🏛️ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының мәжіліс залында 2024 жылдың 26 қарашасында «АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ФОЛЬКЛОРТАНУ ҒЫЛЫМЫ» атты офлайн және онлайн форматта республикалық конференция өтті.
✅ Конференция барысында Алаш қайраткерлерінің фольклортану ғылымына қосқан үлесі айқындалып, жан-жақты талданды. Атап айтқанда:
«Халық шығармашылығының хас білгірі (Ахмет Байтұрсынұлының фольклортанушылық қызметі)» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов;
«Мұхтар Әуезов пен Халел Досмұхамедов зерттеулеріндегі фольклортанудың теориялық мәселелері» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Фольклортану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Уәлиқызы Әзібаева;
«ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-мәдени жағдай және Алаш идеясы» – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Светлана Одепқызы Смағұлова;
«Жүсіпбек Аймауытұлы мұрасының өзектілігі» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда;
«Алаш қаламгері Қошке Кемеңгерұлының «Әлқисса» ертегісі: жариялануы, социофольклортану аспектісі» – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер;
«Эстофольклортанудың ғылыми-теориялық негіздері» – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Гүлназ Сағынадинқызы Сағынадин;
«Алаш қайраткерлері және дәстүрлі музыкалық өнер» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Музыкатану бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Айнұр Жасағанбергенқызы Қазтуғанова;
«Сәкен Сейфуллин және фольклор» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Фольклортану бөлімінің аға ғылыми қызметкері Дүйсенгүл Советқызы Жақан;
«Ілияс Жансүгірұлы жинаған халық мұрасы (Орталық архив материалдары негізінде)» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері Насихат Набиолла қатысып, ғылыми баяндамалар жасады.
❇️ Шараға әдебиеттанушы, өнертанушы ғалымдар, магистранттар мен докторанттар қатысты.