23 қыркүйекте М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен офлайн және онлайн форматта «Орталық Азия әдебиеті: постотаршылдық эстетика және әдеби байланыстар» атты ғылыми-зерттеу жобасының аясында «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУ ҮДЕРІСІ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Аталған шарада Орталық Азия елдерінің әдебиеттанушы, өнертанушы ғалымдары мен жазушылары қатысып, аймақ әдебиетін постотаршылдық қырынан зерттеу мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Атап айтатын болсақ:
Курманбек Абакиров, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры, филол.ғ.д., Қырғыз әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (Қырғыз Республикасы):
«Қазіргі қырғыз прозасындағы Шыңғыс хан образы: авторлық концепциялар»;
Баходир Карим, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік Өзбек тілі мен әдебиеті университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Әдебиет теориясы және қазіргі әдеби үдеріс кафедрасының меңгерушісі (Өзбекстан Республикасы):
«Тәуелсіздік кезеңдегі өзбек романдары туралы кейбір пікірлер»;
Амангелді Мұқан, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театртану және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент (Қазақстан):
«Орталық Азия посттоталитарлық кезеңінің драматургиясы: Қазақстан мысалында»;
Садыров Муратбек Тентиевич, Қырғыз Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғ.к.:
«Посткеңестік кезеңдегі халықаралық әдеби байланыстар тенденциясы»;
Али Турдугулов, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры, филол.ғ.д. (Қырғыз Республикасы):
«Қырғыз тарихи романдарының тәуелсіздік жылдарындағы даму тенденциялары»;
Сайрабүбү Исаева, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің кандидаты, филол.ғ.к. (Қырғыз Республикасы):
«Қазіргі заманғы қырғыз поэзиясындағы постмодернизм»;
Азам Обидов, Өзбек ақыны және аудармашы:
«Өзбекстан және әдеби әлем»;
Темирова Бактыгүл Тажибаевна, К. Карасаев атындағы БМУ, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қырғыз Республикасы):
«Тәуелсіздік жылдарындағы қырғыз прозасындағы «Манас» эпосының көркемдік интерпретациялануы»;
Гүлнар Ахметова, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, PhD докторант (Қазақстан):
«Орталық Азия әңгімелеріндегі постотарлық сананы көрсетудегі түркілік фольклорлық мотивтер қызметі»;
Айнұр Ахметова, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, PhD (Қазақстан):
«Түркіменстан прозасы: қазіргі түркімен қаламгерлері не туралы жазады?» және т.б. тақырыптар туралы кеңінен пікірлер айтылды.
Шаранының модераторы – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Айнұр Ахметова.