Ей, жүрегімнің қуаты, перзенттерім! Сіздерге адам ұлының мінездері туралы біраз сөз жазып жәдігер қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббаттың төлеуі – махаббат. Әуелі адамның адамшылығы ақыл, ғылым деген нәрселермен. Мұның табылмағына себептер – әуелі, хәуас сәлим1 һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалған өзгелердің бәрі жақсы ата-ана, жақсы құрбы2, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Білім-ғылымға махаббат бермек әлгі айтылған үшеуінен болады. Білім-ғылымды әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйір қылу уә3 үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала білім-ғылымды махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана «жәлб-и мәнфә‘әт дәф‘-и музәррәтләрді4» айырмақтық секілді ғылым-білімді үйренсе білер деп үміттенуге болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан молдаға берген болады, я ол балалар өздері барған болады – ешбір бәһре5 болмайды. Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, хатта6 имани иғтиқадқа7 да қиянатпен болады. Бұл қиянатшылар – жарым адам, жарым молда, жарым мұсылман. Олардың адамшылығының кәмелет8 таппағы – қиынның қиыны. Себебі, Алла тағала өзі – хақиқат жолы, хақиқат пен рас қиянаттың дұшпаны. Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге махаббат тұрғанда, хақтықты таппайды. Адамның білімі, ғылымы хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен табылады. Ол – Алланың ғылымы емес, һәмманы9 білетұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым береді. Оның үшін ол Алланың өзіне ғашықтық. Ғылым – Алланың бір сипаты, ол – хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақтық һәм адамдық-дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ізет-құрмет таппақ секілді нәрселердің махаббатымен білім-ғылымның хақиқаты табылмайды. Мал, мақтан, ізет-құрмет адамды өзі іздеп табылса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Егерде адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады.
Енді хақиқат сүйіп, шынды білмек құмарың бар болса, адамшылыққа лайықты ықыласты құлағыңды қой. Әуелі дін исламның жолындағы пенделер иманның хақиқатын білсін. Иман дегеніміз бір ғана иланбақтық емес, сен Алла тағаланың бірлігіне уә10 Құранның Оның сөзі екендігіне уә пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллау ғәләйһи уә сәлләм11 Оның тарапынан елші екендігіне инандың. Жә, не бітті? Сен Алла тағалаға Алла тағала үшін иман келтіремісің, йә өзің үшін иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де, Алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Я өзің үшін келтірсең, жә иландың. Ол иланбақтығың құры ғана иланбақтықпен қалса, саған пайда бермейді. Оның үшін сен өзің иланбақтығыңнан пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл иман болады. Сіз «Әмәнту билләһи кәма һуә би әсмәйһи уа сифәтиһи»12 дедіңіз. Ол исмуллалар13 һәмма Алла тағаланың фиғл ғазимдерінің14 аттары, олардың мағынасын біл, һәм сегіз сипат затиялары15 не деген сөз, кәміл үйрен. Өзіңді Оның құлы біліп, өзіңе муслим16 ат қойып, тәслим17 болғаныңа рас боласың да. Өз пейілдеріңді Соған өз халіңше ұқсатуды шарт қыл. Алла тағалаға ұқсай алам ба деп, надандықпен ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ – дәл бірдейлік дәғуәсімен18 емес, соның соңында болмақ. Оның үшін Алла тағаланың сипаттары: Хаят19, Ғылым, Құдірет, Бәсәр20, Сәмиғ21, Ирада22, Кәлам23, Тәкуин24. Бұл сегізінен Алла тағаладағыдай кәмаләт25-ғазимәтпен26 болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты.
Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә27 атлас сипатымызды ол Алла тағаланың сегіз ұлық сипаттарынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпен біздің атымыз муслим бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттарымен әғләмланған28 фиғлі Құдаға29 фиғлімізді30 ертпек немен табылады, қалайша табылады, оны білмек керек. Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттармен тәғрифлап31 танымаққа керек. Егерде ол сипаттармен тәғрифламасақ, бізге мәғрифәтулла32 қиын болады. Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмады. Алла тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білерге мүмкін болмайды. Біз Алла тағала «Бір» дейміз, «Бар» дейміз, ол «Бір» демектік те – ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «Бір» демектік те Алла тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін мумкінаттың33 ішінде не нәрсенің ужуді34 бар болса, ол бірліктен құтылмайды. Әрбір хадиске айтылатұғын бір қадімге тәғриф болмайды. Ол «Бір» деген сөз ғаламның ішінде, әлем Алла тағаланың ішінде, Құдай тәбәрәкә уә тағала35 кітаптарда сегіз субутия36 сипаттарымен, уә37 тоқсан тоғыз Әсмәи-хуснәлермен38 білдірген. Бұдардың һәммасы Алла тағаланың затия, субутия уә фиғлия сипаттары-дүр. Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның екеуі – ғылым, құдірет. Сегіз сипаттан қалған алтауы – бұларға шәрх39. Ол алтауының бірі – хаят, яғни тірілік. Алланы бар дедік, бір дедік, ғылым, құдірет сипатымен сипаттадық. Бұл бірлік, барлық ғылым, құдірет өлуде боларлық нәрселер ме? Әлбетте, ғылым құдіреті бар болады: хаяты – мәлім, бірі – ирада, яғни қаламақ. Ғылым бар болса, қаламақ та бар. Ол еш нәрсеге харекет бермейді. Һәммаға харекет беретұғын Өзі. Ол ирада ғылымның бір сипаты, бірі – кәләм, яғни сөйлеуші деген, сөз әріпсіз, дауыссыз болушы ма еді? Алла тағаланың – әріпсіз, дауыссыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті және бәсәр40, сәмиғ41, ол – көруші, есітуші деген. Алла тағаланың көрмегі, естімегі біз секілді көзбенен, құлақпенен емес. Көргендей, есіткендей болатұғын ғылымның бір сипаты.
Бірі – тәкуин42, яғни барлыққа келтіруші деген сөз. Егер барлыққа келтірмегі бір өз алдына сипат болса, Алла тағаланың сипаты өзіндей қадим43, һәм әзали44 һәм әбәди45 болар да, һәмише46 барлыққа келтіруден босанбаса, бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші боларға жарамайды. Олай болғанда ғылым, құдірет сипаттары секілді босанбай, әр уақыт жаратуда болса, бір ықтиярсыздық шығады. Ықтиярсыздық Алла тағалаға лайық емес. Оның барлыққа келтірмегі – құдіретіне және бір шәрх. Бұл ғылым, құдірет екі сипатпен сегіз сипат бұзылмастан түгел болады. Ол ғылым, құдірет те ешбір ниһаятсыз47, ғылымында ғапілет48, құдіретінде епсіздік, я начарлық49 жоқ. Саниғын50 сунғатына51 қарап білесіз. Бұл көзге көрілген, көңілге сезілген әлемді қандай хикметпен жарастырып, қандай құдіретпен орнастырған, ешбір адам баласының ақылы жетпейді. Бірақ пендесінде ақыл – үкімші, қайрат, қуат – қызмет қылушы болушы еді. Соған қарап ойлайсың: Алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс. Олай болмаса, сипаттар өз орталарында бірі – тәбиғ52, бірі – мәтбуғ53 болады ғой. Бұл болса, тәғрифи Раббгә54 жараспайды. Сегіз сипат қылып және ол сипаттарға «Лә ғәйру уә лә һуә»55 болып, бұлай айтуда, бұлардан бір өз алдына жамағат яки жамғиат56 шығып кетеді. Бұл болса келіспейді. Егерде сипаттардың әрбірін басқа-басқа дегенде, көп нәрседен жиылып, иттифақпен57 Құдай болған болады. Олай деу батил58, бір ғана құдірет пендеде болған қуат, құдірет, ғылым ақылдан басқа болатұғын еді. Алла тағалада болған құдірет – ғылым һәм құдірет һәм рәхмәт59. Ол – рәхмәт сипаты, сегіз сипат ішінде жазылмаса да, Алла тағаланың Рахман60, Рахим61, Ғафур62, Уадуд63, Хафиз64, Сәттар65, Раззақ66, Нафиғ67, Уәкил68, Ләтиф69 деген есімдеріне бинан70 бір ұлық сипатынан есептеуге жарайды. Бұл сөзіме нақлия71 дәлелім – жоғарыдағы жазылған Алла тағаланың есімдері. Ақлия72 дәлелім Құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтұғын келісімменен жаратқан, онан басқа, бірінен бірі пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайда алатұғын ақылды инсанды73 жаратыпты. Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтұғын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтұғын қылып, һәм олардан махшарда74 сұрау бермейтұғын қылып. Енді бұлардың һәммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан адам баласынан махшарда сұрау беретұғын қылып жаратқандығында һәм әділет һәм махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар сипатында жаратпай, бұл гөзәл75 сипатты беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып, өзі хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет қылдырып, аузына қолы ас бергенде, не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззәттанғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстінен тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктігінен, зарардан қорғап тұрарлық қылып қабақ беріп, ол қабақтарды жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оны жүзіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуі ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп жаратпақтығы махаббат емес пе? Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмақ қарыз емес пе? Ақыл көзіменен қара: күн қыздырып, теңізден бұлыт шығарады екен, ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзінде неше түрлі даналарды өстіріп, жемістерді өндіріп, көзге көрік, көңілге рахат гүл-бәйшешектерді, ағаш-жапырақтарды, қант қамыстарын өндіріп, неше түрлі набататтарды76 өстіріп, хайуандарды сақтатып, бұлақтар ағызып, өзен болып, өзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар балығын, балықтар икрасын, хатта77 ара балын, балауызын; құрт жібегін – һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі – адам баласының таусылмас азығы. Миллион хикметпен жасалған машина, фабрика адам баласының рахаты, пайдасы үшін жасалса, бұл – Жасаушы махаббатпен адам баласын сүйгендігі емес пе? Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз емес пе? Адам баласы қанағатсыз. дықпен бұл хайуандардың тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жәбір қылмасын деп, малды адам баласының өзінің қызғанышына қорғалатып, өзге хайуандарды бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып, һәм әрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып, жас күнінде, кішкене уақытында шапқат78 сиқырымен бастарын байлап, қамқор қылып қоймақтығы – адам баласына өсіп-өніп, теңдік алсын емес, бәлки79, адам баласының үзілмес нәсліне таусылмас азық болсын дегендік. Бұл хикметтерінен һәммасынан мәрхәмәт80, һәм әділет заһир81 тұр екен. Біз ортамызда бұл мәрхәмәт, әділетті иманның шартынан есеп қылмаймыз, оның үшін муслим82 болғанда, Алла тағалаға тәслим83 болып, оның жолында болмақ едік, болғанымыз қайсы? Бұл екі – ай менен күннен артық мәлім тұрған жоқ па? Фиғлі84 Құданың ешбірін де қарар қылмаймыз, өзгелерде болғанын жек көрмейміз, өзіміз тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе? Қиянатшылыққа бір қарар85 тұрған адам – я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла тәбәрәкә уә тағаланың86 пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. «Тәфәккәру фи иләллаһи»87 деген хадис шәрифтің88 «Инналлаһа йухиббул-муқситин»89 деген аяттарға ешкімнің ықыласы, көңілі менен ғылымы жетіп құптағанын көргенім жоқ. «Әтә`мурунән-нәсә бил-бирри уә әхсину инналлаһа йухиббул-мухсинин»90, «Уәлләзинә әмәну уә ‘әмилус-салихати уләйкә әсхәбул-жәннәти һум фиһа халидун»91 деген аяттар Құранның іші толған «амалус-салих»92 не екенін білмейміз. «Уә әммәлзинә әмәну уә ‘әмилус-салихати фәйуәффиһим ужурәһум уә Аллау лә йухиббуз-залимин»93 аятына қарасаң, амалус-салих94 залымдықтың зидды95 болар. Олай болғанда әділет, рәфғәт96 боларға кімде-кімнің әділеті жоқ болса, хаясы97 жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген, Пайғамбарымыз саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләмнің98 хадис шәрифі99 «Мән лә хайә`ән ләһу уә лә имәнә ләһу»100 деген дәлел-дүр. Енді белгілі, иман құры инанышпен болмайды, әділет уә101 рәфғәтпен болады. Амалус-салих102 әділетті уә мәрхәмәтті103 болмақ, күллі тәнмен қылған құлшылықтарының ешбірі әділетті, мәрхәмәтті бермейді. Көзің күнде көреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не халатта104 екендіктерін, оған да дәлел керек емес. Бәлки105 әділет барша ізгіліктің анасы-дүр. Ынсап, ұят – бұл әділеттен шығады. Оның үшін әділетті адамның көңіліне не келеді? Мен өз көңілімде халық меніменен, сондай-мұндай құлықтарменен муғамала106 қылса екен деп ойлап тұрып, өзім сол халықтарменен муғамала қылмағандығым жарамайды ғой деп, сол өзі әділет те һәм ынсап та емес пе? Һәмма жақсылықтың басы емес пе? Жә, олай қулықпенен сол ойды ойлаған кісі Халлақына107 шүкірді неге ойламасын? Шүкірліктен ғибадаттың бәрі туады. Енді зинһар108 әділет, шапқаттан109 босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та һәммасы босанады. Аллайар Суфидың «Бір фәрдәдән йүз фәрдә бижай»110 дегені басыңа келеді.
Дүниенің мағмұрлығы211 бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсе. Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетұғыны да болады. Бәл күллі дүниені уә ғылымын білмей қалмақтық – бір үлкен зарарлы212 надандық, ол Құранда сөгілген; дүниеде кімде-кім өзіне өзгешелік бермек қасдымен213 малға махаббатын аударғандар дүниеде болмаса, ихсанда214 қолым қысқа болмасын деп, һәм өзім біреуге тамағлы215 болмайын деп, малға махаббатын аудармай, ізгілікке бола адал кәсіппен тапқан дүние емес. Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Малмен ғылым кәсіп қылмақпыз. Өнер – өзі де мал, өнерді үйренбек – өзі де ихсан. Бірақ ол өнер әділеттен шықпасын, шарғиға216 муафық217 болсын. Адамға халінше ихсанды болмақ – парыз іс. Бірақ өзгелердің ихсанына сүйенбек дұрыс емес. Молдалар тұра тұрсын, хусусән218 бұл заманның ишандарына бек сақ болыңдар. Олар – фитнә219 ғалым, бұлардан зарардан220 басқа еш нәрсе шықпайды. Өздері үкім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін-өзі әһлі тариқат221 біліп және біреуді жеткізбек дағуасын222 қылады. Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі мұхал223, бұлар адам аздырушылар, хатта224 дінге де зарарлы-дүр225. Бұдардың сүйенгені – надандар, сөйлегені – жалған, дәлелдері – тәсбихі менен шалмалары, онан басқа еш нәрсе жоқ.
Енді біліңіздер, ей, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол – Алла тағаланың өзіндей ниһаятсыз226 болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса – өзің ниһаяттысың, ол жол – Құдайдың жолы емес. Әлемнен жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол – не деген ынсап? Сенен не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан әділет, шапқат227 секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол – Құдайдың жолы. Ол – ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз жолға аяғыңды берік бастың, ниһаятсыз Құдайға тақарруб228 хасыл229 болып, хас230 ізгі құлдарынан болмақ үміт бар, өзге жолда не үміт бар? Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түзетпек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзіне бар дәулет біледі. Бұл істерінің бәрі өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек. «Осындай болар ма едік» деп біреулер талаптанар, біреулер «осындай бола алмадық» деп күйінер, мұнан не пайда шықты? Мұнша әуреленіп сыртыңды бір сүйген қауымыңа ұқсатарсың, сыртқа қасиет бітпейді. Алла тағала қарайтұғын қалбыңа231, боямасыз ықыласыңа қасиет бітеді. Бұл айнаға табынғандардың ақылы қаншалық өсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылықты сүймектікпенен өсер. Құдай тағала дүниені кәмелетті232 шеберлікпенен жаратқан екен һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды – әуелі досын көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық – достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен өзін-өзі артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ. Бұл өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі! Әуелгісі – әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатұғын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады. Екіншісі – өзін-өзі өзгешелікпенен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады. Үшіншісі – қастық қылмақ, хор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады. Һәм өзі өзгеше боламын демектің түбі – мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күншілікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы адамның көңіліне тыныштық береді. Әрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады. Күллі адам баласын қор қылатұғын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық. Білесіз, надандық – ғылым-білімнің жоқтығы, дүниеден ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік – хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылды. Бұлардың емі – Халлақына233 махаббат, Халиқы234 ғаламға шапқат, қайратты, тұрлаулы, әділет ісінің алды-артын байқарлық білім-ғылымы болсын. Әуелі, білім-ғылымы Құдайға муқтади235 болсын. Яғни, Құдай Тағала бұл әлемді жаратты, ерінбеді. Құдай Тағала келісімменен, хикметпенен кәмелетті236 бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңіз де бір жақсылықты бина237 қылып, арқа сүйерлік шеберлікпенен болсын. Және Құдай Тағала әрне жаратты, бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің де ісіңнен бір зарарлар238 шығып кеткендей болмай, көп пайда боларлық бір үміті бар іс болсын. Бұларсыз іс – іс емес. Бәлки239, бұларсыз тағат240 – тағат та емес. Белгілі, Құдай Тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, уә241 ешбір нәрсеге хикметсіз тәклиф242 қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ауам243 былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ыждағат лазым, сіздер әрбір амал қылсаңыз ізгілік деп қыласыз, ізгілікке бола қасд244 етіп, ниет етесіз. Ниет оның парызынан есеп, пайғамбарымыз саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләмнің245 хадис шәрифі «Иннәмәл-ә`мәлу бин-нийәт»246 деген. Енді ниет еттіңіз дәрет алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл тағаттарда ниетіңіз заһирынан247 қалыпсыз ғибадатқа жетпегендігі кемшілік емес пе? Сіздің батиныңыз248 таза болмағы, әуелі иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат – батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырылған. Оның үшін ауамдар249 иман екеу емес, біреу, бірақ ізгі тағатпен нұрланады, тағат жоқ болса, күңгірттенеді, бәлки250, сөну қауіпі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қылса, соны қылып жүріп, иманы сөнер деген. Менің қауіпім бар, олар хас251 осы ғибадат екен, Құдайдың бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылмандық кәміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат күзетші еді. Жә, күзетші күзеткен нәрсенің амандығын ойламай, бір ғана ояу тұрмағын қасд252 қылса, ол не күзет? Күзеткен нәрсесі қайда кетеді? Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе?
Ей, ишараттан253 хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттың бір үлкені – намаз, ол намаздан әуелі дәрет алмақ, онан соң ғана намазға шуруғ254 қылмақ, ол дәреттің алды истинжа255 еді. Мұны бір берік ойлап тұр. Аяғы екі аяққа мәсімен бітуші еді, бұлар һәммасы болмаса көбі ишарат еді. Истинжада көтіңізді жуасыз, сіздің көтіңіздің ешкімге керегі жоқ еді. Оның менен сезімді тазалыққа кіргендігіңді кәміл ықыласыңды көрсетіп, ішімнің саптығының соңында халық көрер, сыртымды да пәк етемін һәм көзге көрінбейтұғын ағзаларымды да пәк етемін, бұл пәктігімнің үстінде Аллаға дұға айтамын деп әзірленесіз. Енді намаздың аты – салат256, салат – дұға мағынасында деген. Аяқта, мойында болған мәсілер – ол жумақ емес, өздері де жуулы деп көрсеткен ишарат. Намаздан әуелі құлақ қақтыңыз, гәрші257 Алла тағаланы жоғарыда деп, мекен ыспат258 етпесең де, бегірек созу әдепсіз болып,
күнә дариясына ғарқ259 болдым, яғни дүние әуесіне ғарқ қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық жәрдем берің ишараты. Онан соң қиямда260 тұрып қол байламақ – құл қожа алдында тұрмақ – бұқара патша алдында тұрғаннан артық. Алла тағаланың қадірлігіне өзінің ажыздығына261 ықрарының262 беріктігін көрсеткен ишараты. Қыблаға қарамақ, гәрші263 Құдай Тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да, зияратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты. Онан соң қырағат264, яғни «Сурәтун-фәтихә»265 оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол «Фатиха» сүресінің мағыналарында көп сыр бар. Рукуғ266 – бас ұрмақ алдында Құдай әзірге ұқсас, ол да ишарат. Сәжделер267 – әуелі жерден жаралғанына ықрары268, екіншісі – және жерге қайтпағына ықрары, бас көтермегі және тіріліп, сұрау бермегіне ықрарының ишараты. Қағдаул-ахир269 – дұғаның ахырында Аллаға тахият270, онан ташаһуд271, онан салауат272 пайғамбарымыз саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләмге273 айтпақ үшін ең ақыры сәләмменен тауысасыз, яғни Алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз. Ол дұға қазынасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да саламатшылық тілеп һәм рәхмәт274 тілеп бітіресіз. Жә, бұл сөзден не ғибраттандық?
(Мәтіннің транскрипциясы түсініктерде берілген).