📚 2024 жылдың қараша айының 21-і Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің, «KŐK TUĞ» қазақ мәдени қорының қолдауымен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әр жылдары жарық көрген 150-ден аса ғылыми еңбектерін Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Президенттік Ұлттық кітапхана қорына салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
🏛️ Шараға Президенттік Ұлттық кітапхананың директоры Айхан Туглу қатысып, бұл кітаптардың қазақ әдебиеттану, фольклортану, өнертану салаларын жан-жақты тануға көп мүмкіндік беретіндігіне назар аударды.
❇️ Институт басшысы Кенжехан Ісләмжанұлы кітапхана директоры Айхан Туглу мырзаға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланыстардың нығая беруіне тілектес екендігін жеткізді.
📜 Кітапхана қорына Институт тарапынан 100 томдық «Бабалар сөзі», 10 томдық «Дала фольклорының антологиясы», «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы», «Ұлы даланың көне сарындары», Ахмет Байтұрсынұлы және Мағжан Жұмабаев шығармаларының академиялық толық жинақтары және соңғы жылдарда жарыққа шыққан ұжымдық монографиялар табысталды.
✅ Алдағы уақытта да Президенттік Ұлттық кітапхана қорына Институт еңбектері жүйелі түрде табыстала бермек.