Қаныш Сәтбаев мәдени мұрасының цифрлық қоры

1941-1944 жылдары жарық көрген еңбектері

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Қымбатты бөбектер! Сіздер бүгін қуанышты көңілмен бірінші рет мектеп ашып, шәкірттер партасына отырасыздар. Кешегі күні асыр салып, тек ойынның ғана соңында жүрсеңдер, бүгін Кеңестер Одағының барлық азаматтарының қатарында Отанымыздың еңбекші халқының санына кірдіңіздер. Ата-аналарыңыз бен апа-ағаларыңыз сияқты сіздер де бұдан былай уақыттарыңызды тәртіпке салып, келешекте оқымысты маман болу үшін қажет білім алуға жұмыласыздар.
Ұлы Отанымыздың толық бағалы азаматы болу үшін, сіздер бүгіннен бастап білім мен еңбекті толық сүйіп, мүғалімдеріңіздің тілін алып, елгезек болып, үлкендерді сыйлап, мектеп тәртібін бұлжытпай орындап, қашанда, қайда болсын әдепті, таза жүруге үйренулеріңіз керек. Бар жүрекпен сіздерге саулық, шаттық, оқуда зеректілік тілеймін.

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Бұл Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың «Жаңа оқу жылымен құттықтауы» 1944 жылдың 1 қыркүйегінде радиодан сөйлеген сөзі. Бұл мәтін Қ. И. Сәтбаевтың 8 томдығының 8-ші томында «Школа. Молодежь» деген 4-ші бөлімінің 181-ші бетінде жарық көрген (Сатпаев К. И. Собрание трудов. В 8-ми томах. Том 8. Публицистика. Материалы к биобиблиографии. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2001. – 440 с.). Мәтін осы 8-ші томнан алынды. Мәтінде «зеректілік» сөзі «зиректілік» деп берілген.

 © Әуезов институты, 2023-2026

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық басылымдарының онлайн нұсқасы