«Абыралыға» (Мен жасымнан көп көрдім) 6
«Адам – бір боқ көтерген боқтың қабы» 196
«Адамның кейбір кездері» 144
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» 21
«Алла деген сөз жеңіл» 157
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» 214
Ала қойлар (Бір таудағы хайуанды бір арыстан) (И. А. Крыловтан) 188
«Ал, сенейін, сенейін» (М. Ю. Лермонтовтан) 103
«Альбомға» (Сал демеймін сөзіме ықыласыңды) (М. Ю. Лермонтовтан) 154
«Антпенен тарқайды» 108
«Асау той, тентек жиын, опыр-топыр» (М. Ю. Лермонтовтан) 216
«Асқа, тойға баратұғын» (М. Ю. Лермонтовтан) 79
«Ата-анаға көз қуаныш» 80
«Ауру жүрек ақырын соғады жай» 175
«Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?» 122
«Әбдірахман науқастанып жатқанда» (Я, құдай, бере көр) 114
«Әбдірахманға» (Алланың рахматын) 115
«Әбдірахманға Кәкітай атынан хат» (Тілім, саған айтайын) 116
«Әбдiрахманға Кәкітай атынан хат» (Көзімнің нұрысыз) 117
«Әбдірахман өлгенде» (Арғы атасы қажы еді) 126
«Әбдірахман өлгенде» (Тұла бойың ұят, ар едің) 129
«Әбдірахман өліміне» (Жиырма жеті жасында) 130
«Әбдірахман өліміне» (Талаптың мініп тұлпарын) 131
«Әбдірахманға» (Орынсызды айтпаған) 132
«Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы» (Бермеген құлға, қайтесің) 133
«Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы» (Жылағанды тоқтатып) 134
«Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау» (Айналайын,
құдай-ау) 135
«Әйелің – Медет қызы, аты Ырым» 223
«Әлифбә» (Әлиф-дек ай йүзіңе ғибрәт еттім) 4
«Әм жабықтым, әм жалықтым» (М. Ю. Лермонтовтан) 14
«Әншілер» (Көршіні көрші шақырды) (И. А. Крыловтан) 187
«Әсемпаз болма әрнеге» 112
«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» 53
«Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» 25
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» 19
«Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған» (Әжінің жақсы-ақ қызы едім) 102
«Бай сейілді» 73
«Балалық өлді, білдің бе?» 123
«Бақа мен өгіз» (Қарасаң, тым-ақ көп) (И. А. Крыловтан) 191
«Бойы бұлғаң» 100
«Болды да партия» 168
«Болыс болдым, мінеки» 46
«Бородино» (М. Ю. Лермонтовтан) (Айтшы, аға, не ғып жеңілдік?) 10
«Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?» (М. Ю. Лермонтовтан) 164
«Бөстегім, құтылдың ба Көтібақтан?» 224
«Бөтен елде бар болса» 35
«Буынсыз тілің» 212
«Білектей арқасында өрген бұрым» 59
«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» 141
«Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық» 22
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол» 38
«Біреуден біреу артылса» 47
«Білімдіден шыққан сөз» 49
«Ғабидоллаға» (Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын) 161
«Ғалымнан надан артпас ұққанменен» 221
«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» 54
«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» 111
«Ғашықтық іздеп тантыма» (М. Ю. Лермонтов) 151
«Ғылым таппай мақтанба» 27
«Домбыраға қол соқпа» 218
«Дұға» (Өмірде ойға түсіп кем-кетігің) 166
«Дүйсенқұлға» (Саудайы-ай, сауды алмадың-ау, сырқауды алып) 149
«Дүтбайға» (Жылуы жоқ бойының) 199
«Ем таба алмай» 74
«Емен мен шілік» (Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті) (И. А. Крыловтан) 181
«Ерекше естен кетпес қызық қайда?» 163
«Есек пен бұлбұл» (Тойған есек шөпті оттап маңайдағы) (И. А. Крыловтан) 184
«Есек» (Қырық-елу қос бір жерден) 193
«Ескілік киімі» (Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен) 113
«Есіңде бар ма жас күнің» 194
«Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда) 30
«Жазғытұры» (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) 78
«Жақсылыққа» (Аяғыңды аңдап бас, ей, Жақсылық!) 7
«Жақсылық ұзақ тұрмайды» 101
«Жалау» (Жалғыз жалау жалтылдап) (М. Ю. Лермонтовтан) 201
«Жалын мен оттан жаралып» 217
«Жаманбаланың баласы өлгенде» (Белгілі сөз: «өлді, өлді») 173
«Жапырағы қуарған ескі үмітпен» 210
«Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» 62
Жарлы бай (Жаман үйде жалғыз шал) (И. А. Крыловтан) 183
Жартас (Қонады бір күн жас бұлт) (М. Ю. Лермонтовтан) 202
«Жастықтың оты, қайдасың» 61
«Жастықтың оты жалындап» 84
«Жас өспірім замандас қапа қылды» 110
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 13
«Желсіз түнде жарық ай» 44
«Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз» (М. Ю. Лермонтовтан) 178
«Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек» 225
«Жұмбақ» (Алла мықты жаратқан сегіз батыр) 88
«Жұмбақ» (Қара жер адамзатқа болған мекен) 89
«Жұмбақ» (Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің) 90
«Жүрегім, ойбай, соқпа енді!» 92
«Жүрегім менің қырық жамау» 195
«Жүрегім, нені сезесің» 204
«Жүректе қайрат болмаса» 172
«Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы» (Я. Полонскийден) 203
«Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас» 215
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» 23
«Жігіт сөзі» (Айттым сәлем, қалам қас) 57
«Заманақыр жастары» 82
«Интернатта оқып жүр» 26
«Кейде есер көңіл құрғырың» 77
«Келдік талай жерге енді» 75
«Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға» (Шиллер – Лермонтовтан) 8
«Кешегі Оспан» 95
«Кешегі Оспан ағасы» 127
«Кешегі өткен ер Әбіш» 128
«Көжекбайға» (Жамантайдың баласы Көжек деген) 32
«Көзімнің қарасы» 86
«Көз жұмғанша дүниеден» 136
«Көзінен басқа ойы жоқ» 83
«Көкбайға» (Сорлы Көкбай жылайды) 31
«Көкбайға» (Бұралып тұрып) (43)
«Көк ала бұлт сөгіліп» 145
«Көк тұман – алдыңдағы келер заман» 155
«Көлеңке басын ұзартып» 205
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» 20
«Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!» (Дж. Байрон – М. Ю. Лермонтовтан) 104
«Көңілдің күйі тағы да» (М. Ю. Лермонтовтан) 206
«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» 143
«Күз» (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан) 39
«Күйісбайға» (Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға) 148
«Күлембайға» (Уағалайкүмүссәләм) 42
«Күлімсіреп аспан тұр» 96
«Күн артынан күн туар» 174
«Күнді уақыт итеріп» (М. Ю. Лермонтовтан) 207
«Күшік асырап, ит еттім» 197
«Кім екен деп келіп ем түйе қуған» 1
«Қажымас дос халықта жоқ» 60
«Қазаға ұрынған қара шекпен» (Қорасына бір байдың) (И. А. Крыловтан) 182
«Қайғы шығар ілімнен» 93
«Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?» (М. Ю. Лермонтов үлгісімен) 119
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» 11
«Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп» 176
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» 18
«Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?» 12
«Қанжар» (Сүйкімді болат қанжар тұрсын жайнап) (М. Ю. Лермонтовтан) 153
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» 29
«Қараңғы түнде тау қалғып» (И. В. Гете – М. Ю. Лермонтовтан) 105
«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» 40
«Қарашада өмір тұр» 109
«Қара қатынға» (Қара қатын дегенге, қара қатын) 64
«Қарға мен бүркіт» (Қой жайылып жаздыгүн) (И. А. Крыловтан) 185
«Қарға мен түлкі» (Жұрт біледі, күледі) (И. А. Крыловтан) 189
«Қарға мен түлкі» (Боқтықта талтаңдап) (И. А. Крыловтан) 190
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» 15
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» 16
«Қасиетті дұға» (Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ) (М. Ю. Лермонтовтан) 167
«Қатыны мен Масақбай» (Сырмақ қып астына) 147
«Қор болды жаным» 55
«Қорқытпа мені дауылдан» (И. А. Буниннен) 107
«Құр айғай бақырған» 158
«Құлақтан кіріп, бойды алар» 162
«Қуанбаңдар жастыққа» 208
«Қуаты оттай бұрқырап» 169
«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» 17
«Қыз сөзі» (Қиыстырып мақтайсыз) 58
«Қызарып, сұрланып» 85
«Қыздарға» (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең) 118
«Қыс» (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды) 41
«Лай суға май бітпес қой өткенге» 124
«Ленский сөзінен» (Барасың қайда, қайда болмай маған) 71
«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» 139
«Махаббат, достық қылуға» 137
«Мәз болады болысың» 48
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» 52
«Мен сәлем жазамын» 159
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (В. А. Крыловтан) 180
«Мен боламын демеңдер» 220
«Менсінбеуші ем наданды» 87
«Менің сырым, жігіттер, емес оңай» (М. Ю. Лермонтовтан) 165
«Назарға» (Мынау келген Назар ма?) 37
«Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?» 91
«Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» 200
«Ой» (Қарасам, қайғыртар жұрт бұл заманғы) (М. Ю. Лермонтовтан) 152
«Ойға түстім, толғандым» 219
«Онегиннің сипаты» (Жасынан түсін билеп, сыр бермеген) 65
«Онегиннің жауабы» (Таңғажайып бұл қалай хат) 67
«Онегин сөзі» (Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін) 68
«Онегиннің хаты» (Құп білемін, сізге жақпас) 69
«Онегиннің өлердегі сөзі» (Жарым жақсы киім киіп) 72
«Оспанға» (Жайнаған туың жығылмай) 94
«Осы қымыз қазаққа» 211
«Өзгеге, көңілім, тоярсың» 76
«Өзіңе сенбе, жас ойшыл» (М. Ю. Лермонтовтан) 106
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» 36
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» 125
«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» 171
«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» 33
«Патша құдай, сыйындым» 24
«Піл мен қанден» (Көшеде піл жетелеп біреу жүрді) (И. А. Крыловтан) 192
«Разаққа» (Мына үйде отыр Разақ) 150
«Рахат, мені тастап қоймадың тыныш» (М. Ю. Лермонтовтан) 139
«Рахымшалға» (Сұлу аттың көркі – жал) 146
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» 34
«Сағаттың шықылдағы емес ермек» 142
«Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!» 9
«Сәулең болса кеудеңде» 51
«Сегіз аяқ» («Алыстан сермеп») 50
«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» 156
«Сен мені не етесің?» 56
«Соры қалың соққы жеген пышанамыз» 160
«Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?» 170
«Сұрғылт тұман дым бүркіп» 97
«Сүйсіне алмадым, сүймедім» 198
«Тайға міндік» 81
«Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» 121
«Татьянаның Онегинге жазған хаты» (Амал жоқ – қайттім білдірмей) 66
«Татьянаның жауабы» (Тәңірі қосқан жар едің сен) 70
«Теректің сыйы» (Асау Терек долданып, буырқанып) (М. Ю. Лермонтовтан) 177
«Тоты құс түсті көбелек» 213
«Туғызған ата-ана жоқ» 140
«Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да» 63
«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» (Дүрілдеген нажағай) (А. Мицкевичтен) 98
«Тұтқындағы батыр» (Қараңғы үй терезесі – тұтқын орны) (М. Ю. Лермонтовтан) 120
«Түбінде баянды еңбек егін салған» 222
«Ұяламын дегені көңіл үшін» 209
«Шайтан» (Мұңлы шайтан – Құдайдың қуған жаны) (М. Ю. Лермонтовтан) 179
«Шәріпке» (Түңлікбайдың қатыны, атың Шәріп) 5
«Шегіртке мен құмырсқа» (Шырылдауық шегіртке) (И. А. Крыловтан) 186
«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» 28
«Шығыс ақындарынша» (Йүзі – раушан, көзі – гәуһар) 2
«Физули, Шәмси, Сәйхали» 3
«Ысытқан, суытқан» 99
«Ішім өлген, сыртым сау» 45
«1000 ән» – «Қазақ халқының 1000 әні». А.В.Затаевич. Толықтырылған жаңа басылым, 2004.
«500 ән» – «Қазақтың 500 ән-күйі». А.В.Затаевич. Толықтырылған жаңа басылым, 2007.
АМТ – «Абайдың музыкалық творчествосы». Муз. редактор: Б.Ерзакович, 1954.
АСҚ – «Айттым сәлем, қалам қас». Құрастырған: Б.Ерзакович, 1986.
ПРН – «Песни разных народов». Составитель: В.Дернова, 1971.
ҚХӘ – «Қазақстанның халық әндері». Құрастырған: Б.Ерзакович, 1955.
СӘ – «Сарыарқа әндері». Құрастырған: М.Әбуғазы, 2009.
СЖСА – «Сұраған жанға сәлем айт». Құрастырғандар: Т.Ибрагимов,
Е.Шүкіман, 2018.
ҒЗФЗ – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасы.
ПККН – Б.Ерзакович. Песенная культура казахского народа. Музыкально-историческое исследование. 1966.
НПиК – А.В.Затаевич. Народные песни и кюи (из архива исследователя) / Ред.-сост: С.Елеманова, В.Недлина. – Алматы: Казахская Национальная консерватория, – 2019.
1. Абай туралы естеліктер. / – Алматы: «Қаламгер» баспасы, 2018. – 504 б. Құрастырушылар: Б. Жүнісбеков, М. Қайрамбаева, Ш. Садықова, Н. Өмірбекова, М. Кенемолдин.
2. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, Т.15. Мақалалар мен зерттеулер. – 1984. – 328 б. (Қазақ ССР Ғылым академиясы. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты).
3. Омаров А. Біржан мен Абайдың кездесуі. «Ертіс өңірі» газеті. 29 маусым, 2022 жыл. №26 (1075).
4. Аравин П. В, Ерзакович Б. Г. Қазақстанның музыка мәдениеті. Мақалалар мен материалдардың жинағы. – Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1957.
5. Абайдың музыкалық творчествосы. Этнографиялық жинақ. – Алматы: Қазақ ССР ғылым Академиясының баспасы, 1954. – 60 б.
6. Айттым сәлем, қалам қас. Әндер мен күйлер. Құрастырған Б. Г. Ерзакович. – Алматы, 1986. – 91 б.
7. Бисенова Г. Н. Песенное творчество Абая. – Алматы: ТОО «Дайк-Пресс», 1995. – 168 с.
8. Жеке қор. Аудио-бейне жазбалар.
9. Народная музыка в Казахстане. Составитель В. И. Дернова / – Алматы: Издательство «Казахстан», 1967. – 269 с.
10. Abai (Ibrahim) Qunanbai ulь. Cьgarmalarь. II tom. Audarmalar men qara
sөzderj. – ALMA-ATA: QAZAQЬSTAN KӨRKEM ӘDEBIET BASPASЬ. – 1940.
11. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 1995. – 720 б.
12. Мұқамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. IX том. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2011. Т9. – 384 б.
13. Ерзакович Б. Мұхтардың Абай әндерін нотаға түсіртуі, Мақала. Аударған Ақтаев С. – Ақиқат. 1996, №11.
14. «Құлақтан кіріп, бойды алар…» хабары, 1995 жыл. https://www.youtube.com/watch?v=RXg3MCEJZe0&t=1380s
15. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасы. №1 журнал. П/N 1-2989. П/N кассет 1-85. 1-138 (старые №) 1958-1968 жж. Р/С 932.
16. «Фольклорлық ғылыми зертханасы қорындағы Абайдың музыкалық мұрасы», СD жинақ. 2020 жыл.
17. Қазақ телевизиясының «Алтын қоры». «Абайдың музыкалық мұрасы» хабары. https://altynqor.com/video/2442
18. Ахметова М. М. Песня и современность. Институт литературы и искусства им. М. О. Ауэзова. – Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР. 1968. – 196 с.
19. Ерзакович Б. «Қазақ және орыс музыкасының творчестволық байланысы». – Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы. 1963. – 60 б.
20. Затаевич А. Песни разных народов. – Алматы. Издательство «Жазушы»
1971. – 310 с.
21. Ерзакович Б. Қазақстанның халық әндері. – Алма-Ата, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1955. – 386 б.
22. Шәкәрім. Энциклопедия. / Бас редактор Е. Б. Сыдықов. – Семей, 2008. – 864 бет.
23. Шәкәрім. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». К. Өлмесековтің орындауындағы лекция-концерт. CD. 2007.
24. Сұраған жанға сәлем айт… Әнші, Шәкәрімнің музыкалық мұраларын зерттеуші Келденбай Өлмесековтің өмірі, шығармашылығы, орындаған әндері / (Т. Ибрагимов, Е. Шүкіман). – Алматы, 2018. – 396 б.
25. Рухани жол. Шәкәрім: Ән: Дастан: Мұра; Құраст. А. Ахметжанов. Рекламный Дайджест. – Өскемен, 2008. – 292 б.
26. Омаров А. «Сегіз аяқ па», жоқ әлде «Жастық» пен «Кәрілік» пе? Мақала. http://www.elarna.net/kitap_kk.php?id=4870&oku=32499
27. Омаров А. Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге… https://abai.kz/post/104590
28. Шәкәрімнің С. Мұқановқа жазған хаты. Түпнұсқа көшірмесі. С. Мұқанов музейінен алынған.
29. Мұқановтың хатханасы – Письмотека Муканова. Құраст/Сост: Ә. Қайырбеков. – Алматы: «Полиграфкомбинат», 2018. – 392 бет/стр. – Қазақша, орысша.
30. ОҒК және Ұлттық кітапхана қорындағы қолжазбалар (1588-б, 16-д., 1620 б, 16-д., 1623-б, 2-д., 188-б, 1-д.)
31. Шәкәрім. Аманат: Әндер/ Құраст. Т. Бекхожина. – Алматы: Өнер, 1989. – 128 б. – (Замана бұлбұлдары).
32. Базарбаев Т. Абайдың музыка мәдениетіндегі жаңалығы. «Абай» журналы. №1-2, 1995 жыл.
33. Әбуғазы М. «Сарыарқа әндері» антологиясы. / – 2009. 332 б.
34. Бүркітбаева А. «Сегіз аяқты» неге сергелдеңге саламыз?». «Ертіс өңірі» газеті, 2012 жыл, 18 шілде.
35. Затаевич А. В. 1000 песен и кюев казахского народа. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 496 с.
36. Әбілғазин С. Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен. – Қостанай, «Қостанай баспа үйі» АҚ. 1998. – 558 б.
37. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, Т.20. Монография мен мақалалар. / Жауапты шығарушылар: Л. Әуезова, З. Серікқалиев. – 1985. – 496 б., – (Қазақ ССР Ғылым академиясы. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты).
38. Орыстың халық әні «Возле речки, возле мосту». https://www.youtube.com/watch?v=3MhLKt263kE
39. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. Зерттеулер мен мақалалар. Қайта басылымы. – Алматы: «Жазушы», 1978. – 368 бет.
40. Бердибай А. Песенное творчество Жаяу Мусы и Абая как новый этап развития казахской музыкально-поэтической формы. Традиционная культура народов Поволжья: Материалы V Всероссийской научно-практической конференции с международным участием, посвященной 95-летию со дня рождения известного этнографа Р. Г. Мухамедовой. 12-14 февраля, 2019. Республиканский центр развития традиционной культуры, Казань.
41. Хамиди Л. (Құрастырған А. Қ. Омарова). – Алматы: «Өнер» баспасы, 2006. – 200 б. + 16 б. жапсырма.
42. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Көптомдық шығармалар жинағы / Алматы: «Ел-шежіре», 2014. Т.2 – 580 б.
43. Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. Ш. Уәлиханов пен А. Құнанбаевтың өмірі мен творчествосы туралы. «Мектеп» баспасы, 1964. – 352 б.
44. Әсемқұлов Т. Шығармалары. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Т.4: Музыка, әдебиет, 2016. – 412 б.
45. Абай әндері. (Песни Абая). – Алматы: Өнер, 1994, 80., каз. яз. Құрастырушы: Б. Ғизатов.
46. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары: Өңд. толық. 2-бас. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 440 б.
47. Кузембаева С. Музыкальное наследие Абая. (Абайдың музыкалық шығармашылығы). М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының хабаршысы. КЕРУЕН. Ғылыми журнал. №2, 65 том, 2019.
48. Жүзбасов Қ. «Айттым сәлем, қалам қас» пен «Сегіз аяқ». «Абай» журналы. 1995, №4.
49. Қалихан Алтынбаев. «Қалбатау».
50. Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғлының өлеңдері. Санкт-Петербург. «Восточная» Электро-печатня И. Бораганского. В.О. сред. пр. 1909 ж.
51. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. Қазақ ССР Ғылым академиясы. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Т.18. Қазақ балаларына арналған оқулық. – 448 б.
52. Седельников А. П. «Казахский край». Составители: А. П. Седельников,
Л. П. Осипова, А. Н. Букейханов, С. Д. Чадов, Н. А. Бородин, Т. П. Благоногов,
В. И. Семенов, П. Н. Столпянский. – «Россия», Санкт-Петербург. Издание
А. Ф. Девриена. – 1903. XVIII том, 506 с.
53. Классикалық зерттеулер: Көптомдық. – Алматы: «Әдебиет әлемі», 2013. Т.14: Ранние предпосылки казахского музыкознания. – 488 с.
54. Дернова В. «Письмо Татьяны» Абая Кунанбаева. Советская музыка, 1960, №1.
55. Ерзакович Б. Песенная культура казахского народа. Музыкально-историческое исследование. Академия наук Казахской ССР. Институт литературы и искусства им. М. О. Ауэзова. Алма-Ата: – Издательство «Наука» КазССР, 1966. – 400 с.
56. «Абай әндері» фильмі. https://www.youtube.com/watch?v=8JGRFKqP6Bg
57. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жина-
ғы. – Алматы: Жазушы. – Т.1: Өлеңдер мен аудармалар, 2013. – 296 б.
58. Абай. Өлеңдер жинағы (жаңа үлгідегі басылым). – Шығармаларының екі
томдық толық жинағы. Бірінші том. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған, «Түсініктер» бөлімін дайындаған: Омаров Асан.
59. Дернова В. Песни Абая. Советская музыка. 1954, №7.
60. Дернова В. Великий поэт-просветитель. Журнал «Музыкальная жизнь», №19. 1970 г.
61. «Айқап» журналы, 1915 жыл 15 март, №5.
62. Абай сөзіне жазылған әндер. Редакторы Б. Ерзакович. 1954 ж.
63. Ахметжанов А. Рухани жол (Духовный путь): Абай. Ән. Мұра. (Абай. Песни. Наследие) – 1 кітап. – Семей, 2015. – 244 б.
64. Абай. Шығармаларының академиялық толық жинағы. Үш томдық. 2-том / Томды құрастырып баспаға дайындағандар: Матыжанов К. І., Қорабай С. С., Қыдыр Т. Е., Шүкіман Е. Т., Жұматаева А. Н. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 2020. – 528 б.
65. Шүкіман Е. Көзімнің қарасы. Абайдың музыкалық мұрасы: Оқу құралы. – Толықтырылған басылым. – Алматы: «Abai baspasy» ЖШС, 2022. – 248 б.
66. Қазақбаев Ә. Абайдың жаңа әні табылды. «Qazaqstan dauiri» газеті, №31 (1507). 8 тамыз 2024 жыл.
67. Қазақбаев Ә. Д. Абайдың әні. – Астана: «ALI PRESS» баспасы. – 45 б.
68. «Абайдың өлеңі» Әлқуат Қазақбаевтан алынған қолжазбасы.
69. https://www.leninmemorial.ru/events/kolokolchiki-bubenchiki-zvenyat-.html
70. Сивопляс И. Кто написал «Из-за острова на стрежень»?
Кто написал «Из-за острова на стрежень»? / Новостной портал Ульяновска / 73online.ru
71. Затаевич В. 500 песен и кюев казахского народа. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 378 с.
72. Затаевич А. В. «Қазақтың 500 ән-күйі». – Алматы: М. О. Әуезов атындағы ӘӨИ, 2007. – 1136 б.
73. «Қазақтың 1000 әні» аудио антологиясы. 22 CD, 7 трек.
74. Еспаев А. Әндер: Фортепианоға қосылып айту үшін / – Алматы: Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1963.
75. Еспаев А. Аққуым, Әндер. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1975.
76. Жұртбай Т. «Күйесің, жүрек… сүйесің…»: (Абай: «Жан бостандығы» немесе рухани тәуелсіздік). – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2009. 4-т. – 464 б.
77. Затаевич А. В. Народные песни и кюи. (из архива исследователя) / ред.-сост. С. Елеманова, А. Недлина. – Алматы: Казахская национальная консерватория,
2019. – 160 с.
78. Сыр сандық. Қазақ халық әндерінің антологиясы / (Құраст.: Қ. Ә. Байбосынов, А. Ж. Нығызбаев, Қ. Х. Айтбаев.). – Астана, 2016. – 616 б.
79. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 310 б. (қайта басылым, 2008).
80. Ожай Ы. Көзімнің қарасы. Герменевтикалық талдау. https://abaialemi.kz/post/view?id=907
81. Abaj Qunanbaj ulь. Tolьq çьjnaq. Çьjnavcь: Әvez ulь Muqtar. Qarap cьƣьp cөz basьn çazƣan: Çansygir ulь Ilijas. QAZAƢЬSTAN BASPASЬ, 1933. – 402 b.
82. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. Редакциясын қарағандар: ф.ғ.д. Н. Т. Сауранбаев, проф. М. О. Әуезов, ф.ғ.к.: М. С. Сильченко,
Е. С. Смаилов, жазушылар: С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин. Жауапты ред.: Н. Т. Сауранбаев. – Алматы: Қазақтың біріккен мемлекет баспасы. 1945. – 503 б.
83. Ибрагимов Т. Жер әңгімеші. (Дерек сарынды эсселі новеллалар). – Семей. 2009.
84. Жұртбаев Т. «Бесігіңді түзе!..», толғау-эссе. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1997. – 554 б.
85. Мұхаметқалиева А. Сұрғылт тұман дым бүркіп. Мақала. «Білім айнасы» сайты. 31.01.2013. http://www.astana-akshamy.kz/surghylt-tuman-dym-burkip/
86. Мұқамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында. 2-ші басылым. – Алматы, 2010. – 164 б.
87. Семейдегі Абай мемлекеттік қорық мұражайының негізгі қорындағы Ахат Құдайбердиевтің қолжазба жиынтығы (КП-4484.161-162-163 бб.)
88. Әлиакпаров М. Т. Ақын аманаты. – Қарағанды: Қазақстан, 2000. – 286 б.
89. Жағыпарқызы И. «Санамда жаңғырады бейнелерің» (Естелік). «Жұлдыз» журналы, 1999 жыл, №7.
90. Әуезов М. Шығармаларының 50 томдық жинағы. – Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 15-том. Мақалалар, зерттеулер, пьесалар. 1937-1940. – 392 б.
91. Әуезов М. Шығармаларының 50 томдық жинағы. – Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 27-том. Мақалалар, зерттеулер, пьеса. 1943-1946. – 448 б.
92. Әуезов М. Шығармаларының 50 томдық жинағы. – Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 35-том. Мақалалар, зерттеулер. 1956-1957. – 416 б.
93. Әуезов М. Шығармаларының 50 томдық жинағы. – Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 42-том: Мақалалар, зерттеулер, лекциялар, пьеса. 1935-1961. – 296 б.
94. Әуезов М. Шығармаларының 50 томдық жинағы. – Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 43-том: Мақалалар, зерттеулер. 1923-1955. – 328 б.
95. Сабирова А. С. Абай и Шакарим: философия музыки и песенный стиль. Вопросы изучения казахской традиционной песни: Монография. – Алматы, 2014. – 456 с.
96. Сұраған жанға сәлем айт. Н. Алдажаровтың орындауындағы әндер. Диск. 2008.
97. Қожакеев Т. Шығармалары. – Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2014. – 286 б.
98. Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу / Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
99. Қоңыратбай Т. Әлемдік музыка тарихы. – Алматы: Өлке, 2010. – 480 б.
100. Бердібай А. Абай әндерінің музыкалық-поэзиялық құрылымы. «ХХІ ғасырдағы дәстүрлі музыка» Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. / Ред. Р. К. Жуманиязова, В. Е. Недлина. – Алматы: Құрманғазы атында-
ғы Қазақ ұлттық консерваториясы, 2017. – с., нот., ил. 298 б.
101. Шаһкәрім. Шығармаларының бір томдық жинағы. Халықаралық Абай клубы. Жидебай. – 2006. – 724 б.
102. М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. Қазақ ССР Ғылым академиясы. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Т.16. Қазақ балаларына арналған оқулық. – 400 б.
103. Байшығанұлы К. Қайтейін, жалған дүние…: Өлеңдер, толғау, дастандар, жоқтау-дауыстар. – Алматы: «Толғанай Т» баспасы, 2008. – 336 б.
104. Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. «Ер Сайын», «23 жоқтау» ауыз әдеби мұрасы, көсемсөздері, табылған туындылары. – Алматы: «Ел-шежіре», 2013. T.V: – 384 б.
105. Қасым Аманжолов туралы естеліктер. / Құрастырған Д. Қ. Аманжолова / – Астана: Елорда, 2001. – 298 б. + 0,5 б.т суреттер.
106. Смирнова Н. С. «Песни Абая». Известия, Казахского филиала Академии наук СССР. 1945, Вып, ІІ.
107. Алтын қор. «Абайдың музыкалық мұрасы» хабары. https://altynqor.com/video/2442
108. Біржан сал. Ал, дүние… Ән-өлеңдер Құраст: Б. Әлімжанов. – Астана: Фолиант, 2013. – 160 б.
109. Исабаев Б. Ұлылар мекені. 2001. – 623 б.
110. Омаров А. Біржан мен Абайдың кездесуі. «Ертіс өңірі» газеті. 29 маусым, 2022 жыл. №26 (1075).
111. Абай. Өлеңдер жинағы (жаңа үлгідегі басылым). – Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Екінші том. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған, «Түсініктер» бөлімін дайындаған: Омаров Асан.
112. Ибрагимов Т., Малаев С. Шыңғыстау өңірінің шертпелері: күйлер /– Алматы: «Айғаным» баспа үйі. 2016. – 96 б.
113. Абайдың рухани мұрасы және қазіргі заманғы өнертанудың өзекті мәселелері. Кәсіби музыкалық білім: тарихы, теориясы мен практикасы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. / Ред.: В. Е. Недлина, А. Р. Бердібай, М. Т. Кокишева, А. С. Сабырова, Ғ. Д. Калымова. – Алматы: Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, 2020. – 404 с. нот., ил.
114. Бекенов У. «Май түні» мен «Торы жорға». «Абай» журналы. 1995, №1-2 / 25-26.
115. Қазтуғанова А. Абайдың күйлері қалай жиналды? Түркістан. №39 (1001). 03.10.2013. – 11 б.
116. Бекенов У. Күй керуені. Ғылыми-көпшілік кітап. – Алматы: «Өнер»,
2002. – 144 б.
117. Әбуғазы М. «Шығыстың шыңырау күйлері» / – Өскемен қаласы, 2009. – 303 б.
118. Күйші У. Бекеновтің 60 жылдығына арналған концерт. Алтын қор. https://altynqor.com/video/3527
119. Ардаби Мәулетұлы. Абайдың «Ақтолқын» күйі. Egemen Qazaqstan. 21 мамыр, 2020 жыл.
120. https://youtu.be/XoSZDoGDB78 «Ardabi Күй Құдірет Kazakh musik» парақшасы.
121. Әбуғазы М., Мәулетұлы А. «Әшім және Іле аймағының күйлері»/ – Алматы, 2008.
122. https://www.youtube.com/watch?v=VjhpTvYszSc
123. Омарақын А. Қызайдан шыққан бітімгерлер. https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/11674
124. Мақай К. Абайдың күйі «Ақтолқын». «Шыңжаң қоғамдық ғылымы» журналы. 1995 жыл, №3.
125. Әбуғазы М. Қоңқайдың қоңыр күйінің құдіреті. Көне күйлерді жүйелеу және іріктеу жұмыстарының өзекті мәселелері: ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел материалдары. – Алматы: Brand Book, 2020. – 168 б.
126. Нүсіпбеков Е. Жақсының жүрген жері – жәрмеңке. «Шалқар» газеті, 1999 жыл 26 наурыз, №6.
127. Жұмаділов Қ. Күреспен өткен ғұмыр. http://zhumadilov.kz/ru/ma-alalar/k-respen-tken-myr
128. Алпартегі Ж. Шығыс Түркістан әдебиетін тұңғыш зерттеуші. https://zhasalash.kz/ruhaniyat/shygys-turkistan-adebietin-tungysh-zertteushi-14675.html
129. Сейітов С. Тағдырын туған елге табыстаған. Жұлдыз. №11, ноябрь. 1981.
130. Жұртбай Т. Қ. Білмей мұны жазған жоқ…: мәтінтанулық зерттеу. 1-кітап. – Нұр-Сұлтан: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ типографиясы, 2020. – 448 б.
131. Кино, фотоқұжаттар және дыбысжазбалардың орталық мемлекеттік архиві. kfdz.kz/Kart_Fono.php?id=53
132. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
133. Мақпал. Жүз ән. – Жинап, нотаға түсірген Мұқан Төлебаев. Құрастырып, алғы сөзін жазған Н. С. Кетегенова. – Алматы: «Жалын» баспасы, 1979. – 150 б.
134. Ерзакович Б. Қазақ халқының ғашықтық әндері антологиясы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 280 б.
135. Темирбекова А. Казахские народные песни (в музыкально-теоретическом основе). – Алматы: Издательство «Жазушы», 1975. – 135 с.
136. Төлеутай Е. Баянауылдың дәстүрлі ән өнері. «Қазақпарат», Алматы:
2006. – 122 б.
137. Балабеков Б. Ән сапары. – Алматы: «Жазушы», 1975. – 112 б.
138. Құныпия Алпысбаев. «Ән әуені, әнші әлемі», Мақала. М. Әуезов тағлымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. / Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 432 б.
139. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2013. Т. 99: Ән-өлеңдер. – 440 б.
140. Классикалық зерттеулер: Көптомдық. – Алматы: «Әдебиет әлемі», 2013. Т.14: Ранние предпосылки казахского музыкознания. – 488 с.
141. Ерзакович Б. Г. У истоков казахского музыкознания (по материалам
русских ученых ХІХ в.). – Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР, 1987.
142. Жаяу Мұса. (Әндер мен күйлер) өңделіп, толықтырылған 2-басылым. Құраст.: З. Қоспақов. – Алматы: «Өнер» баспасы. – 1985.
143. Ә. Қазақбаевтың жеке қоры.
АБЫРАЛЫ (1839–1920) – Құнанбай ауылымен көп араласқан, Абайлармен бірқатар жыл сыйлас болған адам. Тілі орамды, сөзшең кісі болыпты. Сонысы үшін «Сары жорға» деп атанған. Құнанбайдың Ысқағы болыс болғанда, алты жыл бойы болыстың кандидаты сайланған.
Намаз оқығанда құрандағы аяттың мағынасын ұқпай, бүлдіріп, бұзып оқитын адамдардағы әдет сол кездерде көп болған ғой. Осындай теріс әдетті Абай Абыралыдан байқаған. Осы өлеңін сонан жазған. Өлең бұдан ұзағырақ болса керек. Бірақ аяғы ешкімнің есінде қалмаған.
АЙТҚОЖА – Тобықтының Бәкең дейтін табынан шыққан. Арғы аталары момын, инабатты адамдар болғанына қарамастан, Шотқара дегені парақор болып, Қыздар, Байұзақ, Дауылбай дейтін ұрпақтары ұрлыққа үйір жүріпті. Әрі оларға Айтқожа қосылыпты. Бәрі бірімен-бірі ымы-жымы бір адамдар болған. Олар Абайдың сыртынан Оспанның өлімінен соң ел ішінде түрлі өсек, қаңқу сөздер таратса керек.
«Айтқожаның қулығы сені елірткен» деп, Абайдың Қыздарға арнай сөз шығаратыны сонан. Тұрағұлдың әкесі туралы естелігінде осылай айтылады.
АҚСАҚ ТЕМІР – Орта Азияда болған ірі қолбасшы, мемлекет қайраткері. 1336–1405 жылдарда өмір сүрген ол Қашқа-Дария алабын мекен еткен Барлас деген рудан шыққан. Самарқанд ханы Хусейінді 1370 жылы жаулап алып, оның орнына Ақсақ Темір хан боп отырады. Осыдан кейін 1398–1403 жылдардың аралығында Үндістанды, Сирияны, Түрік сұлтаны Баязитті, т.б. көп жерлерді жаулап алған. Кезінде осы соғыспен, жорықты ұрыспен болып жүрген жерлерінде, Орта Азияның көп қалаларында тоқтап, онда көпшілікке арналған түрлі сарайлар, мешіттер салдырып отырған.
Ақсақ Темірге 1388 жылы Алтын Орда ханы Тоқтамыс қарсы шығып, әуелі соғыс ашады. Осыдан соң 1395 жылы Темір Алтын Орданы шабады. Оның астанасы Сарай-Беркені өртетіп жібереді. 1405 жылы Қытайды жаулап алмақ болып, жорыққа әзірленеді. Бірақ сол жолда Түркістанға жақын жердегі Отырар қаласында Ақсақ Темір қайтыс болады. Қазақтар Ақсақ Темірді «Әмір Темір» деп атайды.
АТАЛЬІҚ – ақын «Қыздарға» деген өлеңінде бұл адамның атын атап өтеді. Аталық Абайлардан бұрын өмір сүрген, әкелері тұстас кісі болса керек. Заманында ел іші қатты құрметтейтін, сыйлы адам болыпты. Ол да Тобықтының Бәкең дейтін табынан.
АҚЫЛБАЙ (1863–1904) – Абайдың Ділдәдан туған үлкен баласы. Шағын жеке өлеңдерінен басқа «Хисса Жүсіп», «Зұлыс» (соңғысы түгел емес, аяғы жоғалып, табылмай кеткен) атты жазған көлемді дастандары бар.
1904 жылы 41 жасында қайтыс болады. Мағауия мен Абайдың және Ақылбайдың өлімі сол кезде ел ішінде айта қалғандай аяныш туғызған. Баласы Мағауия қайтыс боп, оның қырқы өткен соң Абай дүние салады. Осыдан кейін Ақылбай мен Тұрағұл екеуі 40 бие сойып, 40 саба қымыз жеткізіп, Семей қаласында әкелерінің қырқын өткізеді. Соның артынан іле төсек тартып ауырған Ақылбай Семейдегі Бекбай деген досының үйінде қайтыс болады. Араларына ылғи қырық күннен салып, бірінен соң бірі кеткен Мағауия, Абай, Ақылбай өлімінің төтеншелігіне жұрт қатты қайғырып, күйзелген.
Ақылбай да бойына әртүрлі өнер дарыған домбырашы-күйші, сазгер болған. Оның «Ақылбай әні» атты әсем музыкалық шығармасы осы күнге дейін айтылып жүр.
АРИСТОТЕЛЬ – есімі мен еңбегі дүние жүзіне әйгілі болған ғалым, философ. Біздің заманымыздан бұрын 384–322 жылдардың шамасында өмір сүрген, ол көне грек елінен шыққан. «Метафизика», «Физика», «Этика», «Поэтика» деген шығармалар жазған. Логика ғылымының да тұңғыш негізін салған сол адам.
Аристотель есімі қазақтар арасында да ертеден аңыз боп тараған. Сол аңыз-ертегілерде есімі Ескендір Зұлхарнайын деп аталатын ел жаулағыш қолбасшының (Тарихтағы Александр Македонскийдің) тәрбиеші ұстазы болған адам. Абай өзінің «Ескендір» атты дастанын осы қызба, өркөкірек қолбасшының мінезі мен әрекетін арнайы мысал етіп жазған. Сонда Ескендірге тоқтау айтып, ой салып отыратын ақылшы, ұстазы осы данышпан Аристотель еді.
АХМЕТ ХАН – Моңғолстан ханы болған Юнус ханның баласы, ол атақты Бабыр сұлтанның нағашы ағасы болып келеді. Ахмет хан қалмақтармен соғысып жүрген кезінде, жауын шыдатпай жеңе берген екен. Сонан қалмақтар оны: «Мынау бір алаша болды ғой!» – десіпті («Жан алғыш» деген мағынада). Осыдан барып Ахмет хан «Алаша хан» атанған дейді. Ал қазақ аңыздарында айтылатын Алаша хан бұдан басқа.
ӘБДІРАХМАН (Әбіш) (1868–1895) – ақынның Ділдәдан туған екінші баласы. Абай әуелден үміттеніп, оны ерекше жақсы көрген. Жасында Әбдірахман Семей қаласындағы орыс мектебінде оқиды. Түмендегі реальное училищені бітіреді де, Петербургтағы технология институтына түспек болып жүреді. Бірақ оқудың басталар уақытынан кешігіп қалғандықтан, түсе алмайды да, сондағы Михайлов артиллерия училищесінде оқып, бітіріп шығады. Осыдан кейін Әскери артиллерия академиясына түсуге бекініп жүргенде, сырқатқа шалдығады. Сол аурудан ақыры 1895 жылы 1 қаңтар күні Алматы қаласында қайтыс болады. Абай Әбдірахманға арнап бірнеше өлең жазған.
ӘЗІРЕТ ӘЛІ (ҒАЛИ) – VII ғасырдағы араб жұртының қолбасшысы. Мұхаммедтен (с.ғ.с) кейінгі алғашқы төрт халифтің бірі. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) қызын алған күйеу баласы әрі досы. «Зархұм», «Сал-сал», «Хасан-Шам» сияқты аңыздар мен хиссалар Ғалиды дін жолындағы күрескер, ғажайып күшті батыр ретінде бейнелейді.
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ (1867–1923) – белгілі ақын, әнші. Абай төңірегінде болған талантты әнші, сазгер, ақындардың бірі. Турашыл Абай оның кейбір кінәмшіл, теріс мінездерін ұнатпай, Көкпайды сынағаны секілді, оған да өлең шығарған деген сөз бар. Атап айтқанда, кейбір зерттеушілер «Біреуден біреу артылса» деп басталатын өлеңді Әсет атымен байланыстырады. Баспасөзде оны теріске шығаратын да пікірлер айтылған. Әзірге бұл жайында қалыптасқан белгілі ұйғарым жоқ.
ӘБІЛҒАЗЫ БАҺАДУР (1613–1663) – Хиуада 1642 жылдан бастап 20 жыл бойы хандық еткен. Ол «Шежіре и түрік» деген кітаптың авторы. 1646 жылы Жаңа Үргеніш қаласын салдырған да сол кісі.
ӘБУ АЛИ ИБН СИНА (980–1037) – Еуропада Авиценна деген атпен белгілі. Есімі мен еңбегі Орта Азияда ерте күннен әйгілі болған кісі. Бұхара қаласының төңірегіндегі Афшана деген жерде туған. Дәрігерлік қызметті бірден жетік меңгеріп, замандастарының зор құрметіне ие болған. Адамдардың денсаулығына, дәрігерлік қызметке қатысты «Медицина канондары» атты атақты кітабын жазып қалдырған. Ондағы ғұламаның ойлары мен тәжірибелік тұжырымдары әлі күнге өзінің құндылығын жойған жоқ.
Сондай-ақ философия ғылымын да терең зерттеп, ілгері дамыта меңгерген.
БАБЫР ЗАХИРЕДДИН МҰХАММЕД (1483–1530) – үнді елінде патшалық құрған. Жауынгер қолбасшы болған. Ақындық, жазушылық өнерімен де шұғылданған. Темір әулетінен шыққан ол – Омар Шейхтың баласы. Бабыр Мұхаммедтің түркі тілінде жазылған «Бабыр-наме» атты басты еңбегі бар. Ол 1493–1529 жылдардың аралығындағы тарихи оқиғаларды баяндауға арналған. Жәнібек, Қасым, Арыслан секілді қазақ хандары туралы, сонымен бірге ғалым әрі ақын, қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулати туралы тоқтала айтады. Олардың атқарған іс-әрекеттері туралы бағалы пікірлер қалдырған. Абай оның еңбектерімен танысып, «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген еңбегінде онан кейбір деректерді пайдаланған.
БАЙМАҒАМБЕТ МЫРЗАХАНҰЛЫ – ел аузында айтылып жүргенінен алынған бұл өлеңді Абай Баймағамбет деген көршісіне әзілдеп айтқан. Ол ақынның досы, әрі шәкірті ретінде саналады. Абаймен бірге кеп жүрген. Абай да қалаға барғанда оны қасынан тастамаған. Ол қазақ ертегілерін көп білген және жақсылап айта білген. Абай өзі оқыған Батыс, Шығыс әдебиетіндегі талай хикаялы роман, әңгімелердің сюжетін әңгімелеп беретін болған. Баймағамбет те оны ұғып, ел арасында ертегідей етіп айтып жүрген. Ел іші оны ертегіші Баймағамбет атаған. Өз үйінде аз болатынын желеу етіп әзілдеп, Абай осы өлеңді Баймағамбеттің әйелінің атынан шығарған.
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ (1873–1938) – аса көрнекті ғалым, ақын, публицист, аудармашы, мемлекет және қоғам қайраткері. 1895–1909 жж. Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездерінде орыс-қазақ мектептерінде бала оқытады. 1913–1917 жж.
Орынборда шығатын «Қазақ» газетінің редакторы болған. Сол жылдары Алаш партиясын құруға атсалысады. Бүкілодақтық Орталық атқару Комитетінің және Қазақ Орталық атқару комитетінің мүшесі болған.
Жиырмасыншы жылдардың аяғында саяси қуғынға ұшырап, ақыры сталиндік репрессия тұсында жазықсыз ату жазасына бұйырылған.
1914 ж. «Қазақ» газетінде Абайға арнап «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақала жазған.
БАЙҰЗАҚ – Тобықты ішіндегі Бәкең дейтін таптан шыққан, Қыздардың ағасы. «Қыздарға» деген өлеңінде оны айтып өтеді. Осы өлең шыққан кезде Байұзақ жасы жеткен адам екен.
БАЙРОН ДЖОРЖ ГОРДОН (1788–1824) – ағылшын халқының ұлы ақыны. Оның шығармалары көп тілдерге аударылып, XIX ғасырда атақ-даңқы бүкіл Еуропаға жайылған. Бірқатар лирикалық өлеңдерімен қатар, оның «Чайльд Гарольд», «Дон Жуан», «Корсар», т.б. көптеген кесек шығармалары бар.
Лермонтов аудармасы арқылы Абай Байронның «Еврей сазы» атты шығармасын қазақ тіліне аударған.
БЕЛИНСКИЙ В. Г. (1811–1848) – орыстың демократ ойшылы, әйгілі әдебиет сыншысы. XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің реалистік бағытта дамуына зор еңбек сіңірген адам. Абайдың эстетикалық көзқарастарының қалыптасуында оның еңбектерінің елеулі әсері болған.
БУНИН И. А. (1870–1953) – орыстың белгілі ақыны. Нобель сыйлығының лауреаты. Лирикалық өлеңдерінен басқа көптеген прозалық шығармалар жазған. Батыс әдебиетінің бірсыпыра үздік шығармаларын орыс тіліне аударған.
Абай оның «Не пугай меня грозою» деп басталатын өлеңін жалпы мағынасын сақтап аударған.
БОРАГАНСКИЙ ІЛИЯС – бірінші мұсылман баспаханасын ұйымдастырушы. 1852 жылы Қырымда туған, қай жылы өлгені белгісіз. Жасында Түркияда болып, Стамбулда баспа, хат өнерімен шұғылданады. 1882 жылы Петербургте мұсылман баспаханасын ашып, онда орыс, араб, парсы, түрік тілдерінде кітап басуға кіріседі. Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы осы Бораганский баспасы арқылы жарыққа шыққан болатын.
БӨКЕЙХАНОВ ӘЛИХАН – XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басшысы. «Алаш» партиясының негізін қалаушы, Алашорда үкіметінің төрағасы болған. Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының жетінші ауылында дүниеге келген. Қазір әкімшілік аймақтық бөлініс бойынша Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданының Қаратал ауылына қарасты жер.
Сталиндік репрессияға ұшырап, 1937 жылы атылған. Әлихан Бөкейханов ақынның баласы Тұрағұл Құнанбаев бастаған оның туыстарымен жақсы қарым-қатынаста, сырлас, дос болған. 1922 жылы Семей түрмесінде Міржақып Дулатовпен, Тұрағұлмен бірге қамауда жатады.
1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде және 1907 жылы орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібірге қарасты «Семей бөлімшесінің жазбаларында» Абай туралы орыс тілінде некролог жазып, жария еткен. Әлихан Бөкейханов алғашқылардың бірі болып Абайдың ақындық талантын ерекше құрметтеп, оған қатты ден қойып өткен.
БҰХАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1693–1787) – Ұлы хан Абылайдың заманында өмір сүрген, халыққа әйгілі болған қазақ ақыны. Ұзақ өмір сүрген, көпті көріп, «Көмекей жырау» атанған ол хан сарайындағы басты ақылгөй, кеңесші болған. Жыраудың кезінде елге көп тарап, бізге жеткен мұралары әдебиетіміздің тарихында көрнекті орын алады. Бұхар жырау – қазақ поэзиясының дамуына елеулі үлес қосқан адам.
БІТІМБАЙ – Тобықтының Бәкең табынан шыққан. Абайдың «Қыздарға» деген өлеңінде аты аталады. Онда ақын бұл кісіні елінің беделді, басты адамы ретінде атап өтеді.
ГЕТЕ И. В. (1749–1832) – немістің ұлы ақыны. Ол көптеген лирикалық өлеңдер, сонымен бірге «Фауст», «Жас Вертердің азаптары», «Прометей» сияқты ірі шығармалар жазған. Заманының өте білімдар адамы.
Абай оның орысшаға М. Ю. Лермонтов тәржімалаған нұсқасынан қазақ тіліне «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңін аударған. Абай шығарған әні және бар.
ГОМЕР – көне грек елінің ұлы ақыны, «Илиада», «Одиссея» атты мәңгі өлмейтін шығармалары біздің заманымыздан бұрынғы VIII–VII ғасырлардан бастап дүние жүзіне мәлім болған.
Абай өзінің жиырма жетінші сөзінде Гомердің ақындық талантына зор құрмет білдіре айтады.
ГРОСС С. (1858–1893) – поляк халқының ағартушы қайраткері, Петербург университетін бітірген, право ғылымының кандидаты. Кезінде поляк жастарының астыртын революциялық жұмысына атсалысқан. Сол үшін 1882 жылы түрмеге жабылып, Сібірге жер аударылған. Осыдан соң Семейге жіберілген. Ол мұнда қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрпына қатысты мұралар жинау, зерттеу жұмыстарымен шұғылданды, Абаймен танысты.
Ұлы ақынның дүниеге көзқарасының, дүниетанымының қалыптасуына Гросс игі әсерін тигізген.
ҒАБИДОЛЛА (1867–1932) – ерте кезде Ырғызбай ауылына сіңген Ғабитхан дейтін ноғайдың баласы. Кейіндері Ғабидолла өз тіршілігін жасап, біраз жыл сауда істеп малданады. Шаруасын жөндеп әлденіп алған соң, әркіммен сөз таластырып, кісілік көрсете бастаған. Сол мінездерін көргенде, Абай оған «Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын» деп басталатын өлеңін шығарған.
ҒҰЛАМАИ ДАУАНИ (1472–1501) – XV ғасырда жасаған парсы-тәжік халқының атақты ғалымы, философы. Оның ресми аты Джалал-ад-дин Мұхаммад ибн Асхад-ад-Дауани. Атақты оқымыстыны жұрт Ғұламаи Дауани атап кеткен. Ол көптеген еңбектерге түсініктеме жазумен бірге философия, этика, логика, астрономия, алгебра т.б. ғылым салаларында жүзден астам еңбек қалдырған. Дауанидан Орта Азия, Әзербайжан, Рум, Хорасан ғалымдары дәріс тыңдаған. Кейін Дауанидың идеяларын таратушылар да осы шәкірттері болады. Оның атын шығарған еңбектерінің бірі «Ахлоқ-и-Жалоли» («Жалоли этикасы»). Оның еңбектері XIX ғасырда Калькутта, Мадрас, Лондон қалаларында жарияланған. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңіндегі:
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаи Дауани
Солай депті ол шыншыл, –
деуіне қарағанда, ол Дауани еңбектерімен жақсы таныс болған.
ДАУЫЛБАЙ – Тобықтының Бәкең дейтін табынан шыққан, атышулы ұры, әрі ол өзі сол таптың белді адамы. Қыздармен араз, өшпенді болған.
Дауылбай Қыздар менен айпар-жайпар,
Екеуі бітім десе, басын шайқар, –
деп Абай екі туысқанның өзара келісімге келе алмағанын кекесінмен сөз етеді.
ДОСАҚ – бұл да сол атадан (Бәкең). Қыздарға жақын адам болған. Мұның атын Абай «Қыздарға» деген өлеңінде атайды.
ДУЛАТ ЖЫРАУ БАБАТАЙҰЛЫ (1802–1874) – XIX ғасырдағы қазақтың көрнекті ақындарының бірі. Оның «Ата қоныс Арқадан», «Ақ жайлау мен Сандықтас», «Замана», «Ей, айтайын арнап ишанға», «Барақ төреге», «Кеңесбайға», «Сүлейменге» деген толғаулары бар.
ДҮЙСЕНҚҰЛ – Абайдың ауылындағы жігіт. Қай жылы жазылғаны мәлімсіз бұл өлеңнің шығуына мынадай себеп болған: Абайдың Жақып деген туысқанының бір қызы күйеуден шығып келіп, үйінде отырады. Әйелі өлген Дүйсенқұл енді соған үйленеді. Бірақ ол әйел ауру екен. Өзі де бұрын әйел тастағыш жігіт, күйеуден шыққан әйелдерге үйлене беретін болуы керек. «Саудайы-ай, сауды алмадың-ау, сырқауды алып» деуі сол әдетін келекелеп айтқаны екен.
ДҮТБАЙ УАНДЫҚҰЛЫ – Тобықтының Көкше тобынан шыққан, Абаймен туыстас, жақын да адам болған. Ысқаяқ, тұрақсыз мінездерін көргеннен соң, Абай сонысын ұнатпай өлең шығарған.
ЕСКЕНДІР ЗҰЛХАРНАЙЫН (біздің заманымыздан бұрынғы 356–326 жылдар) – көне юнан жұртының (Македонияның) патшасы, ұлы қолбасшы болған. Оны Еуропа жұрты Александр Македонский деп атайды. Кезінде көп елдерді жаулап алған адам.
ЕСІМ ХАН (1598–1628). Тәуекел ханның інісі. Екеуі Сығай ханнан туған. 1560–1580 жылдарғы Хақназар ханның билігінен кейін Сығай ханның тұсында қазақ хандығын осы Есім хан күшейтеді. Үш жүздің басын біріктіріп, ел қылу үшін заң шығарып, тәртіпті күшейткен. Сырттан келген жаулаушылармен, әсіресе Жоңғар басқыншыларымен жиі соғысып, олардың бетін қайтарған. «Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол!» деген ел арасында айтылатын сөз осыдан қалған.
ЖАҚСЫЛЫҚ – Тобықты елінен шыққан Қоңыр Көкше болысының ел билеген адамы. 1880 жылы Абай Қоңыр Көкшеге болыс болып барғанда, Жақсылық оған: «Мен борышты болып қалдым. Шығынымды жұртқа бөліп, салық етіп сал», – деп қолқа айтады. Сонда Абай ұнатпай, оған өлең шығарған.
ЖАНҚОЖА – Тобықтының Бәкең дейтін табынан шыққан, ертерек өмір сүрген адам. Абай оның атын «Қыздар» деген өлеңінде қолданады. «Алдарында өткен Жанқожа жақсы кісі еді, сендер оған жете алмадыңдар» – деп, Қыздар мен Дауылбайды сынайды.
ЖАМАНБАЛА – Абайдың інісі Оспанның ауылындағы адам. Жазда Оспанның биесін сауып, қыста малын жайғасқан. Руы Тобықты, оның ішінде Әнет деген топтан. 1893 жылдың шамасы болуы керек, Жаманбаланың үш жасқа толған баласы өлген екен, соны естіп, Абай не бір ой үстінде отырып; «Белгілі сөз – өлді, өлді» деген өлеңін жазған.
ЖАННА Д’АРК (1412–1431) – француз халқының батыр қызы. Жүз жылдық соғыс (1337–1453) кезінде француздардың ағылшындарға қарсы азаттық күресінде ол ерекше ерлік көрсеткен. Жанна д’Арк 1430 жылы тұтқынға алынып, Руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген сиқыршы деп айыптаған. 1431 жылы отқа өртеп өлтірілді. Француз халқы Жанна д’Аркты әулие санап, құрмет етеді.
«Иоанна Арк» деп атын келтіретін Абай ол жайлы өзінің отыз жетінші сөзінде әңгімелеген.
ЖӘМШИД (ЯМШИД) – парсы жұртының ертегісінде айтылатын патша. «Шаһнамадағы» қаһармандардың бірі Рүстем батырдың бабасы. Ертеде қазақтар арасында «Жәмшид патша» жайлы айтылатын хисса көп тараған.
ЖӘНКЕ ХАН – Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген еңбегінде Жәнке хан мен інісі Алаша хан екеуін Шайбақтың Оратөбе деген жерде жеңіп, өлтіргенін айтады. Бұған дейін ол Ташкентте хан болған.
ЖӘНІБЕК ХАН – 1446 жылы Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығып, Шу, Сарысу бойында қазақ хандығын орнатқан. Халық арасында оны кедей Жәнібек деп те атайды. Ол ертеректе өмір сүрген Алтын Орда ханы Жәнібектен басқа Жошының үлкен ұлы Орда ханның тұқымынан шыққан. Ол 1480 жыл шамасында өлген.
«Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген еңбегінде Абай Жәнібек ханға қатысты дерекке тоқталып өтеді.
ЖОШЫ ХАН (1187–1227) – Шыңғысханның үлкен ұлы. Балаларына ұлыс бөлгенде, Шыңғыс хан Дешті Қыпшақ даласын және батыс беттегі «болашақта жауланып алуға тиісті» барлық жерлерді өзіңе қаратасың деп, Жошыға берген. Жошының баласы Бату хан Еуропаны жаулап, сонан Алтын Орда хандығын құрған.
ЖҮНІС ХАН – Шағатай ханның тұқымы. XV ғасырдың аяғында Самарқанд, Ташкент өңірін билеген.
ЗЕВКСИС (біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдың аяғы) – ескі юнан жұртынан шыққан сурет өнерінің шебері. Абай «Сократ хәкімнің сөзі» деп жазған жиырма жетінші сөзінде «Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын…» дегенді айтқызады.
КӘКІТАЙ – Абайдың інісі Ысқақтың баласы. Мағауиямен құрдас болған, әрі ұзақ жыл Абайдан тәрбие алған. Ол Абай қайтыс болғаннан кейін Тұрағұл екеуі 1909 жылы Абай өлеңдерінің жинағын Петербургтегі Бораганский баспаханасында бастырып шығарады.
КӨЖЕКБАЙ ЖАМАНТАЙҰЛЫ (1847–1916) – Абаймен бір кезде араласқан адам. Ол Тобықтының Мамай деген табынан. Көжекбайдың тұрақсыз, берекесіз мінездерін көріп, Абай соған өлең шығарған.
КӨКБАЙ ЖАНАТАЙҰЛЫ (1863–1927) – бұрынғы Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданының жерінде туған, Тобықты руының Көкше табынан шыққан ақын. Жасында Семей қаласындағы медреседе оқып, ескіше білім алады. Кейін өз қар-
жысымен мектеп ашып, бала оқытумен айналысқан. Көкбайдың жазғандарынан «Абылай» («Сабалақ»), «Құлынды» атты дастандары мен бірнеше ұсақ өлеңдері бізге жеткен. «Абылай» дастанында қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қар-
сы күресі суреттеледі. Көкбай – Абайдың досы әрі шәкірті. 1880 жылдан бастап ғұмырының ширек ғасырын ақынмен бірге өткізген. Абай өлеңдерін әуелі Көкбай-
дың атынан шығарып келген. Кейін, 1886 жылдан ғана Абай өлеңін өз атынан жариялай бастаған. Абайдың Көкбайға арнап жазған бірнеше өлеңдері бар. («Сорлы Көкбай жылайды», «Бұралып тұрып…», т.б.). Бұлар – екі ақынның арасындағы әдеби-шығармашылық байланыстың айғағы.
КӨР ХАН – XII ғасырдың бас кезінде Жетісу өңірінде болған қара қытай ханын «Көр хан» деп атаған. Көр ханның орталық қаласы кезінде Іле бойындағы Баласағұнда болған. 1212 жылы Көр ханды Шыңғыс ханның әскері жеңіп, жаулап алды.
КРЫЛОВ ВИКТОР АЛЕКСАНДРОВИЧ (1838–1906) – орыстың ақын драматургы.
Абай «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деген өлеңді орыс романсының сөзінен аударған. Сол романстың сөзін В. А. Крылов жазған (Музыкасы Рубинштейндікі).
КРЫЛОВ И. А. (1768–1844) – орыстың мысалшыл ақыны. Абай оның көптеген шығармаларын қазақшаға аударған.
КУДАШЕВ В. А. (туған, өлген жылы белгісіз). Абайдың шын мәніндегі аудармасын жасауға орыс интеллигенттері ерте әрекеттенгенін айтқанда, В. А. Кудашевтің есімін атауға болады (академик Ә. Марғұланның айтуы бойынша). Ақын шығармаларын орыс тіліне аударып, оны жарыққа шығаруға Кудашевтың ерекше еңбек жасағаны жөнінде деректер табылған. В. А. Кудашев 1898–1899 жылдары Абай өлеңдерін орыс тіліне аударып, баспаға даярлаған. Белгісіз себептермен басылмай қалған бұл аударма Абай шығармаларын орыс тілінде тұңғыш бастыру әрекеті еді.
КҮЙІСБАЙ ӘБЕНҰЛЫ (1842–1910) – Тобықтының Мамай дейтін табынан шыққан адам. Әкесі баукеспе ұры болыпты. Жасында өзі де ұрлықпен кәсіп еткен. Абай ұрлығын қойдырған. Кейін ол ел қатарлы, беделді адамдардың бірі болады.
КҮЛЕМБАЙ БОЗАМБАЙҰЛЫ – Абаймен замандас болған адам. 1883 жылы ояз келіп, Бақанас өзені бойында «Шербешнай» съезд өткізіледі. Сонда Күлембай Мұқыр еліне болыс болып сайланады. «Болыс болдым, мінеки» деген әйгілі өлеңін Абай осы Күлембайға арнап сонда шығарған дейді.
Бұл арада мынаны еске алу керек. Мұхтар Әуезов шебер сатирик Абай «Күлембайға» деген өлеңін жазғанда, бұл адамның мінезі түгелімен тап осындай екен деуге келмейді. Онда сөзі, ойы «елге, көпке жетсін» деп Абай, «бір Күлембай емес», сол секілді, сол кезгі ел басқарушылардың бәрінің «психологиясынан жиынтық бейне туғызған» деген.
ҚАСЫМ ХАН (1495–1523) – Жәнібек ханның баласы. Қазақ хандығын нығайтуға көп күш жұмсап, еңбек еткен адам. Соған байланысты ел ішінде «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз қалған.
ҚОНДЫБАЙ, ҚАНАЙ – Тобықты, Ырғызбайлармен көршілес қыстап жүретін кедей ауылдардың аттары. Олар Найман, Уақ руларымен сілемдес. Қалаға жақын тұратын, жаздай шөп жинап, қыс оларын сатып, кәсіп ететін Қондыбай, Қанай елінің еңбекқор адамдарын көріп жүретін Абай олардың сол кезгі кәсібін бағалап, өз өлеңінде мадақтай айтады.
ҚҰНАНБАЙ (1804–1886) – Абайдың әкесі. Тобықты, оның ішінде Кішік деген тобынан. Арғы атасы – Ырғызбай, атақты Өскенбай бидің баласы. Жас кезінде ер жігіт, жау түсіргіш, найзагер болған. Ұстанған мақсатты ісіне берік, қолмен де, жолмен де іскер қимылдайтын адам. Қарқаралы округының аға сұлтаны болған. Сонда Құнанбай салдырған мешіт бар. Өмірінің соңғы кездерінде ол Меккеге барады. Онда арнайы құдай үйін салғызады.
Құнанбайдың төрт әйелі болған: 1) Күңке, онан Құдайберді туған (ол ерте өліп кеткен). Онан ақын, философ Шәкәрім қажы туады; 2) Ұлжан, онан Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан туады; 3) Айғыз, одан Халиолла мен Смағұл туған; 4) Нұрғаным. Бұдан бала жоқ.
ҚҰТАЙБА ибн МУСЛИМ – VIII ғасырдың басында Орта Азия мен Шығыс Түркістанды жаулаған араб басқыншыларының қолбасшысы. Ол жаулап алған жерінде мұсылман дінін күшпен ендіріп, жергілікті халықтың жазу-сызуын, білімін, мәдениетін жойып жіберген.
Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген еңбегін жазғанда, ол жайлы деректерді бұхарлық тарихшы Абу Бакр Мұхаммед ибн Жафар Наршахидің «Бұхара тарихы» деген кітабынан және ат-Табаридың жазғандарынан алған.
ҚЫЗДАР – Тобықтының Бәкең табынан шыққан. 1898 жылдары болыстық съезд өткізілгелі жатқанда, сөзге орашолақ әрі мінезі топас осы Қыздар: «Бұрын ішсе асқа, кисе киімге жарымаған Абай еді. Енді Оспан өлген соң, үлкен үйге келіп алып, тоғайып, тойынайын деген екен деп сөз таратыпты», – дейді Тұрағұл өз әкесі туралы естелігінде.
Абай соған күйініп, осы «Қыздарға» деген өлеңін жазған. Өлең басында бұдан ұзағырақ болса керек, ертеңінде Қыздар келіп жалынып сұрап алып, өлеңді жағып жіберіпті. Мынау – сонан кейбір адамдардың есінде жатталып қалғаны.
ЛЕКЕР – Абайдың «Қыздарға» деген өлеңінде айтылады. Ол да Тобықты ішіндегі Бәкең табынан шыққан адам.
ЛЕРМОНТОВ М. Ю. (1814–1841) – орыстың ұлы ақыны. Абай оның өлеңдерін беріле көп оқыған және қазақ тіліне шабыттана аударған.
МАҒАУИЯ (МАҒАШ) (1870–1904) – Абайдың 25 жасында туған сүйікті баласы. Ол жастайынан оқуға, өнер үйренуге ынталанып өскен, талантты ақын болған. «Мағауияның жаратылысы халыққа өте жұғымды, бір ғана Абайдың баласы емес, халықтың, көптің баласы сияқты еді. Абайдың елі болсын, жауы болсын Мағауияны жақсы көрмейтіні жоқ еді», – дейді Рахымжан Мамырқазов өзінің естелігінде. Бұл адамның өзі Ырғызбай ауылында туып өскен, әкесі Мамырқаз Ақылбаймен замандас боп бірге жүрген, кейін Мағауияның жылқысын баққан.
Мағауия көкірек ауруына шалдығып қалған соң, қалада оқи алмайды. Көбінесе Абайдың қолында болады. Тәуір көретін бұл баласы 1904 жылы 14 мамыр күні, 34 жасында Шыңғыста, өз ауылында қайтыс болады. Өлеңдерінен басқа «Медғат–Қасым», «Еңлік–Кебек» поэмаларын жазған.
Мағауия өлімі Абайды қатты күйзелтеді. Баласының қырқынан кейін ақын өзі де көз жұмған.
МАҒЫШ – Абайдың баласы Әбдірахманның әйелі. Шын аты – Мағрипа.
МАЙҚЫ БИ – Шыңғыс хан жолдағы елдің бәрін жаулап алып, қазақ жеріне келгенде Шыңғыс тауында, Қарауыл өзенінің бойында әскерімен біраз жатып тыныстаған. Маңғұлдың өз заңы бойынша, Шыңғысты ақ киізге отырғызып, бір үлкен биіктің басына апарып, хан көтерген. Таудың «Шыңғыс», биіктің «Хан» аталмақ себебі сонан болса керек. Шыңғысты қарсы алуға, хан көтеруге шыққан сондағы 12 бидің бірі қазақтың осы Майқы биі деседі.
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген сөз бар. Майқы – сол кісі, дейді Абай. Майқы би Рашид-ад-Диннің тарихында жазылған. Сірә Абай сонан алған болса керек.
МАСАҚБАЙ – ертеден ЬІрғызбай ауылында тұрған. Тобықтының Әнет табынан шыққан адам. Бүкіл өмірін (70 жыл жасаған) Құнанбай ауылында өткізген. Ысқақ болыс болған кезінде Масақбай атшабар болған. Үйінде мазасыз, ашушаң адам екен. Ал қатыны момын, салақ екен, үйде араларында ұрыс-қағыс жиі бола берсе керек. Абай соған өлең шығарған.
МИХАЭЛИС Е. П. (1831–1913) – XIX ғасырдың 80-жылдарында Семейге жер аударылып келген адам. Кезінде Россиядағы халықшылдар тобында болған. Білімдар кісі.
Абай қалаға барып жүргенде, Семейдегі Гоголь атындағы орталық кітапханада кездесіп танысады да, сонан былай сырлас болып, достасып кетеді. Кейін ақынның ауылына барып, ұзақ уақыт жатып, демалысын өткізіп жүрген. Абайдың әдебиеттен, әртүрлі ғылым саласынан өздігінен оқып, білімін молайта түсуіне бұл кісінің ақыл-кеңесі көп себепші болған.
МИЦКЕВИЧ АДАМ (1798–1855) – поляк халқының ұлы ақыны, ұлт-азаттық көтерілісінің қайраткері, «Пан Тадуеш», «Гражина», «Дзя-ды» т.б. көптеген поэзиялық шығармалар жазған. Ол 1824–1829 жылдарда Россияда болып, декабрист К. Ф. Рылеев, А. А. Бестужевтермен кездесіп, А. С. Пушкинмен танысқан. 1826 жылы Россияда өлеңдер жинағы («Сонеттер») басылып шықты. А. С. Пушкин,
М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет және И. А. Бунин секілді көрнекті ақындар Мицкевич Адам өлеңдерін орыс тіліне аударды. А. Мицкевич шығармаларының 1882 жылғы орысша басылымынан Абай «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» деген өлеңін қазақшаға аударған.
МҮРСЕЙІТ БІКІҰЛЫ (1860–1917) – Тобықты ішінде Әнет табынан шыққан, ескіше оқығаны бар, молда болған. Абайдың өлеңдерін қағазға түсіруде, бүгінге дейін сақталып жетуінде көп еңбек сіңірген адам. Қазір Мүрсейіттің 1906, 1907 және 1910 жылдары жазған үш қолжазбалары бар. Оның екеуі Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Орталық кітапханасында (1906, 1910), ал үшіншісі – Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейінің қорында. 1909 жылы Петербургте басылған кітапты шығаруда Мүрсейіт Абай өлеңдерін көшіріп дайындасып, көп қызмет жасаған.
НАЗАР – Тобықтыларға көршілес Қанай дейтін рудан шыққан адам. Ол Абаймен замандас болса керек.
НАУАИ ӘЛИШЕР (1444–1486) – өзбек халқының ұлы ақыны. Көбінесе Герат шаһарында тұрған ол тұңғыш рет түрік тілінде (шағатайша) өлең жазған. Оның «Хамса» (бес хисса) деп аталатын эпостық шығармасы бар. Олар – «Хайратұл барар», «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Сабан Шаяра», «Жеті жұлдыз», «Садди Скендри» («Скендірдің соққан қорғаны») және төрт «Диуан» (өлеңдер жинағы).
НӘСІРИДДИН ПАТША (1831–1896) – XIX ғасырдағы Иран патшасы. Ирандықтардың Қажар деп аталатын руынан шыққан. Бірқатар жыл Еуропа елдеріне саяхат жасап, ұзақ аралаған. Келген соң өздеріндегі мемлекет аппаратын бүтіндей қайтадан құрған. 1896 жылы фанатик шииттердің қолынан қаза тапқан.
Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» дейтін еңбегінің басында осы Нәсіриддин шаһ жайлы арнайы тоқталып өтеді.
НҰРЖАНОВ САМАТ – 1916 жылы Орынборда жарық көрген «Абай термесі» деп аталатын өлеңдер жинағын бастырып шығартқан кісі. Абайдың бірінші қара сөзі мен жеті өлеңінен тұратын бұл кітапшаның ақын шығармаларының революцияға дейінгі жарияланған екінші жинағы деп аталуына толық негіз бар. Себебі бұл кітапшаға 1909 жылы шыққан бірінші жинақта жарияланбаған шығармалары енгізілген.
ОМАРХАН – Мұхтар Әуезовтің әкесі. Құнанбай ауылына ертеде Түркістан өңірінен көшіп келген Берді деген қожа болған. Оның баласы Әуез қожаның бәйбішесі Дінәсілден Омархан туады. Омархан 1910 жылдары Мұхтардың жас кезінде қайтыс болады. Өзінің «Разаққа» деп айтқан суырып салма өлеңінде Абайдың Омархан жайлы:
Оны дағы байқармыз,
Біраз ғана сынасақ, –
деп айтатыны бар.
ОСПАН (1851–1891) – Абайдың інісі. 1889–1891 жылдарда Мұқыр елінде болыс болған. Сонда Абайдың айтуынсыз, өз бетімен кеудемсоқтық жасап, Тобықты ішіндегі мықты бай Аққұлының Оразбайын жазалайтыны бар. Осыдан соң көп ұзамай, Оспан қайтыс болады. Бәрібір Оразбай Абайға кекті, өшпенді болып қала береді. Басқа жақындарының ішінде жақсы көретін туысы болған соң, Оспан өлімі Абайға қатты батқан. Ақын оған арнап бірнеше өлең жазған.
ПОЛОНСКИЙ ЯКОВ ПЕТРОВИЧ (1819–1898) – орыс ақыны. 1844 ж. Москва университетінің Заң факультетін бітірген. Шығармаларын 1840 жылдан бастап жариялаған оның тұңғыш өлеңдер жинағы – «Гаммалар» (1844 ж.) деп аталады.
1850 ж. «Русское слово» журналының редакторы болады. Полонскийдің «Сауыққой шегіртке» (1859) поэмасы мен «Сергей Чалыгиннің мойындауы» (1867) «Тік төбешік» атты повестері бар. Полонскийдің көптеген өлеңдеріне арналып ән жазған. Абай «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы» деп басталатын өлеңді содан аударған.
ПУШКИН А. С. (1799–1837) – орыс халқының ұлы ақыны. Оның шығармаларын Абай ерекше бағалап, қызыға көп оқыған. Өлеңдері мен дастандарының ішінен, әсіресе «Евгений Онегин» атты өлеңмен жазылған романын ерекше шабытпен тұңғыш рет қазақшаға аударған. Кемеңгер ақынның талантына ден қойып, онан үйренуді де өзіне жол көрген Абай Онегин мен Татьяна арасындағы хаттарға арнап бірнеше әндер шығарған. Кезінде олары бірден ел арасына кеңінен тарап кеткен.
ПЛАТОН (АПЛАТОН) – көне юнан (грек) елінің философы. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 427–347 жылдар арасында Афинде өмір сүрген.
РАЗАҚ – Абай ауылындағы жас жігіт. Абайға және оның балаларына құдандалы, сыйласты, досжар адам болған.
РАХЫМШАЛ – Абайдың ауылында тұратын Көжекбай дейтіннің баласы. Баланың бұзақы, сотқар мінезін көрген жерде Абай осы өлеңін айтқан.
САҒДИ (1184–1291) – тәжік, парсы елінің ұлы ақыны. Сағди Бағдаттағы «Назамия» академиясында оқыды. Соңынан туған жері Ширазға келіп, «Гүлстан», «Бостая» деген дастандар жазған. Семейдегі медреседе жүріп, өлеңге, ақындыққа ынтық боп талпынған шәкірт Абай әуелден-ақ Шығыстың классик ақындарына ерекше құрмет етіп табынған. Солардың ішінде ақын Сағди да бар.
САЛТЫҚОВ-ЩЕДРИН М. Е. (1826–1889) – орыстың әйгілі сатирик жазушысы. Абай оны өте жоғары бағалап, жастарға ұстаз ретінде ұсынады.
СӘЙХАЛИ – Абайдың шәкірт кезінде ден қойып оқыған ақындарының бірі, XV ғасырда өмір сүрген. Шағатай тілінде «Диуан Сайхали» дейтін тарихи жыр жазған. Ол жырда «Дүниенің жаралуынан» бастап, Хұсайын Иманның 680 жылы Кербаланың шөлінде өлетін кезіне дейінгі дәуірдің тарихын қамтып жырлаған.
СОКРАТ – көне юнан (грек) жұртының ойшыл философы. Ол біздің жыл санауымыздан бұрын (470–399 жылдар шамасында) өмір сүрген.
Абай отыз жетінші сөзінде «Сократқа у ішкізген…» деген сөздерді келтіретіні бар. Ол шындыққа жақын. 399 жылы Грецияда демократия үкімет басына келгенде, Сократты «діншілдігі» үшін айыптап, дарға аспақ болған. Сонда ол у ішіп өлген деседі.
СОФОКЛ – біздің жыл санауымыздан бұрынғы 496–406 жылдарда өмір сүрген, ескі грек жұртының ұлы жазушысы. Ол трагедия жанрының атасы саналады. Софоклдың «Эдип патша» пьесасын жұртшылық осы күнге дейін сахнадан көріп келеді.
СҮЛЕЙМЕН – ол туралы аңыз-әңгімелер қазақ арасында көп тараған. Ежелгі еврей жұртының патшасы болған Сүлеймен пайғамбар Дәуіт пайғамбардың баласы. 18 мың ғаламның тілін білген деп мадақталатын Сүлеймен пайғамбардың аты құран аяттарында жиі айтылады.
ТӘУКЕ ХАН (1650–1718) – қазақтың белгілі хандарының бірі. Ол 1681–1684 жылдарда қалмақтарды, 1710–1713 жылдары ойраттарды жеңіп, қазақ арасында үш жүздің бірлігін орнатуға күш салған. Қазақтарда «Жеті жарғы» деп аталатын әдет-ғұрыптық заңды шығарған. Тәуке хан – қазақ елінің тұтастығы мен бірлігін күшейтуге едәуір ықпал жасаған адам.
ТОЛСТОЙ Л. Н. (1828–1910) – орыстың ұлы жазушысы, кемеңгер ойшылы. Оның «Крейцерова соната», «Анна Каренина», «Арылу», «Соғыс және бейбітшілік», «Казактар», «Қажымұрат» сияқты ірі-ірі шығармалары бар. Абай оның шығармаларын аса жоғары бағалап, зер сала, зейін қоя оқыған және оны жас ұрпаққа өнегелі ұстаз ретінде ұсынған.
ТУРГЕНЕВ И. С. (1818–1883) – орыстың аса көрнекті жазушысы. «Рудин», «Қарсаңда», «Әкелер мен балалар», «Дворян ұясы», «Түтін» сияқты жарқын шығармалар берген адам. Ақын Абай «Масғұт» атты дастанын жазғанда, оны осы И. С. Тургеневтің «Шығыс аңызы» («Восточная легенда») атты шағын әңгімесінің желісі бойынша құрған.
ТҰРАҒҰЛ (1875–1934) – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Оқыған, талантты кісі болған. 1909 жылы Кәкітай екеуі Абайдың өлеңдерін тұңғыш рет Петербургте бастырып шығарған. Горькийдің «Челкаш» әңгімесін, Неверовтың «Я хочу жить» атты шығармасын қазақшаға аударған. Абай шығармаларының кітап боп жарық көруінде Тұрағұлдың еңбегі зор. Ол туралы Мұхтар Әуезов Абайдың жақындарының ішінде «Тұрағұлдан артық мағлұмат берген ешқайсысы жоқ» деп және атап көрсетеді. Тұрағұл өмірінің соңғы кездерінде азапты күндерді басынан көп кешірген. Бірнеше жылдар бойы қуғынға ұшыраған. Өмірінің соңғы кезінде Ташкент қаласына барып, сонда 1934 жылдың наурызында қайтыс болған.
ТҮҢЛІКБАЙ – Абай бұл кісінің атын «Шәріпке» деген өлеңінде атайды. Түңлікбай Абаймен ауылдас әрі Абайға жас жағынан құрбылас адам болған. Құрбылардың бір-біріне қатты әзіл, қалжың айтатын сол кездің әдеті бойынша бір кездескен жерде Абай «Түңлікбайдың әйелі атың Шәріп» деп басталатын ащы мысқылды, экспромт қалжың өлеңін айтқан.
ФЗУЛИ (1502–1562) – Ахмет, яки Махмуд Сүлейманұлы. «Ләйлі-Мәжнүн», «Кәузате», «Шаһида» сынды шығармалар берген. Оларын парсы, түрік тілдерінде жазған әзербайжан ақыны. Медреседе оқып жүргенде жас шәкірт Абайды поэзияға, ақындық өнерге ынталандырған Шығыс ақындарының бірі осы кісі болған.
ФИЛИПП (ФИЛИПП II) – Александр Македонскийдің (яғни қазақтарда көп айтылатын Ескендір Зұлхарнайынның) әкесі. Біздің заманымызға дейін 359–336 жылдары патшалық еткен. Абай өзі жазған «Ескендір әңгімесі» дейтін дастанында:
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды, –
дегені тарихи шындыққа келеді.
Парсылармен соғыста әкесі Филипп өз қорғаушысының қолынан өлгенде, жиырмаға толған Ескендір таққа отырыпты.
ФИРДОУСИ–ӘБІЛҚАСЫМТУСИ (934–1027) – тәжік-парсы жұртының ұлы ақыны. Парсы елінің исламнан бұрынғы тарихынан алып, атақты «Шаһнама» дастанын жазған. Абай бұл ақынды көп оқыған.
ҚОЖА ХАФИЗ (шын аты – Шамсиддин Мұхаммед) – 1325 жылдардың шамасында туған, тәжік-парсы жұртының ұлы ақыны. Махаббатты, өмір рахатын, жаз көркін, жастық шаттығын, сүйіспеншілік сезімін жырлап, көп ғазалдар жазған. Абайдың шәкірт кезінде көп оқып, құмарта еліктеген ақындарының бірі.
ХАРУН АР-РАШИД – Аббасидтер династиясынан шығып, 786–809 жылдары Бағдатта халифалық еткен. Дін мен ғылым, өнер қайраткерлеріне ерекше қамқорлық көрсетумен ол кісінің даңқы Шығыс халықтары арасында көпке жайылып кеткен. Қазақтардың «Арон Рашид» деп, аңыз, ертегілерінде айтып отыратыны – осы адам. Ол – дүние жүзіне әйгілі «Мың бір түн» ертегісіндегі қаһармандардың бірі.
ШАҒАТАЙ (XIII ғасыр) – Шыңғыс ханның екінші баласы. Балаларына билік ету үшін ұлыс бөлгенде, Шыңғыс хан оған Орта Азия мен Иран жерін берген. Сонан Шағатай және оның ұрпақтары Орта Азия мен Иранды Әмір Темір заманына дейін билеп келген.
Шағатай мен оның нәсілдерінің ел билеуі жөнінде Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген еңбегінде тоқталып өтеді.
ШАЙБАҚ (ШИБАН) – көшпелі өзбектер жұртында болған хан. 1451–1510 жылдарда өмір сүрген Шайбақ – Әмір Темір тұқымын тақтан құлатқан адам. Орта Азияны жаулап, өзбек хандығын нығайтуға көп күш жұмсаған.
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858–1931) – ақын, ағартушы-демократ, композитор, аудармашы. Абайдың немере інісі әрі шәкірті болған адам. Абайдың тәрбиесін көп көрген әрі жаңашылық дәстүрге үйреніп жетілген ол Шығыс пен Батыстың классикалық әдебиеттерінен мол үлгі алады. Араб, парсы, түрік және орыс тілдерін жетік меңгерген. Терең мазмұнды өлеңдерімен қатар ол «Ләйлі–Мәжнүн», «Қалқаман–Мамыр», «Еңлік–Кебек», «Нартайлақ–Айсұлу» атты дастандар және «Әділ–Мария» романын жазған. А. С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» атты повестерін өлеңмен қазақшаға аударған. Л. Н. Толстойдың «Патша Асар-хадон», «Үш сұрақ» әңгімелерін және Г. Бичер-Стоудың «Том ағайдың лашығы» атты шығармасын қазақша тәржімалаған. 1905–1906 жылдары Шәкәрім Меккеге барып, қажылық парызын өтеген. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңінде іні-шәкірті ретінде Абайдың Шәкәрімге ұстаздық жөн көрсетіп, арнайы кеңес білдіре сөз айтатыны бар.
ШӘМСИ–ШАМСУДДИН ГАБРИЗИ – тәжік, парсы елінің ақыны. Шәкірт бала кезінде Абай Фирдоуси, Фзулилермен қатар бұл ақынның да шығармаларын оқып, үйреніп, алғаш ақындыққа әуестенуді бастаған.
ШӘРІП – Абайдың ауылдасы әрі құрбылас адамы Түңлікбай дегеннің әйелі.
ШИЛЛЕР Ф. (1759–1805) – немістің ұлы ақыны, драматург. «Қарақшылар», «Зұлымдық пен махаббат», «Дон Карлос», «Вильгельм Тель» сынды көрнекті шығармалар жазған.
Абай «Кең жайлау жалғыз бесік…» өлеңін Лермонтовтан аудармасы арқылы орысшадан тәржімалаған.
ШОРМАНОВ САДУАҚАС МҰСАҰЛЫ (1854–1927) – Абай шығармаларын насихаттаушылардың бірі. Қазақтың ауыз әдебиетінің мұраларын жинаумен шұғылданған. Осы толық жинақты дайындау кезінде Садуақас Шормановтың қолжазбаларындағы деректер пайдаланылды.
ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ (1818–1881) – қазақтың көрнекті ақыны, XIX ғасыр әдебиетіндегі «Зар заман» атты бағытты тудырушылардың бірі. «Байды құдай атқаны», «Зар заман», «Бала зары» деген толғаулары бар. Оның көптеген өлең тармақтары лұғатты сөз үлгісі ретінде халық жадында сақталып қалған.
ШОТҚАРА – Тобықтының Бәкең дейтін табынан шыққан би. Абай оны жебір, парақор болғаны үшін өзінің «Қыздарға» деген өлеңінде сынай, әжуа етеді.
ШЫҢҒЫСХАН (1155–1227) – шын аты Темучин Есугейұлы. Моңғол жұртынан шыққан аса көрнекті мемлекет қайраткері, атағы дүние жүзіне тараған әйгілі жаулаушы, қаһарлы қолбасшы. 1203–1206 жылдар аралығында Керей, Найман хандықтарын жеңіп, моңғол елін бір хандыққа біріктіріп, билейді. 1206 жылы бүкіл моңғол елінің құрылтайында оған Шыңғысхан (Ұлы хан) деген атақ беріледі. 1215–1221 жылдарда Бейжіңді (Қытай), Иран, Хорезмді жаулап алады да Кавказ жеріндегі елдерді бағындырады. Үлкен ұлы Жошыдан туған немересі Бату бұдан соң Шығыс Еуропаны жаулайды, 1249 жылы ол Еділ бойынан Сарай деген қала салдырған.
1. Абай (Ибраһим) Құнанбай ұғлының өмірі. Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғлының өлеңі / Бастырған: Кәкітай, Тұрағұл Құнанбай ұғландары / С.-Петербург: «Восточная» электро-печатня И. Бораганский, 1909. – 328 б.
2. Абай Құнанбайұлының өлеңдері/ бастырған Бернияз Көлеев. – Қазан: Татарстан матбуғасы, 1922.
3. Абай. Таңдамалы өлеңдер жинағы. – Ташкент: Түркістан мемлекеттік баспасы, 1922.
4. Абай. Шығармаларының толық жинағы. – Қызылорда: Қазақстан, 1933. – 382 б.
5. Абай Құнанбаев. Шығармалары: СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалы. Өлеңдер мен поэмалар. Т.1. – Алматы, 1939.
6. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармалар/ СССР ҒА Қаз. фил., Жамбыл атын. әдеб. және халық творчествосы секторы. – Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1940. Т.2: Аудармалар мен қара сөздер. – 320 б. – Кітап латын графикасымен жазылған.
7. Абай (Ибраһим) Құнанбай. Шығармаларының толық жинағы / – Алматы: Қазбірмембас, 1945. – 503 б.
8. Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы: 1-том. – Алматы: Ғылым, 1954. – 321 б.
9. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы/ Т.1: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Қазақтың мемлекеттiк көркем әдебиет баспасы, 1957. – 285 б.
10. Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1961. – 693 б.
11. Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Қазақ ССР Ғылым академиясы; М. О. Әуезов атын. әдебиет және өнер институты. – Алматы: Ғылым, 1977. 1-том. Аудармалар мен қара сөздер. – 454 б.
12. Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Қазақ ССР Ғылым академиясы; М. О. Әуезов атын. әдебиет және өнер институты. Алматы: Ғылым, 1977. 2-том. Аудармалар мен қара сөздер. – 312 б.
13. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы // Т.1. Өлеңдер мен аудармалар. – Алматы: Жазушы, 1995. – 336 б.
14. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы // Т.2. Өлеңдер мен аудармалар. Поэмалар. Қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 1995. – 384 б.
15. Абай термесі/Бастырушы Самат Әбішұлы. – Орынбор: «Дін умуғишт» мәтбуғасы, 1916. Самат Әбішұлы. «Абай термесі» жинақты дайындап, ғылыми түсініктемесін жазған – профессор Мекемтас Мырзахметұлы. – Алматы: «Орхон» баспа үйі, 2010. – 16 б.
16. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 310 б.
17. Ахметова М. М. Песня и современность. – Алма-Ата: Наука, 1968. – 196 с.
18. Ахметов З. Современное развитие и традиции казахской литературы. – Алма-Ата: Наука, 1978. – 256 с.
19. Ахметов З. Асыл сөз арнасы. – Алматы: Арда, 2008. – 400 б.
20. Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіш (1995-2006). – Алматы: Арда, 2007. – 208 б.
21. Абай және архив/ ҚР м-лер каб. жанындағы архивтер мен құжаттама бас басқармасы; Құраст. C. Байжанов. – Алматы: Ғылым, 1995. – 216 б.
22. Абай тілі сөздігі [Мәтін]: Жалпы ред. басқарған А. Ысқақов. / – Алматы: Өнер, 2011. – 616 б.
23. Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: Арда, 2009. – 392 б.
24. Абай және қазіргі заман зерттеулер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 336 б.
25. Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. 33-том. Палтөре Ы. М. Абай Құнанбайұлының шығармаларында Құран және хадис мәтіндерінің интерпретациялануы / Жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2017. – 264 б.
26. Абай. Энциклопедия. (Бас ред. Р. Н. Нұрғалиев; ред. алқасы: З. Ахметов, Л. М. Әуезова, Б. Г. Ерзакович т.б.) – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, Атамұра, 1995. – 720 б.
27. Абай туралы естеліктер. – Алматы: Қаламгер, 2018. – 504 б.
28. Абайдың музыкалық творчествосы. Этнографиялық жинақ. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1954. – 60 б.
29. «Абай» журналы. 1995, №1-2 / 25-26.
30. «Абай» журналы,1999, № 1.
31. Абай тағылымы: әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / [құраст.
Н. Ғабдуллин]. – Алматы: Жазушы, 1986. – 428 б.
32. Актуальные проблемы современной фольклористики. Сб. статей и материалов / Сост. В. Е. Гусев. Л.: Музыка, 1980.
33. Аравин П. В., Ерзакович Б. Г. Қазақстанның музыка мәдениеті. Мақалалар мен материалдардың жинағы. – Алматы: Қазақ мемлекет баспасы. 1957.
34. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Т.1. – Алматы: Жібек жолы баспа үйі, 2007.
35. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Т.15. Мақалалар, зерттеулер, пьесалар. – Алматы: Дәуір; Жібек жолы, 2014. – 392 б.
36. Әуезов М. Абайды билемек парыз ойлы жасқа. (Ибраһим Құнанбайұлының ғұмырнамасы) [Мәтін]: оқу құралы / – Алматы: Санат, 1997. – 416 б.
37. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. – Алматы: Дәуір, Жібек жолы, 2014. 27-том. Мақалалар, зерттеулер, пьеса. 1943-1946. – 448 б.
38. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. – Алматы: Дәуір, Жібек жолы, 2014. 35-том. Мақалалар, зерттеулер. 1956-1957. – 416 б.
39. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. – Алматы: Дәуір, Жібек жолы, 2014. 42-том: Мақалалар, зерттеулер, лекциялар, пьеса. 1935-1961. – 296 б.
40. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. – Алматы: Дәуір, Жібек жолы, 2014. 43-том: Мақалалар, зерттеулер. 1923-1955. – 328 б.
41. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Т.15. Мақалалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1984. – 328 б.
42. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, Т.20. Монография мен мақалалар. / Жауапты шығарушылар: Л. Әуезова,
З. Серікқалиев, 1985. – 496 б.
43. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. Қазақ ССР Ғылым академиясы. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Т.18. Қазақ балаларына арналған оқулық. – 448 б.
44. Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. (Құраст.: Л. М. Әуезова, М. Мырзахметов). – Алматы: Ғылым, 1988. – 308 б.
45. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – Алматы: Рауан, 1994. – 160 б.
46. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1967. – 391 б.
47. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. Қазақ ССР Ғылым академиясы. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Т.16. Қазақ балаларына арналған оқулық. – 400 б.
48. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек сөздері. – Алматы: Санат, 1997. – 448 б.
49. Әсемқұлов Т. Шығармалары, – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Т.4: Музыка, әдебиет, 2016. – 412 б.
50. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. Зерттеулер мен мақалалар. Қайта басылымы. Алматы: Жазушы, 1978. – 368 б.
51. Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. – Алматы: Арыс, 2002. – 210 б.
52. Бейсенбаев М. Абай және оның заманы (Абай ізімен). – Алматы: Жазушы, 1988. – 136 б.
53. Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. – Алматы, 1971. – 110 б.
54. Базарбаев М. Казахская поэзия: художественные искания (к традициям Абая). – Алматы: Жазушы, 1995. – 304 с.
55. Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. «Ер Сайын», «23 жоқтау» ауыз әдеби мұрасы, көсемсөздері, табылған туындылары. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. T.V: – 384 б.
56. Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу / Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
57. Бисенова Г. Н. Песенное творчество Абая. – Алматы: ТОО «Дайк-Пресс», 1995. – 168 с.
58. Байшығанұлы К. Қайтейін, жалған дүние…: Өлеңдер, толғау, дастандар, жоқтау-дауыстар. – Алматы: «Тоғанай Т» баспасы, 2008. – 336 б.
59. Дербісәлин Ә. Қазақ поэмасының тарихынан// Абайтану. Таңдамалы еңбектер ІІІ том. Ойлар мен толғаныстар// – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 272 б.
60. Зейнел Ғабиден әл-Жауһари әл-Омскауи. Насқат Қазақия/кітапты дайындап, түсініктемесін жазып, баспаға ұсынған – ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметов. – Алматы: «Орхон» Баспа үйі. 2009. – 48 б.
61. Дәдебаев Ж. Абай мұралары// Абайтану. Таңдамалы еңбектер VIII том. Ойлар мен толғаныстар// – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 279 б.
62. Есім Ғ. Абай туралы философиялық трактат/ Ғарифолла Есім. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2004. – 83 б.
63. Ерзакович Б. Песенная культура казахского народа. Музыкально-историческое исследование. Академия наук Казахской ССР. Институт литературы и искусства им. М. О. Ауэзова. – Алма-Ата: Издательство «Наука» КазССР, 1966. – 400 с.
64. Ерзакович Б. Қазақстанның халық әндері. – Алма-Ата: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1955. – 386 б.
65. Ерзакович Б. Қазақ халқының ғашықтық әндері антологиясы. – Алматы: Ғылым, 1994 – 280 б.
66. Ерзакович Б. Қазақ халқының ән мәдениеті. Музыкалық тарихи зерт-
теу. – Алматы: Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы, – 1966.
67. Ерзакович Б. Г. У истоков казахского музыкознания (по материалам русских ученых ХІХ в.). – Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР. 1987.
68. Ерзакович Б. «Қазақ және орыс музыкасының творчестволық байланы-
сы». – Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1963. – 60 б.
69. Жұртбай Т. «Күйесің, жүрек… сүйесің…»: (Абай: «Жан бостандығы» немесе рухани тәуелсіздік). – Алматы: Қайнар, 2009. 4-т. – 464 б.
70. Жұртбаев Т. «Бесігіңді түзе!..» толғау-эссе. – Алматы: Жазушы, 1997. – 554 б.
71. «Жас Алаш» газеті, №88. – 2019. – 5 қараша.
72. «Жас Алаш» газеті, № 89. – 2019. – 11 қараша.
73. «Жас Алаш» газеті, № 84. – 2019. – 22 қазан.
74. Жүнісов С. Мұхтар Әуезовтің Абайтану туралы лекциясынан студент Сәкен Жүнісовтің конспектісі. Көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1996. – 80 б.
75. Жиреншин Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары. – Алматы, 1959. – 266 б.
76. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары: Өңд. толық. 2-бас. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 440 б.
77. Жұбанов А. Ән-күй сапары. – Алматы: Ғылым, 1976.
78. Затаевич А. В. 1000 песен и кюев казахского народа. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 496 с.
79. Затаевич А. В. «Қазақтың 500 ән-күйі». – Алматы: М. О. Әуезов атындағы ӘӨИ, 2007. – 1136 б.
80. Затаевич А. Песни разных народов. – Алматы: Жазушы, 1971. – 310 с.
81. Амантай И. Мүрсейіттегі қайталанып көшірілген Абай өлеңдері //«Қазақ әдебиеті» газеті. – 2005. – 11 шілде.
82. Ибрагимов Т., Малаев С. Шыңғыстау өңірінің шертпелері: күйлер / – Алматы: «Айғаным» баспа үйі. 2016. – 96 б.
83. Кудашев К. Абай өлеңі. (Архив географического общества. Ленинград)
1897. – 32 б.
84. Классикалық зерттеулер: Көптомдық. – Алматы: «Әдебиет әлемі», 2013.
85. Қасқабасов, С. А. Абай және фольклор/ Сейіт Асқарұлы Қасқабасов. – Алматы: Білім, 1995. – 62 б.
86. Қасқабасов С. А. Абай. – Алматы: «Алматы» баспа үйі ЖШС, 2010. – 112 б.
87. Қоңыратбай Т. Әлемдік музыка тарихы. – Алматы: Өлке, 2010. – 480 б.
88. Қосан С. «Китаб тасдих» және оның текстологиясы немесе абайтанушылар неден қателесті? // «Қазақ әдебиеті» газеті. 14 қаңтар, 2000 жыл.
89. Қазақтың бас ақыны. – Алматы: Дәуір, 2004. – 120 б.
90. Марғұлан Ә. Абайдың Ленинградтағы қолжазбасы // Әдебиет және искусство. 1937, № 3.
91. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары. – Алматы: Ғылым, 1982. – 296 б.
92. Мырзахметұлы М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тiлi, 1994. – 192 б.
93. Мырзахметулы М. Восхождение Мухтара Ауезова к Абаю. – Алматы: Санат, 1993. – 320 с.
94. Мырзахметұлы М. Абай және Шығыс. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 208 б.
95. Мырзахметұлы М. Абайтану [Мәтін]. 1-кітап. Абай мұрасын танып-білу тарихынан/. – Өңд. толықт., 2-бас. – Астана: Interactiv Kazakshtan, 2014. – 432 б.
96. Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай [Мәтін]. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 272 б.
97. Мырзахметов М. Абай жүрген ізбенен. – Алматы: Қазақстан, 1985. – 172 б.
98. Мырзахметов М. Абайтану: Библиографиялық көрсеткіш. Абаеведение; библиографический указатель / М. Мирзахметов. – Алма-Ата: Наука, 1988. – 240 с.
99. Мұқамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. IX том. – Алматы, Ел-шежіре ҚҚ. 2011. Т9. – 384 б.
100. Мұқамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында. 2-ші басылым. – Алматы, 2010. – 164 б.
101. Мұқановтың хатханасы – Письмотека Муканова. Құраст/Сост:
Ә. Қайырбеков. – Алматы: Полиграфкомбинат, 2018. – 392 бет/стр. – Қазақша, орысша.
102. Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. Ш. Уәлиханов пен А. Құнанбаевтың өмірі мен творчествосы туралы. «Мектеп» баспасы, 1964. – 352 б.
103. Майтанов Б. Абай : тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: Аруна, 2004. – 92 с.
104. Мақпал. Жүз ән. – Жинап, нотаға түсірген Мұқан Төлебаев. Құрастырып, алғы сөзін жазған Н. С. Кетегенова. – Алматы: Жалын, 1979. – 150 б.
105. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. Шығармалар жинағы. – Алматы: 2010. – 476 б.
106. Народная музыка в Казахстане. Составитель В. И. Дернова / – Алматы: Издательство «Казахстан». 1967. – 269 с.
107. Сүйіншәлиев Х. Абай қарасөздерінің текстологиясы мен зерттелуі туралы бір-екі сөз // Абай қарасөздері. – Алматы, 1956. – 41–51-бб.
108. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Көптомдық шығармалар жинағы / –
Алматы: Ел-шежіре, 2014. Т.2 – 580 б.
109. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі: (лексикасы мен грамматикасы). Қаз. ССР ҒА, Тіл білімі ин-ты. – Алматы: Ғылым, 1968. – 334 б.
110. Субханбердина Ү. «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш, І бөлім. – Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1961.
111. Смирнова Н. С. «Песни Абая». Известия, Казахского филиала Академии наук СССР. 1945, Вып, ІІ.
112. Сыр сандық. Қазақ халық әндерінің антологиясы / (Құраст.: Қ. Ә. Байбосынов, А. Ж. Нығызбаев, Қ. Х. Айтбаев.) – Астана, 2016. – 616 б.
113. Сильченко М. С. Творческая биография Абая. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1957. – 284 с.
114. Седельников А. П. «Казахский край». – Составители: А. П. Седельников, Л. П. Осипова, А. Н. Букейханов, С. Д. Чадов, Н. А. Бородин, Т. П. Благоногов,
В. И. Семенов, П. Н. Столпянский. – «Россия», Санкт-Петербург: Издание
А. Ф. Девриена. 1903. XVIII том. – 506 с.
115. Сабирова. А. С. Абай и Шакарим: философия музыки и песенный стиль. Вопросы изучения казахской традиционной песни: Монография. – Алматы, 2014. 456 с.
116. Әбуғазы М., «Сарыарқа әндері» антологиясы. / – 2009. 332 б.
117. Шонанов Т. Абай кітабын бастыру керек // «Ақ жол», 19 маусым, 1919 жыл.
118. Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек: Эссе. Әдеби сын. Зерттеу. – Алматы: 2001. – 256 б.
119. Шаһкәрім. Шығармаларының бір томдық жинағы. Халықаралық Абай клубы. Жидебай, 2006. – 724 б.
120. Шәкәрім. Энциклопедия. / Бас редактор Е. Б. Сыдықов. – Семей, 2008. – 864 б.
121. Шорманов С. М. / «Басшы», қолжазба жинақ. – Санкт-Петербург, 1897.
122. Әбуғазы М. «Шығыстың шыңырау күйлері» / – Өскемен қаласы, 2009. – 303 б.
123. Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: Қазмемкөркем әдебиет баспасы,
1956. – 340 б.
124. Ысмағұлов Ж. Абай: Даналық дәрістері. – Алматы: Өнер, 2007. – 400 б.