🏛️ 2024 жылдың 27 қырқүйегінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «ХХ Әуезов оқулары» аясында көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы Ләйлә Мұхтарқызы Әуезованың 95 жылдығына арналған «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы және музейді қалыптастырудағы Ләйлә Әуезованың тарихи рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға өтті.

📋 Шараны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Диар Асқарұлы ҚОНАЕВ және әдебиеттанушы-ғалым, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мамай Қаниұлы Ахетов жүргізді.

📰 Халықаралық конференцияда М.О. Әуезов және халық мұрасын жинау, жариялау, зерттеу мәселелері, Л.М. Әуезованың және отандық әдебиеттану, тарих саласындағы зерттеулері және «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы және музейлендірудің өзекті мәселелері тақырыптары төңірегінде баяндамалар жасалды. Атап айтатын болсақ:

«Бегім. Л.М. Әуезова туралы естелік» – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰРТБАЙ;

«Актуализация исторического контекста казахской литературы в академических трудах Л.М. Ауэзовой» – шығыстанушы, Лейден университеті «Еуразия» зерттеу орталығының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зифа-Алуа Мұратқызы ӘУЕЗОВА (Нидерланды, Амстердам);

«Мұрағаттану, тұлғатану және нарратология мәселелері (Ләйлә Мұхтарқызының еңбектері негізінде)» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Жайлауқызы ПІРӘЛІ;

«Мұхтар Әуезов және әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Нұрдаулет Бабиханұлы АҚЫШ;

«Интермедиальный дискурс научных исследований Л.М. Ауэзовой» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Халықаралық байланыс және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Викторовна АНАНЬЕВА;

«Мұхтар Әуезовтің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» мақаласы: драматургия жанрына көзқарасы» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театртану және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандиаты, доцент Аманкелді Оразбайұлы МҰҚАН;

«Әуезовтің үйі: құнды жәдігерлер» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы директорының орынбасары Салтанат Амантайқызы МҰҚАТАЕВА жоғарыда аталған тақырыптар бойынша жан-жақты талдаулар жасады.

✅ Сонымен қатар Халықаралық «Қонаев қоры» президенті Елдар Асқарұлы Қонаев, филология ғылымдарының кандидаттары, Ләйлә Мұхтарқызымен бірге істеген мұражайдың ардагер қызметкерлері Ерлан Сәдуақасұлы Тәжібаев, Санагүл Көлбайқызы Майлыбаева, Марат Хасенұлы Әдібаев қатысып, Л.М. Әуезова жайындағы естеліктерімен бөлісті.

❇️ Конференцияға Қазақстанның және шет мемлекеттердің ғалымдары мен зерттеушілері, БАҚ өкілдері, музейтанушылар, оқытушылар мен жас ғалымдар қатысты. Халықаралық конференция жұмысына келіп түскен мақалалар алдағы уақытта жинақ болып жарыққа шығады.