған рәуаж беріп гүлдендірмек, бәлки, адам өз халінше кәмелетке жеткізбек жәһдінде болмақ. Бұлар – өз ыждағатыңменен, ниет халиспенен ізденсең ғана беріле тұрған нәрселер, болмаса жоқ. Бұл айтылмыш үш хисләттің иелерінің алды – пайғамбарлар, онан соң – әулиелер, онан соң – хакімдер, ең ақыры – кәміл мұсылмандар. Бұл үш түрлі фиғлі Құданың соңында болмақ, өзін құл біліп, бұл пейілдерге ғашық болып тұтынбақты пайғамбарлар үйретті әулиелерге, әулиелер оқыды, ғашық болды. Бірақ ухрауи пайдасына ғана күзетті. Ғашықтықтары сол халге жетті, дүниені, дүниеде тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки, есепке алмады. Хакімдер дүниеде тиетұғын пайдасын сөйледі. Ғибрат көзіменен қарағанда, екісі де бірінен-бірі көп жырақ кетпейді. Оның үшін әрбірінің сөйлеуі, айтуы басқаша болса да, Алла Тағаланың сунғәтіне қарап пікірлемекті екісі де айтты. Пікірленбек соңы ғибраттанбақ болса керек. Бұл ғылым, ақыл – әр екісі де өзін зорға есептемекті, залымдықты, адам өзіндей адамды алдамақты жек көреді. Бұл әділет мәрхәмәтті уә шапқатты болмақты айтып бұйырды, бұл рахим болса керек. Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі тайпа әр кісі өздеріне бір түрлі нәпсін пида қылушылар деп. Яғни, пенделіктің кәмелеті әулиелікпен болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып «һу» деп тариқатқа кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда бұларды малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алла Тағаланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейді? Харами, мәкруһи былай тұрсын, Құдай Тағаланың қуатыңмен, ыждағат ақылыңмен тауып, рахатын көрмегіңе бола жаратқан, берген нығметтеріне, содан көрмек хузурға суық көзбен қарап, ескерусіз тастап кетпек ақылға, әдепке, ынсапқа дұрыс па? Сахиби нығметке шүкірлігің жоқ болса, әдепсіздікпен күнәкар болмайсың ба? Екінші – бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кету де қауіпі бар, уә кәпірлерге жем болып кету де, қайсы бір сабырсызы жолынан тайып, сабырменен бір қарар тұрамын дегені өліп кетсе де керек. Егерде бұл жол жарым-жартыларына ғана айтылған болса, жарым-жарты рас дүниеде бар бола ма? Рас болса, һәммаға бірдей рас болсын, алалаған рас бола ма, һәм әділет бола ма? Олай болғанда, ол жұртта өмір жоқ болса керек. Ғұмыр өзі – хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмелет жоқ. Бірақ әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние емес еді, ғәшәрән-мубәшшәрәдан хазірет Оспан, Әбдірахман бин Ауф уә Сағд бин Әбу Уаққас үшеуі де үлкен байлар еді. Бұл тәркі дүниелік; я дүние ләззәтіне алданып ыждағатым шала қалады деп, бойына сенбегендік; я хирс дүниеліктен ауамның көңлін суытпақ үшін, ренжуге сабыр етіп, өзін пида қылып, мен жанымменен ұрыс қылғанда, халық ең болмаса нәпсісіменен ұрыс қылып, һәуа-һәуәстен әрбір арзу нәпсіден суынып, әділет, мәрхәмәт, махаббатына бір қарар болар ма екен деген үмітпенен болса керек. Олай болғанда, ол да жұртқа қылған артық махаббаттан есеп. Бірақ бұл жол – бек шетін, бек нәзік жол. Бұл жолда риясыз, жеңілдіксіз бір қарар тұрып ізденген ғана кісі ісінің кәмелетіне жетпек. Бұл заманда надир, бұған ғылымның да зоры, сидқ, қайраттың да зоры, махаббаттың Халлақына да, уә Халиқ ғаламға да бек зоры табылмақ керек. Бұлардың жиылмағы – қиынның қиыны, бәлки, фитнә болар. Басына һәм өзіне өзгешелік бермек – адам ұлын бір бұзатұғын іс. Әрбір наданның бір тариқатқа кірдік деп жүргені «біз бұзылдық» дегеніменен бір болады. Хакім, ғалым әсліде бір сөз, бірақ ғәрәфда басқалар-дүр. Дүниеде ғылыми заһири бар, олар айтылмыстарды нақлия деп те айтады.
Бұл нақлияге жүйріктер ғалым атанар, әмма Құдай Тағала ешбір нәрсені себепсіз жаратпаған, мұны ізерлеп «тәффәккәру фи ‘әла-иллаһи» деген хадиске бинан бұл сунғати Құдадан ізерлеп уә құмар болып ғибраттанушыларға тыю жоқ, бәлки, сунғатынан себебін білмекке құмарлықтан саниғына ғашықтық шығады. Құдай Тағала затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демектік те орынсыз. Ғашық-мағшұқтыққа Халиқ пен махлұқ ортасы мунәсибәтсіз, Алла Тағаланың пендесін махаббат уә мәрхәмәтпен жаратқанын біліп, махаббатына махаббатпен ғана елжіремекті Құдаға ғашық болды дейміз. Олай болғанда хикмет Құдаға пенде өз ақылы жетерлік «құр ғана білсем» деген әрбір істің себебін ізденушілерге хакім ат қойды. Бұлар хақ пен батылды айырмаққа, себептерін білмекке тырыспақтықтарымен һәммасы адам баласының пайдасы үшін, ойын-күлкі түгіл, дүниедегі күллі ләззәт бұларға екінші мәртебеде қалып, бір ғана Хақты таппақ, әрбір нәрсенің себебін таппақпен ләззаттанады. Адаспай тура ізденген хакімдер болмаса, дүние ойран болар еді. Фиғлі пенденің қазығы – осы жақсы хакімдер, әр нәрсе дүниеде олардың истихражымен рауаж табады. Бұлардың ісінің көбі – дүние ісі, ләкин осы хакімдердің жасаған, таратқан істері. «Әд-дунийә мәзрә‘әтул-ахирәт» – дегендей, ахиретке егіндік болатұғын дүние сол. Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым. Ғалымдардың нақлиясымен мұсылман имани тәқлиди кәсіп қылады. Хакімдердің ақылиятымен жетсе, имани йақини болады. Бұл хакімдерден мұрат – мұсылман хакімдері, болмаса ғайри діннің хакімдері – егерше «фәтлубни тәжидуни» делінсе де, дүниенің уә һәм адам ұлы өмірінің сырына жетсе де, діннің хақ мағрифатына жете алмағандар. Бұлардың көбі – иманның жеті шартынан, бір Алланы танымақтан ғайры, яғни алтауына кімі күмәнді, кімі мункәр болып, тахқықлай алмағандар. Егер бұлар дін ұстазымыз емес болса да, дінде басшымыз Құданың елшісі пайғамбарымыз саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләмнің хадис шәрифі «хайрун-нәс мән йәнфә‘ун-нәс», – деген. Бұл хакімдер ұйқы, тыныштық, әуес-қызықтың бәрін қойып, адам баласына пайдалы іс шығармақтығына, яғни електрияны тауып, аспаннан жайды бұрып алып, дүниенің бір шетінен әзір жауап алып тұрып, от пенен суға айласын тауып, мың адам қыла алмастай қызметтер істетіп қойып құрғандығы, уә хусусән адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ пен батылды айырмақты үйреткендігі – баршасы нәфғлік болған соң, біздің оларға миннатдарлығымызға дауа жоқ.
___________________________________
1 تعریف – (араб.) [тә‘риф] – баяндау, түсіндіру.
2 اجتهاد – (араб.) [ижтиһәд] – ынта, ыждағат.
3 انسانیت – (араб.) [инсанийәт] – адамгершілік.
4 جوانمرد – (араб.) [жәуанмәрд] – жомарт.
5 حصلت – (араб.) [хисләт] – қасиет, ерекшелік.
6 صدق – (араб.) [сидқ] – шындық.
7 کرم – (араб.) [кәрәм] – жомарттық.
8 شفقت – (араб.) [шәфқәт] – мейірім.
9 من لا حیا له و ایمانا له – (араб.) [Мән лә хайә`ән ләһу уә лә имәнә ләһу] – кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ.
10 و – (араб.) [уә] – жалғаулық: мен, менен, пен, пенен, және.
11 عمل الصالح – (араб.) [‘әмәлус-салих] – ізгі амал.
12 مرحمت – (араб.) [мәрхәмәт] – мейірбандық.
13 حالت – (араб.) [халәт] – күй, жағдай.
14 بلکی – (парсы.) [бәлки] – қайта, керісінше, бәлкім.
15 معامله – (араб.) [му‘амәлә] – байланыс, қарым-қатынас.
16 خلاق – (араб.) [[хәллақ] – жаратушы.
17 زنهار – (парсы.) [зинһар] – сақ бол, байқа!
18 شفقت – (араб.) [шәфқәт] – мейірім.
19 بر فردادا یوز فرده بی جای – (түркі.) [Бір фәрдәдән йүз фәрдә бижай] – Бір пердеден жүз перде жыртылады.
20 تعریف – (араб.) [тә‘риф] – баяндау, түсіндіру.
21 اجتهاد – (араб.) [ижтиһәд] – ынта, ыждағат.
22 انسانیت – (араб.) [инсанийәт] – адамгершілік.
23 جوانمرد – (араб.) [жәуанмәрд] – жомарт.
24 حصلت – (араб.) [хисләт] – қасиет, ерекшелік.
25 صدق – (араб.) [сидқ] – шындық.
26 کرم – (араб.) [кәрәм] – жомарттық.
27 شفقت – (араб.) [шәфқәт] – мейірім.
28 عرف – (араб.) [‘әрәф] – таным.
29 ظاهر – (араб.) [заһир] – сыртқы. Мәтінде ғылымның сыртқы мәнісі деген мағынада.
30 نقلیه – (араб.) [нәқлийә] – нақылдық, дәстүрлі.
31 اما – (парсы.) [әмма] – бірақ, алайда.
32 تفکرو فی الی الله – (араб.) [Тәфәккәру фи иләллаһи] – Алла туралы ойланыңдар!
33 بناء – (араб.) [бина`ән] – лайықты, байланысты.
34 صنعت – (араб.) [сун‘әт] – өнер, шеберлік. Мәтінде Құдайдың шеберлігінен деген мағынада.
35 صنعت – (араб.) [сун‘әт] – өнер, шеберлік.
36 صانع – (араб.) [Са‘] – шебер, жасаушы.
37 خالق – (араб.) [халиқ] – жаратушы.
38 مخلوق – (араб.) [мәхлуқ] – жаратылыс.
39 مناسبت – (араб.) [мунәсибәт] – қатынас, туыстық қатынас.
40 و – (араб.) [уә] – жалғаулық: мен, менен, пен, пенен, және.
41 مرحمت – (араб.) [мәрхәмәт] – мейірбандық.
42 حق – (араб.) [хәққ] – ақиқат.
43 باطل – (араб.) [батил] – адасқан, қате.
44 فعل – (араб.) [фи‘л] – іс-әрекет. Мәтінде пенденің іс-әрекеті деген мағынада.
45 استخراج – (араб.) [истихраж] – шығару, ашу.
46 رواج – (араб.) [рәуаж] – даму.
47 لکن – (араб.) [ләкин] – бірақ, алайда.
48 الدنیا مزرعه الاخره – (араб.) [Әд-дунийә мәзрә‘әтул-ахирәт] – Дүние – ақиреттің егіндігі.
49 نقلیه – (араб.) [нәқлийә] – нақылдық, дәстүрлі.
50 تقلید – (араб.) [тәқлид] – еліктеу. Мәтінде еліктеп иманға келу деген мағынада.
51 عقلیه – (араб.) [‘әқлийә] – ақылы, ойы.
52 یقین – (араб.) [йәқин] – шынайы, сенімді. Мәтінде шынайы иман деген мағынада.
53 غیر – (араб.) [ғәйр] – басқа, өзге. Мәтінде басқа діннің деген мағынада.
54 فاطلبنی تجدنی – (араб.) [фәтлубни тәжидуни] – талаптансаң мені табасың.
55 غیر – (араб.) [ғәйр] – басқа, өзге.
56 منکر – (араб.) [мункәр] – қабылдамаушы, мойындамаушы.
57 تحقیق – (араб.) [тәхқиқ] – зерттеу, зерделеу.
58 صلی الله علیه و سلم – (араб.) [саллаллаһу ‘әләйһи уә сәлләм] – Алланың оған сәлемі мен амандығы болсын.
59 حدیث شریف – (араб.) [хәдис шәриф] – қасиетті хадисі, қасиетті сөзі.
60 خیر الناس ینفع الناس – (араб.) [хайрун-нәс мән йәнфә‘ун-нәс] – адамдардың жақсысы – адамдарға пайдасы тигені.
61 خصوصاٌ – (араб.) [хусусән] – әсіресе.
62 حق – (араб.) [хәққ] – ақиқат.
63 باطل – (араб.) [батил] – адасқан, қате.
64 نفع – (араб.) [нәф‘] – пайда. Мәтінде пайдалы деген мағынада.
65 منتدار – (парсы.) [миннатдар] – ризашылық, разылық.
Бұл замананың молдалары хакім атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлки, бұзық пейіл, «әл-инсану ‘әдуун лима жәһилге» есеп. Олардың шәкірттерінің көбі біраз араб-парсыдан тіл үйренсе, бір жарым болымсыз бәхс үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасыл қылады. «Һай-һой!» менен, мақтанменен ауамды адастырып бітіреді. Бұлардың көбі әншейін жаһил түгіл, жаһилдар кібілік талап болса, қайда хақ сөз келсе, әзір ынсапқа қайтсын һәм ғибраттансын. Рас сөзге ор қазып, тұз жасамақ не деген ынсап, құры өзімшілдік, әр бір өзімшілдік – адамды бұзатұғын пейіл. Растың бір аты – Хақ, Хақтың бір аты – Алла, бұған қарсы қаруласқанша, мұны ұғып, әділетпен тәптіштеу керек. Мұндай пейілдерден күпір қауіпі де бар. Уә және пайғамбарымыз саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләм: «Ақыр заманда бір жылдық бір күн болар» дегенде сахаба кирамдар «Бұл бір жылдық күнде намаз нешеу болар?» деп сұрағанда: «Оның фәтуәсін сол заманның ғалымдары білер», – деген сөзінен ғибраттанып қарасаң, замана өзгерумен қағидалар өзгерілмегенін білдіргені мәлім болады. Бұл күндегі тәхсилул-ғулум ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды. Соған қарай Усманияда мектеп хәрбия, мектеп рушдиялар салынып, жаңа низамға айналған. Мұндағылар ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымда пайдасыз ұзақ бәхстармен күнін өткізіп, мағишат дүниеде надан бір ессіз адам болып шығады да, ешбір хәрекетке лайықты жоқ болған соң, адам аулауға, адам алдауға салынады. Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты да тәсірсіз болады.
_______________________________
1 بلکی – (түркі.) [бәлки] – қайта, керісінше, бәлкім.
2 الانسان عد لما جاهل – (араб.) [әл-инсану ‘әдуун лима жәһил] – адам өз білмегенінің дұшпаны
3 بحث – (араб.) [бәхс] – пікір таласу, талқылау.
4 ضرار – (араб.) [зәрар] – зиян.
5 حاصل – (араб.) [хасил] – пайда, табыс.
6 عوام – (араб.) [‘әуам] – көпшілік, қара халық.
7 جاهل – (араб.) [жаһил] – надан.
8 کبی – (түркі.) [кібі] – секілді, сияқты.
9 صلی الله علیه و سلم – (араб.) [саллаллаһу ‘әләйһи уә сәлләм] – Алланың оған сәлемі мен амандығы болсын.
10 کرام – (араб.) [кирам] – ұлық, яғни ұлық сахабалар.
11 فتوی – (араб.) [фәтуә] – шешім.
12 تحصیل العلوم – (араб.) [тәхсилул-‘улум] – ілім үйренетін, білім алатын.
13 حربیه – (араб.) [хәрбийә] – әскери.
14 رشدیه – (араб.) [рушдийә] – кемелдендіру, жетілдіру.
15 نظام – (араб.) [низам] – тәртіп, жүйе.
16 بحث – (араб.) [бәхс] – пікір таласу, талқылау.
17 معیشت – (араб.) [мә‘ишәт] – тұрмыс, күнделікті өмір.
18 تاءثر – (араб.) [тәсир] – әсер ету.
Дүниенің мағмұрлығы бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсе. Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетұғыны да болады. Бәл күллі дүниені уә ғылымын білмей қалмақтық ‒ бір үлкен зарарлы надандық, ол Құранда сөгілген; дүниеде кімде-кім өзіне өзгешелік бермек қасдымен малға махаббатын аударғандар дүниеде болмаса, ихсанда қолым қысқа болмасын деп, һәм өзім біреуге тамағлы болмайын деп, малға махаббатын аудармай, ізгілікке бола адал кәсіппен тапқан дүние емес. Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Малмен ғылым кәсіп қылмақпыз. Өнер – өзі де мал, өнерді үйренбек – өзі де ихсан. Бірақ ол өнер әділеттен шықпасын, шарғиға муафық болсын. Адамға халінше ихсанды болмақ – парыз іс. Бірақ өзгелердің ихсанына сүйенбек дұрыс емес. Молдалар тұра тұрсын, хусусән бұл заманның ишандарына бек сақ болыңдар. Олар – фитнә ғалым, бұлардан зарардан басқа еш нәрсе шықпайды. Өздері үкім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін-өзі әһлі тариқат біліп және біреуді жеткізбек дағуасын қылады. Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі мұхал, бұлар адам аздырушылар, хатта дінге де зарарлы-дүр. Бұлардың сүйенгені – надандар, сөйлегені – жалған, дәлелдері – тәсбихі менен шалмалары, онан басқа еш нәрсе жоқ.
__________________________________
1 معمور – (араб.) [мә‘мур] – салынған, жөнделген.
2 ضرار – (араб.) [зәрар] – зиян.
3 قصد – (араб.) [қәсд] – талап, ынта.
4 احسان – (араб.) [ихсан] – жақсылық, игілік, рухани ілім.
5 طمع – (араб.) [тәмә‘] – ашкөздік, көрсеқызарлық.
6 شرعی – (араб.) [шәр‘и] – шариғат.
7 موافق – (араб.) [муафиқ] – лайық.
8 خصوصاٌ – (араб.) [хусусән] – әсіресе.
9 فتنه – (араб.) [фитнә] – бүлік, яғни бүлік шығарушы ғалым.
10 ضرار – (араб.) [зәрар] – зиян.
11 اهل طریقت – (араб.) [әһли тәриқат] – тариқат жолы, руханият жолы.
12 دعوی – (араб.) [дә‘уә] – талап, тартыс.
13 محال – (араб.) [мухал] – мүмкін емес.
14 حتی – (араб.) [хәттә] – үстеу: тіпті, керек десе, …да, …де.
15 ضرار – (араб.) [зәрар] – зиян.
Енді біліңіздер, ей, перзенттер! Құдай Тағаланың жолы деген жол –
Алла Тағаланың өзіндей ниһаятсыз болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса – өзің ниһаяттысың, ол жол – Құдайдың жолы емес. Әлемнен жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол – не деген ынсап? Сенен не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан әділет, шапқат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол – Құдайдың жолы. Ол – ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз жолға аяғыңды берік бастың, ниһаятсыз Құдайға тақарруб хасыл болып, хас ізгі құлдарынан болмақ үміт бар, өзге жолда не үміт бар? Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түзетпек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзіне бар дәулет біледі. Бұл істерінің бәрі өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек. «Осындай болар ма едік» деп біреулер талаптанар, біреулер «осындай бола алмадық» деп күйінер, мұнан не пайда шықты? Мұнша әуреленіп сыртыңды бір сүйген қауымыңа ұқсатарсың, сыртқа қасиет бітпейді. Алла Тағала қарайтұғын қалбыңа, боямасыз ықыласыңа қасиет бітеді. Бұл айнаға табынғандардың ақылы қаншалық өсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылықты сүймектікпенен өсер. Құдай Тағала дүниені кәмелетті шеберлікпенен жаратқан екен һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды – әуелі досын көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық – достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен өзін-өзі артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ. Бұл өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі! Әуелгісі – әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатұғын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады. Екіншісі – өзін-өзі өзгешелікпенен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады. Үшіншісі – қастық қылмақ, хор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады. Һәм өзі өзгеше боламын демектің түбі – мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күншілікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы адамның көңіліне тыныштық береді. Әрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады. Күллі адам баласын қор қылатұғын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық. Білесіз, надандық – ғылым-білімнің жоқтығы, дүниеден ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік – хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылды. Бұлардың емі – Халлақына махаббат, Халиқы ғаламға шапқат, қайратты, тұрлаулы, әділет ісінің алды-артын байқарлық білмі-ғылымы болсын. Әуелі, білім-ғылымы Құдайға муқтади болсын. Яғни, Құдай Тағала бұл әлемді жаратты, ерінбеді. Құдай Тағала келісімменен, хикметпенен кәмелетті бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңіз де бір жақсылықты бина қылып, арқа сүйерлік шеберлікпенен болсын. Және Құдай Тағала әрне жаратты, бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің де ісіңнен бір зарарлар шығып кеткендей болмай, көп пайда боларлық бір үміті бар іс болсын. Бұларсыз іс – іс емес. Бәлки, бұларсыз тағат – тағат та емес. Белгілі, Құдай Тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, уә ешбір нәрсеге хикметсіз тәклиф қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ауам былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ыждағат лазым, сіздер әрбір амал қылсаңыз ізгілік деп қыласыз, ізгілікке бола қасд етіп, ниет етесіз. Ниет оның парызынан есеп, пайғамбарымыз саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләмнің хадис шәрифі «Иннәмәл-ә`мәлу бин-нийәт» деген. Енді ниет еттіңіз дәрет алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл тағаттарда ниетіңіз заһирынан қалыпсыз ғибадатқа жетпегендігі кемшілік емес пе? Сіздің батиныңыз таза болмағы, әуелі иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат – батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырылған. Оның үшін ауамдар иман екеу емес, біреу, бірақ ізгі тағатпен нұрланады, тағат жоқ болса, күңгірттенеді, бәлки, сөну қауіпі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қылса, соны қылып жүріп, иманы сөнер деген. Менің қауіпім бар, олар хас осы ғибадат екен, Құдайдың бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылмандық кәміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат күзетші еді. Жә, күзетші күзеткен нәрсенің амандығын ойламай, бір ғана ояу тұрмағын қасд қылса, ол не күзет? Күзеткен нәрсесі қайда кетеді? Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе?
__________________________________
1 نهایت – (араб.) [ниһайәт] – ұшы, шегі, соңы.
2 شفقت – (араб.) [шәфқәт] – мейірім.
3 تقرب – (араб.) [тәқәрруб] – жақындау.
4 حاصل – (араб.) [хасил] – пайда, табыс.
5 خاص – (араб.) [хас] – іріктелген.
6 طمع – (араб.) [тәмә‘] – ашкөздік, көрсеқызарлық.
7 شرعی – (араб.) [шәр‘и] – шариғат.
8 موافق – (араб.) [муафиқ] – лайық.
9 خصوصاٌ – (араб.) [хусусән] – әсіресе.
10 فتنه – (араб.) [фитнә] – бүлік, яғни бүлік шығарушы ғалым.
11 ضرار – (араб.) [зәрар] – зиян.
12 اهل طریقت – (араб.) [әһли тәриқат] – тариқат жолы, руханият жолы.
13 دعوی – (араб.) [дә‘уә] – талап, тартыс.
14 محال – (араб.) [мухал] – мүмкін емес.
15 حتی – (араб.) [хәттә] – үстеу: тіпті, керек десе, …да, …де.
16 ضرار – (араб.) [зәрар] – зиян.
17 نهایت – (араб.) [ниһайәт] – ұшы, шегі, соңы.
18 شفقت – (араб.) [шәфқәт] – мейірім.
19 تقرب – (араб.) [тәқәрруб] – жақындау.
20 حاصل – (араб.) [хасил] – пайда, табыс.
21 خاص – (араб.) [хас] – іріктелген.
22 قلب – (араб.) [қәлб] – жүрек.
23 کمالت – (араб.) [кәмаләт] – кемелдік.
24 خلاق – (араб.) [хәллақ] – жаратушы.
25 خالق – (араб.) [халиқ] – жаратушы. Мәтінде ғаламның жаратушысы деген мағынада.
26 مقتدی – (араб.) [муқтәдә] – еру, бағыну.
27 کمالت – (араб.) [кәмаләт] – кемелдік.
28 بنا – (араб.) [бина] – тұрғызу, салу.
29 ضرار – (араб.) [зәрар] – зиян.
30 بلکی – (парсы.) [бәлки] – қайта, керісінше, бәлкім.
31 طاعت – (араб.) [та‘әт] – құлшылық.
32 و – (араб.) [уә] – жалғаулық: мен, менен, пен, пенен, және.
33 تکلیف – (араб.) [тәклиф] – міндеттеу.
34 عوام – (араб.) [‘әуам] – көпшілік, қара халық.
35 قصد – (араб.) [қәсд] – талап.
36 صلی الله علیه و سلم – (араб.) [саллаллаһу ‘әләйһи уә сәлләм] – Алланың оған сәлемі мен амандығы болсын.
37 انما الاعمال بالنیات – (араб.) [Иннәмәл-ә`мәлу бин-нийәт] – Амалдар ниетке жараса байланысты.
38 ظاهر – (араб.) [заһир] – анық, сыртқы көрінісі.
39 باطن – (араб.) [батин] – ішкі әлем, ішкі жан дүние.
40 عوام – (араб.) [‘әуам] – көпшілік, қара халық.
41 بلکی – (парсы.) [бәлки] – қайта, керісінше, бәлкім.
42 خاص – (араб.) [хас] – нағыз, іріктелген.
43 قصد – (араб.) [қәсд] – талап.
Ей, ишараттан хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттың бір үлкені – намаз, ол намаздан әуелі дәрет алмақ, онан соң ғана намазға шуруғ қылмақ, ол дәреттің алды истинжа еді. Мұны бір берік ойлап тұр! Аяғы екі аяққа мәсімен бітуші еді, бұлар һәммасы болмаса көбі ишарат еді. Истинжада көтіңізді жуасыз, сіздің көтіңіздің ешкімге керегі жоқ еді. Оның менен сезімді тазалыққа кіргендігіңді кәміл ықыласыңды көрсетіп, ішімнің саптығының соңында халық көрер, сыртымды да пәк етемін һәм көзге көрінбейтұғын ағзаларымды да пәк етемін, бұл пәктігімнің үстінде Аллаға дұға айтамын деп әзірленесіз. Енді намаздың аты – салат, салат – дұға мағынасында деген. Аяқта, мойында болған мәсілер – ол жумақ емес, өздері де жуулы деп көрсеткен ишарат. Намаздан әуелі құлақ қақтыңыз, гәрші Алла Тағаланы жоғарыда деп, мекен ыспат етпесең де, бегірек созу әдепсіз болып, күнә дариясына ғарқ болдым, яғни дүние әуесіне ғарқ қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық жәрдем берің ишараты. Онан соң қиямда тұрып қол байламақ – құл қожа алдында тұрмақ – бұқара патша алдында тұрғаннан артық. Алла Тағаланың қадірлігіне өзінің ажыздығына ықрарының беріктігін көрсеткен ишараты. Қыблаға қарамақ, гәрші Құдай Тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да, зияратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты. Онан соң қырағат, яғни «Сурәтун-фәтихә» оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол «Фатиха» сүресінің мағыналарында көп сыр бар. Рукуғ – бас ұрмақ алдында Құдай әзірге ұқсас, ол да ишарат. Сәжделер – әуелі жерден жаралғанына ықрары, екіншісі – және жерге қайтпағына ықрары, бас көтермегі және тіріліп, сұрау бермегіне ықрарының ишараты. Қағдаул-ахир – дұғаның ахырында Аллаға тахият, онан ташаһуд, онан салауат пайғамбарымыз саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләмге айтпақ үшін ең ақыры сәләмменен тауысасыз, яғни Алла Тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз. Ол дұға қазынасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да саламатшылық тілеп һәм рәхмәт тілеп бітіресіз. Жә, бұл сөзден не ғибраттандық?
_______________________
1 ایشارت – (араб.) [ишарәт] – ишара, белгі.
2 شروع – (араб.) [шуру‘] – бастау.
3 استنجه – (араб.) [истинжа] – ас дәрет.
4 صلاه – (араб.) [саләт] – намаз.
5 گرچی – (парсы.) [гәрчі] – қаншалықты.
6 اثبات – (араб.) [исбат] – дәлел, айғақ.
7 غرق – (араб.) [ғәрқ] – шөгу.
8 قیام – (араб.) [қийам] – намазда тік тұру.
9 عاجز – (араб.) [‘ажиз] – әлсіз.
10 اقرار – (араб.) [иқрар] – мойынсұну.
11 گرچی – (парсы.) [гәрчі] – қаншалықты.
12 قراءت – (араб.) [қира`әт] – намазда тұрғанда сүре оқу.
13 سوره فاتحه– (араб.) [сурәтун фәтихә] – Фатиха сүресі.
14 رکوع – (араб.) [руку‘] – намазда иілу.
15 سجده – (араб.) [сәждә] – намазда маңдайды жерге тигізу.
16 اقرار – (араб.) [иқрар] – мойынсұну.
17 قعدءالاخر – (араб.) [Қә`дә ул-ахир] – намаздағы соңғы отыру.
18 تحیات – (араб.) [тәхийәт] – намазда отырғанда әт-тәхийәт дұғасын оқу.
19 تشهد – (араб.) [тәшәһһуд] – намазда отырғанда тәшәһһуд дұғасын оқу.
20 صلوات – (араб.) [сәлауәт] – намазда пайғамбарға салауат айту.
21 صلی الله علیه و سلم – (араб.) [саллаллаһу ‘әләйһи уә сәлләм] – Алланың оған сәлемі мен амандығы болсын.
22 رحمت – (араб.) [рәхмәт] – мейірім.
Отыз сегізінші сөз. Мүрсейіт қолжазбаларында: 1906 ж. «Китәб тәсдиқ»
(168-бет), 1907 ж. «Китәб тәсдиқ» (57-бет) және 1910 ж. «Китәб тәсдиқ» (2-бет).
Абай қара сөздерінің ішінде отыз сегізінші сөз ретінде берілетін ақынның бұл еңбегі басқа рисалаларынан жазылу мәнері мен тілі жағынан өзгеше, басыбүтін толық шығарма. Қадімша жазу үлгісі қатаң сақталған шығарма ортағасырда кеңінен қолданылған түркі әдеби (шағатай) тілінде жазылған. Сондықтан да араб, парсы кірме сөздері сол тілдерде қалай таңбаланса, мәтінде де сол қалпында берілген.
Ақынның «Китәб тасдиқ» («Иман кітабы») атты бұл еңбегінде Ислам негіздері, иман шарттары мен ихсан ұстындары ашып көрсетілген. Исламдағы ең негізгі ұстын – таухид (Алланың өзіне тән зати һәм субути сипаттары, Алланың «Ахад» сипаты, Оны тану жолдары және т.б.) пен ақида (діни көзқарас, имани сенім және т.б.) мәселелері Имам Матуриди сенімі бойынша берілсе, шариғат шарттары Имам Әбу Ханифа мәзһабы бойынша таратылған. Діни-тасаууф танымдағы Хақты махаббатпен тану, Оның саниғ-сұнғатына ғашық болу, пенденің кемелдену жолдары, хәл ілімінің мақамдары мен сырлары секілді ирфани мәселелер белгілі мутасаууфтардың, соның ішінде ортағасырлық түркі сопытанушылары мен шайырларының ойларымен астарласып жатыр. Ақынның «Иман кітабында» қамтылған негізгі ойларының басым бөлігі оның шығармашылығында өлең сөзбен өрнектелген.
Ақынның «Китәб тасдиқ» атты бұл шығармасы алғаш рет 1933 ж. жинақта жарияланып, 1939, 1940, 1945, 1954, 1957 жж. басылымдарға осы мәтін енгізілген. 1977 ж. жинаққа қолжазба нұсқалармен және басылымдардағы мәтіндермен текстологиялық салыстыру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде енгізілген түзетулер 1995 ж. соңғы басылымды дайындау барысында ескеріліп, қосымша өзгерістер жасалған.
Жаңа басылымды дайындау барысында Мүрсейіт қолжазбалары (1906, 1907, 1910 ж.) кеңінен қолданылды. Үш нұсқа салыстырылып, канондық мәтін түзілді. Түркі әдеби тілінде жазылған мәтіннің, әуелі, транслитерациясы жасалды. Араб графикасынан бүгінгі қолданыстағы кирилл әліппесіне түсіру барысында әрбір сөздің жазылуы мен дұрыс оқылуына, ондағы изафеттік құрылымдарға жіті назар аударылды. Транскрипцияны қыпшақ тілі тобының фонетикалық ерекшелігіне барынша жақындатып беру жағы көзделді. Транскрипцияланған мәтіннің бүгінгі оқырманның оқып-түсінуіне ауыр болатындығын ескеріп, еңбектің түпнұсқаға жақындатылған тәржіма-мәтіні жасалды. Жеңілдетілген мәтін жасау барысында түркі әдеби тілінің өзіндік ерекшелігін барынша сақтап беру жағы қарастырылды. Жеңілдетілген мәтін мынадай ұстанымдар негізінде жасалды:
1. Мәтінде кездесетін араб, парсы кірме сөздері бүгінгі сөздік қорымыздағы қолданылу ерекшелігі бойынша берілді (Мысалы: «фәрзәнд» – «перзент», «ижтиһад» – «ыждағат», «‘иззәт» – «ізет», «қудрәт» – «құдірет», «жаһил» – «жәһіл» және т.б.).
2. Егер кірме сөздер бүгінгі сөздік қорымыздан орын алмаған болса, онда қазақ тілінің дыбыс үндестігі заңына бейімделіп жазылды («тә‘риф» – «тәғриф»,
«ләкин» – «лекін», «‘әуам» – «ауам», «мә‘ишәт» – «мағишат» және т.б.).
3. Еңбекте кездесетін Құран аяттары мен пайғамбар хадистерінен үзінділердің транслитерациясы жазылып, мәтіннің төменгі жағына аудармасы берілді (Мысалы: «Уәлләзинә әмәну уә ‘әмилус-салихати уләйкә әсхәбул-жәннәти һум фиһа халидун» және т.б.).
4. Шарғи үкімдер мен сілтеме сөздердің де транслитерациясы жазылып, соңынан тәржімасы берілді (Мысалы: «жәлб-и мәнфә‘әт дәф‘-и музәррәтләрді», «Бір фәрдәдән йүз фәрдә бижай» және т.б).
Сондай-ақ, оқырманға оқуға жеңіл болуы үшін араб, парсы һәм түркі сөздерінің түпнұсқадағы оқылуы мен аудармасы мәтіннің астына берілді. Кірме һәм көнерген сөздердің сөздіктегі мағынасы мен мәтіндегі қолданылу ерекшелігі де ашып көрсетілді.
«Китәб тасдиқ» еңбегінің транслитерациясы:
Ей, йүрәгімнің қууәті, фәрзәндләрім! Сізлерге адәм ұғлының мінезлері тұғралы біраз сөз йазып йадгар қалдырайын. Ихлас бірлән оқұп, ұғұп алыңызлар, оның үчүн мухәббәтнің төлеуі – мухәббәт. Әууәл адәмнің адәмчылығы ‘әқл, ‘илм дегән нәрселер бірлән. Мұның табылмақына сәбәпләр – әууәл, хәуас-и сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмысы өзгелерінің бәрі йахшы ата-ана, йахшы қурбы, йахшы устаздан болады. Тәләб, ұғым мухәббәтдән чығады. Білім-‘илмге мухәббәтландырмақ әлгі айтылған үчәуінен болады. Білім-‘илмді әууәл баштан бала өзі ізленіп табмайды. Басында зорлықменен йаке алдауменен үйір қылу керек, үйүр қылу уә үйрене келе өзі ізленгендей болғанча. Қачан бір бала білім-‘илмді мухәббәтменен көксәрлік болса, сонда ғана оның аты адәм болады. Сонан соң ғана Аллаһ Тә’әләні танымақлық – өзін танымақлық, дунийаны танымақлық, өзі адәмлығын бұзмай ғана «жәлб мәнфә‘әт дәф‘ музәррәтләрні» айырмақлық шекіллі ‘илм-білімні үйренсе білер деп, умид қылмаққа болады. Болмаса йоқ, ең болмаса чала. Оның үчүн көбінесе балаларны йашында ата-аналары хийанәтчылыққа салындұрыб алады, соңынан муллаға берген болады, йа ол балалар өзлері барған болады – һеч бір бәһре болмайды. Ол хийанәтчыл балалары тәләпқа да, ‘илмға да, устазға да, хәтта имани и‘тиқадқа да хийанәт бірлән болады. Бұл хийанәтчіләр – йарым адәм, йарым мулла, йарым мусәлман. Оларның адәмчылығының кәмаләт табмағы – қиынның қиыны. Сәбәбі, Аллаһ Тә’әлә өзі – хәқиқәт жолы, хәқиқәт бірлән раст хийанәтнің душманы. Душманы артқылы чақыртқанға дуст келе мі? Көңілде өзгә мухәббәт тұрғанда, хәқлқні табмайды. Адәмнің білімі, ‘илмі хәқиқәтқа, растлыққа құмар болұб, һәрнәрсенің түбін, хикмәтін білмекке ынтықлық бірлә табылады.
Ол – Аллаһның ‘илмі емес, һәммәні білетұғын ‘илмға ынтықлық, өзі де адәмға өзіндік ‘илм береді. Оның үчүн ол Аллаһның өзіне ‘ашиқлық. ‘Илм – Аллаһның бір сифәті, ол – хәқиқәт, оған ‘ашиқлық өзі де хәқлық һәм адәмлық-дүр. Болмаса мал табмақ, мақтан табмақ, ‘иззәт-хурмәт табмақ секілді нәрсәләрнің мухәббәті бірлән білім-‘илмнің хәқиқәті табылмайды. Мал, мақтан, ‘иззәт-хурмәт адәмні өзі ізлеп табылса, адәмлықны бұзмайды һәм көрік болады. Әгәрде адәм өзі оларға табұнұб ізлесе, табса да, табмаса да адәмлығы йоғалады.
Енді хәқиқәт сүйіп, чынны білмек құмарың бар болса, адәмчылыққа лайықлы ихласлы құлағыңны қой. Әууәл дин исламның йолындағы бәндәләр иманның хәқиқәтін білсін. Иман дегәніміз бір ғана инанмақлық емес, сен Аллаһ Тә’әләнің бірлігіне уә Қур`әннің Оның сөзі екенлігіне уә пәйғәмбәріміз Мухәммәд Мустафа салаллаһу ‘әләйһи уә сәлләм Оның тәрәфіндән елчі екенлігіне инандың. Жә, не бітті? Сен Аллаһ Тә’әләға Аллаһ Тә’әлә үчүн иман келтүремүсүн, йә өзүң үчүн иман келтүремүсүн? Сен иман келтүрмесең де, Аллаһ Тә’әләға келер һечбір кемчілік йоқ еді. Йә өзүң үчүн келтірсең, жә инандың. Ол инанмақлығың құры ғана инанмақлық бірлән қалса, саған файдә бермейді. Оның үчүн сен өзің инанмақлығыңнан файдәләнәмін десең, файдә береді, камил иман болады. Сіз «Әмәнту билләһи кәма һуә би әсмәйһи уа сифәтиһи» дедіңіз. Ол исмуллаһлар һәммә Аллаһ Тә’әләнің фи‘ли ‘азимләрінің атлары, оларның мә‘нісін біл, һәм секіз сифәт затийәләрі не дегән сөз, камил үйрән. Өзіңні Оның құлы біліб, өзіңе муслим ат қойұб, тәслим болғаныңа раст боласың да. Өз фи‘лләріңні Соған өз халіңче ұқсатуны шәрт қыл. Аллаһ Тә’әләға ұқшай алам ба деп, наданлық бірлән ол сөзден жиіркенме, ұқшамақ – дәл бірдейлік дә‘уәсі бірлән емес, соның соңында болмақ. Оның үшін Алла Тә’әләнің сифәтләрі: Хайәт, ‘Илм, Қудрәт, Бәсәр, Сәми‘, Ирадә, Кәлам, Тәкуин. Бұл секізінден Аллаһ Тә’әләдағыдай кәмаләт-‘әзимәт бірлән болмаса да, бәндәсінде де һәрбірінен өз халінче бар қылыб йаратыбды.
Жә, біз өзімізнің бойымыздағы секіз зәррә атлас сифәтімізні ол Аллаһ Тә’әләнің секіз ұлұғ сифәтләрінен бас бұрғұзыб, өзге йолға салмақ бірлән бізнің атымыз муслим бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол секіз сифәтіне сифәтімізні һәм ол атлары бірлән ә‘ләмланған фи‘л-е Худаға фи‘лімізні ертмәк не бірлән табылады, қалайча табылады, оны білмек керек. Ол – Аллаһ Тә’әләнің заты, һечбір сифәтқа мухтаж емес, бізнің ‘әқліміз мухтаж, йоқарғы йазылмыш сифәтләр бірлән тә‘рифлеп танымаққа керек. Әгәрде ол сифәтләр бірлән тә‘рифламасақ, бізге мә‘рифәтуллаһ қиын болады. Біз Аллаһ Тә’әләні өзінің білінгені қәдәр ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мумкин емес. Заты түгіл, хикмәтіне һечбір хаким ‘әқл ерічтіре алмады. Аллаһ Тә’әлә – өлчәусіз, бізнің ‘әқліміз – өлчәулі. Өлчәулі бірлән өлчәусізні білерге мумкин болмайды. Біз Аллаһ Тә’әлә «Бір» дейміз, «Бар» дейміз, ол «Бір» демеклік те – ‘әқлімізға ұғұмның бір тиянағы үчүн айтылған сөз. Болмаса ол «Бір» демеклік те Аллаһ Тә’әләға лайықлы келмейді. Оның үчүн мумкинатның ічінде не нәрсенің ужуді бар болса, ол бірліктен құтылмайды. Һәрбір хәдиске айтылатұғұн бір қадимге тә‘риф болмайды. Ол «Бір» деген сөз ‘аләмнің ічінде, ‘аләм Аллаһ Тә’әләнің ічінде, Худай Тәбәрәкә уә Тә’әлә китабларда секіз субутийә сифәтләрі бірлән, уә тоқсан тоқыз Әсмәи-хуснәләр бірлән білдірген. Бұларның һәммәсі Аллаһ Тә’әләнің затийә, субутийә уә фи‘лийә сифәтләрі-дүр. Мен мұнда сізлерге төртеуін білдіремін. Оның екеуі – ‘илм, қудрәт. Секіз сифәттән қалған алтауы – бұларға шәрх. Ол алтауының бірі – хайәт, йә‘ни тірліклік. Аллаһны бар дедік, бір дедік, ‘илм, қудрәт сифәті бірлән сифәтладық. Бұл бірлік, барлық ‘илм, қудрәт өлуде боларлық нәрселер мі? Әлбәттә, ‘илм қудрәті бар болады: хайәті – мә‘лум, бірі – ирадә, йә‘ни қаламақ. ‘Илм бар болса, қаламақ та бар. Ол һеч нәрсеге хәракәт бермейді. Һәммәға хәракәт беретұғұн өзі. Ол ирадә ‘илмнің бір сифәті, бірі – кәләм, йә‘ни сөзләгучі дегән, сөз хәрфсіз, дауыссыз болучы ма еді? Аллаһ Тә’әләнің – хәрфсіз, дауыссыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғұн қудрәті йәнә бәсәр, сәми‘, ол – көргүчі, ешітгүчі деген. Аллаһ Тә’әләнің көрмегі, ешүтмегі біз секілді көзменен, құлақменен емес. Көргендей, ешітгендей болатұғұн ‘илмнің бір сифәті.
Бірі – тәкуин, йә‘ни барлыққа келтіручі деген сөз. Егер барлыққа келтірмегі бір өз алдына сифәт болса, Аллаһ Тә’әләнің сифәті өзіндей қадим, һәм әзали һәм әбәди болур да, һәмишә барлыққа келтіруден бошанмаса, бір сифәті бір сифәтінен үлкен йә кічі боларға йарамайды. Олай болғанда ‘илм, қудрәт сифәтләрі секілді бошанмай, һәр уәқт йаратуда болса, бір ыхқтийарсызлық чығады. Ихтийарсызлық Аллаһ Тә’әләға лайық емес. Оның барлыққа келтірмегі – қудрәтіне және бір шәрх. Бұл ‘илм, қудрәт екі сифәт бірлән секіз сифәт бұзылмастан түгел болады. Ол ‘илм, қудрәт де һеч бір ниһайәтсіз, ‘илмінде ғәфләт, қудрәтінде ебсізлік, йә начарлық йоқ. Сани‘ын сун‘әтіне қарап білесіз. Бұл көзгә көрілгән, көңілге сезілгән ‘аләмні қандай хикмет бірлән йараштырып, қандай қудрәт бірлән орнастырған, һеч бір адәм баласының ‘әқлі йетмейді. Бірақ бәндәсіндә ‘әқл – хукмчі, ғәйрәт, қууәт – хизмәт қылучы болучы еді. Соған қарап ойлайсұн: Аллаһ Тә’әләнің сифәтінде солай болмаққа теүш. Олай болмаса, сифәтлер өз орталарында бірі – тәби‘, бірі — мәтбу‘ болады-ғой. Бұл болса, тә‘риф-и Раббгә йарашмайды. Секіз сифәт қылыб, йәнә ол сифәтләрғә «Лә ғәйру уә лә һуә» болып, бұлай айтуда, бұлардан бір өз алдына жәмә‘әт йәки жәм‘иәт чығып кетеді. Бұл болса келісмейді. Әгәрдә сифәтләрні һәр бірін башқа-башқа дегенде, көп нәрседен жиұлұб, иттифақ бірлән Худай болған болады. Олай деу батил, бір гинә қудрәт бәндәдә болған қууәт, қудрәт , ‘илм ‘әқлдан басқа болатұғын еді. Аллаһ Тә’әләда болған қудрәт – ‘илм һәм қудрәт һәм рәхмәт. Ол – рәхмәт сифәті, секіз сифәт ічінде йазылмаса да, Аллаһ Тә’әләнің Рәхмән, Рәхим, Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Рәззақ, Нафиғ, Уәкил, Ләтиф дегән исмлеріне бина`ән бір ұлұғ сифәтінен хисәблауға йарайды. Бұл сөзіме нәқлийә дәлилім – йоқарұдағы йазылған Аллаһ Тә’әләнің исмлері. ‘Әқлийә дәлилім Худай Тә’әлә бұл ‘аләмні ‘әқл йетмейтұғұн келісімменен йаратқан, аннан башқа, бірінен бірі файдә алатұғын жансұз йаратқанларынан файдә алатұғын жан иесі хәйуанларны йаратыб, жанлы хәйуанлар менен файдә алатұғын ‘әқллі инсанны йаратыпты. Жансызларны еті ауырмайтұғын қылыб, жан иесі хәйуанларны ‘әқл иесі адәм баласы асырайтұғұн қылыб, һәм олардан мәхшәрда сұрау бермейтұғын қылып. Енді бұларның һәммәсінен файдә аларлық ‘әқл иесі қылып йаратқан адәм баласынан мәхшәрда сұрау беретұғын қылып йаратқанлығында һәм ‘әдаләт һәм мухәббәт бар. Адәм баласын құрт, құс, өзгә хәйуанлар сифәтінде йаратмай, бұл гүзәл сифәтні беріп, екі аяққа бастырып, башын йоқары тұрғызып, дунийаны көздерлік қылып, өзі хәйуанлар секілді тамақны өз басы бірлән алғызбай, ыңғайлы екі қолны басқа хизмәт қылдырып, аузына қолы ас бергенде, не ічіб, не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззәтланғандай қылып, ауыз үстіне мұрынны қойұп, оның үстінен тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көзлерге назуклігінен, зарардан қорғап тұрарлық қылып қабақ беріп, ол қабақларны жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңлай тері тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оны жүзіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей існі көблесіп бітірмекке, біреуі ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп йаратмақлығы мухәббәт емес мі? Кім өзіңе мухәббәт қылса, сен де оған мухәббәт қылмақ қарыз емес мі? ‘Әқл көзіменен қара: күн қыздырып, деңіздән бұлт чығарады екен, ол бұлттардан йағмур йауып, жер йүзінде нече түрлі даналарны өстіріб, йемішлерні өндіріп, көзге көрік, көңілге рахәт гул-бәйчечеклерні, ағач-йафырақларны, қант қамысларын өндіріп, нече түрлі нәбатәттләрні өстіріп, хәйуанларны сақлатып, бұлақлар ағызып, өзен болып, өзенлер ағып дәрийа болып, хәйуанларға, құсқа, малға сусын, балықларға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, йемішін, кәнін, гулләр гулін, құслар жүнін, етін, йұмыртқасұн; хәйуанлар етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар балығын, балықлар икрасын, хәтта ара балын, балауызын; құрт ифәгін – һәммәсі адәм баласының файдәсінә йасалып, һәчбірінде бұл менікі дерлік бір нәрсе йоқ, бәрі – адәм баласының таусылмас азығы. Миллион хикмәт бірлән йасалған машина, фабрик адәм баласының рахәті, файдәсі үчүн йасалса, бұл йасаучы мухәббәт бірлән адәм баласын сүйгенлігі емес мі? Кім сені сүйсе, оны сүймеклік қәрз емес мі? Адәм баласы қәна‘әтсізліқ бірлән бұл хәйуанларның тұқымын құртұб, алдыңғылар артқыларға жәбр қылмасұн деп, малны адәм баласының өзінің қызғанычына қорғалатып, өзге хәйуанларны бірін ұшқұр қанатына, бірін күшті қууәтінә, бірін жүйрік аяғына сүйентүб, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып, һәм һәрбірін өсіп-өнбекке құмар қылыб, йаш күнінде, кічкене уәқтіндә шәфқәт сихрі бірлән башларын байлап, қамқор қылып қоймақлығы – адәм баласына өсіп-өніп, теңлік алсын емес, бәлки, адәм баласының үзілмес нәсліне таусылмас азық болсын дегенлік. Бұл хикмәтләрінен һәммәсінен мәрхәмәт, һәм ‘әдаләт заһир тұр екен. Біз ортамызда бұл мәрхәмәт, ‘әдаләтлі иманның шәртінән хисаб қылмаймыз, оның үчүн муслим болғанда, Аллаһ Тә’әләға тәслим болып, оның йолында болмақ едік, болғанымыз қайсы? Бұл екі ай менен күннен артық мә‘лум тұрған йоқ мы? Фи‘л-е Худаның һечбірін де қәрар қылмаймыз, өзгелерде болғанын жек көрмейміз, өзіміз тұтмаймыз, бұл хийанәтчылық емес мі? Хийанәтчылыққа бір қарар тұрған адәм – йә мусәлман емес, ең болмаса чала мусәлман. Аллаһ Тәбәрәкә уә Тә’әләнің бәндәләріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. «Тәфәккәру фи иләллаһи» дегән хәдис шәрифнің «Инналлаһа йухиббул-муқситин» деген айәтларға һечкімнің ихласы, көңілі менен ‘илмі йетіб хуплағанын көргенім йоқ. «Әтә`мурунән-нәсә бил-бирри уә әхсину инналлаһа йухиббул-мухсинин», «уәлләзинә әмәну уә ‘әмилус-салихати уләйкә әсхәбул-жәннәти һум фиһа халидун» дегән айәтләр Қу`ранның ічі толған «‘әмәлус-салих» не екенін білмейміз. «Уә әммәлзинә әмәну уә ‘әмилус-салихати фәйуәффиһим ужурәһум уә Аллаһу лә йухиббуз-залимин» айәтінә қарасаң, ‘әмәлус-салих залымлықның зидды болур. Олай болғанда ‘әдаләт рәфқәт болурға кімде-кімнің ‘әдаләті йоқ болса, хайәсі йоқ, кімнің ұяты йоқ болса, оның иманы йоқ деген, Пәйғәмбәріміз саллаллаһу ‘әләйһи уәссәлләмнің хәдис шәрифі «Мән лә хайә`ән ләһу уә лә имәнә ләһу» дегән дәлил-дүр. Енді белгілі, иман құры инанч бірлән болмайды, ‘әдаләт уә рәфқәт бірлән болады. ‘Әмәлус-салих ‘әдаләтлі уә мәрхәмәтлі болмақ күллі тән бірлән қылған құлчылықларының һечбірі ‘әдаләтні, мәрхәмәтні бермейді. Көзің күнде көреді нәмаз оқучы, рузә тұтқучыларның не халәттә екенліклерін, оған да дәлил керек емес. Бәлки ‘әдаләт барча ізгілікнің анасы-дүр. Инсаф, ұят – бұл ‘әдаләтдән чығады. Оның үчүн ‘әдаләтлі адәмнің көңіліне не келеді? Мен өз көңілімде хәлқ меніменен, сондай-мұндай хулқларменен му‘әмәлә қылса екән деп ойлап тұрып, өзім сол хәлқләрменен му‘амәлә қылмағанлығым йарамайды ғой деп, сол өзі ‘әдаләтде һәм инсфта емәс мі? һәммә йақшылықның башы емес мі? Жә, олай хулық менен сол ойны ойлаған кіші Хәллақына шукрні неге ойламасын? Шакирліктен ‘ибадәтнің бәрі туады. Енді зинһар ‘әдаләт, шәфқәттдән босанбаңлар. Әгәр босансаң, иман да, адәмлық та һәммәсі босанады. Аллаһйар Суфиның «бір фәрдәдән йүз фәрдә бижай» дегәні башыңа келеді.
Енді бізнің баштағы тә‘риф бойынша Худай Тә’әлә ‘илмлі, рәхмлі, ‘әдаләтлі, қудрәт еді. Сен де бұл ‘илм, рәхм, ‘әдаләт үш сифәт бірлән сифәтланмақ ижтиһадын шәрт еттің, мусәлман, һәм толық инсанийәтің бар болады. Білгіл-ки, жәуанмәртлік үч хисләт бірлән болұр деген: сидқ, кәрәм, ‘әқл. Бұл үчінден сидқ – ‘әдаләт болар, кәрәм – шәфқәт болар. ‘Әқл мә‘лум-дүр, ‘илмнің бір аты екенлігі. Бұлар һәр адәмның бойында Аллаһ Тәбәрәкә уә Тә’әлә тәхмин бар қылып йаратқан. Бірақ оған рәуаж беріп гүлләндірмек, бәлки, адәм өз халінче кәмаләтке йеткізмек жәһдінде болмақ. Бұлар – өз иждиһадің бірлән ниәт халис бірлән ізленсең ғана беріле тұрған нәрселер, болмаса йоқ. Бұл айтылмыш үч хисләттің йелерінің алды – пәйғәмбәрләр, онан соң – әулиәләр, онан соң – хакимләр, ең ахиры – камил мусәлманлар. Бұл үч түрлі фи‘л-е Худаның соңында болмақ, өзін құл біліп, бұл фи‘лларға ‘ашиқ болып тұтынмақны пәйғәмбәрләр үйретті әулиелерге, әулиелер оқыды, ‘ашиқ болды. Бірақ, ухрауи пайдасына ғана күзетті. ‘Ашиқлықлары сол халге жетті-ке, дунийаны, дунийада тиерлік файдәсін ұмытты. Бәлки, хисабқа алмадылар. Хакимләр дунийада тиетұғын файдәсін сөйледілер. ‘Ибрәт көзіменен қарағанда, екісі де бірінен-бірі көп йырақ кетмейді. Оның үчүн һәрбірінің сөйлеуі, айтуы басқача болса да, Аллаһ Тә’әләнің сун‘әтінә қараб фикрлемекні екісі де айттылар. Фикрленмек соңы ‘ибрәтланмақ болса керек. Бұл ‘илм, ‘әқл – һәр екісі де өзін зорға хисабламақны, залымлықны, адәм өзіндей адәміні алдамақны жек көреділер. Бұл ‘әдаләт мәрхәмәтлі уә шәфқәтлі болмақны айтұб бұйырдылар, бұл рәхим болса керек. Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі таифә һәр кіші өзлеріне бір түрлі нәфсін фида қылучылар деб. Йә‘ни, бәндәлікнің кәмәлаты әулиелік бірлән болатұғын болса, күллі адәм тәрк-и дунийа болұб «һу» деп тәриқатқа кірсе, дунийа уәйран болса керек. Бұлай болғанда бұларны малны кім бағады, душманны кім тоқтатады, киімні кім тоқиды, астықны кім егеді, дүнийадагы Аллаһ Тә’әләнің бәндәләрі үчүн йаратқан хәзинәләрін кім ізлейді? Хәрами, мәкруһи былай тұрсын, Худай Тә’әләнің қууәтің бірлән ижтиһад ‘әқлің бірлән тауып, рахәтін көрмегіңе бола йаратқан, берген ни‘мәтлеріне, әндін көрмәк хузурға суық көз бірлән қарап, ескерусіз ташлаб кетмек ‘әқлға, әдәбкә, инсафқа дуруст мы? Сахиби ни‘мәтке шукрлігің йоқ болса, әдәбсізлік бірлән кунәһкәр болмайсың мы? Екінчі – бұл йолдағылар қор болып, дүнийада йоқ болып кету де хәуфі бар, уә кафирләргә жем болып кету де, қайсы бір сабирсызы жолынан тайып, сабирменен бір қарар тұрамын дегені өліп кетселер де керек. Әгәрде бұл йол йарым-йартыларына ғана айтылған болса, йарым-йарты раст дунийада бар бола мы? Раст болса, һәммәға бірдей раст болсын, алалаған раст бола мы, һәм ‘әдаләт бола мы? Олай болғанда, ол жұртта ‘умр йоқ болса керек. ‘Умр өзі – хәқиқәт. Қай йерде ‘умр йоқ болса, онда кәмаләт йоқ. Бірақ әулийәләрнің де бәрі бірдей тәрк-и дунийа емес еді, ‘әшәрә`ә-мубәшшәрәдән хәзрәт ‘Усман, ‘Әбдуррахман бин ‘Әуф уә Сә‘д бин Әбу Уәққас үчәуі де үлкен байлар еді. Бұл тәрк-и дунийалық; йә дунийа ләззәтіне алданыб ижтиһадым чала қалады деп, бойына сенбегенлік; йә хирс дунийалықдан ‘әууамның көңлін суытбақ үчүн, рәнжуге сабир етіп, өзін фида қылыб, мен жанымменен ұрыс қылғанда, хәлқ ең болмаса нәфсісіменен ұрыс қылып, һәуа-һәуәсдән һәр бір арзу нәфсіден суынып, ‘әдаләт, мәрхәмәт, мухәббәтінә бір қарар болар ма екен деген умидменен болса керек. Олай болғанда ол да жұртқа қылған артық мухәббәттан хисаб. Бірақ бұл йол – бек четін, бек назик йол. Бұл йолда рийасыз, жеңілліксіз бір қарар тұрып ізленген ғана кіші ішінің кәмаләтінә йетмек. Бұл зәманда надир, бұған ‘илмнің де зоры, сидқ, ғәйрәтнің да зоры, мухәббәтнің Хәллақына да, уә Халиқ-и ‘әламға да бек зоры табылмақ керәк. Бұларның жиылмағы – қиынның қиыны, бәлки, фитнә болур. Басына һәм өзіне өзгечелік бермек – адәм ұғлын бір бұзатұғын іс. Һәрбір наданның бір тәриқатқа кірдік деп жүргені «біз бұзылдық» дегеніменен бір болады. Хаким, ‘алим әслідә бір сөз, бірақ ‘әрәфдә басқалар-дүр. Дунийада ‘илми заһири бар, олар айтылмышларны нәқлийә деп те айтадылар. Бұл нәқлийәгә жүйріклер ‘алим атаналар, әмма Худай Тә’әлә һечбір нәрсені сәбәбсіз йаратмаған, мұны ізерлеп «тәффәккәру фи ‘әла-иллаһи» дегән хәдиске бина`ән бұл сун‘әти Худадан ізерлеп уә құмар болұб ‘ибрәтланучыләргә тыю йоқ, бәлки, сун‘әтінән сәбәбін білмекке құмарлықтан сани‘ына ‘ашиқлық чығады. Худай Тә’әлә затына бәндәсінің ‘әқлі йетмесе, дәл сондай ‘ашиқмын демеклік те орынсыз. ‘Ашиқ-мә‘шуғлықға халиқ бірлән мәхлуқ ортасы мунәсибәтсіз, Аллаһ Тә’әләнің бәндәсін мухәббәт уә мәрхәмәт бірлән йаратқанын біліп, мухәббәтінә мухәббәт бірлән ғана елжіремекні Худаға ‘ашиқ болды дейміз. Олай болғанда хикмәт-е Худаға бәндә өз ақылы йетерлік «құр ғана білсем» деген һәрбір існің сәбәбін ізләнучілерге хаким ат қойдылар. Бұлар хәқ бірлән батилны айырмаққа, сәбәблерін білмекке тырысмақлықлары бірлән һәммәсі адәм баласының файдәсі үчүн, ойын-күлкі түгіл, дүнийадагы кулл ләззәт бұларға екінчі мәртәбәдә қалып, бір ғана Хәқні табмақ, һәрбір нәрсенің сәбәбін табмақ бірлән ләззатланадылар. Адасмай тура ізленген хакимләр болмаса, дунийа уәйран болар еді. Фи‘л-и бәндәнің қазығы – осы жақсы хакимләр, һәр нәрсә дунийада оларның истихражы бірлән рәуаж табады. Бұларның ісінің көбі – дунийа ісі, ләкин осы хакимләрнің йасаған, таратқан ісләрі. «Әд-дунийә мәзрә‘әтул-ахирәт», – дегендей, ахирәтке егінлік болатұғын дунийа сол. Һәр бір ‘алим – хаким емәс, һәр бір хаким – ‘алим. ‘Алимларның нәқлийәсі бірлән мусәлман иман-е тәқлиди кәсб қылады. Хакимләрнің ‘әқлийәті бірлән йетсе, иман-е йақини болады. Бұл хакимлерден мурад – мусәлман хакимлері, болмаса ғайри диннің хакимлері – әгәрче «фәтлубни тәжидуни» делінсе де, дунийаның уә һәм адәм ұғлы ‘умрінің сиррына йетселер де, диннің хәқ мә‘рифәтіне йете алмағанлар. Бұларның көбі – иманның йеді шәртіндән, бір Аллаһны танымақтан ғайри, йә‘ни алтауына кімі кумәнді, кімі мункәр болып, тәхқиқлай алмағанлар. Әгәр бұлар дин ұстазымыз емес болса да, динде басшымыз Худаның елчісі пәйғәмбәріміз саллаллаһу ‘әләйһи уә сәлләмнің хәдис шәрифі, «хайрун-нәс мән йәнфә‘ун-нәс», – деген. Бұл хакимлер ұйқы, тынчлық, һәуәс-қызықның бәрін қойұб, адәм баласына файдәлі іс чығармақлығына, йә‘ни електрийаны тауып, асманнан жайны бұрып алыб, дунийаның бір четінен хазир жәуап алып тұрұб, от менен суға хиләсін тауып, мың адәм қыла алмастай хизмәтләр ішлетіб қойұб құрғанлығы, уә хусусән адәм баласының ‘әқл-фикрін ұстартып, хәқ бірлән батилны айырмақны үйреткенлігі – баршасы нәф‘лік болған соң, бізнің оларға миннәтдарлығымызға дә‘уа йоқ.
Бұл зәмананың моллалары хаким атына душман болады. Бұлары білімсізлік, бәлки, бұзық фи‘л, «әл-инсану ‘әдуун лима жәһилгә» хисаб. Оларның шакирдләрінің көбі біраз ‘әрәб-фарсидан тіл үйренсе, бір йарым болымсыз бәхс үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгечелік беремін деп әуарә болұб, жұртқа файдәсі тимек түгіл, түрлі-түрлі зәрарлар хасил қылады. «һай-һой!» менен, мақтанменен ‘әуамны адастырып бітіреді. Бұларның көбі әншейін жаһил түгүл, жаһилләр кібілік тәләб болса, қайда хәқ сөз келсе, хазир инсафқа қайтсын һәм ‘ибрәтләнсін. Раст сөзгә ор қазып, тұз жасамақ не дегән инсаф, құры өзімчілдік, һәр бір өзімчілдік – адәмны бұзатұғын фи‘л. Растың бір аты – Хәқ, Хәқнің бір аты – Аллаһ, бұған қарсы қаруласқанча, мұны ұғып, ‘әдаләт бірлән тәптешлеуге керек. Мұндай фи‘ллардан куфр хәуфі де бар. Уә йәнә пәйғәмбәріміз саллаллаһу ‘әләйһи уә сәлләм: «Ақыр зәманда бір йыллық бір күн болар» дегәнде сәхәбә-и кирәмлар «Бұл бір йыллық күнде нәмаз нечеу болар?» деп сұрағанда: «Оның фәтуасын сол зәманның ‘алимлары білер», – дегән сөзінен ғибратланып қарасаң, зәмана өзгеру бірлән қа‘идалар өзгерілмегенін білдіргені мә‘лум болады. Бұл күндегі тәхсилул-‘улум ескі медреселер ‘урфында болып, бұл зәманға файдәсі йоқ болды. Соған қарай ‘Усманийада мәктәб хәрбия, мәктәб рушдийалар салыныб, жаңа низамға айналған. Мұндағылар ұзақ йыллар ‘умр өткізіп, ‘илмні файдәсіз ұзақ бәхслар бірлән күнін өткізіб, мә‘ишәт дунийада надан бір ессіз адәм болып чығады да, һеч бір хәрәкәткә лайықлы йоқ болған соң, адәм аулауға, адәм алдауға салынадылар. Көбінесе мұндай ессізлернің нәсихәті де тә`сирсіз болады.
Дунийаның мә‘мурлығын бір түрлі ‘әқлға нур беріп тұратұғын нәрсе. Йоқчылықның адәмні хәйуанландырыб жіберетұғыны да болады. Бәл кулли дунийаны уә ‘илмін білмей қалмақлық ‒ бір үлкен зәрәрлі наданлық, ол Қур`әндә сөгілген; дүнийада кімде-кім өзіне өзгечелік бермек қәсді бірлән малға мухәббәтін аударғанлар дунийада болмаса, ихсанда қолым қысқа болмасын деп һәм өзім біреуге тәмә‘лі болмайын деп, малға мухәббәтін аудармай, ізгілікке бола хәлал кәсб бірлән тапқан дунийа емес. Біз `илмні сатып, мал ізлемек емесміз. Мал бірлән `илм кәсб қылмақмыз. Һунәр – өзі де мал, һунәрні үйренмек – өзі де ихсан. Бірақ ол һунәр `әдаләтдән чықмасын, шәр`ғиға муафиқ болсын. Адәмға хәлінче ихсанлы болмақ – фәрз іс. Бірақ өзгелернің ихсанына сүйенмек дуруст емес. Моллалар тұра тұрсын, хусусән бұл зәманның ишанларына бек сақ болыңлар. Олар – фитнә-и `алим, бұлардан зәрәрдан басқа һеч нәрсә чықмайды. Өзлері хукм шәри`әтні таза білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін-өзі әһли тәриқат біліп йәнә біреуні йеткізмек дә`уәсіні қыладылар. Бұл іс оларның сыбағасы емес, бұларның йеткізмегі мухал, бұлар
адәм аздырушылар, хәтта динге де зәрәрлі-дүр. Бұларның сүйенгені – наданлар, сөйлегені – йалған, дәлилләрі – тәсбихі менен чалмалары, онан басқа һеч нәрсе йоқ.
Енді біліңізлер, ей, фәрзәндләр! Худай Тә`аләның йолы деген йол – Аллаһ Тә`аләнің ниһайәтсіз болады. Оның ниһайәтінә һечкім йетмейді. Бірақ сол йолға йүруні өзіне шәрт қылып кім қәдәм басты, ол таза мусәлман, толық адәм делінеді. Дунийада түпкі мәқсудың өз файдәң болса – өзің ниһайәтлісің, ол йол – Худаның йолы емес. `Аләмнан жиылсұн, маған құйылсұн, отырған орныма ағып келе берсін дегән ол – не деген инсаф? Сенен не түрлі болса да, йә дунийаңнан, йә `әқліңнән, йә малыңнан `әдаләт, шәфқәт секілді біреулерге йақчылық тигізбек мәқсудың болса, ол йол – Худаның йолы. Ол – ниһайәтсіз йол, сол ниһайәтсіз йолға аяғыңны берік бастың, ниһайәтсіз Худаға тәқәрруб хасил болып, хас ізгі құлдарынан болмақ умид бар, өзге йолда не умид бар? Кейбіреулернің бар һунәрі, мәқсуды киімін түзетмек, жүріс-тұрысын түзетмек болады да, мұнысын өзіне бар дәуләт біледі. Бұл іслерінің бәрі өзін көрсетмек, өзін-өзі базарға салып, бір `әқлі көзіндегі ақымақларға «бәрекелді» дегізмек. «Осындай болар ма едік» деп біреулер тәләбләнәр, біреулер «осындай бола алмадық» деп күйінер, мұнан не файдә чықты? Мұнча әуреленіп сыртыңны бір сүйген қәуміңә ұқшатарсың, сыртқа хәсиәт бітмейді. Аллаһ Тә`алә қарайтұғын қәлбіңе, боямасыз ихласыңа хәсиәт бітеді. Бұл айнаға табынғанларның `әқлі қанчалық өсер дейсің? Өссе `әқл, ол түпсіз терең йақчылықны сүймеклікменен өсер. Худай Тә`алә дунийаны кәмаләтні чеберлікменен йаратқан екен һәм адәм баласын өссін-өнсін деп йаратқан. Сол өсіп-өну йолындағы адәмнің тәләб қылып ізленер қәрзні ісінің алды – әууәл досын көбейтмек. Ол досын көбейтмекнің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенче дустлық мәқамында болмақ. Кімге дустлығың болса, дустлық дустлық чақырады. Ең аяғы һечкімге қас сағынбаслық һәм өзіне өзгечелік беремін деп, өзін тілмен йә қылықмен өзін-өзі артық көрсетмек мәқсудынан аулақ болмақ. Бұл өзін-өзі артық көрсетмек екі түрлі! Әууәлгісі – һәрбір йаманчылықның йақасында тұрұб адәмнің адәмлығын бұзатұғын жаманшылықтан бойын жимақлық, бұл адәмға нур болады. Екінчісі – өзін-өзі өзгечелікменен артық көрсетмек адәмлықның нурын, гулін бұзады. Үчінчісі – қастық қылмақ, хор тұтмақ, кемітмек. Олар душманлық чақырады. Һәм өзі өзгәче боламын демекнің түбі – мақтан. Һәрбір мақтан біреуден асамын деген күнчілікні бітіреді де, күнчілік күнчілікні қозғайды. Бұл үч түрлі існің йоқлығы адәмнің көңліне тынчлық береді. Һәрбір көңіл тынчлығы көңілге тәләб салады. Куллі адәм баласын хор қылатұғын үч нәрсе бар. Сонан қачмақ керек: әууәлі – наданлық, екінчісі – ерінчеклік, үшінші – залымлық. Білесіз, наданлық –
`илм-білімнің йоқлығы, дунийадан һечбір нәрсәні оларсыз біліб болмайды. Білімсізлік хәйуанлық болады. Ерінчеклік – куллі дунийадагы һунәрнің душманы. Тәләбсызлық, жігерсізлік, ұятсызлық, кедейлік – бәрі осыдан чығады. Залимлық –
адәм баласының душманы. Адәм баласына душман болса, адәмнан бөлінді, бір жыртқыш хәйуан хисабына қосылды. Бұларның емі, Хәллақына мухәббәт, Халиқ-и `аләмға шәфқәт, ғайрәтлі, тұрлаулы, `әдаләт ісінің алды-артын байқарлық білмі-`илмі болсын. Әууәл, білім-`илмі Худаға муқтәди болсын. Йә`ни, Худай Тә`алә бұл `аләмні йаратты, ерінбеді. Худай Тә`алә келісімменен, хикметпенен кәмәлатны бір йолға салыб жасады, сізлернің ішіңіз де бір йақчылықны бина қылып, арқа сүйерлік чеберлікменен болсұн. Йәнә Худай Тә`алә һәр не йаратты, бір түрлі файдәлі хикмәті бар. Сенің де ісіңнен бір зәрәрлар чығып кеткәндей болмай, көп файдә боларлық бір умиді бар іс болсұн. Бұларсыз іс – іс емес. Бәлки, бұларсыз та`әт – та`әт та емес. Белгілі, Худай Тә`алә һечбір нәрсәні хикмәтсіз йаратмады, уә һечбір нәрсеге хикмәтсіз тәклиф қылмады. Бәрінің хикмәті бар, бәрінің сәбәбі бар, бізнің `әуам былай тұрсұн, `илмға мухәббәті барларға сәбәп, фәрзләрні білмекке ижтиһад лазим, сізләр һәрбір `әмәл қылсаңыз ізгілік деп қыласыз, ізгілікке бола қәсд етіп, ниәт етесіз. Ниәт оның фәрзінән хисаб, пәйғәмбәріміз саллаллаһу `әләйһи уә сәлләмнің хәдис шәрифі «Иннәмәл-ә`мәлу бин-нийәт» дегән. Енді ниәт еттіңіз тәһарәт алмаққа, нәмаз оқымаққа, рузә тұтмаққа, бұл та‘әтларда ниәтіңіз заһирынан қалыпсыз `ибадәтқа йетмегенлігі кемчілік емес мі? Сізнің батиныңыз таза болмағы, әуәл иман болып, бұл заһир `ибадәтіңіз иманлы болған соң ғана, фәрз болған, сізнің заһирыңыздағы `ибадәт –
батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нурланыб тұрмағына көрік үчүн бұйырылған. Оның үчүн `уләмалар иман екеу емес, біреу, бірақ ізгі та`әт бірлән нурланады, та`әт йоқ болса, күңгіртленеді, бәлки, сөну хәуфі де бар деген. Әгәр наданлар ол `ибадәтнің ічкі сиррын ескермей қылса, соны қылыб йүрүб, иманы сөнер деген. Менің хәуфім бар, олар хас осы `ибадәт екен, Худаның бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мусәлманлық кәмил болады деп ойлайды. Ол `ибадәт күзетчі еді. Жә, күзетчі күзеткен нәрсәнің әманлығын ойламай, бір кинә ояу тұрмағын қәсд қылса, ол не күзет? Күзеткен нәрсәсі қайда кетеді? Мәқсуд күзетілген нәрсәнің әманлығы, тазалығы емес мі?
Ей, ишараттан хәбәрсізләр, қара! Бұл `ибадәттән бір үлкені – нәмаз, ол нәмаздан әууәл тәһарәт алмақ, онан соң ғана нәмазға шуру` қылмақ, ол тәһарәтнің алды истинжа еді. Мұны бір берік ойлап тұр. Аяғы екі аяқға мәсх бірлән бітучі еді, бұлар һәммәсі болмаса көбі ишарәт еді. Истинжәдә көтіңізні жуасыз, сізнің көтіңізнің һечкімге керегі йоқ еді. Оның менен сезімні тазалықға кіргенлігіңні кәмил ихләсіңні көрсетіб, ішімнің сафлығының соңында хәлқ көрер, сыртымны да пак етемін һәм көзгә көрінбейтұғұн ә`заларымны да пак етемін, бұл паклігімнің үстінде Аллаһға ду`а айтамын деп хазирланасыз. Енді нәмазның аты – саләт, саләт – ду`а мә`нәсінда дегенлер. Аяқта, мойында болған мәсхләр – ол йумақ емес, өзлері де йуулы деп көрсеткен ишарат. Нәмаздан әууәл құлақ қақтыңыз, кәрчі Аллаһ Тә`аләні йоғарыда деп, мәкән исбат етмесең де, бегірек созу әдепсіз болұб, гунаһ дарийасына ғәрқ болдұм, яғни дунийа һәуәсіне ғәрқ қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық йардәм берің ишараты. Онан соң қийамда тұрұб қол бағламақ – құл қожа алдында тұрмақ – бұқара патша алдында тұрғаннан артық. Аллаһ Тә`аләнің қадирлігіне өзінің `ажизлығына иқрарының беріклігін көрсеткен ишараты. Қибләға қарамақ, кәрчі Худай Тә`аләға һечбір орын мумкин емәс болса да, зийарәтін фәрз еткен орынға йүзін қаратып, шундағы ду`адай қабұллыққа йақын болар ма екен деген ишараты. Онан соң қира`әт, яғни «Сурәтун-фәтихә» оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол «Фәтихә» сурәсінің мә`ниларында көп сирр бар. Руқу` – баш ұрмақ алдында Худа хазирге ұқшаш, ол да ишарат. Сәждәләр – әууәл йерден йаралғанына иқрары, екінчісі – йәнә йерге қайтмағына иқрары, баш көтермегі йәнә тіріліб, сұрау бермегіне иқрарының ишараты. Қә`дә ул-ахир –ду`аның ахирында Аллаға тәхийәт, ондан тәшәһһуд, ондан сәлауәт пәйғәмбәріміз саллаллаһу `әләйһи уә сәлләмге айтмақ үчүн ең ахиры сәләмменен тауысасыз, йә`ни Аллаһ Тә`аләдән не тілеп ду`а қылдыңыз. Ол ду`а хәзинәсі куллі мусәлманларны ортақластырып, оларға да сәләмәтчілік тіләб һәм рәхмәт тіләб бітіресіз. Жә, бұл сөзден не `ибрәтләндік?