⚜️ «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ АЯСЫНДА: «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (І-бөлігі)
✅ 2024 жылдың 17-қазанында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, ҚР Бейзаттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласы «Достық үйінде» «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ АЯСЫНДА: «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
🖌️Шараның басты мақсаты – «Алпамыс батыр» жырын Түркі халықтарына ортақ мұра ретінде ЮНЕСКО көлемінде Материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу. Соның негізінде «Алпамыс батыр» жырының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымы таныстырылды.
❇️ Конференцияның модераторы – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, филол.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Кенжехан Ісләмжанұлы МАТЫЖАНОВ.
📑 Халықаралық конференцияда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның құттықтау хатын министр кеңесшісі Шариязданов Олжас Казбекұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің хатын Институттың жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мағазбек Нұр Жандосұлы, Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаевтың хатын академияның сарапшысы Айнұр Маемерова табыстады. Сондай-ақ ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Жанар Есентайқызы Шайменованың құттықтауын бас хатшының орынбасары Бақберген Қойшыбаев жеткізді. Сонымен қатар шараға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова қатысып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
🌏 Конференцияға ЮНЕСКО-ның Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия сияқты мемлекеттердегі Ұлттық комиссиялары бекіткен халықаралық сарапшылар конференцияға арнайы келіп, қатысты.
📈 Халықаралық сарапшылар:
Екижи Метин, Түркі әлемі зерттеулері институты Эге университеті, профессор, доктор, Түркия;
Рзаев Сәйфаддин Гюлверди оглу, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы, Фольклор институты, ф.ғ.д., профессор, Әзірбайжан;
Турдимов Шомирза Ганиевич, Өзбекстан Ғылым Академиясы Тіл, әдебиет және өнер институтының Қолжазба және фольклор бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор, Өзбекстан;
Абдуллаев Шухратулла Хайруллаевич, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігіне қарасты Мәдени зерттеулер мен материалдық емес мұра жөніндегі ғылыми-зерттеу институты ЮНЕСКО бөлімінің меңгерушісі, Өзбекстан;
Орозобекова Жылдыз Калмашевна, Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік тіл мен тіл саясаты ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары, ф.ғ.д., профессор, Қырғыз Республикасы;
Исаева Асель Кенешбековна, Ш. Айтматов ат. Тіл және әдебиет институты Қолжазба қорының меңгерушісі, Қырғыз Республикасы Ғылым академиясы, ф.ғ.к., Қырғыз Республикасы;
Цолмон Цэрэндорж, Моңғолияның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы Материалдық емес мәдени мұра саясатын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіруші маман, Моңғолия.
📖 Сонымен қатар шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінің және Ресей Федерациясының (Уфа, Қазан, Новосибирск) танымал эпостанушы ғалымдары қатысып, төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасады.
(жалғасы келесі ақпаратта)