* Жинақтағы материалдар хронологиялық ұстаныммен берілді. Алайда, бұл томда «Әдебиет танытқыш» кітабы «Қазақтың бас ақыны» мақаласынан кейін орналастырылды (Ред).
Бұл академиялық басылымда мәтіндік салыстыру жұмыстары барысында 1926 жылы Қызылорда-Ташкентте жарық көрген «Әдебиет танытқыш» басылымы 1989 жылғы «Шығармалары» жинағына (137–298 бб.), 1991 жылғы «Ақ жол» жинағына (340–461 бб.), 2003 жылы көп томдық шығармалар жинағына (1-том, 163–360 бб.), 2013 жылғы алты томдық шығармалар жинағына (1-том, 149–351 бб.) енген мәтінмен салыстырылып, түпнұсқа негізінде біршама өзгертулер енгізілді.
«Әдебиет танытқыш» еңбегі 1926 жылы Қызылорда-Ташкентте жарық көрген. Бұл еңбек 2 бөлімнен тұрады. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген «Айтыс-тартыс түрлері» деген соңғы тарауда «1.Әлектеніс. 2.Әуреленіс. 3.Азаптаныс. 4.Зауықты айтыс-тартыс. 5.Қулықты. 6.Күлдіргі. 7.Сиқырсымақ» болып берілген. Алайда, Ұлттық кітапханадан алынған түпнұсқа мәтінінің соңғы беттері толық емес. Сонымен қатар қолымыздағы сканерленген түпнұсқа мәтіні көшірмесінің 106–107 беттері жоқ. Осы тараудың «1.Әлектеніс» тараушасының сканер түрінде берілген түпнұсқада (280-бет) «…топпен күресуге күші жетпей, ақырында әлек болады» деп сөйлем аяқталады. Сканер түріндегі түпнұсқа Ұлттық кітапхана қорынан алынды. Ал «Әлектеністің» жалғасы мен «Әуреленістің» түпнұсқасы микрофильмде берілген. Микрофильмнен алынған түпнұсқа «2.Әуреленіс» тараушасымен аяқталып тұр. Бұл микрофильм Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан алынды.
«3.Азаптаныс. 4.Зауықты айтыс-тартыс. 5.Қулықты. 6.Күлдіргі. 7.Сиқырсымақ» тараушалары түпнұсқа мәтінінде жоқ.
Аңдату. 1926 жылғы түпнұсқада «кірпіш» сөзі – «керпіш» деп берілген, алайда қазіргі орфографиялық жазу емлесіне сәйкес кірпіш деп алынды. 2013 ж. алтытомдықта (150-б.) «Әдебиет танытқыш» еңбегі «Бастары» деген сөзбен басталса, түпнұсқада (3-б.) «Әдебиет танытқыш» «Аңдату» деп басталған, түпнұсқа мәтінінің мазмұнында «Бастары» деген сөз берілген. Осы академиялық басылымда түпнұсқа негізге алынды. «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегінің 1989 (137-б.), 1991 (340-б.), 2003 (164-б.) ж. жинақтарында «Аңдату» болып берілген.
Түпнұсқа (3-б.) мен «Ақ жолда» (340-б.) «Біздің көріп» тіркесіне 1989 (137-б.), 2003 (164-б.) жылдардағы бестомдық пен 2013 ж. ж. алтытомдық шығармалар жинағында (150-б.) «Біздің анық көріп» болып «анық» деген сөз қосылып, өзгеріске түскен.
Түпнұсқадағы (3-б.) «ыдыс істейді» тіркесіндегі «істейді» деген сөз 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (150-б.) «жасайды» болып өзгеріске түскен. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Сондай-ақ түпнұсқадағы (4-б.) «көркемшілік үшін көрнек өнері болады» деген сөйлемдегі «көркемшілік үшін» тіркесі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (150-б.) мүлдем кездеспейді. 1989 (137-б.), 1991 (340-б.), 2003 (164-б.) ж. басылымдар түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «әдеме» сөздері бұл академиялық жинақта қазіргі орфографиялық жазу емлесіне сәйкес «әдемі» болып берілді.
Аталған өзгертулер осы академиялық жинақта түпнұсқа мәтіні негізінде түзетілді.
Сөз өнері. Түпнұсқада (10-б.) «Мүдесін тілмен айтып жеткізу қиын екендігін» және Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар мүдесін тілмен айтып жеткізе алмай, сондай қиналғанда, өзгелерге ондай іс оңай болып табылар ма?» деген сөйлемдердгі «мүде» сөзі қазіргі орфографиялық жазылу емлесі бойынша «мүдде» болып жазылатындықтан осы академиялық жинақта бұл сөз «мүдде» болып берілді. 1989 (141-б.), 1991 (343-б.), 2003 (168–169-бб.), 2013 (155-б.) ж. жинақтарда бұл сөз «мүдде» деп берілген.
Көрнек өнерінің тараулары. Түпнұсқадағы (4-б.) «яки басқа заттан» тіркесіне 2013 ж. алтытомдық шығармалар жинағына (151-б.) «болмаса» сөзі қосылып, «яки болмаса басқа заттан» болып өзгеріске түскен. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «медресі» сөздері осы академиялық жинақта қазіргі орфографиялық жазу емлесіне сәйкес «медресе» болып берілді.
Түпнұсқа (4-б.) мен 1989 жылғы жинақта (138-бет) «…келтіріп сүгірет жасау өнері» деген тіркес 1991, 2003, 2013 жылғы жинақтарда «…келтіре сурет жасау өнері» болып өзгертілген. Бұл жердегі тіркес тұпнұсқа негізінде алынды. Түпнұсқаның барлық жерінде кездесетін «Сүгірет» сөздері осы академиялық жинақта қазіргі қолданыстағы «сурет» сөзі болып берілді.
Түпнұсқа (4-б.) мен 1989 жылғы басылымда (138-б.) «сын-сымбатын келтіріп» тіркесіндегі «келтіріп» сөзі 1991 (340-б.), 2003 ж. бестомдық шығармалар жинағы (165-б.) мен 2013 ж. алтытомдық шығармалар жинағында (151-б.) «келтіре» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқа (4-б.) мен 1989 (138-б.), 2013 (151-б.) ж. жинақтарда «…кескін-келбетін келтіріп» деген сөз тіркесі «Ақ жол» (341-б.) мен 2003 (165-б.) жылғы бестомдық шығармалар жинақтарында «…кескінін-келбетін келтіріп» болып өзгерген.
Түпнұсқадағы (4-б.) «сайрамын келтіріп» тіркесі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (151-б.) «сайрауын» болып өзгеріске түскен. Түпнұсқадағы осы сөйлемнен кейін келетін (4-б.) «Бұл әуез өнері болады» сөйлеміндегі «болады» деген сөз 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (151-б.) түсіп қалған. Түпнұсқада (5-б.) «Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін» сөйлеміндегі «де» шылауы түсіп қалған. Басқа жинақтар түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқадағы (5-бет) «…қарайық» деген сөз 1989 жылғы (138-бет) жинақта дұрыс берілсе, 1991 жылғы жинақта (341-б.) «…қаралық» деп өзгеріске ұшыраған. Бұл сөз 2003 жылғы көптомдық (165-б.) пен 2013 жылғы алтытомдықта (151-б.) қалпына келтірілген, осы академиялық басылымда бұл сөз түпнұсқа мәтініне сай берілді.
Абайдың әйелді сымбаттауы. Түпнұсқа (5-б.) мен 1989 жылғы (138-б.) жинақтағы «Аласыз….» деген сөз 1991 жылғы жинақта (341-б.) «Аласы аз…» деп берілген екен. «Көрінер аузын ашса, кірсіз тісі» деген жолдар 1989 жылғы жинақта (138-б.) түпнұсқадағыдай (5-б.) дұрыс берілсе, 1991 жылғы (341-б.) жинақта «Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі» болып, сөздердің орны ауысқан.
Түпнұсқадағы (6-б.) «Тамағын үлбіреген кір шалмайды» деген өлең жолы 1989 жылғы жинақта (138-б.) түпнұсқадағыдай жазылса, «Ақ жолда» (341-б.) «Үлбіреген тамағын күн шалмайды» болып «тамағын» деген сөз бен «үлбіреген» сөздерінің орны ауысып, «кір» сөзінің орнына «күн» болып берілген. Сонымен қатар 2003 жылғы (166-б.) көптомдық пен 2013 жылғы алтытомдықта (152-б.) «Тамағын үлбіреген күн шалмайды» деп «кір» сөзінің орнына «күн» болып өзгеріске түскен.
Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» деген өлеңіндегі «Үлбіреген тамағын күн шалмайды» деген жол «Әдебиет танытқыш» еңбегінің түпнұсқасында (6-б.) «кір шалмайды» болып берілген. 1884 жылы жазылған ақынның бұл өлеңі Абай шығармаларының қолжазбаларында (1905, 1906, 1910), алғашқы 1909 жылғы басылым мен кейінгі академиялық жинақтардың бәрінде «Үлбіреген тамағын күн шалмайды» деп берілген. Бұл академиялық жинақта «Әдебиет танытқыш» түпнұсқасы бойынша берілді.
Сондай-ақ, осы өлеңнің соңғы шумағындағы (6-б.) «Шашы бар қолаң қара жібек талдай» деген жол 1989 (139-б.), 2003 (166-б.), 2013 жылғы басылымдарда түпнұсқаға сай берсе, 1991 жылғы басылымда (341-б.) «Қолаң қара шашы бар жібек талды» болып сөздердің реттік орны өзгеріске түсіп, «талдай» деген сөз «талды» болып берілген. Бұл академиялық жинақта «Әдебиет танытқыштың» түпнұсқасы негізге алынды.
Абайдың күзгі күнді суреттеуі. «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі «сурет» сөзі түпнұсқада әр түрлі болып жазылған. Кейбір тұстарда «сүгірет» деп берілсе, кейбір тұстарда «сурет» болып жазылған.
Түпнұсқада (6-б.) «Айырылған жапырағынан…» деген сөз тіркесі 1991 жылғы басылымда (341-б.): «Жапырағынан айырылған…» деп орындары ауысқан. 1989 (139-б.), 2003 (166-б.), 2013 жылғы алтытомдықта өзгермеген.
Түпнұсқадағы (6-б.) «Астында ақ шөміші жүр, ол бір керуен» деген өлең жолы 1989 (139-б.), 1991 (342-б.) жылғы жинақтарда «Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен» деп өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (6-б.) осы өлеңнің «Қай ауылды көрсең де жабырқаңқы» тармағындағы «жабырқаңқы» сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (152-б.) «жабыраңқы» болып өзгеріске түскен. Басқа жинақтар түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқадағы (7-б.) «Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда көрсең» деген өлең тармағы 1989 жылғы жинақта (139-б.) дәл осы ретпен берілсе, 1991 жылғы басылымда (342-б.) «Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең» деп сөздердің орны ауысқан. 2003 (166-б.) жылғы бестомдық пен 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағы түпнұсқаға сәйкес түзетіліпті. Аталған өзгерістер осы академиялық жинақта түпнұсқа мәтіні негізінде қалпына келтірілді.
Абайдың «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан» деп басталатын «Күз» атты өлеңінде кездесетін «Тойғаны ма, білмеймін, тоңғаны ма» деген жол бұл түпнұсқада «Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма» деп берілген. Ақынның 1888 жылы жазылған бұл өлеңі Абай шығармаларының қолжазбаларында (1905, 1906, 1910), алғашқы 1909 жылғы басылым мен кейінгі академиялық жинақтардың бәрінде «Тойғаны ма, білмеймін, тоңғаны ма» болып берілген. Бұл академиялық жинақта «Әдебиет танытқыштың» түпнұсқасы негізге алынды.
Мағжанның толқынды кескіндеуі. Түпнұсқадағы (7-б.) «Мағжанның толқынды кескіндеуі» деген атау 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (153-б.) «Мағжанның толқынды сипаттауы» болып «кескіндеуі» сөзі өзгеріске ұшыраған. Басқа жинақтарда түпнұсқадағыдай берілген.
Түпнұсқадағы (7-б.) «Күміс кеусер суымен» тармағындағы «кеусер» сөзі барлық жинақтарда «кәусар» болып берілген. Орфографиялық жазу емлесіне сәйкес бұл академиялық жинақта да «кәусар» болып берілді.
Түпнұсқа (8-б.) мен 2003 (167-б.), 2013 жылғы алтытомдықта (153-б.) «Жасымен жуып жар тасын» деген тармақ 1989 жылғы жинақта (140-б.) «Жасымен жуып жартасы» болып өзгеріп, «н» әрпі түсіп қалса, 1991 жылғы жинақта (342-б.) керісінше «Жасымен жуып жер тасын» деп «жар» сөзі «жер» болып өзгерген. Өзгерген сөз түпнұсқа бойынша 2003 жылғы көптомдықта түзетіліпті, осы академиялық басылымда 2003 ж. көптомдық бойынша берілді.
Түпнұсқадағы (8-б.) және 2003 ж. көптомдық (167-б.) пен 2013 жылғы алты томдықта «Өледі толқын тұрады» деген өлең жолы 1989 жылғы жинақта (140-б.) «Өледі толқын, тынады» деп, 1991 жылғы жинақта (342-б.) «Өледі, толқын туады» болып берілген. Түпнұсқа негізге алынып, осы академиялық жинақта өзгертулер түпнұсқа мәтіні негізінде қалпына келтірілді.
Абайдың ән мен күйді сөзбен сипаттап танытуы. Түпнұсқадағы (8-б.)
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
шумағындағы «шырқап», «сыйды» сөздері 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында «шырқып», «сынды» болып өзгеріске түсіп, «ләззаты» сөзінен кейінгі «бәрі» сөзі мүлдем кездеспейді. 1989 (140-б.), 1991 (342-б), 2003 (168-б.) жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (9-б.) «Көбінесе ән басы келер ащы» деген тармақ 1989 (140-б.), 2003 (168-б.), 2013 (154-б.) жылғы жинақтарда түпнұсқадағыдай берілсе, 1991 жылғы жинақта (342-б.) «келер» сөзі «келеді» болып өзгерген.
Түпнұсқадағы (9-б.) «Кел тыңда деп өзгеге болар басшы» деген өлең жолы 1991 жылғы басылымда «Кел, тыңда!» деп өзгеге болар басшы» деп берілсе, 1989 (140-б.), 2003 (168-б.), 2013 (154-б.) жылғы жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Келесі тармақтағы «…дүңгір-күңгір…» деген сөз тіркесі 1989, 2003, 2013 жылғы жинақтарда түпнұсқадағы қалпын сақтаса, 1991 жылғы жинақта (342-б.) бұл тіркес «…қаңгыр-күңгір…» деп өзгеріске ұшыраған. 2003 жылғы көптомдық 1926 жылғы түпнұсқаны (9-б.) негізге алған, осы академиялық жинақта түпнұсқа қалпы сақталынды.
Абайдың «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» деген өлең «Әдебиет танытқыштың» түпнұсқасында толық берілмеген. «Адам аз мұны біліп ән саларлық» деп басталатын жолдан «Сол жеріне ойыңмен араласшы» деген жеріне дейін, сондай-ақ «Білімдіден аяман сөздің майын» деген жолдан соңына дейінгі жолдар түсіп қалған.
1896 жылы жазылған бұл өлең Абай шығармаларының 1905, 1910 жылғы қолжазбаларында кездеседі. Сонымен бірге, 1909 жылғы алғашқы басылымда «Өлең туралы» деген 2-бөлігінде берілген.
Осы өлеңнің «Жаманға «жар» деген-ақ ән көрінер» деп басталатын соңғы шумағы 1909 жылғы жинақ пен Мүрсейіт қолжазбаларында кездеспегенімен де, Абай шығармаларының 1933, 1939, 1945, 1977, 1995, 2002 жылғы басылымдарынан орын алған.
Сондай-ақ, ақынның осы өлеңінің «Жас балаша көңілді жақсы уатар» деген жолы бұл түпнұсқада «Жас балаша көңілді жақсы оятар» болып берілген. Әсілі, «көңілді жақсы уатар» деген сөз қисынды. Сондықтан да бұл академиялық жинаққа «уатар» деп берілді.
Сөз өнері. Түпнұсқа (9-б.) және 1989 жылғы жинақтағы (141-б.): «…ұғу…» сөзі 1991 жылғы жинақта (343-б.) «…ұғыну…» болып өзгерген. Сондай-ақ түпнұсқадағы (9-б.) «….бернесіне…» сөзі 1991 жылғы басылымда (343-б.) «…бейнесіне…» деп берілген. Ал 1989 (141-б.), 2003 (168-б.) көптомдық пен 2013 жылғы алтытомдық жинақтарында түпнұсқадағы қалпы сақталып, өзгерген сөздер түпнұсқа бойынша беріліпті.
Түпнұсқада (10-б.) «Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар…» деген сөйлем 1989, 2003, 2013 жылғы жинақтарда дұрыс берілсе, 1991 жылғы жинақта (343-б.) «…асқан…» сөзі түсіп, «Сөз өнері жүзінде өнерпаздар…» деп жазылған.
Түпнұсқа мәтінінде (10-б.) «Мүдесін тілмен айтып жеткізу қиын екендігін, оған өте шеберлік керек екендігін мынадан байқауға болады» деген сөйлемдегі «оған өте шеберлік керек екендігін» деген тіркес 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (155-б.) түсіп қалған. Басқа жинақтарда түпнұсқадағыдай берілген.
Түпнұсқадағы келесі сөйлемдегі «баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен» сөйлеміндегі «талай түзетіп» тіркесі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (155-б.) түсіп қалған. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (10-б.) «келістіретіндері аз болады» тіркесіндегі «келістіретіндері» сөзі 1991 ж. жинақта «келістіретіндер» болса, ал 2013 жылғы алтытомдық жинақта (155-б.) «келістіргендері» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқа (10-б.) мен 1989, 2003, 2013 жылғы басылымдардағы «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген өлең жолындағы «әркімнің-ақ» сөзі 1991 жылғы жинақта (343-б.) «әркімнің де» болып өзгерген. «Сонда да ішінде бар таңдамасы» деген келесі тармақтағы «ішінде» сөзі 1991 жылғы жинақта (343-б.) қолданылмай, «Сонда да солардың бар таңдамасы» деп, «ішінде» сөзі «солардың» болып өзгеріске түскен. 1989, 2003, 2013 жылғы жинақтар түпнұсқадан ауытқымай, сол қалпында берілген.
Түпнұсқа (11-б.) мен 1989, 2003, 2013 жылғы жинақтардағы «Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен…» деген тіркестегі «әркімнің» сөзі 1991 жылғы жинақта (343-б.) «әр кісінің» деп өзгертілген. Өзгеріске ұшыраған сөз түпнұсқа бойынша 2003 жылғы бестомдық шығармалар жинағында түзетіліпті, осы басылымда түпнұсқа негізге алынды.
Түпнұсқадағы (11-б.) «Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз заңынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білу қажет» деген сөйлемде «лебіз заңынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы» деген сөздер 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (155-б.) мүлдем кездеспейді. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (11-б.) «бәрі шығарма болады» сөйлеміне 2013 ж. алтытомдықта (156-б.) «шығарма» сөзінен кейін «сөз» сөзі қосылып, «шығарма сөз» болып өзгеріске түскен. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (12-б.) «сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады» сөйлеміндегі «шығарманың» сөзі 2003 (170-б.) бестомдық шығармалар жинағы мен 2013 (156-б.) жылғы алтытомдық шығармалар жинағында түсіп қалған. 1989 ж. жинақ (142-б.) пен «Ақ жолда» (344-б.) түпнұсқа қалпы сақталған.
Сондай-ақ, түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «…сөз тізу салттарынан, шарттарынан…» деген сөйлемдегі «салттарынан» сөзі 1991 жылғы жинақта кездеспейді. Түпнұсқа (11-б.) 2003 жылғы бестомдық пен 2013 жылғы алтытомдықта қалпына келтірілген, осы академиялық басылымда түпнұсқа мәтіні негізге алынды.
Шығарма сөз. Түпнұсқадағы (11-б.) «Ауыз шығарған сөз болсын…» сөйлеміндегі «Ауыз шығарған» деген сөз тіркесі 2013 жылғы алтытомдықта «ауызша шығарылған» (156-б.) болып өзгеріске түскен. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған. Аталған өзгеріс түпнұсқа мәтіні негізінде қалыпқа келтірілді.
Тақырып. Түпнұсқа (12-б.) мен 1989 (142-б.), 1991 (344-б.) жылғы басылымдарда «…болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады» деп түпнұсқадағыдай берілсе, 2003 (170-б.) бестомдық пен 2013 жылғы алтытомдықта (156-б.) «шығарманың» деген сөз түсіп қалған. Түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы (142-б.) «…болса, тақырыбы «той» болады» деген тіркес 1991 жылғы жинақта (344-б.) «…болса, шығарманың тақырыбы той болады» деп «шығарманың» деген сөз қосылған.
Түпнұсқа мәтініндегі (12-б.) «кім туралы айтылатын әңгіме екенін бірден білеміз» сөйлеміндегі «айтылатын әңгіме» тіркесі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (156-б.) түсіп қалған. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы «Және бұл сөздер Айман–Шолпан, Бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай Жомарт турасында…» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда «…болады және бұл сөздер «Айман–Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» турасында…» деп әрбір есім тырнақшамен берілген. Ал 1991 жылғы «Ақ жолда» (344-б.) жыр атаулары түпнұсқамен сәйкес берілген. Тек қана «Айман–Шолпан» деген сөз үтір арқылы «Айман, Шолпан» деп өзгеріс тапқан. Екі жинақтың да өзгеріске ұшыраған тұстары 2003 ж. көптомдық пен 2013 жылғы алтытомдық жинақтарында қалпына келтірілген.
Түпнұсқа мәтініндегі «пікір айтылып кетеді» тіркесіндегі «пікір» сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағынан түсіп қалған. Түпнұсқадағы (12-б.) «Өзгеге көңілім тоярсың» деген сөзі» сөйлеміндегі «деген сөзі» 2013 жылғы алтытомдықта (156-б.) мүлдем кездеспейді. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқа (12-б.) мен 1991, 2003 (170-б.), 2013 (156-б.) жылғы жинақтарда «…деген өлеңі дейміз» 1989 (143-б.) жылғы басылымда «…деген өлең дейміз» деп берілген. Аталған өзгертулерде түпнұсқа мәтіні негізге алынып, осы академиялық жинақта 1926 жылғы басылым бойынша берілді.
Жоспар. Түпнұсқадағы (13-б.) «онысы неден бастап» тіркесіндегі «бастап» сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (156-б.) «басталады» болып өзгеріс тапқан. Басқа басылымдар түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқадағы «немен адақтайтынын» тіркесіндегі «адақтайтынын» сөзі 1989 (143-б), 1991 (344-б.), 2003 (171-б.), 2013 (156-б.) ж. алтытомдықта «аяқтайтынын» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (13-б.) «Құрбысына қонуға келгені» тіркестегі «Құрбысына» сөзі 2013 ж. алтытомдық шығармалар жинағында (157-б.) «Құрбысының» болып өзгеріс тапқан. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқа (13-б.) мен 1991, 2003 (171-б.), 2013 (157-б.) ж. басылымдарда «…ата-анасы амандығын білдіруі» деген тіркес 1989 жылғы жинақта «ата-анасының амандығын білдіруі» деп «анасы» сөзіне «ның» жалғауы қосылып, өзгеріске түскен. Академиялық жинақта аталған өзгерістер түпнұсқа мәтіні негізінде қалпына келтірілді.
Мазмұн. Түпнұсқадағы (14-б.) «Аңдату мүше шығармаларда керегіне қарай болады» сөйлеміндегі «шығармаларда» сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (157-б.) «шығарманың» болып өзгеріс тапқан. Басқа жинақтар түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқадағы (14-б.) «кейде мазмұндау» тіркесіндегі «мазмұндау» сөзі 2013 ж. алтытомдықта (157-б.) «мазмұны» болып өзгеріске түскен. Басқа басылымдарда түпнұсқадағыдай берілген. Бұл академиялық жинақта өзгеріске түскен сөздер түпнұсқа қалпында берілді.
Түрі. Абайдың 1885 жылы жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңінде кездесетін «Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?» деген жол «Әдебиет танытқыш» еңбегінің түпнұсқасында (14-б.) «Қолымды дөп сермесем, ұстар ма едім?» деп берілген.
Түпнұсқадағы (14-б.) «Қолымды дөп сермесем, ұстар ма едім» деген өлең жолдарындағы «дөп» сөзі 1989 ж. жинақта (144-б.) «Қолымды деп сермесем, өстер ме едім» деп өзгерген. Ал, «ұстар» сөзі 1989 (144-б), 1991 (345-б.), 2003 (172-б), 2013 (158-б) ж. жинақтарында «өстер» болып берілген.
Сондай-ақ осы өлеңнің соңғы шумағында кездесетін «Қазақта қара сөзге дес бермедім» деген жол «Әдебиет танытқыш» еңбегінің түпнұсқасында (15-б.) «Қазаққа қара сөзге дес бермедім» деп берілген. Бұл жинақта Абайдың алғашқы басылымы (1909) мен кейінгі академиялық жинақтарындағы мәтін негізге алынып, жоғарыдағы өзгешеліктер бұл академиялық жинақта «өстер ме едім?», «Қазақта» деп берілді.
Сондай-ақ, осы өлеңдегі «Адамның бір өмірі бала деген» жол 1989 (144-б.), 2003 (172-б.) ж. жинақтар түпнұсқаға сәйкес берілсе, 1991 ж. (345-б.) жинақ пен 2013 (158-б.) ж. алты томдықта «өмірі» деген сөз «қызығы» деген сөзбен ауыстырылған.
Түпнұсқадағы (15-б.) келесі «Ақан – Жарқын бимезгіл уақықта…» сөздері 1989 (144-б.), 2013 (158-б.) ж. жинақта «Ақан: Жарқын бимезгіл уақытта…», 1991 (345-б.), 2003 (172-б.) ж. жинақта «Ақан. Жарқыным бимезгіл уақытқа…» деп берілген. Түпнұсқадағы «уақытта» сөзі «уақықта» болып баспа қателігіне ұшыраған. Сөйлемдегі контекске сай осы академиялық жинақта «уақытта» деп өзгертілді.
Осы тараудағы түпнұсқада кездесетін (16-б.) «….жаңа мына бір…» сөз тіркесі 1989 (145-б.), 2003 (173-б.), 2013 (159-б.) ж. жинақтарда өзгертілмей берілген болса, 1991 ж. жинақта (345-б.) «мына» сөзі «ғана» сөзімен ауыстырылған.
Түпнұсқа (16-б.) мен 1989 (145-б.) жылғы басылымда «Жаныңа жәрдем берсін, Құдай тәлам» тармағындағы «тәлам» сөзі 1991 (346-б.), 2003 (173-б.), 2013 (159-б.) жылғы жинақтарында «Құдай тағалам» деп берілген. Қазіргі орфографиялық жазылу емлесіне сәйкес осы академиялық басылымда «Құдай Тағалам» деп берілді.
Түпнұсқа (16-б.) мен 1989 (145-б.) жылғы жинақта «Ата-анаң өнер білсең асырарсың» деген өлең жолдары 1991 (346-б.), 2003 (173-б.), 2013 (159-б.) ж. жинақтарында «Ата-анаңды өнер білсең асырарсың» деп «ды» септік жалғауы қосылып, өзгеріске ұшыраған. Осы академиялық жинақта түпнұсқа мәтіні негізге алынды.
Мазмұн түрлері. Түпнұсқа мәтініндегі (19-б.) «Жоғарыда мысалға алынған шығармалардың әуезе болатын түрі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген Абай сөзі мен Кебектің Ақанға аң көргенін айтқан сөзі» 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (161-б.) «…мен Кебектің Ақанға аң көргенін айтқан сөзі» деген сөйлем түсіп қалған. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқа (19-б.) мен 2003 (175-б.), 2013 (161-б.) ж. жинақтарда «Балғожаның баласына жазған хаты» деген тіркес 1989 ж. жинақта «Болғожаның баласына жазған хаты» деп берілсе (147-б.), ал «Ақ жолда» (347-б.) «Балғожа бидің баласына жазған хаты» деп «би» сөзі қосылып, өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқа (19-б.) мен 1991 (347-б.), 2003 (175-б.), 2013 (161-б.) жылғы жинақтарда «Мазмұн түрінің аралас…» деген тіркес 1989 (147-б.) жылғы басылымда «Мазмұн түрі аралас…» болып жалғаусыз беріліп, өзгеріске ұшыраған. Осы сөйлемдегі «шығарма мысалы» тіркесіндегі «шығарма» сөзіне 2013 жылғы алтытомдықта (161-б.) «ның» жалғауы қосылып, «шығарманың» болып берілген. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске түскен сөздер осы академиялық жинақта түпнұсқа мәтіні бойынша қалпына келтірілді.
Бірінші бөлім
Сөз өнерінің ғылымы. Түпнұсқа мен 1991 жылғы басылымдағы (348-б.) «Тіл (я лұғат) деп аталады» сөйлемі 1989 жылғы басылымда (147-б.) «Тіл я лұғат деп аталады» деп, жақшасыз берілген екен.
Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «…көрнекі…» сөзі 1989 жылғы басылымда (147-б.) «…көрнекті…» болып берілген. Ал «Ақ жолда» (348-б.) «…өрнегі…» деп өзгерген.
Түпнұсқа (21-б.) мен 1989 жылғы жинақтағы (148-б.) «1) Ішкі пікір жағы, 2) тысқы тіл жағы» деген сөйлем 1991 ж. жинақта (348-б.) «1) Тысқы тіл жағы, 2) ішкі пікір жағы» деп берілген. Түпнұсқа (21-б.) мен 1989 жылғы жинақтың осы тарауында кездесетін (148-б.) «1) Шығарманың түрінің ғылымы, 2) шығарманың тілінің ғылымы» деген сөйлем 1991 ж. жинақта
(348-б.) «1) Шығарманың тілінің ғылымы, 2) шығарманың түрінің ғылымы» деп берілген. 2003 жылғы жинақ орны ауысқан сөздерді түпнұсқалық қалпына келтірген.
Түпнұсқа (21-б.) мен 1989 ж. жинақта (148-б.) «…ғылымы сөз өнерінен» тіркесіне 1991, 2003 ж. басылымдарда (177-б.) «түрінің ғылымы сөз өнерінен» болып берілсе, 2013 ж. алтытомдықта (162-б.) «ал түрінің ғылымы» деп «ал түрінің» сөзі қосылып, өзгеріске түскен.
Түпнұсқадағы 21-б.) «шығарманың тіл өңі» тіркесіндегі «шығарманың» сөзі 2013 ж. алтытомдықта (162-б.) мүлдем кездеспейді. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Осы академиялық жинақта 1926 жылғы мәтін бойынша берілді.
Тіл қисыны (яки лұғат қисыны). Осы тарауда кездесетін «кірпіш», «әдемі» сөздері түпнұсқа мәтінінде «керпіш», «әдеме» деп берілген. Осы академиялық жинақта қазіргі орфографиялық жазу емлесіне сәйкес бұл сөздер «кірпіш», «әдемі» деп берілді. Түпнұсқада (21-б.), сондай-ақ, 1989 (148-б.), 1991 (348-б.), 2003 (176-б.) ж. жинақтарда «Тіл қисыны» сөзі 2013 ж. (163-б.) жинақта «Сөз қисыны» болып өзгерген. Осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша «Тіл қисыны…» деп түзетілді.
Түпнұсқа (22-б.) мен 1989 ж. жинақта «…иленген балшықтан…» деген сөйлем (148-б.) 1991 (348-б.), 2003 (177-б.), 2013 (163-б.) ж. жинақтарда «…илеген балшықтан…» деп өзгертілген.
Түпнұсқа мәтініндегі (22-б.) «Бұл рас. Бірақ керпіш жақсы болса да қалауы жаман болса онан жақсы үй шықпайды» сөйлемі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағынан (163-б.) тұтастай түсіп қалған. Осы сөйлемнен кейінгі түпнұсқа мәтініндегі (22-б.) «Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса» деген сөйлемдегі «тілдің» деген сөз 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (163-б.) «сөздің» болып өзгеріске түскен. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (23-б.) және 1991 (349-б.), 2003 (177-б.), 2013 (164-б.) ж. жинақтардағы келесі «…жақсы білу тиіс; оларды тиісті орнына жұмсауын жақсы білуі тиіс» деген тіркес 1989 ж. жинақта (149-б.) «…жақсы білуге тиіс: олардың тиісті орнына жұмсалуын жақсы білу тиіс» деп берілген.
Түпнұсқа мәтініндегі (23-б.) «Сондай-ақ, тіліндегі сөзден құрастырып қисынын келтіріп» сөйлемінде «тіліндегі» сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (164-б.) «сөзіндегі» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқа мәтініндегі (24-б.) «өзі іс жүзінде иә ауызша айтып, иә жазып қолданумен біледі» деген сөйлемдегі «иә ауызша айтып» деген тіркес 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағынан (164-б.) түсіп қалған.
Түпнұсқа мәтініндегі келесі (24-б.) «…ана тіліндегі сөздерді әрқайсысын әртүрлі қолданады. Қысқасынан айтқанда, әркім сөзді өз қалауынша алып, өзі оңтайлы көруінше тұтынады. Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөзді сол адамның сөзі болады» сөйлеміндегі «сөздерді», «қысқасынан», «сөзді» сөздері 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (164-б.) «сөздердің», «қысқасын», «сөзі» болып өзгеріске түскен. Басқа жинақтар түпнұсқа мәтіні қалпы сақталған.
Түпнұсқа (24-б.) мен 1991 (349-б.), 2003 (178-б.), 2013 (164-б.) ж. жинақтарда «Бәрінің де ой мақсаты бір» деген сөйлем 1989 (150-б.) ж. жинақта «Бәрінің ой мақсаты бір» деп берілген.
Түпнұсқадағы (24-б.) «…тұтынған сөзді…» деген тіркес 1989 ж. жинақта (150-б.) «…тұтынған сөз…» деп, 1991 ж. жинақта (350-б.) «…тұтынған сөздер…» болып өзгертілсе, 2013 ж. жинақта (164-б.) «…тұтынған сөзі…» болып өзгертілген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқа негізінде қалпына келтірілген. Жоғарыда аталған өзгерістер 1926 жылғы мәтін
бойынша түзетілді.
Сөз талғау. Сөз дұрыстығы. Түпнұсқа (25-б.) мен 1991 (350-б.), 2003 (179-б.), 2013 (165-б.) ж. жинақтардағы «…нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын…» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда (150-б.) «… нәрселерді біліп, әрқайсысын…» болып, «жақсы» сөзі түсіп қалған.
Түпнұсқа (25-б.) мен 1989 (150-б.) ж. жинақта «дұрыс орындастыру» тіркесіндегі «орындастыру» сөзі 1991 (350-б.), 2003 (179-б.), 2013 (165-б.) ж. алтытомдықта «орналастыру» болып өзгеріске түскен.
Осы академиялық жинақта аталған өзгеріс түпнұсқа негізінде түзетілді.
Тіл тазалығы. Түпнұсқа (25-б.) мен 1989 (151-б.) ж. жинақтағы «жұртқа сіңіп» тіркесіндегі «сіңіп» сөзі 1991 (350-б.), 2003 (179-б), 2013 (165-б.) ж. басылымдарда «сіңісіп» болып өзгеріске ұшыраған.
Осы академиялық жинақта аталған өзгеріс түпнұсқа негізінде түзетілді.
Тіл (лұғат анықтығы). Түпнұсқадағы (27-б.) «сорамалдап, жорып, ұйғарып қана қоямыз» деген сөйлемдегі «сорамалдап» сөзі 1989 (151-б.), 1991 (351-б.), 2003 (180-б.), 2013 (166-б.) ж. басылымдарда «жорамалдап» болып берілген.
Түпнұсқа (27-б.) мен 1989 (151-б.), 2003 (180-б.), 2013 (166-б.) ж. жинақтарда кездесетін «Жаман қатын алсаңыз» деген сөз тіркесі 1991 ж. жинақта (351-б.) «Жаман қатын алмаңыз» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқа (27-б.) мен 1989 (151-б), 1991 (351-б.), 2003 (180-б.) ж. басылымдарда кездесетін «Жөнді жауап айта алмай» өлең тармағындағы «айта» сөзі 2013 ж. алтытомдық шығармалар жинағында (166-б.) «таба» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқада (27-б.) «Абай ұрыға қас еді: ұры ауылының маңына жоламаушы еді». Мұнда «ұры ауылының маңына» Абай «жолаушы еді» деп те ұғуға болады, ұры Абай «ауылының маңына жоламаушы еді» деп те ұғуға болады» деген сөйлемдегі «жолаушы» сөзі 1989 (152-б.), 1991 (351-б.), 2003 (181-б.), 2013 (167-б) ж. жинақтарда «жоламаушы» болып өзгеріске ұшыраған. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы (28-б.) «Абайдың мына сөзін де екі түр ұғуға болады» деген сөйлемдегі «сөзін де» деген сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында «сөзін» болып берілсе, ал «түр» деген сөз 1989 (152-б.), 1991 (351-б.), 2003 (181-б.), 2013 (167-б.) «түрлі» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқадағы (28-б.) «сабақтасулары шанақ түрде болса, әйтпесе тыныстар орнына қойылмаса» деген сөйлемдегі «шанақ» деген сөзі 1989 (152-б), 1991 (351-б.), 2003 (181-б), 2013 (167-б.) «шатақ» болып өзгеріске түскен. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқада (28-б.) «халыққа ауыл басы молда ұстатып» сөйлеміндегі «халыққа» деген сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (167-б.) «халық» болып берілген.
Түпнұсқадағы (29-б.) «басқа мағынада жұмсалғанда меңзеу өрескел болса» деген сөйлемдегі «жұмсалғанда» сөзі 2013 ж. алтытомдықта (168-б.) мүлдем кездеспейді. Басқа басылымдар түпнұсқадағыдай берілген.
Сондай-ақ, түпнұсқадағы (29-б.), 1989 (152-б.), 2003 (182-б.), 2013 (167-б.) жылғы басылымдарда «…жастардан өзінің тәрбиесіз…» деген сөйлемдегі «тәрбиесіз» сөзі 1991 жылғы жинақта (352-б.) «…жастарға өзінің тәртіпсіз…» деп берілген. Ал қалған басылымдарда түпнұсқадағы қалпы сақталған.
Түпнұсқа мен 1989 (153-б.), 1991 (352-б.), 2003 (182-б.) ж. жинақтардағы «құмырсқаның бір аяғы» тіркесіндегі «аяғы» деген сөзіне 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында «ның» жалғауы қосылып берілген.
Осы академиялық жинақта 1926 жылғы мәтін негізге алынды.
Тіл дәлдігі. Түпнұсқа мәтінінде кездесетін «мағана» сөздері барлық жинақтарда «мағына» болып берілген. Қазіргі орфографиялық жазу емлесіне сәйкес осы академиялық жинақта да «мағына» деп берілді.
Түпнұсқадағы (30-б.) «Амандес…» сөзі 1989 (153-б.), 2003 (182-бет), 2013 (168-б.) ж. басылымдарда «амәндес» болып берілген болса, 1991 ж. басылымда (352-б.) «Әуендес…» болып өзгерген. Түпнұсқадағы «…амандес сөз…» деген тіркес 1991 жылғы басылымда «…әуендес сөз…» болып, 1989 жылғы жинақта «… амәндес сөздер…» деп өзгеріске түскен.
Түпнұсқа (30-б.) мен 1989 (153-б.), 1991 (352-б.), 2003 (182-б.) ж. жинақтардағы «Және де тіл дәлдігіне» тіркесіндегі «және де» сөзі 2013 (168-б.) ж. алтытомдықта кездеспейді.
Түпнұсқадағы (30-б.) «көзімнен көрі» тіркесіндегі «көзімнен» сөзі 1989 (153-б.), 1991 (352-б.), 2003 (183-б.), 2013 (168-б.) ж. жинақтарда «көзіммен» болып өзгеріске түскен. Алайда, контекске қарасақ, «көзімнен» емес «көзіммен» болуы керек. Бұл баспадан кеткен қателік болуы мүмкін. Мағынасына қарай «көзімнен» деген сөз «көзіммен» болып түзетілді.
Бұл басылымда 1926 жылғы мәтін негізге алынды.
Тіл көрнектілігі: Түпнұсқа (31-б.) мен 1989 (154-б.), 1991 (353-б.), 2003 (183-б.) ж. басылымдардағы «дәл айтылуының үстінде» сөз тіркесіндегі «үстінде» сөзі 2013 ж. алтытомдықта «үстіне» болып берілген.
Түпнұсқадағы (31-б.) «деректі затша» тіркесіндегі «затша» сөзі 2013 (169-б.) ж. алтытомдықта «заттарша» болып өзгеріске түскен. Ал 1989 (154-б.), 1991 (353-б.), 2003 (183-б.) ж. басылымдарда түпнұсқадағы қалпы сақталған. Түпнұсқадағы (31-б.) «бернесіз» және «бернелі» деген сөздер «Ақ жолда» (353-б.) «пернесіз» және «пернелі» болып өзгерген.
Ал 1989, 2003, 2013 жылғы басылымдарда түпнұсқадағы қалпы сақталған. Түпнұсқа мен 1989 (154-б.), 2003 (183-б.), 2013 (169-б.) ж. жинақтарындағы «…затша сипаттайды» деген сөз тіркесіндегі «сипаттайды» сөзі 1991 ж. жинақта (353-б.) «…затша қалыптайды» болып өзгерген. Осы академиялық жинақта түпмәтін (1926 ж.) негізге алынды.
Көріктеу. Түпнұсқа (32-б.) мен 1989 (155-б.), 1991 (353-б.), 2003 (184-б.) ж. жинақтардағы «Көріктеу» тараушасы 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (170-б.) «Көрнектеу» деп өзгертілген.
Түпнұсқаның осы тараушасындағы және басқа да тарауларында келтірілген мысалдарда «Алла» сөзі «Алда» (ادلا (деп берілген. Түпнұсқадағы кездесетін «Алда» деген сөзі бұл академиялық жинақта қазіргі орфографиялық жазылу емлесіне сәйкес «Алла» деп берілді.
Түпнұсқа (33-б.) мен 1989 (155-б.), 2003 (185-б.) жылғы жинақтағы «Көркейту иә жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, иә нәрседе болмайтын сипатты болатындай етіп айтумен болады» деген сөйлем 1991 ж. жинақта (353-б.) «Көркейту иә жай сипатты болатындай етіп теліп айтумен болады» деп өзгертілген. Ал 2013 жылғы жинақта (170-б.)
«жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, я нәрседе болмайтын сипатты» сөйлемі мүлдем түсіп қалған.
Түпнұсқа (33-б.) мен 1989 (155-б.), 1991 (354-б.), 2003 (185-б.) ж. жинақтарда кездесетін «…Жиренше шешен, …басшы…» сөздері 2013 ж. алтытомдық жинақта мүлдем түсіп қалған.
Түпнұсқадағы (33-б.) «…сияқты лебіздерде» деген сөз тіркесі 1991 (354-б.), 2003 (155-б.), 2013 (171-б.) ж. жинақтарда өзгеріссіз берілген болса, 1989 ж. жинақта (155-б.) «…сияқты лебіздерше» болып өзгерген.
Түпнұсқадағы (34-б.) «Аңдыған бөрі кірмес пе? деген өлең жолындағы «кірмес пе» сөзі 1989 (155-б.), 2003 (185-б.), 2013 (171-б.) ж. жинақтарда өзгеріссіз, ал 1991 ж. жинақта (354-б.) «көрмес пе» деп өзгерген.
Түпнұсқа (34-б.) мен 1989 жылғы жинақтағы (155-б.) «Жол тарттық құба шыңға Жемнен шығып» деген тіркес 1991 ж. жинақта (354-б.) «…жонға Жемнен шығып» деп өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқа (34-б.) мен 1991 (354-б.), 2003 (185-б.), 2013 (171-б.) ж. жинақтардағы «Тамызда қызыл мұнар астық шөлге» деген өлең жолы 1989 ж. жинақта (155-б.) «… ыстық шөлге» деп берілген.
Түпнұсқа (35-б.) мен 1989 (156-б.), 1991 (354-б.), 2003 (186-б.) жылғы бестомдықта кездесетін «Ортадан ойып жол салған» тармағы 2013 (172-б.) ж. алтытомдық жинағында түсіп қалған.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске түскен сөздер осы академиялық жинақта түпнұсқа мәтіні бойынша қалпына келтірілді.
Меңзеу. Түпнұсқа (35-б.) мен 1989 (156-б.) жылғы жинақтағы «Көрнекілеудің…» деген сөз 1991 ж. жинақта (354-б.) «Көріктеудің…» болып өзгерген.
Өзгеріске түскен сөздер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Теңеу. Түпнұсқа (35-б.) мен 1989 (156-б.), 2003 (186-б.), 2013 (172-б.) жылғы жинақтардағы «Таулардан бұлақ ағар сарқыраған» деген өлең жолындағы «бұлақ» сөзі 1991ж. жинақта (354-б.) «өзен» деп берілген.
Түпнұсқа (35-б.) мен 1989 (156-б.), 2003 (186-б.), 2013 (172-б.) жылғы басылымдардағы «Жел соқса, құйын соқса, бір қалыпта» деген тармақтың «құйын» сөзі 1991 (355-б.) ж. жинақта «ыстық» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқада (36-б.) «Шапақтан бұлт шығар мұнарланып» деген тармақтың «Шапақтан бұлт» деген тіркесі 1989 (156-б.) ж. жинақта «Шапақтап бұлт…», ал 1991 (355-б.), 2003 (186-б.), 2013 (172-б.) «Шапақтан бұлты…» деп берілген.
Келтірілген өлең жолдарының авторын А.Байтұрсынұлы «Алтынсары Ыбырай» деп берсе, 1989 (156-б.), 1991 (355-б.) ж. жинақтарда «Алтынсарин Ыбырай» деп берілген. Ал 2003 (186-б.), 2013 (172-б.) ж. жинақтар түпнұсқаға сай жасалған.
Түпнұсқа (36-б.) мен 1989 (156-б.), 1991 (355-б.), 2003 (186-б.) ж. бестомдықта «өлеңдерде көп келеді» деген тіркестегі «келеді» сөзі 2013 (172-б.) ж. алтытомдық жинақта «кездеседі» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқа (36-б.) мен 2003 (187-б.) ж. жинақтағы «Келтеленген жібектей» тармағы 1989 (157-б.), 1991 (355-б.), 2013 (173-б.) ж. жинақтарда «Келтеленген…» сөзі «Күлтеленген…» деп өзгертілген.
Сондай-ақ, түпнұсқа (36–37 б.) мен 1989 (157-б.), 2003 (187-б.), 2013 (173-б.) ж. жинақтағы «Қара албасты қабақтай, Піскен алма сабақтай…» деген өлең жолдарындағы «қабақтай», «сабақтай» теңеулері 1991 (355-б) ж. жинақта «қабақты», «сағақты» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (37-б.) «От орындай тұяқтан» тармағындағы «орындай» сөзі 1989 (157-б.), 1991 (355-б.), 2003 (187-б.), 2013 (173-б.) ж. басылымдарда «орнындай» болып берілген.
Түпнұсқада (37-б.)
«Бұқар барсаң құлаң бар,
Құлакты көр де, шашым көр»
өлең жолдарындағы «құлакты» сөзі 1989, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «құлаңды» болып берілген. Түпнұсқада берілген бұл өлең тармағындағы «құлак» сөзі баспадан кеткен қателік болуы мүмкін. Себебі, «к» әрпінің үстіне үш ноқат түссе, «ң» әрпі болып оқылып, «құлаң» деген сөз шығады. Жыр жолдарының мағынасына сәйкес, «қолаң» сөзі қисынға келеді. Дала фольклоры антологиясының алғашқы томы («Дала фольклорының антологиясы, 2019. Т.1.,») «Ер Тарғын» жыр жинағында (375-б.)
«Бұқар барсаң, қолаң бар,
Қолаңды көр де шашым көр!»
деп берілген. Түпнұсқада келетін «құлаң» сөзі «Ер Тарғын» жырында «қолаң» деп жазылғаны ескеріліп, академиялық жинақта бұл сөз «қолаң» деп өзгертілді.
Түпнұсқадағы (37-б.) «Әдейі теңеу жоғарыдағы келтірген жоғарыда келтірілген мысалдардағы теңеулер» деген сөйлемдегі «келтірген» сөзі 1991 (355-б.), 2003 (188-б.) «келтірілген», 2013 (174-б) ж. жинақта «жоғарыда келтірілген» болып берілген. 1989 ж. жинақта түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқа (37-б.) мен 1991 (355-б.), 2003 (187-б.), 2013 (173-б.) «Зергер барсаң қасында» тармағы 1989 (157-б.) ж. жинақта «Зергерге барсаң…» деп өзгеріске ұшыраған.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске түскен сөздер осы академиялық жинақта түпнұсқа мәтіні бойынша қалпына келтірілді.
Ауыстыру. Түпнұсқада (38-б.) «Мұнда күннің желдетуі…», «келтіретін зақымы» сөз тіркестеріндегі «Мұнда», «келтіретін» сөздері 2013 (174-б.) ж. алтытомдықта «Мына», «келтірген» болып өзгеріске түскен.
Сондай-ақ, осы тараушадағы түпнұсқада келетін «сөзді өзгелеп айту» тіркесіндегі «сөзді» деген сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағынан мүлдем түсіп қалған. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Бұл академиялық жинақта аталған өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Бейнелеу. Түпнұсқадағы «Қырық мысалдан» келтірілген мысалда (39-б.) «Бұйдайлар басы толық иіліп тұр» тармағындағы «Бұйдайлар» сөзі 1989 (158-б.), 1991 (356-б.), 2003 (188-б.), 2013 (174-б.) «Бидайлар» болып берілген. Осы академиялық жинақта «Бидайлар» деп берілді.
Түпнұсқа (39-б.) мен 1989 (158-б.), 2003 (189-б.), 2013 (175-б.) ж. жинақтардағы «Шақырып тұрар, құбылып кел деп мұнда» деген өлең жолындағы «құбылып» сөзі 1991 (356-б.) ж. жинақта «…күліп…» болып өзгерген.
Түпнұсқа (39-б.) мен 2003 (189-б.) басылымдағы «Алтынсары Ыбырай», «Наушабай Нұржаны», «Қожамжан» атаулары 1989 (158-б.) ж. жинақта «Алтынсарин Ыбырай», «Наушабаев Нұржан», «Ақ жолда» «Алтынсарин Ыбырай», «Наушабай Нұржаны», 2003 (189-б.) «Алтынсары Ыбырай», «Наушабай Нұржаны» деп, ал 2013 (175-б.) «Алтынсары Ыбырай», «Наушабайдың Нұржаны», «Қожамжар» деп берілген.
Түпнұсқадағы (39-б.) «…жана тауым» деген тіркес 1989 (158-б.) ж. жинақта «…жаңа тауым», ал 1991 (356-б.), 2003 (189-б.), 2013 (175-б.) ж. жинақтарда «…және Тауым» деп өзгертілген. Түпнұсқадағы (39-б.) «Сұбықанқұл сұңқар…» деген тіркес 1989 (158-б.) «Сүбіқанқұл сұңқар…», 1991 (356-б.), 2003 (189-б.) «Сұбқанқұл сұңқар…» деп, ал 2013 (175-б.) «Сыбанқұл сұңқар…» деп өзгерістерге ұшыраған.
Түпнұсқа (39-б.) мен 1991 (356-б.), 2003 (189-б.), 2013 (175-б.) ж. жинақтарда «Атаңыз қиналады…» деген тіркесте «Атаңыз…» сөзі 1989 (158-б.) ж. жинақта «Анаңыз…» болып өзгерген.
Түпнұсқадағы (40-б.) Шернияз ақыннан келтірілген мысалда
«Көшкенде көштің көркі көгіршінім,
Қадірі кетсе мұның өтеді деп»
деген өлең жолдарындағы «көгіршінім» сөзі 1989 (158-б.), 1991 (356-б.), 2003 (189-б.), 2013 (175-б.) ж. басылымдарда «көгершінім» болып берілген. Осы академиялық жинақта бұл сөз қазіргі орфографиялық жазылу емлесіне сәйкес «көгершінім» болып берілді.
Түпнұсқадағы «Ер Тарғын» жырынан келтірілген мысалда
«Асыранды қазы едім.
Жылқыда шаңқан боз едім»
өлең жолдарындағы «қазы», «боз» сөздері 2013 ж. алтытомдық жинақта (175-б.) «қызы», «бозы» болып өзгеріске түскен. 1989 (158-б.), 1991 (356-б.), 2003 (189-б.) ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы келесі (40-б.) «Белбеуді бел қышиды шешерінде» тармағындағы «шешерінде» сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (176-б.) «шешеріңде» болып берілген. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (41-б.) «келтірген мысалдардағы», «жел сөз» тіркестеріндегі «келтірген» сөзі «келтірілген» деп, ал «жел сөз» деген сөзі «суық жел» болып өзгеріске ұшыраған. 1989 (159-б.), 1991 (357-б.), 2003 190-б.) ж. жинақтарда түпнұсқадағыдай берілген.
2003 (190-б)., 2013 (176-б.) ж. жинақтарда «…тілдікі болады да … лұғаттікі болады» деген тіркес түпнұсқадағыдай берілсе, ал 1989 (159-б.) «…тілдік болады да … лұғаттік болады», 1991 (357-б.) басылымда «…тілдегі болады да … лұғаттағы болады» деп өзгерістерге ұшыраған.
Түпнұсқада (41-б) «…бақыт құс…» деп берілген сөз 1991 (357-б), 2003 (190-б), 2013 (176-б) ж. жинақтарда өзгеріссіз келтірілген болса, 1989 (159-б) ж. жинақта «…бықыт құс…» болып қате берілген.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске түскен сөздер осы академиялық жинақта түпнұсқа мәтіні бойынша қалпына келтірілді.
Алмастыру. Түпнұсқадағы (41-б.) «ондай ауысу» тіркесі 2013 жылғы алтытомдықта (176-б.) «андай ауыстыру» болып өзгеріске ұшыраған. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (41-б.) келесі «ұйқыда жатқанда», «ауылдың адамы» тіркестеріндегі «жатқанда» деген сөз 2013 ж. (176-б.) «жатыр» болып, ал «ауылдың» деген сөз мүлдем кездеспейді. Басқа басылымдарда түпнұсқадағыдай берілген.
Түпнұсқадағы (42-б.) «…Кеншібайдың айтысқан… Кеншібайдың сөзінде…» деген тіркес 1989 (159-б.) ж. жинақта «Кенішбайдың… Кенішбайдың сөзінде…» деп, ал 1991 (357-б.) ж. жинақта «Кеншімбайдың…», 2003 (190-б.) «…Кеншінбайдың…», 2013 (177-б.) «…Кеншімбай…» деп берілген.
Түпнұсқадағы «бұлғары» деген сөз 1989 (159-б.), 1991 (357-б.), 2003 (190-б.), 2013 (177-б.) ж. басылымдарда «былғары» деп берілген. Осы академиялық жинақта қазіргі орфографиялық жазу емлесіне сәйкес «былғары» деп берілді.
Түпнұсқа (42-б.) мен 1989 (160-б.), 1991 (357-б.), 2003 (191-б.) ж. жинақтардағы «Мұнда» деген сөз 2013 (177-б.) ж. алтытомдықта «мұндағы» болып беріліп, «киім орнына киімдердің істелген заты» деген сөйлем 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында мүлдем түсіп қалған.
Келесі 1989 (160-б.) ж. жинақта «…иесін айтамыз» деген тіркес түпнұсқадағыдай (42-б.) берілсе, 1991 (357-б.), 2003 (191-б.), 2013 (177-б.) ж. жинақтарда «…иесін атаймыз» деп өзгеріске ұшыраған. Бұл академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Кейіптеу. Түпнұсқа (42-б) мен 1989 (160-б), 2003 (191-б), 2013 (177-б) ж. жинақтардағы «Жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне…» деген тіркес 1991 (357-б) ж. жинақта «Жансыз нәрсенің күйіне…» болып қысқартылған.
Түпнұсқадағы (43-б.) «Қапқаздан шықты жайнап, қылып у-шу» өлең тармағындағы «Қапқаздан» деген сөз 1989 (160-б.), 1991 (358-б), 2003 (191-б.), 2013 (177-б.) ж. жинақтарда «Кавказдан» болып берілген. Осы академиялық жинақта қазіргі орфографиялық жазу емлесіне сәйкес бұл сөз «Кавказ» болып берілді.
Түпнұсқадағы осы өлеңде кездесетін (43-б.) «Кім қытықса жолымда күйреткенмін» өлең тармағындағы «қытықса» сөзі 1989 (160-б.), 1991 (358-б.), 2003 (192-б.), 2013 (178-б.) ж. басылымдарда «қақтықса» болып өзгеріске ұшыраған. Мүрсейт қолжазбалар негізінде дайындалған 2020 жылы жарық көрген Абайдың академиялық жинағында «қақтықса» деп берілген. «Қақтықса» деген сөз қисынға келеді. Баспадан кеткен қателік болуы мүмкін.
Сондай-ақ, түпнұсқа (43-б) мен 1989 (160-б), 2003 (192-б), 2013 (178-б) жылғы басылымдардағы «Бұлттың суын ішіп ержеткенмін» деген өлең жолындағы «суын» сөзі 1991 (358-б) жылғы жинақта «сүтін» деп берілген.
Түпнұсқадағы (44-б.) келесі «Тау-тасқа, адамзатқа келіп жанжал» деген өлең жолының «келіп» сөзі 1989 (160-б.), 1991 жылғы жинақтарда (358-б.) «салып» деп өзгеріске ұшыраған. 2003 (192-б.), 2013 (178-б.) жылғы басылымдарда түпнұсқадағы қалып сақталған.
Және де «Асау терек долданып, буырқанып» деген өлең 1989 жылғы басылымда «Лермонтовтан» деп берілген. «Ақ жол» (358-б.), 2003, 2013 ж. басылымдар мен түпнұсқада «Абай» деп көрсетілген.
Абайдың «Асау Терек долданып, буырқанып» деген өлеңінде «Кім қақтықса жолымда күйреткенмін» деген жолы түпнұсқада «Кім қитықса жолымда күйреткенмін» деп берілген. М.Ю. Лермонтовтың «Дары Терека» (1898 жылы жазылған) атты бұл өлеңін Абай «Теректің сыйы» деген атпен аударғаны белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбегіне бұл өлеңді толық алмастан, «Әпкелген бұғы менен маралым бар» деген жолға дейінгі алғашқы бес шумақты ғана берген. Абайдың 1909 жылғы алғашқы басылымында «Қатынды алды, қитықсыз араласты» деген жол кездеседі. Мәтінде «Кім қитықса», «Қитықсыз араласты» сөздері кездесетіндігін ескеріп, бұл жинақта «Әдебиет танытқыштың» түпнұсқасын негізге алып, «қитықса» деп бергенді жөн деп таптық.
Түпнұсқадағы Абайдың осы аудармасынан келтірген мысалдың «Сәлем-сауқат әкелдім, қос көріп ал» деген соңғы тармағындағы «қос» сөзі 1989 (160-б.) ж. жинақта «қош» болып берілсе, 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «хош» деп берілген. Бұл баспадан кеткен қателік болуы мүмкін. Себебі, «с» әрпінің үстіне үш ноқат қойылса, «ш» болып, бұл сөз «қош» деп оқылады. Мүрсейіт қолжазбалар негізінде дайындалған 2020 жылы жарық көрген Абайдың академиялық жинағында (343-б.) бұл сөз «қош» болып берілген. Аталған сөз бұл академиялық жинақта «қош» болып берілді.
Бернелеу. Түпнұсқа (44-б) мен 1991 (358-б), 2003 (193-б) ж. жинақтарда кездесетін «…бернелеу болады» мен «…айналып кеткен болады», «…сөздің түрі болады» тіркестері 1989 (161-б) ж. жинақта «…бернелеу», «…айналып кеткен», «…сөздің түрі» деп «болады» сөздері түсіп қалған. Ал 2013 ж. жинақта (178-б.) «Қазақтың бернемен сөйлеп отыр дегені осы бернелеу болады» деген сөйлем толығымен түсіп қалған.
Түпнұсқа мәтінінде (44-б.) «Қазақтың бернемен сөйлеп отыр дегені осы бернелеу болады» сөйлемі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (178-б.) мүлдем кездеспейді. Түпнұсқада келесі сөйлемдегі «Бейнелеу бернелеумен» сөз тіркесі 2013 ж. алтытомдық шығармалар жинағында (178-б.) «Бейнелеу мен бернелеудің» болып орны ауысқан. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқа (44-б.) мен 1989 (161-б.), 1991 (358-б.), 2003 (192-б.) ж. жинақтарда «Көңілін көгертуге құл халықтың» деген өлең тармағындағы «құл» деген сөз 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында «құр» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (45-б.) «Айналып, аламен деп, отқа күйген» тармағындағы «аламен» сөзі 1989 (161-б.), 1991 (358-б.), 2003 (193-б.), 2013 (179-б.) ж. жинақтарда «аламын» болып өзгеріске түскен. Контекстік мағынасы «аламын» деген дұрыс келеді. Осы академиялық жинақта «аламын» болып берілді.
Түпнұсқадағы (45-б.) «Мұнда «мен бір шам» дегеннен бастап аяғына шейін бейнелеу болады» деген сөйлемдегі «мен бір шам»… шейін бейнелеу…» деген тіркестер 1989 (161-б.) ж. жинақта «сен бір шам»…шейін бейнелеу…» деп берілсе, 1991 (358-б.) ж. жинақта «мен – пәруана»… дейін» деп берілген, ал 2003 (193-б.), 2013 (179-б.) ж. жинақтарда «мен бір шам»… дейін» деп берілген. Алайда, контекске қарасақ, «мен» емес «сен» болуы керек. Бұл баспадан кеткен қателік болуы мүмкін. Мағынасына қарай «мен» деген сөз «сен» болып түзетілді.
Түпнұсқадағы (45-б.) «Бернелеу мысалы» деген сөз тіркесі 2003 (193-б.) ж. жинақта «Бейнелеу мысалы» деп берілсе, бұл сөз 2013 ж. жинақта (179-б.) «Бейнелеудің тағы бір мысалы» деп өзгеріске ұшыраған. Ал қалған басылымдарда түпнұсқадағы қалпы сақталған.
Түпнұсқа мен 1989 (162-б.), 1991 (359-б.), 2003 (193-б.) ж. жинақтардағы «Бұл келтірген екі мысалдың екеуінде де адамның күйінің» деген сөйлемдегі «келтірген», «адамның» сөздері 2013 жылғы алтытомдықта «келтірілген», «адам» болып берілген.
Түпнұсқа (47-б) және 1991 (359-б), 2003 (194-б) ж. жинақтардағы «Көңілін көгертуге…» деген тіркес 1989 ж. жинақта (162-б.) «Көңілін көтеруге..» деп өзгертілсе, 2013 ж. жинақта (180-б.) «деген бернелеудің айырықша баяндауы жоқ. Бірақ кімге айтылып отырған сөз екенінің ұшығы көрсетілген; «Көңілін көгертуге құл халықтың» деген сөйлем қалып қойған.
Түпнұсқа (47-б.) мен 1991 (359-б), 2003 (194-б), 2013 (180-б) «Әдемі бернелеуге…» деген сөз тіркесі 1989 (162-б) ж. жинақта «бернелеу» деген «бейнелеу» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (48-б.) «Мұнда бернелеуге керек болатын лұғат жайнақылығы да, лұғат ойнақылығы да түгел. Бұл мысалдың ішкі астыртын мағанасын қойып» деген сөйлемнің «лұғат ойнақылығы да түгел. Бұл мысалдың ішкі астыртын мағанасын қойып» сөйлемі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағынан (181-б) мүлдем түсіп қалған.
Түпнұсқадағы (48-б) «Кемпір, наз, өкпе, үшін қойып жатып» өлең тармағы 1989 ж. жинақта (163-б.) «Кемпір наз-өкпелерін қойып жатып» деп берілсе, қалған жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Сондай-ақ түпнұсқа (49-б.) мен 1989 (164-б.), 1991 (360-б.) ж. жинақтардағы «Солар да тап-тату жүр, біздер түгіл» өлең тармағындағы «тап-тату» сөзінен кейін 2003 (195-б.), 2013 (181-б.) ж. жинақтарда «боп» сөзі қосылып берілген.
Келесі «Тиіссіз сөгіп…» деген тіркес 1991 (360-б.), 2003 (196-б.), 2013 (182-б.) ж. жинақтарда тұпнұсқа қалпы сақталса, 1989 ж. жинақта (164-б.) «Тыюсыз сөгіп» болып өзгерген.
Сондай-ақ «Расты рас демей, танамыз ба?
Бір сөтке татулық жоқ арамызда.
Тұрмайтын ренжуге аз нәрсеге»
деген өлең жолдарындағы «сөтке» сөзі 1989 ж. жинақта (164-б.) «сәтке», 1991 ж. жинақта «тәулік» болып, ал «Расты рас демей» деген тіркес 1991 ж. жинақта (360-б.) «Расын рас демей», «аз» деген сөз «әр» болып өзгертілген.
Түпнұсқа (50-б.) мен 1989 (164-б.), 2003 (196-б.), 2013 (182-б.) жылғы басылымдардағы «…жанына келіп…» тіркесі 1991 жылғы басылымда (361-б.) «…қасына келіп…» деп берілген.
Түпнұсқадағы (49-б.) «Тура жол сонан артық табамыз ба?» тармағындағы «сонан» деген сөз 2013 ж. алтытомдық жинақта (182-б.) «содан» болып берілген. 1989 (164-б.), 1991 (360-б.), 2003 (196-б.) ж. жинақтарда түпнұсқадағыдай берілген.
Түпнұсқадағы (50-б.) «Құшағын жазыт ала жүгірісті» тармағындағы «жазыт» сөзі 1989 (164-б.), 1991 (361-б.), 2003 196-б.), 2013 (182-б.) ж. жинақтарда «жазып» болып берілген. Кейінгі жарық көрген басылымдар контекске сәйкес келеді. Түпнұсқада баспадан қателік кеткен деуге негіз бар. Сондықтан да, бұл сөз мағынасына орай «жазып» деп берілді.
Түпнұсқа (50-б.) мен 1989 (164-б.), 2003 (196-б.), 2013 (182-б.) ж. жинақтардағы «Екеуін зордан ғана айырысты» деген тармақтағы «зордан ғана» тіркесі 1991 ж. жинақта (361-б.) «…зорға әрең…» деп берілген.
Түпнұсқадағы (50-б) «Етпесе ит әдетін адасады» деген тармағы 1989 ж. жинақта (164-б.) «Әйтпесе ит әдетін…» болып, 1991 ж. жинақта (361-б.) «Өйтпесе ит әдетінен…», 2003 (196-б.), 2013 (182-б.) ж. жинақтарда «Әйтпесе ит әдетінен…» болып өзгерген.
Осы академиялық жинақта кейінгі басылымдар тарапынан өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа мәтіні бойынша қалпына келтірілді.
Әсірелеу. Түпнұсқа және (51-б.), 2003 (197-б.), 2013 (183-б.) ж. жинақтарда берілген «Ұмтылғанда қысынып» деген тіркестегі «қысынып» сөзі 1989 (165-б.) жылғы жинақта «қызынып», ал 1991 (361-б) жылғы жинақта «қысылып» деп берілген.
Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «Қош айту қиын болды кетер жерге» тармағындағы «кетер жерге» тіркесі 1991 (362-б.) жылғы жинақта «…кетер кезде» деп берілген. Ал 1989 (165-б.), 2003 (198-б.), 2013 (184-б.) жылғы басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Осы академиялық жинақта кейінгі басылымдар тарапынан өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа мәтіні бойынша қалпына келтірілді.
Мезгеу. Түпнұсқа (52-б.) және 1991 (362-б.), 2003 (198-б.), 2013 (184-б.) ж. жинақтардағы «…екінші бір ұғым…» деген тіркес 1989 ж. басылымда «екінші ұғым…» болып «бір» сөзі түсіп қалған.
Түпнұсқа (52-б.) мен 1989 (166-б.), 2003 (198-б.), 2013 (184-б.) ж. жинақтардағы «Мезгеу» тақырыпшасы 1991 жылғы басылымда (362-б.) «Меңзеу» болып өзгерген.
Түпнұсқа (53-б.) мен 2003 (198-б.), 2013 (184-б.) ж. жинақтарда «Отыз тістен шыққан сөз емес, қырық рулы…» деген сөйлем 1989 ж. жинақта (166-б.) «Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы…» болып өзгерсе, 1991 ж. жинақта (362-б.) «Отыз тістен шыққан сөз қырық рулы…» деп өзгеріске түскен.
Түпнұсқа (53-б.) мен 1989 (166-б.), 2003 (199-б.), 2013 (185-б.) ж. жинақтардағы «Ант ішкен…» тіркесі 1991 ж. жинақта (362-б.) «Ант ішіп…» болып өзгерген.
Түпнұсқадағы (53-б.) Бұдабай ақыннан келтірілген мысалда «Қарасын Алтынбектің түндігіне» тармағы 1989 (166-б.) ж. жинақта «Қарарсың Алтынбектің түндігіне», «Ақ жол» (362-б.) мен алтытомдық шығармалар жинағында (185-б.) «Қаларсың Алтынбектің түндігінде», бестомдық шығармалар жинағында (199-б.) «Қаларсың Алтынбектің түндігіне» болып өзгеріске түскен.
Осы академиялық жинақта кейінгі басылымдар тарапынан өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа мәтіні бойынша қалпына келтірілді.
Әсерлеу (лептеу). Түпнұсқа мәтініндегі (54-б.) «Әсерлеудің асылы осынан шығады» деген сөйлем 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинақтан (185-б.) мүлдем түсіп қалған. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Әсерлеу (лептеу). Арнау. Түпнұсқадағы (54-б.) «сұрай арнаулардың мысалдары» тіркесіндегі «арнаулардың» деген сөз 1989 (167-б.), 1991 (363-б.), 2003 (200-б.), 2013 (186-б.) ж. жинақтарда көптік жалғаусыз «арнау» болып қана берілген.
Түпнұсқа (54-б.) мен 1989 (167-б.), 2003 (200-б.), 2013 (186-б.) ж. басылымдардағы «Мүбтәла қып салғандай мұнша азапқа» тармағы 1991 (363-б.) ж. жинақта «Мұншама ғып салғандай бұл азапқа» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (55-б.) «Маса» жинағынан келтірілген мысалда «Қол жетіссін дегеніміз бе азатқа?» деген өлең жолындағы «қол жетіссін» деген сөз тіркесі 1989 (167-б.), 1991 (363-б.), 2003 (200-б.), 2013 (186-б.) ж. басылымдарда «қолы жетсін» болып берілген. А. Байтұрсынұлының 1922 ж. «Қазан» баспасынан жарық көрген «Маса» жинағының түпнұсқасында да (38-б.) «Қол жетіссін дегендік пе азатқа?» болып берілген. «Әдебиет танытқыш» еңбегі мен «Маса» жинағында «дегеніміз бе» және «дегендік пе» деген сөздерде ғана айырмашылық бар. Осы академиялық жинақта бұл тіркес түпнұсқа бойынша берілді.
Сондай-ақ, түпнұсқа (55-б.) мен 1989 (167-б.), 2003 (200-б.), 2013 (186-б.) ж. жинақтардағы «Балабамның таулары» деген тармағы 1991 (36.3-б.) ж. жинақта «Балапанның таулары» болып өзгерген.
Ал түпнұсқадағы келесі (56-б.) «Қан қарадан жасқанбай…» деген тіркестегі «қан» сөзі 1989 жылғы жинақта (167-б.) «Хан қарадан жасқанбай…» болып берілсе, 1991 (363-б.) ж. жинақта кездеспейді.
Түпнұсқадағы (56-б.) Қобыланды батыр жырынан келтірілген мысалда «Жан көке, кімге тапсырдың?» деген тармағы 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағынан (187-б.) мүлдем түсіп қалған. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқада (57-б.) және 1989 (168-б.), 2003 (201-б.), 2013 (187-б.) ж. жинақтарда кездесетін «Сарыарқа сайран жерім—ай» деген тармақтағы «сайран» сөзі 1991 ж. жинақта (364-б.) «қайран» болып өзгертілген.
Сонымен бірге, түпнұсқа (57-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (168-б.) «Тоқталсайшы ыстық қан» деген өлең жолындағы «тоқталсайшы» сөзі 1991 ж. жинақта (364-б.) «Тоқталмапты…» болып берілген. 2003 (201-б.) ж. бестомдық пен 2013 (188-б.) ж. алтытомдықта түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (58-б.) жарлай арнау мысалдарына келтірген Орынбай ақынның есімі «Орымбай ақын» болып беріліпті. Кейінгі жарық көрген барлық басылымдарда «Орынбай ақын» болып берілген. Осы академиялық жинақта бұл есім «Орынбай ақын» болып берілді.
Түпнұсқадағы (58-б.) «Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге // Ықыласпен тоқылық! // Оқысаңдар, балалар, // Шамына шырақ жағылар. // Тілегенің алдыңнан, // Іздемей-ақ, табылар (Алтынсары Ыбырай)» деген өлең жолдары 2003 жылғы жинақта (202-б.) осы ретпен берілсе, 1989 ж. басылымда тек автордың аты (169-б.) «Алтынсарин Ыбырай» деп жазылған. Ал 1991 жылғы басылымда (364-б.) бұл өлең шумақтары кездеспейді. 2013 ж. жинақта (188-б.) «Бір Аллаға сыйынып» деген тармағы қосылған. Сонымен қатар түпнұсқадағы осы өлеңде кездесетін «шамына» сөзі кейінгі жинақтарда «шамнан» болып берілген. Осы академиялық жинақта бұл сөз «шамнан» болып берілді.
1989 (169-б.), 2003 (202-б.), 2013 (189-б.) ж. жинақтарда кездесетін
«Пір Назар, Смайыл мен Жүсіп Назар!
Тілімді алсаң, мұныңды қой, мырзалар!
Бар ма еді, құлағыңда қалған нақыл:
«Тозған қудан топтанған қарға озар» –
(Бұдабай ақын)
деген өлең жолдары түпнұсқадан өзгертілмей алынған болса, 1991 жылғы жинақта (364-б.) бұл мысал жоқ.
Осы академиялық жинақта кейінгі басылымдар тарапынан өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа мәтіні бойынша қалпына келтірілді.
Қайталақтау. Түпнұсқа мәтініндегі «Бар деген соң бар» дегенде барды қайта-қайта айтамыз. Бару амалына көбірек назар салғызу үшін» деген сөйлемнің «Бар деген соң бар» дегенде барды қайта-қайта айтамыз» сөйлемі мен «көбірек» деген сөзі 2013 (189-б.) жылғы алтытомдық шығармалар жинағынан түсіп қалған. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (59-б.) «…назар салғызғысы келгенде…» деген тіркестегі «салғызғысы» сөзі 1991 (365-б.), 2003 (203-б.) ж. бестомдық шығармалар жинағы мен 2013 жылғы алтытомдықта (189-б.) «салғысы» болып өзгерген. 1989 ж. жинақта (169-б.) түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (59-б.)
«Ауызға алсаң, қандырад»
деген өлең тармағындағы «алсаң» деген сөзі 2013 (189-б.) ж. алтытомдықта «салсаң» болып берілген. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқа (61-б.) мен 1989 (170-б.), 2003 (205-б.), 2013 (191-б.) ж. жинақтағы «Үш атамыз…» тіркесі 1991 (366-б.) жылғы жинақта «Ұлы атамыз» деп берілген.
Түпнұсқадағы (61-б.) және 1989 жылғы жинақтағы (170-б.) «Қайталақтау бір нәрсенің ғамалын, күйін…» деген сөйлем 1991 ж. жинақта (366-б.) «…нәрсенің күйін…» деп, «ғамалын» сөзі түсіп қалса, «Қайталақтау» сөзі «Қайталау» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (62-б.)
«Балдағы жауар, сабы алтын
Алдаспаным өзіңсің»
деген өлең тармағындағы «жауар» сөзі барлық жинақтарда «жауһар» болып берілсе, ал «Алдаспаным» сөзі 1991 (366-б.), 2003 (205-б.), 2013 (191-б.) ж. басылымдарда «Алдаспан атым» болып берілген. Осы академиялық жинақта «жауар» сөзі «жауһар» болып, берілді.
Түпнұсқа (62-б.) мен 1989 (171-б.), 2003 (205-б.), 2013 (192-б.) жылғы жинақтардағы «Дүниеде неғып тұр, Адамзат бір сағат» деген жолдар 1991 (366-б.) ж. жинақта мүлдем кездеспейді.
Түпнұсқа (63-б.) мен 1989 (172-б.) ж. жинақтағы
«Ырайы аурудың қайтпаған соң»
өлең тармағындағы «аурудың» деген сөз 1991 (367-б.), 2003 (206-б.), 2013 (193-б.) ж. жинақтарда «ауруымның» болып берілген. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Қубала ақыннан келтірілген түпнұсқадағы (64-б.)
«Орта бұл қазамды келдім шаға»
өлең тармағында «Орта» деген сөз 1989 (172-б.), 1991 (367-б.), 2003 (207-б.), 2013 (193-б.) ж. басылымдарда «Ортаңа» болып берілген. Бұл сөз баспадан кеткен қателік болуы мүмкін. Бұл академиялық жинақта «ортаңа» болып берілді.
Түпнұсқадағы «Сіздерді көп беймаз…» тіркесі 1989, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «беймаз» сөзі «беймаза» болып берілсе, 1991 ж. жинақта (367-б.) «Сіздерді» деген сөз «Сөздерді» болып өзгертілген.
Түпнұсқадағы (64-б.)
«Тілекші біз қартыңыз әр күніңде.
Тілегіш әр күніңде біз қартыңыз»
өлең тармағындағы «күніңде», «тілегіш» сөздері 1989 (172-б.), 1991 (367-б.), 2003 (207-б.), 2013 (193-б.) ж. жинақтарда «күнінде», «тілекші» болып өзгеріске ұшыраған. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқа (64-б.) мен 1989 (172-б.), 2003 (206-б.), 2013 (193-б.) ж. жинақтарда кездесетін «…азар келдім» тіркесі 1991 (367-б.) ж. жинақта «…әрең келдім» деп өзгеріске ұшыраған.
Осы тарауда, түпнұсқада берілген (64-б.) «…ықсан жан тіріде» деген тіркес 1989, 2003, 2013 ж. жинақтарда сол қалпында берілсе, 1991 ж. жинақта (367-б.) «…ықсын жан тіріде…» болып өзгерген.
Аталған өзгертулер осы академиялық жинақта түпнұсқа мәтіні негізінде түзетілді.
Шендестіру. Түпнұсқадағы (65-б.) «өзгеден артығы» тіркесіндегі «артығы» деген сөз 2013 ж. алтытомдық жинақта (194-б.) «артықтығы» болып берілген. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқа (66-б.) мен 1989 ж. жинақта (173-б.) кездесетін «…қоюындағы мақсат етінің ақтығы…» деген тіркестегі 1991 (368-б.), 2003 (208-б.), 2013 (194-б.) «қоюындағы» деген сөз «қойғандағы» болып өзгертілген.
Түпнұсқа (66-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (173-б.) «беттің қызылдығы» «ешнәрсе анық көрсете алмайды» тіркестеріндегі «беттің» деген сөз 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «бетінің» болып берілсе, ал «анық» деген сөз 1991 (368-б.), 2003 (208-б.), 2013 (194-б.) ж. жинақтарда кездеспейді. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы (66-б.) «Жалғыз шиден оқ аттың» деген өлең жолы 1989 (173-б.), 2003 (208-б.), 2013 (195-б.) жылғы басылымдарда сол қалпында берілген. Бұл тармақ 1991 ж. жинақта (368-б.) мүлдем кездеспейді.
Түпнұсқадағы (67-б.) «Қырым деген шәрдің» өлең тармағындағы «шәрдің» деген сөз 1989 ж. жинақта «шаһардың» деп, ал 1991 (368-б.), 2003 (209-б.), 2013 (195-б.) ж. жинақтарда «шәһәрдің» болып берілген. Бұл сөз қазіргі орфографиялық жазылу емлесіне сай осы академиялық жинақта «шаһар» болып берілді.
Түпнұсқа (68-б.) мен 2003 (209-б.), 2013 (196-б.) ж. жинақтарда «Бойға біткен тамырың» тармағындағы «тамырың» сөзі 1989 ж. жинақта (174-б.) «тамырдың» болып өзгеріске ұшыраған.
Аталған өзгертулер осы академиялық жинақта түпнұсқа мәтіні негізінде берілді.
Дамыту. Түпнұсқа (68-б.) мен 1989 (174-б.), 2003 (210-б.) ж. жинақтардағы «Әншейін сөйлегенде дамыту мысалы мынау» деген жолдар 1991 ж. жинақта (369-б.) мүлдем кездеспейді, ал 2013 ж. жинақта (196-б.) «дамыту» сөзіне «дың» жалғауы қосылып, «дамытудың» болып өзгертілген.
Түпнұсқада (69-б.) және 1989 (175-б.), 2003 (210-б.), 2013 (196-б.) ж. жинақтарда кездесетін «Халықты қаңсылату – обал» деген сөйлемдегі «қаңсылату» сөзі 1991 ж. жинақта «қанжылату» болып өзгерген.
Түпнұсқадағы (69-б.) «Аяғын топтап басады» деген өлең жолындағы «топтап» сөзі 1991 ж. жинақта (369-б.) «топ-топ» деп өзгеріске түскен.
Ал осы өлең жолынан кейін келетін «Жүні судай тасады» өлең жолы екі басылымда да (1989, 1991) қалып қойған.
Түпнұсқадағы (69-б.)
«Жын қаққанға ұсады.
………………………………….
Ұзатпай алдын қосады.»
деген өлең жолдарындағы «ұсады» сөзі 2013 (197-б.) ж. алтытомдық жинақта «ұқсады» болып, ал «қосады» деген сөз 1991 (369-б.), 2003 (210-б.), 2013 (197-б.) ж. жинақтарда «тосады» болып өзгеріске ұшыраған. 1989 (175-б.) ж. жинақта түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (70-б.) «Тығылып Дажайдың пұтқанасына» 1989 ж. жинақта «Тығылып Дажалдың бұтқанасына» деп берілсе, 2003 ж. жинақта «Тығылып Дажалдың пұтқанасына» болып, ал 1991 ж. жинақта «дажал», «пұтқана» сөздері «тажал», «пұтхана» және 2013 ж. жинақта «пұтхана» болып жазылған. Әсілі «Дажал» болуы керек. Түпнұсқада баспагерлер тарапынан қате кеткен. Сондықтан да, кейінгі басылымдарда түпнұсқадағы кемшілік жойылған деуге негіз бар.
Осы академиялық жинақта жоғарыда келтірілген өзгерістер түпнұсқа мәтіні бойынша беріліп, ал түпнұсқада кеткен қателік («Дажай-Дажал») түзетілді.
Түпнұсқа (70-б.) мен 1989 (175-б.), 1991 (370-б.) ж. жинақтарында «Бас ұрма, ланат-манат ағашына» өлең тармағындағы «ланат» сөзі 2003 (211-б.) ж. бестомдық пен 2013 (197-б.) ж. алтытомдықта «лат» болып берілген. Бұл сөз араб тілінен енген «лат» деген сөз. Мағынасы: лат – ислам дәуіріне дейінгі кезеңдегі арабтардың пұт құдайларының атауы. Түпнұсқадан кеткен қателік болуы мүмкін. Осы академиялық жинақта «лат» болып берілді.
Түйдектеу. Түпнұсқадағы «Аз сөзге…» тіркесі 1989 ж. жинақта (175-б.) «Аз» сөзі «Әр» болып өзгеріске ұшыраған. Қалған басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (70-б.) «…сиреп түседі» деген тіркес 1989 (176-б.), 1991 (370-б.) ж. жинақтарда «сиреп» сөзі «сирей» болып өзгертілген. Ал 2003 (211-б.), 2013 (198-б.) ж. жинақтар түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқа (71-б.), 2003 бестомдық шығармалар жинағы мен 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинақтарында «…ерік ұранымыз, бірлік – Құранымыз болсын» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда (176-б.) «…ерік – ұранымыз, бірлік – құранымыз болсын» деп берілсе, «Ақ жолда» (370-б.) «…ерік ұранымыз болсын, ерлік-бірлік құранымыз болсын» деп өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқада мына сөйлем (71-б.) «Бақ ерікте; ерік ерлік пен бірлікте; ерік ұранымыз – бірлік 1) Құранымыз болсын»
Шырша
Бақ ерікте; ерік ерлік пен бірлікте; ерік; ұранымыз болсын ерлік-бірлік Құранымыз болсын».
Шырша»
деп мәтінде қатарынан екі рет қайталанып келген. Екеуінде екі түрлі өзгеріспен берілген екен. Бұл баспадан кеткен қателік болуы мүмкін. Сондықтан да осы академиялық жинақта бір ғана ретпен берілді. Жоғарыда берілген қателіктер түзетіліп, түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Бүкпелеу. Түпнұсқадағы автор атауы (71-б.) «Жарылғасын айқын» болып берілсе, 1989 ж. жинақта (176-б.) тек «Жарылғасын» болып берілген, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «Жарылғасын ақын» болып берілген екен. Түпнұсқадағы «айқын» сөзі баспадан кеткен қателік болу керек. Сол себепті осы академиялық жинақта автор атауы «Жарылғасын ақын» деп берілді.
Кекесіндеу. Түпнұсқадағы (72-б.) «Таласып Әлмембеттің…» деген тіркес 1989 ж. жинақта (177-б.) «Таласып Әлімбеттің…» деп өзгертілсе, қалған басылымдарда түпнұсқа бойынша берілген.
Келесі «Етпесе ит әдетін адасады» деген түпнұсқадағы (72-б.) тармақ 1989 ж. жинақта (177-б.) «Әйтпесе ит әдетін адасады» болып берілсе, 1991 (371-б.), 2003 (212-б.), 2013 (199-б.) ж. жинақтарда «Өйтпесе ит әдетінен адасады» деп өзгеріске ұшыраған.
Сондай-ақ, осы өлең жолынан кейін келетін «Дос болған адамдарға қарап тұрсақ» деген тармақтағы «тұрсақ» деген сөз 2013 (199-б.) ж. алтытомдық жинақта «тұрсаң» болып берілген. Қалған жинақтарда түпнұсқадағыдай берілген.
Түпнұсқадағы (72-б.) «Биікпен теңеп…» деген тіркес барлық жинақтарда «теңеп» сөзі «теңдеп» болып өзгеріске ұшыраған.
Жоғарыдағы өзгерістер түпнұсқалық мәтін негізінде қалпына келтірілді.
«Тіл (лұғат) әуезділігі». Түпнұсқа (73-б.) мен 1989, 2003, 2013 жылғы жинақтардағы «… да болып, құралуы мүмкін. Сөздің дыбыстары құлаққа жағымды-жағымсыз болып құралу сияқты» деген сөйлем 1991 ж. жинақта (371-б.) «…құралуы мүмкін. Сөздің дыбыстары құлаққа жағымды-жағымсыз болып» деген сөйлем түсіп қалған және «құралуы» сөзі «құралу» болып өзгерген.
Түпнұсқа (74-б.) мен 1989 (178-б.) ж. жинақтағы «жатық та емес, мол да емес» сөйлеміндегі «та» шылауы 1991, 2003, 2013 ж. жинақтардан түсіп қалған.
Өзгеріске түскен сөздер 1926 жылғы мәтін бойынша қалпына келтірілді.
Сөз әуезділігі. Түпнұсқа (74-б.) мен 1989 (178-б.) ж. жинақтағы «оңтайлы орындасуынан» тіркесіндегі «орындасуынан» деген сөз 1991 (371-б.), 2003 (214-б.), 2013 (201-б.) ж. жинақтарда «орналасуынан» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқа (75-б.) мен 1989 (178-б.), 2003 (214-б.) жылғы жинақтардағы «…апта егін қуса игі еді» деген сөйлемнің «апта егін» сөзі 1991 жылғы басылымда (372-б.) «…ата жолын…», ал 2013 ж. жинақта (201-б.) «…ата тегін қуса игі еді» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «…мосы ағаш…» деген тіркес 1991 (372-б.), 2003 (214-б.), 2013 (201-б.) ж. жинақтарда «ағаш» сөзі «ағашы» деп өзгертілген.
Өзгеріске түскен сөздер түпмәтін бойынша қалпына келтірілді.
Сөйлеу әуезділігі. Түпнұсқа мен 1989 (179-б.) ж. жинақтағы «кестесі келсе», «өрнекті сөйлемдер» тіркестеріндегі «кестесі» 2013 (202-б.) ж. алтытомдық жинақта «кестелі» болып, ал «сөйлемдер» деген сөз 1991 (372-б.), 2003 (215-б.), 2013 (202-б.) ж. жинақтарында «дер» көптік жалғауынсыз берілген.
Түпнұсқа (76-б.) мен 1991 (372-б.), 2003 (215-б.), 2013 (202-б.) ж. жинақтардағы «…сөйлеу табына жатады» деген тіркестегі «табына» сөзі 1989 ж. жинақта (179-б.) «тобына» болып өзгертілген. Академиялық жинақта «табына» деп берілді.
Кейінгі басылымдарда орын алған өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Өрнекті сөйлемдер. Түпнұсқа (77-б.) мен 1989 (180-б.), 2003 (216-б.), 2013 (203-б.) жылғы басылымдағы «Үйткені өрнекті сөйлем қанша үлкен болғанмен…» деп басталатын сөйлемнің «…яғни ішіне кіретін сөйлемдер қанша көп болғанымен…» деген жалғасы 1991 ж. басылымда (373-б.) кездеспейді. Бұл академиялық басылымда 1991 жылғы қателік түзетіліп берілді.
Осы сөйлемнен кейін келетін «Ол пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып айтуға да болады. Ол пікірді шағындап, аз сөйлеммен айтуға да болады» деген сөйлемдегі «болады. Ол пікірді» деген сөздер 2013 (203-б.) ж. алтытомдық жинақта мүлдем кездеспейді. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Сондай-ақ, түпнұсқадағы (78-б.) «Ақырда жатар орның тар лақыт жай» өлең тармағындағы «лақыт» деген сөз 1989 (180-б.), 1991 (373-б.), 2003 (216-б.), 2013 (203-б.) ж. жинақтарда «лақат» болып берілген. Бұл сөз баспагерлер тарапынан кеткен қателік болуы мүмкін. Осы академиялық жинақта «лақат» болып берілді. Осы өлең жолдарының авторын 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «Алтыбас Ақмолда» деп берілген. Алайда,
түпнұсқада авторы көрсетілмеген. 1989 жылғы жинақ түпнұсқа
бойынша берілген.
Түпнұсқадағы (78-б.) «патшаның анғамына сатқан азамат болады» сөйлеміндегі «анғамына» деген сөз 1989 ж. жинақта (180-б.) «аңғамына», ал «Ақ жол» (373-б.), 2003 (217-б.), 2013 (203-б.) ж. жинақтарда «аңғарына» болып берілген. Бұл сөз араб тілінен енген (Мағынасы «اِنْاعَم – «инғам, жақсылық, тарту, марапат, шарапат). Осы академиялық жинақта «анғамына» деп берілді.
Себепті оралым. Түпнұсқа (79-б.) мен 1989 (181-б.), 2003 (217-б.), 2013 (204-б.) жылғы жинақтарда «Ауырса жеммен емдеген» деген өлең тармағы 1991 ж. басылымда (373-б.) мүлдем кездеспейді.
Сондықтан да, бұл жинақта 1991 жылғы қателік жойылып, жоғарыдағы өлең тармағы түпнұсқа негізінде берілді.
Мақсатты оралым. Түпнұсқа (80-б.) мен 1989 (181-б.) ж. жинақта «Тобыршақ атқа зор салды» деген өлең тармағындағы «Тобыршақ» деген сөз 1991 (374-б.), 2003 (218-б.), 2013 (205-б.) ж. жинақтарда «Тобыршық» болып берілген.
Сондай-ақ, осы өлең жолында келетін «Мұздай пемір құрсанып» деген өлең тармағындағы «пемір» деген сөз басқа жинақтарда «темір» болып берілген. Түпнұсқада бұл сөз баспагерлер тарапынан кеткен қателік деуге толық негіз бар. Себебі, кейінгі жарық көрген жинақтар мағынасына сай «темір» деген дұрыс келеді. Бұл академиялық жинақта бұл сөз «темір» болып берілді.
Ұқсатпалы оралым. Түпнұсқа (82-б.) мен 1989 ж. жинақта (182-б.) берілген жыр жолдарының соңында «Ер Тарғын» деген атау берілмеген. Ал 1991 (375-б.), 2003 (219-б.), 2013 (206-б.) ж. жинақтарда «Ер Тарғын» атауы қоса берілген.
Түпнұсқада (81-б.) келетін «Айды байқай қарасам» өлең тармағындағы «байқай» деген сөз 2003 ж. бестомдық шығармалар жинағы (219-б.) мен 2013 ж. алтытомдықта (206-б.) «байқап» деп берілген. 1989 (182-б.) ж. жинақ пен «Ақ жолда» (374-б.) түпнұсқа қалпы сақталған.
Сондай-ақ, түпнұсқадағы (81-б.) келесі «Көңілдірін еріткен» тармағындағы «Көңілдірін» сөзі 1989 ж. жинақта (182-б.) «Көңілдерін», ал 1991 (374-б.), 2003 (219-б), 2013 (206-б.) ж. жинақтарда «Көгілдірін» болып өзгеріске ұшыраған. 1989 ж. басылым контекске сәйкес келеді. Түпнұсқада баспадан қателік кеткен деуге негіз бар. Сондықтан да, бұл жол мағынасына орай «Көңілдерін» деп берілді.
Түпнұсқадағы (82-б.) «Қыстың сықырлаған аязын» тіркесіндегі «сықырлаған» деген сөз кейінгі жарық көрген жинақтарда «сақырлаған» болып берілген.
Қайшы оралым. Түпнұсқа (83-б.) мен 2003 (220-б.), 2013 (207-б.) ж. жинақтардағы «Ер отаны болғанда» тармағы 1989 ж. жинақта (183-б.) «Ер ортасы болғанда» болып, ал 1991 ж. жинақта (375-б.) «Жер ортасы болғанда» болып өзгеріске ұшыраған. Осы академиялық жинақта аталған өзгеріс түпнұсқа мәтіні негізінде берілді.
Шартты оралым. Түпнұсқа (83-б.) мен 1989 (183-б.), 2003 (220-б.), 2013 (207-б.) ж. жинақтағы
«Қазан ағаш бағысын.
Түсірмесем жүзіңе,
Көрсетпесем көзіңе»
деген өлең жолдары 1991 жылғы жинақта (375-б.)
«Қазанның сырлы қаласын
Көрсетпесем көзіңе,
Түсірмесем жүзіңе»
болып әрі өзгеріп, әрі орындары ауысқан.
Түпнұсқа (84-б.) және 2003 (221.-б), 2013 (207-б.) ж. жинақтардағы «Әр уақытта көрсетіп» тармағында берілген «Әр уақытта» сөзі 1989 ж. басылымда (183-б.) «Әр уақытты» болып берілсе, 1991 ж. жинақта (376-б.) «Аруаққа» деп өзгерген.
Осы өлең жолдарында келетін (84-б.) «Жау ішінде жалынып» тармағындағы «жалынып» деген сөз 1989 (183-б.), 2003, 2013 ж. жинақтарда «жалындап» деп берілсе, 1991 (376-б.) ж. басылымда «жалданып» болып берілген. Бұл академиялық жинақта «жалындап» болып берілді.
Түпнұсқадағы (84-б.) келесі «Себілген алмас шық пен шын хош иіс» өлең тармағындағы «шық» деген сөз 2013 ж. алтытомдықта (208-б.) «шың» деп берілген. Басқа жинақтарда түпнұсқадағыдай берілген.
Бұл академиялық басылымда жоғарыдағы қателіктер жойылып, сөздер түпнұсқа бойынша берілді.
Жалғасыңқы оралым. Түпнұсқа (85-б.) мен 1989 ж. басылымда (184-б.), 2003 (222-б.), 2013 (209-б.) ж. жинақтардағы «Арқада Қобылан жатқанда» деген тіркес 1991 ж. жинақта (376-б.) «Қобыланды ойнап жатқанда» болып өзгерген.
Сондай-ақ, түпнұсқа (86-б.) мен 1989 (184-б.), 2003 (222-б.), 2013 (209-б.) ж. жинақтардағы «Тізесіне тон жетпей» деген өлең жолынан кейін келетін «Арқасынан қол кетпей» деген жол 1991 жылғы басылымда (376-б.) мүлдем кездеспейді.
Түпнұсқа (86-б.) мен 1989 (184-б.), 2003 (222-б.), 2013 (209-б.) жылғы жинақтардың осы тарауында кездесетін
«Абдастасы қолында»
Дастарханы белінде,
Пияласы қарында,
Бөтен жаудың елінде
Қызылбастың шенінде»
деген өлең жолы 1991 ж. жинақта (376–377 б.)
«Әбдестесі қолында
Белдемшесі белінде,
Пияласы қолында
Қызылбастың елінде»
болып өзгеріске ұшырап, «Бөтен жаудың елінде» тармағы кездеспейді.
Бұл академиялық басылымда жоғарыдағы қателіктер жойылып, сөздер түпнұсқа бойынша берілді.
Абайдың «Жаздыгүн шілде болғанда» деген көлемді жыр жолдарының алғашқы он тоғыз жолы берілген. Бұл өлең Мүрсейіт қолжазбалары (1905, 1906, 1910) мен 1909 жылғы алғашқы басылымда кездеседі. Сондай-ақ, 1889 жылғы «Дала уалаяты» газетінің 7-санында да жарияланған. 1886 ж. жазылған осы өлеңнің «Шұрқырап жатқан жылқының, // Шалғыннан жоны жылтылдап» дегендегі «жоны» деген сөз «Әдебиет танытқыштың» түпнұсқасында «жүні» деп берілген. Бұл академиялық басылымда Абай шығармаларының қолжазбалары мен
өлеңдер жинағын негізге алып, «Шалғыннан жоны жылтылдап» деп бергенді жөн көрдік.
Серіппелі оралым. Түпнұсқа (88-б.) мен 1989 ж. жинақта (185-б.) «…бұл жиянға» тіркесі 1991 (377-б.), 2003 (223-б.), 2013 (210-б.) ж. жинақтарда «…бұл жиһанға» болып өзгеріске ұшыраған. Егер қисынға салса, «жиянға» емес, «жиһанға» болса керек. Академиялық жинаққа «жиһанға» деп берілді.
Түпнұсқа (88-б.) мен 2003, 2013 ж. басылымдардағы «лақыт жай» тіркесіндегі «лақыт» сөзі 1989, 1991 ж. басылымдарда «лақат» болып берілген.
Түпнұсқада (88–89 б.)
«Шайылған көз жасымен жердің бетін,
……………………………………………………….
Жауыздық, жалғандықпен билесін-ақ
Бұзықтық, түзіктікті илесін-ақ
Қиналып, кім де болсаң, талыққандар,
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар.
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып,
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар»
деген шумақ 1991 ж. басылымда:
«Жабылған көз жасымен жердің бетін,
…………………………………………………………..
Жауыздық, жалғандық пен қаптағанда
Бұзықтық түзіктікті таптағанға
Қиналып, кім болсаң да, тарыққандар,
Түңіліп, үміт үзіп, жабықпаңдар!
……………………………………………
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар» –
деп, өзгеріске ұшырап, ал «Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып» деген тармағы түсіп қалған. Қалған басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Бұл академиялық басылымда жоғарыдағы қателіктер жойылып, сөздер түпнұсқа бойынша берілді.
Айырықты оралым. Түпнұсқа (89-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (186-б.) «көпке шейін» тіркесіндегі «шейін» сөзі 1991 (378-б.), 2003 (224-б.), 2013 (211-б.) ж. жинақтарда «дейін» болып берілген.
Түпнұсқа (90-б.) мен 1991 (378-б.), 2003 (224-б.) ж. басылымдардағы «Болмаса ебіліс» тіркесі 1989, 2013 ж. жинақтарда «ебіліс» сөзі «ібіліс» болып берілген. Алайда, сөздің орфографиялық жазылу үлгісі «ібіліс» болғандықтан, бұл академиялық жинақта «ібіліс» деп берілді.
Қорытпалы оралым. Түпнұсқадағы (90-б.) «оралтым қорытпалы деп аталады» тіркесіндегі «оралтым» деген сөз 1989 (186-б.), 1991 (378-б.), 2003 (224-б.), 2013 (212-б.) ж. жинақтарда «оралым» деп берілген. Түпнұсқадағы бұл сөз баспа тарапынан орын алған қателік болуы мүмкін. Осы академиялық жинақта «оралым» деп берілді.
Өлеңді сөйлемдер. Түпнұсқа (90-б.) мен 1991 (378-б.), 2003 (225-б.), 2013 (212-б.) ж. жинақтардағы «…сөзінен де әніне…» тіркесі 1989 ж. жинақта ( 187-б.) «…сөзіне де, әніне де…» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (92-б.)
«Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын әжемдей болмақ қайда, жар-жар!»
деген шумақ 1991 жылғы жинақта
«Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда, жар-жар!
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Қанша жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын шешемдей болмақ қайда, жар-жар!
деп өзгеріске ұшырап, алғашқы жол 1991 жылғы жинақты шығарушы тарапынан қосылған. Ал 1989, 2003, 2013 ж. басылымдар түпнұсқаға сәйкес берілген.
Түпнұсқада (92-б.) «Шешем-ай…» деген сөз 1991 жылғы басылымда «Шешем-ай!…» деп лепті сөйлем ретінде берілген. 1989, 2003, 2013 ж. жинақтар түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (92-б.)
«Айт, келін, айт, келін!
Атың басын тарт, келін!
Жұмыртқадан ақ келін»
деп басталатын өлең шумағы 1991 жылғы басылымда
(379-б.):
«Айт келін, енді айт, келін!
Атыңның басын тарт келін!
Сауысқаннан сақ келін!
Жұмыртқадан ақ келін!»
деп өзгеріске ұшырап, өлеңнің 2-ші тармағынан кейін «Сауысқаннан сақ келін» деген 3-ші тармақ қосылған. Қалған басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған. Келесі түпнұсқадағы «Артты түйең тартыншақ» деген тармақтағы «Артты» сөзі қалған басылымдарда «Артқы» болып берілген. Бұл түпнұсқадағы баспадан кеткен қателік болуы ықтимал. Себебі, алдыңғы тармақтағы берілген өлең жолында «Алдыңғы түйең…» болып
берілген. Контекстік мағынасына «Артқы» дұрыс келеді. Осы академиялық басылымда «Артқы…» деп берілді.
Сондай-ақ, осы өлең жолында
«Еріншек болмаса, келіншек!
Кей келіншек көңілшек,
Көңілшек болмаса, келіншек!»
деп келетін «болмаса» деген сөз 1989 (188-б.), 1991 (379-б.), 2013 (214-б.) ж. жинақтарда «болма» деп берілсе, 2003 (226-б.) ж. бестомдық жинақта түпнұсқа бойынша берілген. Алайда, бұл өлең жолындағы мағынасына сәйкес «болма» деген дұрыс келеді. Осы академиялық жинақта «болма» болып берілді.
«Сөздің өнер болатын мәнісі». Түпнұсқадағы (94-б.) «ойын, бұю, күрес, жарыс» деген бірыңғай мүшелеріндегі «бұю» сөзі 1989, 2003, 2013 ж. жинақтарда «би» деп берілсе, 1991 ж. басылымда (379-б.) бұл сөз кездеспейді. Бұл сөз баспа тарапынан кеткен қателік болуы мүмкін. Әсілі, контекстік мағынасына сәйкес «би» деген сөз дұрыс келеді. Сондықтан да бұл академиялық жинақта «би» деп берілді.
Түпнұсқадағы (94-б.) «…басқаны әдемірегі көрініп…» деген тіркес басқа басылымдарда «…басқаны әдемірек көрініп…» болып өзгеріске түскен.
Келесі түпнұсқа (95-б.) мен 1989 (189-б.), 1991 (380-б.) ж. басылымдарда «…соққанының арасы қандай…» деген тіркестегі «арасы» сөзіне 2003 (228-б.), 2013 (215-б.) ж. жинақтарда «арасы да» болып «да» жалғауы қосылған.
Түпнұсқадағы (96-б.) «Дауысты дыбыстарда», «негіздің шарты» тіркестеріндегі «дыбыстарда» деген сөз 1989 ж. жинақ түпнұсқадағыдай беріліп, 1991 (380-б.), 2003 (228-б.), 2013 (216-б.) ж. жинақтарда «дыбыстарында» деп берілсе, «негіздің» деген сөз 1989 ж. басылымда (190-б.) «негізгі» болып, ал 1991 (381-б.), 2003 (229-б.), 2013 (216-б.) ж. басылымдарда «негізінің» болып берілген.
Түпнұсқадағы (96-б.) «1-ші түрде тілдерде, мәселен, араб, латын, ионан сияқты ескі жұрттардың тілдерінде дауысты дыбыстардың кейбіреулері созылып, ұзын айтылады» деген сөйлем 1991 жылғы басылымда «1-ші түрде тілдерде дауысты дыбыстардың кейбіреулері созылып, айтылады» болып, ғылыми тұжырымы толық берілмей, сөйлем қысқартылған. Ал 1989 ж. жинақта осы мәтіндегі «түрде» сөзі «…түрдегі…» деп өзгертілген. 2003, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (96-б.) «…жоғарғы екпінді…» және «…негіздің шарты…» 1989 ж. жинақта (190-б.) «…жоғары екпінді…» және «…негізгі шарты…», 1991 (380–381 б.), 2003 (229-б.), 2013 (216-б.) ж. жинақтарда «…жоғарғы екпінді…» және «…негізінің шарты…» болып өзгеріске ұшыраған.
Бұл академиялық жинақта кейінгі басылымдарда орын алған өзгерістер түпнұсқа бойынша түзетілді.
Өлең шығару. Түпнұсқадағы өлең айшығына келтірген мысалда (97-б.)
«Бок күйге бүгін емес көптен кірдік» деген тармағындағы «бок» сөзі кейінгі барлық басылымдарда «бұл» болып берілген. Бұл сөз баспа тарапынан кеткен қателік. Өлең тармағындағы мағынаға сәйкес «бұл» деген дұрыс келеді. Сондықтан да осы академиялық жинақта «бұл» деп берілді.
Түпнұсқадағы (98-б.) «Гүл қамауда сеніп тұр» тармағындағы «сеніп» сөзі 1989, 1991, 2013 ж. басылымдарда «семіп» болып өзгерген. Келесі түпнұсқа (99-б.) мен 2003, 2013 ж. жинақтардағы «Дем таба алмай» тармағы 1989 (191-б.), 1991 (381-б.) ж. басылымдарда «Дем» сөзі «Ем» болып өзгеріске ұшыраған. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Пендеге» сөзі қалған басылымдарда «Бендеге» болып берілген. Түпнұсқадағы (100-б.) «Тағын тағы…» тіркесі 1989 ж. жинақта (192-б.) «Тағысын тағы…» болып өзгеріске ұшыраса, 1991 ж. жинақта (382-б) «Тағы-тағы…» болып өзгертілген. 2003 (231-б.), 2013 (219-б.) ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (100-б.) Мағжан өлеңінен келтірілген мысалда
«Сап-сары бел,
Еседі жел,
Еседі.
Еспеді жел,
Көшеді ел,
Көшеді».
деген өлең тармағындағы «еспеді» сөзі 1989 (192-б.), 1991 (382-б.), 2003 (231-б.), 2013 (219-б.) ж. басылымдарда «еседі» болып берілген. Өлең тармағындағы мағынаға сәйкес «еседі» деген дұрыс келеді. Осы академиялық жинақта «еседі» болып берілді.
Түпнұсқа (101-б.) мен 1991 (382-б.), 2003 (232-б.), 2013 (219–220 бб.) жылғы жинақтардағы
«Ашуын бұған бассын» деп,
Жерімді саған тастадым.
«Олжа қылып жатсын» деп,
Елімді саған тастадым.
(«Кене-сары Наурызбай»)
деген үзінді 1989 ж. жинақта (192-б.) мүлдем кездеспейді.
Келесі түпнұсқа (102-б.) мен 1989 ж. жинақта (193-б.) «…орындалатындығын көрсетуге…» тіркесіндегі «көрсетуге» деген сөз 1991, 2003 (233-б.), 2013 ж. басылымдарда «түсінуге» болып өзгеріске ұшыраған.
Бұл академиялық жинақта кейінгі басылымдарда орын алған өзгерістер түпнұсқа бойынша түзетілді.
Өлең айшықтары.
Түпнұсқада Абайдан келтірген мысалда келетін «Түрін, сырын көруге» деген өлең тармағындағы «түрін» деген сөз 1989 ж. жинақта (192-б.) «нұрын» болып өзгеріске ұшыраған. Басқа жинақтарда түпнұсқадағыдай берілген.
Түпнұсқа (103-б.) мен 1989 (193-б.) ж. жинақтағы
«Әманда болар солай әм болғанда, Жаратқан солай етіп бұ жалғанда» тармағындағы «болғанда», «Жаратқан» сөздері 1991 (383-б.), 2003 (233-б.), 2013 (221-б.) ж. басылымдарда «болар да», «Жаралған» болып өзгеріске ұшыраған.
Екі шумақты айшық. Түпнұсқадағы (103-б.) «…жүре беред» тіркесіндегі «жүре» деген сөз басқа басылымдарда «жүзе» болып өзгеріске ұшыраған. Өзгеріс түпнұсқа мәтіні бойынша қалпына келтірілді.
Төрт шумақты айшық. Түпнұсқадағы (104-б.) «Жаратқан малды Құдай жүндемекке» деген тармағындағы «жүндемекке» сөзі барлық басылымдарда «не керекке» болып өзгеріске ұшыраған. Берілген өзгеріс тұпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Шумақ түрлері. Екі тармақты шумақ. Түпнұсқа (105-б.) мен 1989 ж. жинақта (195-б.) «Тарлыққа жоқ…» тіркесіндегі «Тарлыққа» деген сөзі 1991 (384-б.), 2003 (235-б.), 2013 (223-б.) ж. басылымдарда «Тарлықта» болып өзгеріске ұшыраған.
Айтылған өзгерістер тұпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Алты тармақты шумақ. Түпнұсқадағы
«Күніңмен алтын қуанбай,
Гүліңмен жібек жуанбай.
Жеттің де, тез өттің, жаз!
Ағаш, шөптер қураған,
Айдын да құрып, суалған
Қаңқылдар қайда қоңыр қаз?» –
деген өлең жолдары 1989 (195-б.), 2003 (236-б.), 2013 (223-б.) жылғы жинақтарда түпнұсқадағыдай берілсе, 1991 жылғы басылымда (384-б.)
«Күніңмен алтын қуантпай,
Гүліңмен жібек жұбантпай,
Жеттің де тез еттің жаз!
Ағаш шөптер қуарған,
Айдын да құрып, суалған,
Қаңқылдар қайда қоңыр қаз?!» –
болып, тармақтың сөздері өзгеріске ұшыраған. Айтылған өзгеріс түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Алты тармақты шумақ. Түпнұсқадағы «…сеніп тұр» тіркесі 1989 (196-б.), 1991 (384-б.), 2013 (224-б.) ж. жинақтарында «сеніп» деген сөзі «семіп» деп өзгеріске ұшыраса, 2003 ж. жинақта (236-б.) «сеніп» болып берілген.
Сегіз тармақты шумақ. Түпнұсқадағы «Гүлсімге» сөзі 1989 ж. жинақта (196-б.) «Гүлсім» деп өзгертілсе, 1991 (385-б.), 2003 (237-б.), 2013 (225-б.) ж. басылымдарда түпнұсқадағыдай берілген.
Он тармақты шумақ. Түпнұсқа (108-б.) мен 1989 ж. жинақта (196-б.) «Жайылған көз жасымен жердің бетін» деген өлең тармағындағы «Жайылған» сөзі 1991 (385-б.), 2003 (237-б.), 2013 (225-б.) ж. жинақта «Жабылған» болып өзгеріске ұшыраған.
Айтылған өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Тармақ тұлғалары. Түпнұсқа (108-б.) мен 1989 (197-б.), 2003 (238-б.) ж. жинақтағы «Тармақ тұлғалары» деген тақырып атауы 1991 ж. жинақта (386-б.) «Тармақ толғаулары» болып өзгерген.
Сондай-ақ, түпнұсқадағы (109-б.)
Балалар / оқуға бар / жатпа қарап /
Жуынып / киініңдер / шапшаңырақ /
Шақырды әтеш мана әлдеқашан
/ Қарап тұр / терезеден / күн жылтырап /
деген өлең шумағы 1991 басылымда (386-б.) алғашқы жолының әрбір сөзінен кейін үтір арқылы, қалған үш тармағы таяқшасыз берілген. 1989 жылғы басылымда бұл мәтін таяқшасыз берілген.
Айтылған өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Өлең ағындары. Түпнұсқа (113-б.)
«Тиеп алып/ тері-терсек/ бір шана
Ұрлатып/ жүгін жолда/ жұрдай болып
Қайтты байғұс/ түк алмай/ құр ғана»
шумағындағы «Тиеп алып» сөзі 1991 (388-б.), 2003 (241-б.), 2013 (230-б.) ж. жинақтарда «Тиеп ап» болып берілсе, «бір шана» тіркесі 1989 ж. жинақта (200-б.) «бір шанаға» деп «ға» жалғауы қосылып берілсе, ал 1991 ж. жинақта (388-б.) «жегіп шана» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (114-б.) «…бунақтарды табиғаты тілеген орнына қоймағандық» сөйлеміндегі «бунақтарды», «табиғаты», «қоймағандық» сөздері 1989 ж. жинақта (200-б.) «бунақтардың табиғаты…қоймағандық», 1991 ж. жинақта (388-б.) «бунақтар табиғи…қойылмағандық» болып, ал 2003 (242-б.), 2013 (230-б.) ж. жинақтарда «бунақтарды табиғи… қойылмағандық» болып өзгерістерге ұшыраған.
Айтылған өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Бас бунағы бірыңғай емес өлең. Түпнұсқа (117–118-б.) мен 1991 (390-б.), 2003 (245-б.), 2013 (233-б.) ж. жинақтарда «…басынан аяғына…», «…төртінші тармағында…» деген тіркестер 1989 ж. жинақта (202–203 б.) «…бастан аяғына…», «…төртінші тармақтарында…» болып өзгеріске ұшыраған.
Екінші ағынға түсіргенде. Түпнұсқа (120-б.) және 1989 (204-б.), 2013 (235-б.) ж. жинақтарда «…алдантайық…» сөзі 4 буынды болып берілсе, 1991 (391-б.), 2003 (247-б.) ж. басылымдарында 5 буынды болып берілген.
Түпнұсқадағы (121-б.) «…жортақының…күлді-балам…» сөздері 1989 ж. жинақта (204-б.) «…жортақының…күлдібадам…» болып, 1991 (391-б.), 2003 (247-б.) ж. басылымда «…жортақтың…күлді-балам…» болса, 2013 ж. жинақта ( 236-б.) «…жортақтың…күлдібадам…» болып өзгеріске ұшыраған.
Келесі түпнұсқа (121-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (205-б.) «Көгілдірін ертіп» тармағындағы «ертіп» сөзі 1991 (391-б.), 2003 (248-б.), 2013 (236-б.) ж. басылымдарда «ерітіп» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (122-б.) «Белге соқсаң жығылман» тармағындағы «Белге соқсаң» тіркесі 4 буынды болып берілсе, 1989 ж. жинақта 5 буынды болып берілген. Ал қалған басылымдарда түпнұсқа қалпын сақтаған.
Осындағы «жығылман» сөзі 1989 ж. жинақта (205-б.) түпнұсқа қалпы сақталса, 1991 (392-б.), 2003 (248-б.), 2013 (236-б.) ж. басылымдарда «жығылған» болып өзгертілген.
Сондай-ақ түпнұсқа (122-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (205-б.) «Қаба жаумай…» және «Бурылша аттан…» тіркестері 1991 (392-б.) ж. «Қапы жаумай…», «Буырылша аттай…» болса, 2003 (248-б.), 2013 (237-б.) ж. басылымдарда: «Қапы жаумай…», «Бурылша аттай…» болып «Қаба», «Бурылша», «аттай» сөздері өзгерістерге ұшыраған.
Келесі 122-беттегі түпнұсқада Нысамбай жыраудан келтірілген мысал 1989 (205-б.) ж. жинақ пен 1991 (392-б.) ж. жинақтарда мүлдем кездеспейді. 2003, 2013 ж. басылымдарда өзгертілген. Түпнұсқа қалпы сақталған және автор «Нысанбай жырау» деп берілген. Ал түпнұсқада «Нысамбай жырау». Бұл академиялық жинақта «Нысанбай жырау» деп берілді.
Түпнұсқа (123-б.) мен 1989 (206-б.) ж. жинақта «Балуан жолбарыс» тіркесі 1991 (392-б.), 2003 (249-б.), 2013 (238-б.) ж. басылымдарда «Балуан» сөзі «Палуан» болып беріліп, 1991 ж. жинақта қай жинақтан алынғаны берілмеген. Ал 1989 (206-б.), 2003 (250-б.), 2013 (238-б.) ж. басылымдарда келтірілген жыр жинағының соңында түпнұсқаға сәйкес «Ер Тарғын» болып жазылған.
Жоғарыдағы өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Тармақ кезеңдері. Түпнұсқадағы (123-б.) «Жоғарыда бунақтардың» деп басталатын тараушадағы «Жоғарыда» сөзі 2013 жылғы алтытомдық шығармалар жинағында (239-б.) мүлдем кездеспейді. Басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы (123-б.) «Тармақ кезеңдері» деп аталатын тараушада кездесетін «кезең» деген сөздері бірде «кезек» бірде «кезең» болып берілген. Мысалы:
«Жоғарыда бунақтардың арасындағы дауыс толқынының жіктері кезек деп аталады деп едік. Кезек екі түрлі болады: 1) ұлы кезек, кіші кезек.
Мысал:
Мұнда көлденең жуан сызық ұлы кезеңдерді көрсетеді, жіңішке сызық кіші кезеңді көрсетеді. Буын саны: бір тармақтың ішіндегі буын саны қазақта 2 мен 13 арасында болады». Түпнұсқа мазмұнында да (282-б.) бұл тарауша атауы «Тармақ кезеңдері» деп жазылған. Аталған сөздің әр түрлі берілуі баспадан кеткен техникалық қате болуы мүмкін. Себебі «к» әрпінің үстіне 3 ноқат қойылса, «к» әрпі «ң» болып оқылады. Сондықтан да тараушаның ішінде кездесетін «кезек» деген сөздер осы академиялық жинақта «кезең» деп берілді. Түпнұсқадағы бұл сөздер кейінгі басылымдарда, атап айтсақ 1989 (206-б.) ж. жинақта «…кезек деп аталады…», «Кезек екі түрлі болады», «1.Ұлы кезек; 2. Кіші кезек» деген сөз тіркесіндегі «кезек» сөзі 1991 (392-б.), 2003 (250-б.), 2013 (239-б.) ж. жинақтарда «кезең» болып, «1) ұлы кезең. 2) кіші кезең» болып берілген. Түпнұсқа (124-б.) мен басқа жинақтардағы «Мұнда көлденең жуан сызық ұлы кезеңдерді көрсетеді, жіңішке сызық кіші кезеңді көрсетеді» деген сөйлем 1991 ж. басылымда (392-б.) мүлдем кездеспейді.
Түпнұсқаның осы тарауындағы мысал ретінде берілген (123-б.)
«Ақ Жүністей // жолдасым!
Әйел де болсаң, // мұңдасым!
Қолаң шашты, // қой көзді,
Әйелде ару // сен едің.
Аш арыстан // жүректі,
Балуан, жолбарыс // білекті,
Жігіттің мәрті // мен едім» —
деген өлең шумағы 1989 (206-б.), 1991 (392-б.) ж. жинақтарда тармақтарының реті сақталмай
«Ақ жүністей жолдасым!
Әйел де болсаң мұңдасым!
Қолаң шашты, қой көзді,
Әйелде ару сен едің.
Аш арыстан жүректі,
Балуан, жолбарыс білекті,
Жігіттің мәрті мен едім!»,
деп берілген. Түпнұсқадағы қалпын 2003 (250-б.), 2013 (239-б.) жылғы жинақтар сақтаған. Өлең жолдарындағы «Балуан» сөзі 1991 (392-б.), 2003 (250-б.), 2013 (239-б.) ж. жинақтарда «Палуан» болып берілген.
Түпнұсқадағы (124-б.) осы тараушаның соңында келетін «2 буынды тармақ Мағжанның «Біраз Петше» деген өлеңінде келеді» деген сөйлемдегі «Петше» сөзі 1989 (206-б.), 1991 (393-б.), 2003 (250-б.), 2013 (239-б.) ж. басылымдарда «Фетше» болып берілген. Осы академиялық жинақта бұл сөз «Фетше» болып берілді.
Кейінгі басылымдардағы өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Тармақ ұйқастығы. Түпнұсқа (124-б.) мен 1991 (393-б.), 2003 (251-б.), 2013 (239-б.) ж. жинақтарда көрсетілген ұйқас түрлерінің мына реті «1-ші, 2-ші, 4-ші тармағы ұйқасып, 3-ші тармағы», 1989 ж. басылымда (207-б.) «бірінші, екінші, төртінші тармағы» болып, сөзбен берілген.
Түпнұсқа (126-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (207-б.) «…не күйін келтіргендей…» сөз тіркесіндегі «келтіргендей» сөзі 1991 (393-б.), 2003 (252-б.), 2013 (240-б.) ж. басылымдарда «кетіргендей» болып, «л» әрпі түсіп қалып, өзгеріске ұшыраған.
Көрсетілген өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Екінші бөлім
Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі. Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін (127-б.) «…қара сөз деп, көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. Әдетке қарамай…» деген сөйлем 1989 (208-б.), 2003, 2013 (241-б.) ж. жинақтарда дұрыс берілген де, ал 1991 ж. жинақта (394-б.) «…дарынды сөз деп атау қолайлырақ әдетке қарамай…» болып, қос сөйлем бірігіп, өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқада (127-б.) «Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады» деген сөйлемдегі «көркемдігімен» сөзі 1991 жылғы жинақта (394-б.) «…келістілігімен, мағына…» деп өзгеріске ұшыраған және «сөз» деген сөзі сөйлемге кіріспеген. Ал 1989, 2003, 2013 жылғы басылымдар түпнұсқаға сай берілген.
Түпнұсқа (128-б.) мен 1989 жылғы жинақтағы (209-б.) «…қиыс (түйіс) жағына салынып, сүгіреті толық меңзеуі мерген, қисыны қызық болып, сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді» деген сөйлем 1991 жылғы жинақта (394-б.) «…қисын (түйіс) жағына салынып, сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді» деп қысқартылған және сөйлемдегі «қиыс» сөзі осы басылымда «қисын» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқа (129-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (209-б.) «…таңып отырған…» сөз тіркесіндегі «таңып» сөзі 1991 (394-б.), 2003 (253-б.), 2013 ж. басылымдарда «теңеп» болып өзгерген.
Түпнұсқа мәтініндегі (130-б.) «нәрсе, түйіс жағы өзінде жоқ» деген сөйлемнің «нәрсе» сөзі 1989 (210-б.), 1991 (395-б.), 2003 (254-б), 2013 (243-б.) ж. жинақтарда «нәрсенің» болып «нің» жалғауы қосылып берілген.
Түпнұсқа (130-б.) және 1989 ж. жинақта (210-б.) «…тағатын тана…» сөз тіркесіндегі «тана» сөзі 1991 (395-б.), 2003 (254-б.), 2013 (243-б.) ж. жинақтарда «таба» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқа (131-б.) мен 1991 (395-б.), 2003 (255-б.), 2013 (243–244-б.) жылғы жинақтардағы «…алып сөз қылады: қатта қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға…» деген сөйлемнің «қатта» сөзі 1989 жылғы басылымда (210-б.) «хатта» болып берілген.
Ал «…дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын орнына, қызметіне…» деген сөйлемдегі «парық» сөзі түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда түпнұсқаға сай жазылса, 1991 жылғы басылымда (396-б.) «даралық» болып өзгерген. 2003, 2013 ж. басылымдар түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқадағы (131-б.) «…сөз деліп аталу мәнісі де осыннан» деген сөйлемдегі «деліп аталу» сөз тіркесі 1989 ж. жинақта (210-б): «делініп аталуының» болса, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «деп аталу» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқадағы (131-б.) «…тиісін айтамыз» сөз тіркесіндегі «тиісін» сөзі 1989 ж. жинақта «тиістісін» болып өзгерген. Қалған басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған. Сондай-ақ түпнұсқадағы (132-б.) «…сөз деп жүргіземіз» сөз тіркесіндегі «жүргіземіз» сөзі 1991 (396-б.), 2003(255-б.), 2013 (244-б.) ж. басылымдарда «жүгінеміз» болып өзгерген. Ал 1989 ж. жинақта (211-б.) түпнұсқа қалпы сақталған.
Кейінгі басылымдардағы өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Қара сөз. Түпнұсқадағы (132-б.) «Қара сөз» деген тақырыпша атауы 2013 ж. жинақта (244-б.) «Қарасөз, оның тараулары» деп қосымша сөз тіркесі арқылы беріліп, өзгеріске ұшыраған. Ал қалған жинақтарда ешбір өзгеріссіз берілген.
Түпнұсқадағы (132-б.) «…затын, заңын,…мүдетін…» сөздері 1989 ж. жинақта (211-б.) «…заңын…» сөзі қалып қойса, 1991 (396-б.), 2003 (256-б.), 2013 (244-б.) ж. басылымдарда «затын», «мүддесін» болып өзгертілген. Келесі түпнұсқадағы «тарапына» сөзі 1989 ж. жинақта «тарабына» болып берілсе, қалған жинақтарда түпнұсқадағыдай «тарапына» болып берілген.
Түпнұсқада «…белгілі бір қарарға келгенде адамға бір үлкен ұғым пайда болады» деген сөйлемдегі «адамға» сөзі «Ақ жолда» «…адамда…» деп берілсе, 1989 жылғы жинақта түпнұсқа бойынша берілген. 2003, 2013 жылғы жинақтарда өзгеріс түпнұсқаға сай түзетілген.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта кездесетін «…ғалам атанған…» сөз тіркесіндегі «атанған» сөзі басқа жинақтарда «аталған» болып өзгертілген. Сондай-ақ, түпнұсқадағы (133-б.) «Зейін табиғат табиғат құбылысын…» сөз тіркесіндегі «табиғат» сөзі екі рет қайталанып кеткен. Ал 1989 ж. жинақта (212-б.) «Зейін табиғаты – табиғат құбылысын…» болса, 1991, 2003, 2013 жылғы жинақтарда «Зейін табиғат құбылысын…» болып «табиғат» сөзі бір рет берілген. Түпнұсқадағы: «табиғат» сөзінің екі рет қайталанып кетуі, баспадан кеткен қателік болуы ықтимал. Осы академиялық жинақта табиғат сөзі тек бір рет қана берілді.
Ал жоғарыдағы көрсетілген өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Әуезе. Түпнұсқадағы (134-б.) «Әуезе» атты тақырыпша 2013 ж. басылымда (246-б.) «Әуезе, оның түрлері» болып өзгеріске ұшыраған. 1989, 1991, 2003 ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқа мен 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «…жалпы жиылыс…» сөз тіркесіндегі «жиылыс» сөзі 1989 ж. басылымда «жиналыс» болып өзгерсе, түпнұсқа (135-б.) мен 1989 ж. жинақтағы «…құрытуға…» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «құртуға» болып өзгеріске ұшыраған.
Аталған өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Әуезе түрлері. Түпнұсқада берілген: «Біреулері өткенді сөз қылғанда, уақыт сарынымен айтады. Екіншілері уақыт сарынымен айтады, үшіншілері біреуден біреуді туғызып туыс сарынымен сөйлейді; кейбіреудің өз заманындағы…» деген сөйлем 1991 жылғы жинақта «…уақыт сарынымен айтады, үшіншілері…» деген сөз тіркесі қысқартылған және «кейбіреудің» деген сөз «кейбіреулер» болып өзгеріске ұшыраса, 1989 ж. жинақта «…айтады да, үшіншілері…» болып «да» жалғауы қосылған. 2003, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған. Бұл академиялық жинақта да түпнұсқа бойынша берілді.
Шежіре. Түпнұсқа (137-б.) мен 1989, 2003, 2013 жылғы басылымдарда кездесетін (214-б.) «… байласылмай, көбінесе…» деген тіркес 1991 жылғы жинақта (398-б.) «…байланыстырылмай, көбінесе…» деп өзгерген. Осы тарауда түпнұсқадағы (137-б.) «…ауыз айтылатын әңгімелердің…» сөз тіркесіндегі «ауыз» сөзі 1989 ж. жинақта (214-б.) «ауызекі», 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «ауызда» болып өзгеріске ұшыраған.
Аталған өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Заман хат. Түпнұсқа мен 1989 ж. басылымда «…яки көп уақыт өткізіп…» сөз тіркесіндегі «яки» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «иә» болып өзгеріске түскен. Осы тарауда түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта «Жазықсыз тамған қан» деген сөз тіркесінен кейін 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «деген» сөзі қосылған. Бұл жинақта түпнұсқа бойынша берілді.
Өмірбаян. Түпнұсқа (139-б.) мен 1989 ж. басылымдағы «…өлгеніне шейінгі…» сөз тіркесіндегі «өлгеніне» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «өлгенге» болып өзгертілген. Келесі түпнұсқадағы «Әбубәкірдің…жазған өз өмірбаны» деген сөз тіркесіндегі «өз» сөзі 1989 ж. жинақта түсіп қалған. Қалған басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған. Бұл жинақта да түпнұсқа бойынша берілді.
Тарих. Түпнұсқада (140-б.) «Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақты әуезе болады» деген сөйлемдегі «айғақты» сөзі 1991 жылғы жинақта «…айғақшы…» болып берілген. Ал «жатқанмен» сөзі 1989 ж. жинақта «жатқызғанмен» болып өзгеріске ұшыраған. 2003, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған. Келесі түпнұсқадағы «…құр істегенімен қанағаттанбай…» сөз тіркесіндегі «істегенімен» сөзі 1989 ж. жинақта «естігенімен» болып өзгертілген.
Бұл сөздер академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Тарихи әңгіме. Түпнұсқадағы (141-б.) «…тарих асбатына сүйенетін…» сөз тіркесіндегі «асбатына» сөзі 1989 ж. жинақта «сипатына», ал 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «асасына» болып өзгеріске ұшыраған. Өзгеріске ұшыраған сөз қалпына келтірілді. Араб тілінде «исбат» сөзі дәлел, растық, куәландыру деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде контекске сай «тарих дәлеліне сүйенетін» болады. Түпнұсқа бойынша «асбаты» сөзі сол қалпында қалдырылып, араб тілінен енген сөздердің аудармасы басылымның соңында мағынасы берілді.
Әліптеу тәртібі. Түпнұсқадағы (142-б.) «…бәрін түгендеу қажет емес» сөз тіркесіндегі «түгендеу» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «түгелдеу» болып өзгертілген.
Ал түпнұсқадағы келесі «…суретін ойқы-шойқы…саңлауына сүгіреті өзіне ұқсап…» сөйлеміндегі «суретін» сөзі 2003, 2013 ж. жинақтарда «сүгіретін» болып, ал «сүгіреті» сөзі 1989, 1991 ж. жинақтарда «суреті» болып өзгертілген.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған бұл сөздер академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Байымдама. Түпнұсқадағы «Керек пікірді қостайтын, қуаттайтын мысалдар келтіріп сипаттау бар» деген сөйлемдегі «пікірді» деген сөзі 1989 ж. жинақта түсіп қалған. Басқа жинақтарда «пікірді» сөзі кездеседі. Келесі түпнұсқадағы (146-б.) «…яки қаталығын көрсетіп…» деген сөз тіркесіндегі «қаталығын» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «қателігін» болып өзгертілген.
Аталмыш сөздер бұл жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Байымдама әдістері. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта «…жалпылау әдіс болады» деген сөз тіркесіндегі «әдіс» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «әдісі» болып өзгеріске ұшыраған.
Байымдама түрлері. Түпнұсқадағы «…қайсысына болса байымда кіріспей тұрмайды… Байымдама жағы…» деген сөйлемдегі «болса» сөзіне 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «да» жалғауы қосылып жазылса, 1989 ж. басылымда «да» жалғауы берілмеген. Ал түпнұсқада тек «байымда» деп берілген екен.
Түпнұсқадағы «Байымдау жағы басым шығармалар толып жатыр». сөйлеміндегі «Байымдау» сөзі 1989 ж. жинақта «бауымдау» болып берілсе, 1991 ж. басылымда «пайымдама», 2003 ж. көптомдық пен 2013 ж. алтытомдықта «Байымдама» болып өзгеріске ұшыраған. «Байымдама» тарауларындағы барлық «байымдама» сөздері 1991 ж. жинақта «пайымдама» болып өзгертілген.
Аталмыш сөздер бұл жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Пән (ғылым). Осы тараушадағы түпнұсқа (147-б.) «…шығарған оқу кітаптарды да» сөз тіркесіндегі «кітаптарды» сөзі 1989, 2013 ж. жинақта «кітаптары», ал 1991 ж. жинақта «кітаптар» болып өзгеріске түскен. Ал түпнұсқадағы «оқу» сөзі барлық жинақта түсіп қалған. Бұл жинақта аталмыш кемшіліктер жойылып, түпнұсқа бойынша түзетілді.
Сын. Түпнұсқа (148-б.) мен 1989 ж. басылымдағы (220-б.) «…ғылым иесі адам ғана…» сөз тіркесіндегі «адам» сөзі басқа басылымдарда кездеспейді.
Түпнұсқада («149-б.) «…білімінен көрі…» сөз тіркесіндегі «білімінен» сөзі 1989 ж. жинақта «білімнен» болып, ал «көрі» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «гөрі» болып берілген.
Түпнұсқадағы (150-б.) «Қара сөзді әдебиетте» сөз тіркесіндегі «сөзді» сөзі 1989 ж. жинақта «сөз» болып қана берілген. Ал қалған жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы келесі (151-б.) «…дұрыс суреттен…» сөз тіркесіндегі «суреттен» сөзі 1989, 1991 ж. басылымдарда «суреттеп» болып берілсе, 2003, 2013 ж. басылымда «сүгіреттеп» болып өзгеріске түскен.
Ал түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Суретінің сыны…» сөз тіркесіндегі «Суретінің» сөзі 1991 ж. жинақта «Суреттің», ал 2003, 2013 ж. жинақтарда «Сүгіретінің» болып өзгертілген. Осы тараудағы түпнұсқада берілген: «…нәрсесінің болатындығының себебін…» сөз тіркесіндегі «нәрсесінің» сөзі 1989, 1991 ж. басылымдарда «нәрсенің» болып өзгертілсе, 2003, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқа бойынша берген. Бұл академиялық жинақта аталған өзгерістер түпнұсқа мәтіні бойынша берілді.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Шешен сөз. Түпнұсқадағы (151-б.) «…шығармалардың бөлекей бір түрі емес…» деген сөйлем 1991 ж. жинақта (405-б.) «…шығармаларының бөлектей бір сөзі емес…» болып өзгерген. Қалған басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Шешен сөздің түрлері. Түпнұсқада «…қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде саясат шен сөзі деп аталады» деген сөйлемдегі «шен» сөзі 1991 жылғы басылымда «шешен» болып, ал «мақсатпен» сөзі «мақсатымен» деп өзгерген. Қалған басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқада (153-б.) «…иә қаралау мақсатпен сөйлеп, сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздерді» сөйлеміндегі «сөйлеп» сөзі 1989 ж. жинақта түпнұсқаға сәйкес жазылса, 1991, 2003, 2013 ж. жинақта «сөйлегенде» болып өзгеріске ұшырап, келесі «сөздерді» сөзі 1989, 1991 ж. жинақта «сөздері» болып берілген. 2003, 2013 ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы осы тарауда «Білмірлердің, ғалымдардың … сөйлегені білмір шешен сөзі деп аталады» сөйлеміндегі «Білмірлердің» сөзі барлық жинақтарда «Білімділердің» болып өзгеріске түссе, келесі «білмір» сөзі 1989, 2013 ж. жинақтарда «білімір» болып, ал 1991, 2003 ж. жинақтар түпнұсқа қалпын сақтап, «білмір» болып берілген.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Көсем сөз. Түпнұсқа (153-б.) мен 1989 ж. жинақтағы «…шешен сөз ауыз айтылады» сөйлеміндегі «ауыз» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «ауызбен» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы келесі «істету ыждаһатымен айтылады» сөйлеміндегі «істету» сөзі 1989 ж. басылымда «істеу» болып өзгертілсе, 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «істету» болып түпнұсқа бойынша берілген.
Сондай-ақ, түпнұсқадағы «…шаруалық, қазыналық, мектептік… көптің миына қондырып» сөйлеміндегі «шаруалық» сөзі 1989 ж. жинақта түпнұсқадағыдай берілсе, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «шаруашылық» болып өзгеріске түскен. Ал «көптің» сөзі 1989, 1991 ж. жинақтарда «көбінің» болса, 2003, 2013 ж. жинақтарда өзгеріссіз берілген.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған бұл сөздер академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Дарынды сөз. Түпнұсқадағы (155-б.) «…өз ұйғаруынша суреттеп көрсетеді» сөйлеміндегі «суреттеп» сөзі 2003, 2013 ж. жинақтарда «сүгіреттеп» болып өзгеріске түссе, 1989, 1991 ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы «бұлайша болу қазақтың жазба әдебиетінің түрлеріне келсе де» сөйлеміндегі «болу» сөзін 1989 ж. басылымда сол қалпы берілсе, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «бөлу» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқада берілген «…көсе сөзді шығармалар жоқ… көсе сөзді шығармалар болмайды» сөйлеміндегі «көсе» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «көсем» болып өзгертілген. Ал 1989 ж. басылымда (225-б.) түпнұсқадағыдай берілген.
Сондай-ақ осы тараудағы түпнұсқада «…әр табы бас-басына баяндағаннан көрінбекші» сөйлеміндегі «табы» сөзі 1989 ж. жинақта «табын» болып, басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталса, келесі «баяндағаннан» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «баяндалғаннан» болып өзгеріске ұшыраған.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған бұл сөздер академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Әуезе. Түпнұсқадағы «тысқарғы ғаламда болған» сөйлеміндегі «тысқарғы» сөзі 1989 ж. жинақта (225-б.) «тысқары» деп берсе, қалған басылымдарда түпнұсқадағыдай жазылған.
Түпнұсқада берілген «қатта біреуден» сөз тіркесіндегі «қатта» сөзі 1989 ж. жинақ «хатта» деп өзгертілген. Ал басқа басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған. Академиялық жинақта да түпнұсқаға сәйкес берілді.
Толғау. Түпнұсқада «…болатындығын жоғарыда» сөз тіркесіндегі «болатындығын» сөзі 1989, 1991, 2013 ж. жинақтарда «болатындығы» деп өзгертілсе, 2003 ж. басылымда түпнұсқадағыдай берілген.
Түпнұсқа (158-б.) мен 1989 ж. жинақта (226-б.) «…ісінің біріне күйінеді» сөйлеміндегі «ісінің» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «істің» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы келесі (158-б.) «адамның есін алып» сөйлеміндегі «есін» сөзі 1989 ж. жинақта «ісін» деп өзгертілген. Қалған басылымдар түпнұсқадан ауытқымаған. Сондай-ақ түпнұсқа (158-б.) мен 1989 ж. жинақта «кейде тысқары» сөз тіркесіндегі «тысқары» сөзі 2003, 2013 ж. жинақтарда «тысқарғы» болып өзгертілген.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған бұл сөздер академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Айтыс. Түпнұсқадағы (159-б.) «Айтысының бұл жағының әлеумет алдында…» сөйлеміндегі «Айтысының» сөзі 1989 (227-б.), 1991 (408-б.) ж. жинақтарында «Айтыстың» болып өзгертілген.
Түпнұсқадағы (160-б.) «…істетіп, көрсететіндер болды» деген сөйлем «Ақ жолда» (408-б.) «…істетіп, көрсететіндей болған» деп өзгертіліп жазылған.
Сондай-ақ, осы сөйлемнен кейін келетін «Онан әрі бара-бара осы күнгі ойналатын түрлі алаң алданышы болып шығар еді» деген сөйлемдегі «алаң алданышы» деген сөз тіркесі 1991 жылғы басылымда «…алаң айнасы…» деп берілген. 1989, 2003, 2013 жылғы жинақтарда бұл сөйлем мен сөз тіркесі түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін (160-б.) «…түрлі халдер болған себепті, сөз өнерінің бір түрі Еуропа тілінде…» сөйлемінде кездесетін «халдер» сөзі 1989 ж. басылымда (228-б.) «халдар» болып берілсе, «бір түрі» деген тіркес 1991 ж. басылымда (409-б.) «бұл түрі» болып өзгерістерге ұшыраған. 2003, 2013 ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқада (Әуезе жайынан ескерту) кездесетін (161-б.) «…бір ананың қолында…» деген тіркестегі «ананың» сөзі 1991 ж. жинақта «атаның» болып өзгеріске ұшыраған. Басқа жинақтарда түпнұсқадан ауытқымаған. Біз де осы жолды ұстандық. Түпнұсқада берілген (163-б.) «…беті ашылып, пердесі көрініп…» деген сөйлеміндегі «пердесі» сөзі 1991 ж. жинақта (410-б.) «…бейнесі көрініп…» деп берілген. 1989, 2003, 2013 ж. жинақтарда өзгеріске ұшырамаған.
Түпнұсқаның осы тарауындағы «…басқаға таңу…» деген тіркес 1991 ж. жинақта «…басқаға тану…» деп берілген. А. Байтұрсынұлының шығармаларына қатысты басқа басылымдар түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқа (164-б.) мен 1989 ж. жинақта (230-б.) кездесетін «Дүниедегі нәрселердің бәрі қысылады» деген сөйлеміндегі «нәрселердің» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «нәрсенің» болып өзгеріске ұшыраған.
Сондай-ақ, түпнұсқа (165-б.) мен 1989, 2003, 2013 ж. жинақта «…адамдары жыршы деп атанған…» деп жазылған сөйлем 1991 ж. басылымда (411-б.) «…адамдар жыршы деп аталған» болып өзгертілген.
Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Сөйтіп өзгеріс кіріп, көбінің өрісі кеңіп, өресі ұзайған» деген сөйлем 1991 жылғы басылымда «…көбінің өресі кеңейіп, өрісі ұзарған» болып өзгерген.
Түпнұсқа (166-б.) мен 1991 (411-б.), 2003 (280-б.), 2013 (267-б.) ж. басылымдарда келтірілген «…қатта ертек сияқты…» деген тіркестегі «қатта» сөзі 1989 ж. басылымда (231-б.) «хатта» болып берілген. Бұл сөз А. Байтұрсынұлы еңбектері мен баспасөз беттерінде жарияланған бірқатар мақалаларында бірнеше мәрте кездеседі. Және де бірде «хатта», бірде «қатта» болып беріледі. «Хәттә» сөзі араб тілінде «ىتح «-» тіпті» деген мағынада қолданылады. Осы академиялық жинақта түпнұсқа қалпы сақталды.
Түпнұсқа (166-б.) мен 2003, 2013 жылғы жинақтарда кездесетін «…ақынынан түк белгі қалмағандықтан халық шығармасы, халық әдебиеті деп аталады» деген сөйлемдегі «ақынынан» сөзі 1989, 1991 ж. жинақтарда «ақыннан» болып өзгертілсе, 1989 ж. жинақта (231-б.) «халық шығармасы» тіркесі мүлдем кездеспейді.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «өнер-ғылым» тіркесі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «өнер-ғылымы» болып берілген.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Ауыз әдебиет Сауықтама. Ермектеме. Түпнұсқада (168-б.) және 1989 (232-б.), 2003 (281-б.), 2013 (269-б.) ж. жинақтарда «…ертексімек, аңыз әңгіме…» деп берілген тіркес 1991 ж. жинақта (412-б.) «…ертегісымақ, аңыз әңгіме…» болып өзгерген.
Ауыз әдебиет. Ертегі. Түпнұсқа мен 1989 ж. басылымдағы (233-б.) «…қиялдағы уақиға мен нәрселер болады» сөйлеміндегі «уақиға» сөзі 1991 (412-б.), 2003 (281-б.), 2013 (269-б.) ж. басылымдарда көптік жалғауы арқылы берілген.
Түпнұсқадағы (168-б.) «құдайды» сөзі мен «періштелердей» 1991 (412-б.), 2003 (282-б.), 2013 (269-б.) ж. жинақтарда «құдайдай», «періштедей» болып берілсе, 1989 ж. жинақта түпнұсқаға сәйкес жазылған.
Түпнұсқа (169-б.) мен 1989 ж. жинақта кездесетін (233-б.) «өнеге болу» тіркесі 1991 (412-б.), 2003 (282-б.), 2013 (269-б.) ж. жинақтарында «өнеге беру» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқада келетін (169-б.) «қалпын жорамалдап» тіркесіндегі «қалпын» сөзі 1991 (413-б.), 2003 (282-б.), 2013 (270-б.) ж. басылымдарда «халін» деп өзгертілген. 1989 (233-б.) ж. жинақта түпнұсқадағыдай берілген.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған бұл сөздер академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Ауыз әдебиет. Ертегісімек. Түпнұсқаның (170-б.) осы тараушасында кездесетін «шыға бейімірек» тіркесі мен «Қожай Насыр» есімі 1989 (233–234 бб.) ж. жинақта «шынға бейімірек», «Қожа-насыр», 1991 (413-б.) ж. жинақта «шынға бейімдірек», «Қожа Нәсір», 2003 ж. бестомдық шығармалар жинағы (283-б.) мен 2013 алтытомдық шығармалар жинағында (270-б.) «шынға бейімірек», «Қожа Насыр» болып берілген. Түпнұсқадағы «шыға» деген сөз баспадан кеткен техникалық қате болуы мүмкін. Ал «Қожай» сөзі бұл академиялық жинақта қазіргі орфографиялық жазылу емлесіне сәйкес «Қожа Насыр» болып берілді.
Ауыз әдебиет. Өтірік өлең. Түпнұсқа (171-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (234-б) «Көр тышқанның терісінен жаға қылдым» тармағындағы «терісінен» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «терісін» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқада және 1989, 2003, 2013 ж. жинақтардағы
«Он бес жігіт жиылып, көтере алмай,
Енді саба қылмасқа тоба қылдым»
деген өлең жолдары 1991 жылғы басылымда кездеспейді.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Ауыз әдебиет. Жұмбақ. Түпнұсқа мен 1991, 2003, 2013 ж. басылымдардағы «Тимейді ұшы жерге таяғының» тармағындағы «ұшы» сөзі 1989 ж. басылымда «үші» болып берілген.
Сондай-ақ осы тараудағы түпнұсқада берілген (172-б.) «бота тірсекті» тіркесіндегі «тірсекті» сөзі 1989 ж. басылымда «тіресекті» болып өзгертілген. «Ақ жол», 2003, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқаға сай берілген. Бұл академиялық басылымда да айтылған өзгерістер түзетіліп, түпнұсқа бойынша берілді.
Ауыз әдебиет. Жаңылтпаш. Түпнұсқа (172-б.) және 1989 ж. жинақтағы «…бұрып кететін…» тіркесіндегі «бұрып» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «бұзып» болып өзгеріске ұшыраған.
Осы тараудағы түпнұсқада берілген «Жаңылтпашқа көбінесе…» тіркесіндегі «Жаңылтпашқа» сөзіндегі септік жалғауы 1989 ж. жинақта берілмеген, тек «Жаңылтпаш» болып жазылған.
Түпнұсқадағы «соңғы екі жолын» тіркесіндегі «екі» сөзі 1989 ж. жинақта түсіп қалған. 1991, 2003, 2013 ж. жинақтар түпнұсқадан ауытқымаған. Бұл жинақта да түпмәтін басты ұстын ретінде алынды.
Ауыз әдебиет. Зауықтама. Түпнұсқада кездесетін (174-б.) «…үгіт өлең, үміт өлең, толғау» сөйлеміндегі «үміт өлең» тіркесі 1989 ж. жинақта (236-б.) мүлдем түсіп қалған. Басқа жинақтарда түпнұсқа бойынша берілген.
Зауықтама. Ертегі жыр. Түпнұсқада (177-б.) «Қобыланды батыр» жырынан алынған үзіндідегі
«Айналайын Қалдыжан,
Ағаңды кімге тапсырдың?!» –
деген өлең жолындағы «Қалдыжан» есімі 1991 ж. басылымда (416-б.) «Қарлығаш» болып берілген. Қалған жинақтарда бұл сөз өзгеріске ұшырамаған.
Осы тараудың түпнұсқасында кездесетін (177-б.) «…кейі жақсы көріну мақсатпен, кейі нәрсе алу мақсатпен мақтап, ақындықты қайыршылыққа, жарау кешілікке айналдырған» деген сөйлемдегі «мақсатпен» сөзі 1991 ж. жинақта (416-б.) «мақсатымен» болып жазылса, 2003, 2013 ж. жинақтарда «кейі» және «мақсатпен» сөздері «кейде», «мақсатымен» болып өзгеріске түскен. Ал «жарау кешілікке» сөзі барлық жинақтарда «жараукелікке» болып өзгертілген.
Түпнұсқада келесі «ұлықтайтыны бастықтар» тіркесіндегі «ұлықтайтыны» сөзі 1989 ж. жинақта «ұлғайтатыны» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқада «батыр әңгімелер» тіркесіндегі «батыр» сөзіне 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «лар» көптік жалғауы қосылып «батырлар» болып берілген. 1989 ж. жинақ түпнұсқалық қалыпты сақтаған.
Сондай-ақ, осы тараудағы түпнұсқада (178-б.) «дерек бергенде» тіркесіндегі «бергенде» сөзі 1989 ж. басылымда (238-б.) «бергендей» болып берілген. 1991, 2003, 2013 ж. басылымдар түпнұсқаға сәйкес дайындалған.
Түпнұсқадағы және 1989 ж. басылымдағы «ертегіге айналады» тіркесіндегі «ертегіге» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «ертекке» болып берілген.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Зауықтама. Тарихи жыр. Түпнұсқа (179-б.) мен 1989 ж. жинақтағы «Қоян қысының» сөз тіркесіндегі «қысының» сөзі «Ақ жол» мен 2003, 2013 ж. жинақтарында «қыстың» деп өзгертілген. Түпнұсқада келетін «о да тарихи жыр болады» сөйлеміндегі «о да» деген тіркес 1989 ж. жинақта (239-б.) «онда» болып өзгеріске ұшыраған. Қалған басылымдар түпнұсқаға сәйкес дайындалған. Жоғарыда аталған өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Зауықтама. Айтыс өлең. Түпнұсқада кездесетін (180-б.) «Болық айтысқанында» және «Айқын айтысқанындағы» тіркестеріндегі «айтысқанында» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарында «айтысқанда», ал «айтысқанындағы» сөзі 1991 ж. «айтысқанда» болса, 2003, 2013 ж. жинақтарында «айтысқандағы» болып өзгертілген.
Түпнұсқадағы «…осалдау жағын айтып, бас адамдарының осал істерін айтып» сөйлеміндегі «осалдау» мен «істерін» сөздері 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарында «осалдық» және «істерімен» болып өзгеріске ұшыраған.
Сондай-ақ осы тараудағы түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта кездесетін «ел жағынан да» тіркесі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарында «ел жағына да» деп берілген.
Түпнұсқадағы «қалмаса» сөзі 1989 ж. жинақта «қалмасқа» болып өзгеріске ұшыраған. Қалған жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған бұл сөздер академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Зауықтама. Үміт өлең. Түпнұсқа мен 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда: «бір нәрсе дәме ете айтқан» сөйлеміндегі «дәме ете» сөз тіркесі 1989 ж. жинақта (240-б.) «дәмете» болып біріккен түрде берілген.
Түпнұсқа (182-б) мен 1989 ж. жинақта (241-б.) «тек мақтап қана қойған да» сөйлеміндегі «қана» шектік демеулік шылауы 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда мүлдем түсіп қалған.
Түпнұсқада келесі (182-б.) «Әзілмен де, жай да алу мақсатын көрсеткен сөз Шерниязда бар» сөйлеміндегі «жай да алу» сөз тіркесі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарында «пайда алу» болып өзгеріске ұшыраған. 1989 ж. жинақта түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқадағы «Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден» өлең жолындағы «Кетіп» сөзі 1991, 2003 ж. басылымдарда «Келіп» болып өзгеріске ұшыраса, 1989, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқаға сай берілген.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Күніме жаяулықпен жаза бердің» деген өлең жолында берілген «Күніме» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «Күнәме» болып өзгеріске ұшыраған.
Сондай-ақ, түпнұсқадағы (183-б.) «Жеңілтіп есебінен жібереді» өлең жолындағы «Жеңілтіп» сөзі 1989, 1991 ж. жинақтарында «Жаңылтып» болып өзгертілген. 2003, 2013 ж. жинақтарда түпнұсқадағыдай берілген.
Түпнұсқада берілген «Өлең айтатұғын кең тұрғанда» өлең жолындағы «Өлең» сөзі 1989 ж. жинақта (241-б.) «Өлеңім» болып берілсе, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарында «Өлеңді» болып өзгеріске ұшыраған.
Сонымен бірге түпнұсқада (183–184 бб.) берілген:
«Сұрқия Кенесары – қашаған хан,
Серғазы – талай жасты жасаған хан.
Дәулетін Байекемнің айырма деп,
Тілекті мен тілейін жасағаннан.
Жарлыны жалғызбенен бір теңгердің
Алтынды айналайын босағаңнан!
Кеңеске келіссіз сөз тек қосайын,
Тап атам Жарылғасқа ұсағанмын.
Қарастым тойды жақсы бастады деп,
Берсең де бір қысырақ қосақ алман» –
деген шумақ «Ақ жолда» мүлдем кездеспейді. Бұл шумақ 1989, 2003, 2013 жылғы жинақтарда қамтылған.
Кейінгі басылымдарда кеткен қателіктер жойылып, өзгеріске ұшыраған сөздер мен жыр жолдары түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Зауықтама. Толғау. Түпнұсқа (184-б.) мен 1989, 1991 ж. жинақтарда берілген «Кәдірі болмайды екен қолда бардың» деген өлең жолында «Кәдірі» сөзі 2003, 2013 ж. басылымдарда «Қадірі» болып берілген. Түпнұсқада кездесетін
«Құдай-ау ырзалықпен айрылмадым,
………………………………………………………
Жапырмай, бұ не деген істер болды?»
өлең жолдарындағы «ырзалықпен» деген сөз 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарында «ризалықпен» деп берілсе, 1989 ж. жинақта түпнұсқадағыдай жазылған. Ал «Жапырмай» сөзі 1989 ж. жинақта «Япырым-ай» деп, 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «Япыр-ай» болып өзгеріске ұшыраған.
Келесі осы тараудағы түпнұсқада (186-б.)
«Он сегіз мың ғаламның
Патшасы, әуел Хақ Жаббар!
Есіттің бе сөзімді?» –
деген өлең жолдарындағы «Жаббар» сөзі 1989 жылғы басылымда (243-б.) «Жаппар» деп берілген. Ал 1991 жылғы жинақта (419-б.)
«Он сегіз мың ғаламға
Патша болған хақ жаббар!
Есіт мынау сөзімді» –
деп өзгеріске ұшыраған. 2003, 2013 ж. жинақтар түпнұсқадан ауытқымаған.
Сондай-ақ түпнұсқада
«Біз бақырға көзің сал!»
………………………………….
О дағы бір күн кез болар.
…………………………………
О да бір сенің жолыңа»
деп келетін түпнұсқадағы «бақырға» сөзі 1989, 2013 ж. басылымдарда «пақырға» деп берілсе, 1991, 2003 ж. басылымдарда түпнұсқаға сәйкес жазылған.
Келесі «О дағы бір күн кез болар» тармағындағы «О дағы» сөзі 1991 ж. жинақта «О да» деп берілген.
Сондай-ақ «О да бір сенің жолыңа» өлең жолындағы «О да» тіркесі 2003, 2013 ж. жинақтарда «О дағы» болып өзгертілген, 1989, 1991 ж. жинақтар түпнұсқа қалпын сақтаған.
Түпнұсқа (187-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (244-б.)
«Шырағының шыбыны
………………………………….
Тұқылас атты Шашты әзиз!»
деген өлең жолындағы «Шырағының» және «Тұқылас» сөздері 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «Шырағымның», «Ықылас» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқаның осы тарауындағы (188-б.) «Күңіреніп жатырмын» деген өлең жолы «Ақ жолда» (421-б.) «Көгеріп келе жатырмын» болып өзгерген. Ал 1989 ж, 2003 ж, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқамен бірдей берілген.
Түпнұсқаның осы тарауында (189-б.)
«Баяғымдай болар ма, тағы заман.
Атадан ұл, енеден қыз айырылды»
деп кездесетін өлең жолындағы «енеден» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «анадан» болып өзгеріске ұшыраған. 1989 ж. жинақ (244-б.) түпнұсқадан ауытқымаған. Ал «баяғымдай» сөзі барлық басылымдарда «баяғыдай» болып берілген.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған бұл сөздер академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Зауықтама. Терме. Түпнұсқадағы (190-б.) кездесетін «Аңдасып күні өткен соң» деген өлең тармағындағы «Аңдасып» сөзі 1989 ж. жинақта (245-б.) «Аңдысып» болып өзгеріске ұшыраған. Басқа басылымдар түпнұсқа қалпын сақтаған.
Түпнұсқадағы келесі «Кейбіреу өз халына өзі малай» деген тармақтағы «халына» сөзі 1989 ж. жинақта «халқына», 1991 ж. жинақта «малына», 2003 ж, 2013 ж. жинақтарда «жалына» болып өзгеріске ұшыраған. Түпнұсқа (191-б.) мен 1989 ж. жинақтың (245-б.) осы тарауындағы
«Жарыстық қыс суықпен өмір шегіп,
Кетпей ме бір күн тастап нәубетіңді»
деген өлеңде кездесетін «Жарыстық» пен «нәубетіңді» сөздері 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «Жаз ыстық», «нәубетінде» болып өзгертілген.
Сондай-ақ түпнұсқадағы «Бүтінді аудармайтын нар секілді» тармағындағы «Бүтінді» сөзі 1989 ж. жинақта «Бүтіндей» болып өзгертілген. «Ақ жол», 2003, 2013 ж. жинақтар түпнұсқа бойынша берілген. Түпнұсқада кездесетін
«Бір жерге екі жаман сыйыса алмайды,
…………………………………………………………
Қараңғы жүрген жері бу болады»
деген өлең жолындағы «алмайды» сөзі 1989 ж. жинақта түпнұсқа бойынша берілсе, 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «алмайд» болып «ы» әрпін қысқартып берген. Ал «бу» сөзі 1989 ж. жинақта «шу» болып өзгертілген. Қалған жинақтарда түпнұсқаға сай берілген.
Кейінгі басылымдарда кеткен қателіктер жойылып, өзгеріске ұшыраған сөздер мен жыр жолдары түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Сарындама (сарын сөз) саласы. Салт сөзі. 2013 ж. алтытомдық шығармалар жинағында (285-б.) «Салттама, оның түрлері. Салт сарынымен, яғни салт жөнімен айтылатын сөздер салт сөзінің табына жатады» деген сөйлемде «Салттама, оның түрлері» сөйлемі қоса берілген. Түпнұсқа (192-б.) мен 1989 (246-б.), 1991 (422-б.), 2003 (298-б.) ж. жинақтарда бұл сөйлем кездеспейді.
Түпнұсқадағы (192-б.) «тақпақтар, мақалдар, мәтелдер» деген бірыңғай мүшелеріндегі көптік жалғаулары 2013 ж. алтытомдықта (285-б.) мүлдем кездеспейді. 1989, 1991, 2003 ж. жинақтарда түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқадағы (192-б.) «Бақыдық теке» тіркесіндегі «Бақыдық» сөзі 1989 (246-б.), 2003 (298-б.), 2013 (286-б.) ж. жинақта «Бақылдақ теке» деп берілсе, 1991 (422-б.) ж. жинақта мүлдем кездеспейді. Бұл сөз баспа тарапынан кеткен қателік болуы мүмкін. Осы академиялық жинақта «Бақылдақ» болып берілді.
Сарындама (сарын сөз) саласы. Ділмар сөз. Түпнұсқадағы (193-б.) «Өз Дулат…» сөзі «Ақ жолда» (422-б.) «Өзі Дулат…» болып өзгерсе, 1989 (247-б.), 2003, 2013 ж. жинақтарда «Өр Дулат» болып өзгертілген.
Осы тараудың түпнұсқасында кездесетін «құлағым шұнақ болса» сөйлеміндегі «шұнақ» сөзі 1991 (423-б.), 2003 (299-б.) «шолақ» болып өзгертілсе, 1989 (247-б.), 2013 ж. жинақтар түпнұсқа қалпын сақтаған.
Түпнұсқадағы келесі «атаң сегіз еді, өзің тоғыз едің, сенің тоғызыңды алса» сөйлеміндегі «атаң» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «анаң» деп өзгертілген. 1989 ж. басылымда түпнұсқадағыдай берілген. Осы сөйлемдегі «сенің» септігі 1989 ж. басылымда мүлдем түсіп қалған.
Сондай-ақ осы келтірілген жинақты түпнұсқасында келетін (193-б.) «Ыбырайұлы Торман жинағаннан» сөйлеміндегі «Торман» есімі 1989 ж. жинақта (247-б.) «Тұрман жинағынан» болып берілсе, 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «Шорман жинағаннан» болып берілген. Бұл есім баспа тарапынан кеткен қателік болуы мүмкін. Себебі, осы тараушаның келесі бетінде тағы да осы есім берілген кезде (түпнұсқа (194-б.) «Шорман» болып берілген. Осы академиялық жинақта «Шорман» болып берілді.
Түпнұсқа (193-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (247-б.) «күткеніне ырза болып» сөйлеміндегі «ырза» сөзі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «риза» деп берілген.
Түпнұсқада кездесетін (194-б.) «Құданың құдыретіне қарап тұрсаң» тармағындағы «құдыретіне» сөзі 1989 ж. басылымда (247-б.) «құдыретін» болып берілсе, қалған басылымдар түпнұсқа қалпын сақтаған.
Сондай-ақ түпнұсқада ұшырасатын (195-б.) «әлдеқалай боласыз», «не айтып кетесің,…не айтып барасыз» сөйлеміндегі «кетесің», «барасың» сөздері 1989 ж. жинақта (248-б.) «кетесіз», «барасыз» болып сыпайы түрде берілген болса, «боласыз» сөзі 2013 ж. алтытомдықта «боласың» деп екінші жақта берілген.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта кездесетін «…заман сендердікі, жұрт сендердікі, өз ақылдарың өздеріңе жетеді» сөйлеміндегі «заман сендердікі» сөз тіркесі 2003, 2013 ж. жинақтарда кездеспесе, 1991 ж. жинақта «жұрт сендердікі» сөз тіркесі мүлдем түсіп қалған.
Кейінгі басылымдарда кеткен қателіктер жойылып, өзгеріске ұшыраған сөздер мен жыр жолдары түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Сарындама (сарын сөз) саласы. Тақпақ. Түпнұсқадағы (196, 197-б.)
«Тұра сала сармасе кетеді.
…………………………………………………..
Жуан болмай, қауын болмас»
деген өлең тармағындағы «сармасе», «жуан» сөздері 1989 (249-б.), 1991 (424-б.), 2003 (301-б.), 2013 (289-б.) ж. жинақтарда «жармаса», «жауын» болып өзгеріске ұшыраған. Алайда, мәтіннің контекстік мағынасына сай «жармаса», «жауын» деген сөздер дұрыс келеді. Бұл сөздер баспа тарапынан кеткен қателік болуы мүмкін. Осы академиялық жинақта «жармаса», «жауын» болып берілді.
Түпнұсқада (197-б.) кезедесетін «Екі дау адағы ауыл болмас» деген өлең тармағы 1991 ж. жинақта (424-б.) «Екі дай адамы ауыл болмас» болып өзгертілген. 1989 (249-б.), 2003 (301-б.), 2013 (289-б.) ж. жинақтарда түпнұсқадағыдай берілген. Аталған өзгеріс осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша берілді.
Сарындама (сарын сөз) саласы. Мақал. Түпнұсқа (197-б.) мен 1989 ж. басылымда (249-б.) «жұрт бұзылар» тіркесіндегі «жұрт» сөзі «Ақ жол» (424-б.) мен 2003 (302-б.), 2013 (289-б.) ж. алтытомдықта «халық» болып берілген.
Түпнұсқадағы (198-б.) «Ұрлықтың түбі қорлық» мақалындағы «Ұрлықтың» деген сөзі 1991 ж, 2003 ж, 2013 ж. жинақтарда «Ұрлық» деп берілген. Аталған сөздер бұл басылымда түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Сарындама (сарын сөз) саласы. Мәтел. Түпнұсқадағы (199-б.) «шыққан қақиқат… Мәтел қақиқат жағын қарамай» сөйлеміндегі «қақиқат» сөзі 1989 ж. басылымда (250-б.) «ақиқат» болып берілсе, қалған басылымдар түпнұсқа қалпын сақтаған.
Түпнұсқа (199-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (250-б.) «Өткен өрел, қалған салауат» мәтеліндегі «өрел» сөзі 1991 (425-б.), 2003 (303-б.), 2013 (290-б.) ж. жинақтарда «өрен» болып өзгеріске ұшыраған. Бұл сөздер түпмәтін бойынша қалпына келтірілді.
Осы тараушаның түпнұсқасында кездесетін (199-б.) «Бетегеде биік, жусаннан аласа» деген мәтелде «бетегеде» сөзі барлық жинақтарда «бетегеден» болып берілген. Бұл академиялық жинақта «бетегеден» болып берілді, себебі контекстік мағынаға сай «бетегеден» деген дұрыс келеді.
Ғұрып сөзі. Түпнұсқаның (200-б.) осы тарауынан кейін келетін сөйлемнің алдына 2013 (291-б.) ж. алтытомдық жинақта «Ғұрыптама» сөзі қоса берілген. Басқа жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Ғұрып сөзі. Тойбастар. Түпнұсқа (200-б.) мен 1989 (251-б.) ж. жинақта кездесетін «Әуелі паруардегер сені айтамын» өлең тармағындағы «сені айтамын» деген тіркесі 1991 (426-б.), 2003 (304-б.), 2013 (291-б.) ж. жинақтарда «соны айтайын» болып берілген.
Түпнұсқада (200-б.) «Сонда айтылатын өлең» сөйлеміндегі «айтылатын» сөзі 1989 ж. басылымда (251-б.) «айтылған» болып берілсе, 1991 (426-б.), 2003 (304-б.), 2013 (291-б.) ж. жинақтар түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқада (200-б.) «Бұл тойда топтан озған мен айтамын» тармағындағы «айтамын» сөзі 1991 (426-б.), 2003 (304-б.), 2013 (291-б.) ж. басылымдарда «айтайын» болып өзгеріске ұшыраған.
Осы тараудың түпнұсқасында ұшырасатын «Бітпесе есек қылы маңдайыма» деген өлең тармағындағы «есек» сөзі «Ақ жол», 2003 (304-б.), 2013 ж. жинақтарда «өсек» болып өзгертілген.
Сондай-ақ түпнұсқа (201-б.) мен 1989 (251-б.) ж. жинақтың келесі тармағында кездесетін «Баласын жаман деген заман бар ма?!» өлең тармағындағы «баласын» деген сөз 1991 (426-б.), 2003 (304-б.), 2013 (292-б.) ж. жинақтарда «Баласы» болып берілген.
Түпнұсқаның (201-б.) осы тараушасында берілген
«Ау Ата – Ау Анадан қалған жол деп,
Насихат білгенімше беріп келдім.
Той етіп қыз ұзатпақ Хақ бұйрығы,
Адам мен Ау Ананың тап бұйрығы»
деген өлең жолдарындағы «Ау Ата» тіркесі өлеңнің келесі тармағында «Адам» болып берілген. «Ау Ана» мен «Ау Ата» тіркестері баспадан кеткен техникалық қате болуы мүмкін. Әсілі, «Адам ата» мен «Хауа ана» деген тіркес қисынға келеді. Бұл академиялық жинақта түпнұсқа бойынша берілді.
Түпнұсқа (202-б.) мен 1989 (252-б.) ж. басылымда кездесетін
«Біреудің әспеттеген ақ құйрығы.
…………………………………………………
Болған соң ақ бұйрығы тек жылайды»
өлең жолдарындағы «әспеттеген» және «ақ» сөздері 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «әспеттенген», «хақ» болып өзгеріске түскен.
Сондай-ақ түпнұсқадағы (202-б)
«Жасаған айтқан сөзім тұс келтіріп,
……………………………………………………
Алдыңда азғана сөз әңгіме айттым»
өлең жолдарындағы «тұс», «алдыңда» сөздері 1989 (252-б.) ж. жинақта түпнұсқа бойынша берілсе, «Ақ жол», 2003 (305-б.), 2013 (293-б.) ж. басылымдарда «түс», «алдыңа» болып өзгертілген.
Түпнұсқа мен 1989 (252-б.) ж. жинақтағы «Үйіңе Қызыр Ілияс келіп қонсын» өлең тармағындағы «Қызыр» есімдігі 1991, 2003 (305-б.), 2013 (293-б.) ж. жинақтарда «Қыдыр» болып берілген.
Бұл сөздер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Ғұрып сөзі. Жар-жар. Түпнұсқадағы (203-б.)
«Ақ бетімді көруге айнам болсын, жар-жар!
Қанша жақсы болғанмен қайын атамыз, жар-жар!»
өлең жолындағы «көруге» деген сөз барлық жинақтарда «көретін» болып берілген. Бұл сөз түпнұсқа бойынша берілді.
Түпнұсқа (204-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (253-б.)
«Қара құйрық сәукеле шашың басар» деген өлең жолы 1991 ж. жинақта (427-б.) «Алтын құйрық сәукеле шашың басар» болып, «қара» сөзін «алтын» сөзі ауыстырған. Ал, 2003 (306-б.), 2013 (294-б.) ж. жинақтарда «Құйрық сәукеле шашың басар» болып «қара» сөзі мүлдем түсіп қалған.
Түпнұсқа мен 2003 (306-б.), 2013 (294-б.) ж. басылымдарда кездесетін «…айқасқан оң жақ қайда? деп айтылады.» сөйлеміндегі «деп» деген сөзден соң 1989 (253-б.), 1991 (427-б.) ж. басылымдарда «те» шылауы қоса берілген.
Аталған кемшіліктер түпнұсқа негізіне қалпына келтірілді.
Ғұрып сөзі. Неке қияр. Түпнұсқада кездесетін (204-б.) «Бірақ өлеңше ұйқасқан» сөйлеміндегі «өлеңше» сөзі 1989 ж. жинақта (253-б.) «өлеңде» болып өзгертілген. Қалған жинақтар түпнұсқа қалпын сақтаған.
Түпнұсқа (205-б.) мен 1989 (254-б.) ж. жинақта «қалыпша айтып» тіркесіндегі «қалыпша» сөзі 1991 (428-б.), 2003 (307-б.), 2013 (295-б.) ж. жинақтарда «қалыпта» болып өзгеріске ұшыраған.
Сондай-ақ осы тараудың түпнұсқасындағы (205-б.) «қалал жұптылыкке қабыл көріп алдыңыз ба?….. жұпты болдыңыз ба?…» сөйлеміндегі «қалал жұптылыкке» сөз тіркесі 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «халал жұптылыққа» болып берілсе, 1989 ж. жинақта «қалал жүптілікке» деп берілген. Алайда сөздің жазылу емлесіне сай «халал жұптылыққа» тіркесін осы күйінде қалдырдық.
Ғұрып сөзі. Жоқтау. Түпнұсқадағы (206-б)
«Жаяйын да жияйын!
Күнәлі бармақ, жез тырнақ»
деген өлең жолы 1991 жылғы басылымда (429-б.) «жаяйын да жылайын» деп берілген. «Күнәлі» сөзі 1989 жылғы басылымда (254-б.) «Қыналы» болып өзгертілген.
Түпнұсқадағы (207-б.) келесі «Мөмілдеген қара көз» тармағындағы «мөмілдеген» сөзі 1989 ж. жинақта (255-б.) «мөлтілдеген» деп берілсе, 1991 (429-б.), 2003 (308-б.), 2013 (296-б.) ж. жинақтарда «Мөлдіреген» болып өзгертілген.
Түпнұсқадағы (207-б.)
«Асыл да каукар болатым,
Ұшан десем қанатым»
деген өлең жолдарындағы «каукар» сөзі 1989 (255-б.), 1991 (429-б.), 2003 (309-б.), 2013 (296-б.) ж. жинақтарда «гауһар» болып, ал «ұшан» сөзі 1989, 2003, 2013 ж. жинақтарда «ұшайын» деп, 1991 ж. басылымда «ұшам» болып берілген. Әсілі, кейінгі жинақтарда берілген «гауһар», «ұшайын» деген сөздері қисынға келеді. Түпнұсқада баспадан кеткен техникалық қателік болуы мүмкін. Осы академиялық жинақта бұл сөздер «гауһар», «ұшайын» деп берілді.
Түпнұсқа (207-б.) мен 1989 жылғы жинақтағы (255-б.) «Ала арқанмен бек тарттым» деген өлең жолы «Ақ жолда» (429-б.) кездеспейді. 2003 (309-б.), 2013 (297-б.) ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Ғұрып сөзі. Жарапазан. Түпнұсқадағы (208-б.) «Жарапазан айтатын екеу болып жүріп айтады» сөйлеміндегі «айтатын» сөзі 1989 ж. басылымда «айтатындар» болып «дар» көптік жалғауы арқылы берілген. 1991, 2003, 2013 ж. басылымдар түпнұсқадан ауытқымаған.
Осы тараудың мысалында келтірілген «Жарамазан» сөздері 1989 ж. жинақта түпнұсқа қалпы сақталса, қалған жинақтарда «Жарапазан» болып өзгертілген.
Бұл жинақта өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Ғұрып сөзі. Бата. Түпнұсқа (210-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (257-б.) «Біткен аруақтарға тие берсін!» тармағындағы «біткен» сөзі «Ақ жол», 2003, 2013 ж. жинақтарында «бүткіл» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда кездесетін
«Сенен байлық өтпесін,
Тәңірі берген несібең.
Тепкілесе кетпесін
Желіңнің екі шетіне»
деген жолдар 1991 жылғы жинақта «Сенен байлық кетпесін» тармағындағы «өтпесін» сөзі «кетпесін» болып өзгертілсе, ал «Желіңнің екі шетіне» жолы мүлдем түсіп қалған.
Түпнұсқада (211-б.) келетін
«Шіңгір-шіңгір кісінескен,
Сүйістікпен иіскескен»
өлең жолдарындағы «кісінескен» сөзі 1989 ж. басылымда (257-б.) «кісінеген» болып берілсе, 1991 (430-б.), 2003 (311-б.), 2013 (299-б.) ж. басылымдарда екінші жолы түсіп қалған.
Бұл жинақта түсіп қалған жыр жолдары мен өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Қалып сөзі. Түпнұсқада (212-б.) «сөздерді айтылады» тіркесі 1989 (257-б.), 1991 (431-б.), 2003 (312-б.) ж. жинақта «сөздерді айтады» болып, ал 2013 (299-б.) ж. алтытомдықта «сөздерін айтады» деп өзгеріске ұшыраған. Сөйлемдегі контекске сай осы академиялық жинақта «сөздерді айтады» деп өзгертілді.
Түпнұсқаның (212-б.) келесі сөйлемінде келетін «ауру баққанда», «тісті емдегенде» тіркестері 2013 ж. алтытомдықта (300-б.) «ауру басқанда», «тіс емдегенде» болып берілген. Басқа жинақтар түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқада (212-б.) «…жын шақырғанда …» сөйлемі 1991 ж. жинақта (431-б.) «…жын шақыруы …», 1989 жылғы басылымда (257-б.) «…жынын шақырғанда…» болып өзгерген. 2003 (312-б.), 2013 (300-б.) ж. басылымдардар түпнұсқадан ауытқымаған.
Түпнұсқа (213-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (258-б.) «Сыйындым сізден бір медет» тармағындағы «медет» сөзі «Ақ жол» (431-б.), 2003 (312-б.), 2013 (300-б.) ж. жинақтарда «мезет» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін (215-б.) «Ор текенің мүйізінен» өлең жолындағы «мүйзінен» сөзі 1991 (432-б.), 2003 (313-б.), 2013 (301-б.) ж. басылымдарда «мүйізін» болып берілген. Жоғарыда аталған өзгерістер түпнұсқа мәтіні бойынша берілді.
Жын шақыру. Түпнұсқадағы (213, 214 бб.)
«Жаңа келді деу пері»
………………………………
«Жаңа келді Теңкетай»
деген өлең тармақтарындағы «деу», «Теңкетай» сөздері 1989, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «дәу», «Теңгетай» болып берілген. Осы академиялық жинақта қазіргі орфографиялық жазылу емлесіне сәйкес «дәу», «Теңгетай» болып берілді.
Құрт шақыру. Түпнұсқада (215-б.) берілген «Сарбас тұйғын, күйіт-күйіт» тармағындағы «күйіт, күйіт!» шақыру сөздері 1989 ж. жинақта (259-б.) «көйт-көйт» болып өзгеріске түскен. Қалған жинақтар түпнұсқадан ауытқымаған. Жинақты дайындау барысында өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп берілді.
Дерт көшіру. Түпнұсқадағы (217-б.) «Ұшыне орамалым түйдім тары» тармағындағы «ұшыне» сөзі 1989 ж. жинақта «үшіне», 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «ұшына» болып берілген.
Түпнұсқадағы аталған сөз баспа тарапынан кеткен қателік болуы мүмкін. Сондықтан да осы академиялық жинақта сөздің орфографиялық жазылу емлесіне сәйкес бұл сөз «ұшына» болып берілді.
Жазу әдебиет. Түпнұсқа (219-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (261-б.) «молдалардың ісінен Шортанбай, Ақмолда сияқты…» сөйлеміндегі «ісінен» сөзі 1991 (434-б.), 2003 (317-б.), 2013 (305-б.) ж. жинақтарда «ішінен» болып өзгертілген. Сөйлемдегі контекске сай осы академиялық жинақта «ішінен» болып берілді.
Түпнұсқада кездесетін «Бірақ қайсысында болса» сөйлеміндегі «қайсысында» сөзіне 1991 (434-б.), 2003 (317-б.), 2013 (305-б.) ж. жинақтарда «да» шылауы жалғанған.
Осы тараудың түпнұсқасындағы (220-б.) «…орыс үкіметі қазақ пен ноғай арасына жік салып…» сөйлеміндегі «орыс» сөзі 1989 ж. жинақта (262-б.) «патша» болып өзгертілген. «Ақ жол» (434-б.), 2003 (318-б.), 2013 (306-б.) ж. жинақтар түпнұсқадағыдай берілген.
Осы абзацтағы түпнұсқада «орысқа оқитын» деген тіркестегі «орысқа» сөзі «орысша» болып берілген. Сөйлемнің контекске сай «орысша» деген дұрыс келеді. Бұл баспа тарапынан кеткен қателік болуы мүмкін. Осы академиялық жинақта «орысша» деп берілді.
Сондай-ақ түпнұсқадағы (221-б.) «…үлгі алып, соны еліктеуден пайда болып отыр» сөйлеміндегі «соны» сөзі 1989, 2013 ж. басылымдарда «соған» сөзіне өзгертілген. 1991, 2003 жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқада «Айтыс-тартыс түрдегі шығармалар…» сөйлемінде берілген «түрдегі» сөзі 1989 ж. басылымда түсіп қалған. 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқа бойынша берілген.
Жинақты дайындау барысында өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп берілді.
Діндар дәуір. Түпнұсқада келетін «…шығармалардың түрлеріне діншілдігімен ғана айрылмаса…» сөйлеміндегі «түрлеріне» сөзі 1991, 2003, 2013 (308-б.) ж. жинақтарда «түрлерінен» болып берілген. 1989 (263-б.) ж. жинақ түпнұсқа бойынша берілген.
Осы тараудың «…басымдығымен айырылатын түрлері мынау…» сөйлемінде берілген «басымдығымен» сөзі 1989 ж. жинақта (263-б.) «басымдылығымен» болып өзгеріске ұшыраған.
Бұл академиялық жинақта жоғарыда аталған өзгерістер түпнұсқа бойынша берілді.
Қисса. Түпнұсқадағы (223-б.) «…қазақ тұрмысынан сөзден емес…» сөйлеміндегі «тұрмысынан» сөзінен кейін 1989 (264-б.) ж. жинақта «алынған» сөзі қосылып «тұрмысынан алынған сөзден емес» болып өзгертіліп берілген. Басқа басылымдарда «тұрмысынан сөздер емес» болып берілген. Алайда, бұл баспадан кеткен қателік болуы мүмкін. Сондықтан да 1989 ж. баспадағы өзгертулерді басшылыққа алдық.
Түпнұсқа (223-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (264-б.) «…шығарған қисса…» тіркесіндегі «қисса» сөзіне 1991 (435-б.), 2003 (319-б.), 2013 (308-б.) ж. басылымдарда «лар» көптік жалғауы арқылы берілген.
Түпнұсқада (223-б.) келетін «шариғат бұйрығын орнына келтірген адамдардың өмірінен де мысал келтіріп» деген сөйлем 2013 (308-б.) ж. алтытомдықта мүлдем кездеспейді. 1989 (264-б.), 1991 (435-б.), 2003 (319-б.) ж. басылымдар түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқаның (223-б.) осы тарауындағы араб тіліндегі діни терминдерге қатысты «… ғұшыр, пітір, бедие…» сөздеріндегі «бедие» сөзі 1989 ж. жинақта (264-б.) «підия» болып берілсе, 1991 (436-б.) ж. жинақта «педие» болып берілген. 2003 (320-б.), 2013 (308-б.) ж. жинақтар түпнұсқадағы жазылу емілесін басшылыққа алған.
Түпнұсқадағы (223-б.) қисса атауларына қатысты берілген «Зарқұм», «Жалсал», «Сейпіл Мәлік» қисса атауларының ішіндегі «Жалсал» 1989 (264-б.), 1991 (436-б.), 2013 (308-б.) ж. басылымдарда «Салсал» болып берілген. Түпнұсқадағы «Жалсал» атауы баспадан кеткен қателік. «Жалсал» атауын «Салсал» деп беруді жөн көрдік.
Түпнұсқадағы (224-б.) «Жүсіпбек Шайхыисламұлы Айқоқын» есімі 1989 ж. жинақта «Жүнісбек Шайқысләмұлы» болып берілсе, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарында «Жүсіпбек Шайхыісләмұлы» деп берілген. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы (224-б.) «бастамасындағы сөзінің түрлері» тіркесіндегі «сөзінің» деген сөз 1991 (436-б.), 2003 (320-б.), 2013 (308-б.) ж. алтытомдық жинақта «сөздің» болып берілген.
Сондай-ақ осы тараудағы «Мұса Қарынға барады. Қарын малы сансыз көп бола тұрып…» сөйлемі 2003 ж. жинақта (320-б.) «Мұса Қарынбайға барады да, Қарын малы сөзсіз көп бола тұрып…» болып өзгеріске түскен. Түпнұсқадағы (224-б.) «…күнәңді кешемін, – дейді… Зекет бермесең, жер жұтсын!» – деп ақырғанда…» сөйлеміндегі «кешемін» сөзі 1989 ж. жинақта (265-б.) «кешем» болып, ал «ақырғанда» сөзі 1991 (436-б.), 2003 (320-б.), 2013 (309-б.) ж. жинақтарда «ақырында» деп өзгертілген. Түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы қиссаның «…Зекет бересің бе….жаннам түбіне кетесің деп…» сөйлемінде «бересің бе», «жаннам» сөздері 1991 (436-б.), 2003 (321-б.), 2013 (309-б.) ж. жинақтарда «Зекет бермесең», «жаһаннам» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (226-б.) «…айқын болғандықтан» тіркесіндегі «болғандықтан» сөзі 1989 (265-б.) ж. жинақта «болмағандықтан» деп қате берілген.
Аталған өзгерістер осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Хикаят. Түпнұсқаның осы тарауындағы (226-б.) «Бекер жүрер бірақ сол көргенде» тармағында берілген «бірақ» сөзіне 1991 (437-б.), 2003 (322-б.), 2013 (310-б.) ж. жинақтарда «та» жалғауы қосылып жазылған. 1989 (266-б.) ж. жинақ түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Насихат. Түпнұсқадағы (227–228 бб.)
«Жианде сендей болған пасық адам»
Кемдікке еті қызыт ренжімес
…………………………………………………….
Жианде кім десеңіз ұры болар,
Алланың рақыметінен қашық адам»
өлең жолдарындағы соңғы екі тармақ «Ақ жолда» (437-б.) түсіп қалған. Өлең жолдарында келтірілген мысалдағы «Жианде» сөзі 1989 (266-б.), 2013 (311-б.) ж. жинақта «Жаһанда» болып, ал 1991 (437-б.), 2003 (323-б.) ж. жинақтарда «Жиһанда» болып берілген. Ал түпнұсқадағы «қызыт» сөзі баспадан кеткен техникалық қате болуы мүмкін. «Жианде» сөзі бұл академиялық жинақта қазіргі орфографиялық жазылу емлесіне сәйкес «жиһанда» деп, ал «қызыт» сөзі сөздің мағынасына сай «қызып»
болып берілді.
Түпнұсқа (228-б.) мен 1989 ж. жинақта (266-б.) «Әбубәкірдің қатынға айтқан» тіркесіндегі «Әбубәкір» есімі 1991 (437-б.), 2003 (323-б.), 2013 (311-б.) ж. басылымдарда «Әубәкірдің» болып берілген.
Түпнұсқа (228-б.) мен 1989 ж. жинақта (267-б.) «Екінші тірілікте халыққа жақпас» тармағындағы «тірілікте» сөзі 1991 (438-б.), 2003 (323-б.), 2013 (311-б.) ж. жинақтарда «тірлігінде» болып өзгеріске түскен.
Түпнұсқадағы (228-б.) «Көп болар қабір, ғазап тыныш жатпас» өлең тармағындағы «көп», «қабір» деген сөздері 1991 (438-б.), 2003 (323-б.), 2013 (311-б.) ж. басылымдарда «кеп», қайыр» болып өзгеріске ұшыраған. 1989 (267-б.) ж. жинақ түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқадағы (229-б.)
«Бүгін жеген қатыңды.
Таңында бір күн берерсің.
Пақыр-міскін кез келсе,
Алып барар малың жоқ,
Дүниеде қайыр қыл!
…………………………….
Досыңа жақсы орын бер!»
(Әбубәкір)
өлең шумағындағы «қатыңды», «міскін» сөзі 1989 (267-б.) жылғы басылымда «қапыңды», «мүскін» деп өзгеріске ұшыраған.
1991 (438-б.) жылғы жинақта
«Бүгін жеген наныңды,
Тағы да бір күн көрерсің.
Алып барар малың жоқ,
Бақыр, міскін кез келсе,
Бәріне де қайыр қыл!
………………………………
Дұшпаныңа жақсы орын бер!»
деп беріліп, «қапыңды», «таңында», «пақыр», «дүниеде», «досыңа» сөздері «наныңды», «тағы да», «бақыр», «бәріне де», «дұшпаныңа» болып өзгеріске ұшыраған, әрі авторы көрсетілмеген. Десек те, 2003 (323-б.), 2013 (312-б.) ж. жинақтар түпнұсқадан ауытқымаған. Алайда, түпнұсқадағы «қатыңды» сөзі баспадан кеткен қателік болуы мүмкін. Сөздің мағынасына сәйкес осы академиялық жинақта «қақыңды» деп берілді.
Мінәжат. Түпнұсқадағы (231-б.) «мұң толғау, зарлау болады. Мінәжат Құдайға қаратып бастауымен мінәжат болатын болса» деген сөйлем 1991 (439-б.) «мұң толғау, зарлау. Соларды мінәжат құдайға қаратып бастауымен мінәжат болатын болса» деп «болады» деген сөз «соларды» деп өзгеріске түскен. «Мінәжат» деген сөз 2013 (313-б.) ж. алтытомдық жинақта мүлдем кездеспейді. 1989 (268-б.), 2003 (325-б.) ж. басылымдар түпнұсқа бойынша берілген.
Мінажатқа қатысты келтірген (230–231 бб.)
«Қадірі болмайды екен жұрт аманда.
…………………………………………………….
Сұрасқан хал, ақуал көңіл қоштар»
деген өлең жолдарындағы «жұрт» деген сөз 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «жұртқа» болып, ал «қоштар» сөзі 1989 ж. жинақта «құштар», 1991, 2003, 2013 ж. басылымдарда «хоштар» болып өзгеріске түскен.
Осы тараушадағы «…тауларға мінажат етіп айтқан сөзі» сөйлеміндегі «етіп» сөзі 1989 ж. жинақта (268-б.) «қып» деп өзгертілген.
Түпнұсқадағы (230-б.)
«Қажетің түссе ме егер бір наданға» деген өлең тармағы 1989 (268-б.), 1991 (439-б.), 2003 (325-б.), 2013 (313-б.) ж. басылымдарда «Қажетің түссе егер бір наданға» болып берілген.
Түпнұсқада «ме егер» дегенде «м» әрпі баспадан қате басылған болуы керек. Осы академиялық жинақта бұл тіркес «түссе егер» болып берілді.
Түпнұсқадағы (232-б.) Жүсіпбектің медет тілеп айтқан «Падишасы Құдайым!» өлең жолындағы «Падишасы» сөзі 2003 (326-б.), 2013 (314-б.) ж. жинақтарда «Падишасы едің Құдайым!» болып өзгертілген. 1989 (269-б.), 1991 (439-б.) ж. басылымдар түпнұсқадан ауытқымаған.
Мақтау. Түпнұсқада (233-б.) «Әлмәмамбет судьяны» деген тіркесіндегі «Әлмәмбет» есімі 1989 ж. жинақта (269-б.) «Әлмәмбет судьяны» деп, ал «Ақ жол» мен 2003 (326-б.), 2013 (314-б.) ж. жинақтарда «Әлмағамбет» болып өзгеріске түскен. Бұл академиялық жинақта «Әлмәмбет» деп берілді.
Түпнұсқадағы (234-б.) «…болу мақсатпен көбі жарамсақтанып…» сөйлеміндегі «мақсатпен» сөзі 1989 ж. жинағында «мақсатымен» болып берілген. Кейінгі баспагерлер тарапынан өзгеріске ұшыраған бұл сөздер түпнұсқа бойынша қайта түзетілді.
Даттау. Осы тараушадағы Әбубәкірден келтірілген мысалда (235-б.) «Болып тұр бұл замана судан да ылай» тармағындағы «замана» мен «ылай» сөзі 1989 ж. басылымда (270-б.) «заманда» және «лай» болып берілген. «Ақ жол» мен 2003 жылғы көптомдық пен 2013 ж. жинақтарда ол сөздер түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқада (235-б.) «Зекетін саудалайды молдасына» деген өлең жолы «Ақ жолда» (441-б.) «Дегенін саудалайды молдасына» деп берілген. 1989 (271-б.), 2003 (328-б.), 2013 (316-б.) ж. басылымдар түпнұсқадан ауытқымаған. Осы академиялық жинақта аталған өзгерістер түпнұсқа бойынша берілді.
Айтыс. Түпнұсқада «Шариғатқа теріс істерін мін қылып мүдіртпек болады» деген сөйлемдегі «мүдіртпек» сөзі 1991ж. басылымда (441-б.) «…сүрінтпек…» деп берілген. 1989 (271-б.), 2003 (328-б.), 2013 (316-б.) ж. басылымдар түпнұсқадан ауытқымаған.
Толғау. Түпнұсқадағы (237-б.) «ақындарының толғауы да», «әсері барлығы» тіркестеріндегі «толғауы да», «барлығы» деген сөздер 1989 (271-б.), 1991 (441-б.), 2003 ж. бестомдық (329-б.) пен 2013 ж. алтытомдық жинақта (317-б.) «толғауларында да», «барлығын» болып берілген.
Түпнұсқа (238-б.) мен 1989 (272-б.) ж. жинақта келетін «Мақшұқым тауыса алман етіп баян» деген өлең тармағындағы «Мақшұқым» деген сөз 1991 (442-б.) «Мақсұтым» болып берілсе, 2003 (330-б.), 2013 (318-б.) «Мақшұтым» болып берілген.
Жоғарыда аталған өзгерістер осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша берілді.
Діндар дәуір. Намыс яки соғыс толғауы. Түпнұсқадағы (240-б.) «Жүсіп Ақымет жырында Ғашырбек…» деген сөйлем «Ақ жолда» (443-б.) «Жүсіпбек, Ақыметбек жырында Ғашырбек…» деп берілсе, 1989 жылғы басылымда (273-б.) «Жүсіп, Ахмет жырында Ғашірбек…» болып өзгерген. 2003, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Сондай-ақ, осы сөйлемнен кейін келетін: «Шүлдірлетіп қызыл басты» деген өлең жолындағы «шүлдірлетіп» сөзі 1991 жылғы басылымда (443-б.) «шөлдірлетіп» деп өзгеріске ұшыраған. 1989, 2003, 2013 ж. басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп берілді.
Терме. Түпнұсқадағы (244-б.)
«Көкірегіне қалалды.
……………………………………
Көрмесін деген залалды»
деген өлең жолдарындағы «қалалды» деген сөз 1989 (275-б.), 2003 (334-б.), 2013 (321-б.) ж. жинақтарда «қадалды» болып берілсе, 1991 (444-б.) ж. басылымда «халалды» болып берілген.
Ал келесі «көрмесін» деген сөз 1989 ж. жинақта түпнұсқа бойынша берілсе, 1991 ж. жинақта «көрмессін» деп, 2003 ж. бестомдық пен 2013 ж. алтытомдықта «көрмессің» болып өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы (244-б.)
«Жақсылықтан айырым жоқ
……………………………………….
Ғаламның орта жарығы»
өлең тармағындағы «айырым» сөзі 1989 (275-б.) ж. басылымда «ырым» деп берілсе, 1991 (444-б.), 2003 (334-б.), 2013 (321, 322-б.) ж. жинақтар түпнұсқадан ауытқымаған. Ал келесі «орта» деген сөз 1989 ж. жинақта түпнұсқа бойынша берілсе, 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «ортақ» деп берілген.
Түпнұсқа (245-б.) мен 1989 (275-б.) ж. жинақта берілген «Мұсылманның тарығы» өлең тармағындағы «тарығы» деген сөз «Ақ жол» (445-б.) мен 2013 (322-б.) ж. алтытомдықта «парызы» болып өзгеріске ұшыраған.
Кейінгі басылымдарда орын алған өзгерістер түпнұсқа бойынша қайта түзетілді.
Сындар дәуірі. 1991 (446-б.), 2003 (337-б.), 2013 (324-б.) ж. жинақтарда «Ат сейіс» деген сөздің түпнұсқа қалпы сақталған, ал 1989 (278-б.) ж. жинақта «Ат сайыс» болып өзгеріске түскен. Дегенмен, осы жинақтағы өзгеріс сөйлем мағынасына дұрыс келеді. Сондықтан бұл сөз осы акамедиялық жинақта «Ат сайыс» болып берілді.
Түпнұсқадағы (249-б.) «асыл сөздің адамның» тіркесіндегі «сөздің» деген сөз 1989 (278-б.), 1991 (447-б.), 2003 (337-б.), 2013 (325-б.) ж. жинақтарда «сөзді» болып берілген. Ал 2013 ж. алтытомдықта «сөзді» деген сөзден кейін «білетін» деген сөз қоса берілген. Бұл академиялық жинақта сөйлемнің мағынасына сәйкес бұл сөз «сөзді» болып берілді.
Түпнұсқадағы (250-б.) «Абай асыл сөздің айқындап нұсқаларын көрсеткеннің үстіне, аз да болса асыл сөз сипаттарын айтып та жұртты хабардар қылды» деген сөйлемдегі «айқындап нұсқаларын» тіркесі 1989 (278-б.) ж. жинақта «нұсқаларын айқындап» деп орындары ауысқан. 1991 (447-б.), 2003 (338-б.), 2013 (325-б.) ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталғанмен, 1989 ж. жинақтағы өзгеріс сөйлемнің мағынасына сәйкес келеді. Осы академиялық жинақта «нұсқаларын айқындап» деп берілді.
Түпнұсқадағы (251-б.) «Солай еткенде дарынды сөз табына жататын сөздің түрлері мынау болмақ. лерде өзіне тиіс орындарында атап өтеміз. Солай еткенде» деген сөйлемі баспа тарапынан қателік болуы мүмкін. Себебі, соңғы сөйлемнің басы және аяғы жоқ. Аяқталмаған сөйлем кейінгі жарық көрген басылымдарда берілмеген. Осы академиялық жинақта соңғы басылымдар негізге алынды.
Әуезе яки әңгіме түрлі сөздер. Түпнұсқа (251-б.) мен 1989 (279-б.), 447-б.), 2003 (338-б.) ж. жинақтарда кездесетін «Бұл топқа кіретін сөздер толып жатыр. Оның бәрін түгелдеудің қажеті жоқ. Басты-басты түрлерін алғанда, олары мынау болады» деген сөйлем 2013 (325-б.) ж. жинақта мүлдем кездеспейді. Осы сөйлемдегі «тапқа» деген сөз 1989 (279-б.) ж. жинақта «топқа» болып берілген. Аталған өзгерістер түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Айтыс-тартыс табына қарайтын сөздер. Түпнұсқа (252-б.) мен 1989 (279-б.) ж. жинақтағы «Тартыстың өзі басты-басты тарау болып бөлінеді» деген сөйлемде «басты-басты» қос сөзінен кейін 1991 (448-б.), 2003 (339-б.), 2013 (326-б.) ж. басылымдарда «үш» деген сөз қоса берілген. Алайда, соңғы үш басылымдағы өзгеріс қисынға келеді.
Әуезе түрлері. Ертегі жыр. Түпнұсқа (252-б.) мен 1989 (280-б.) ж. жинақта «бұрынғысының ертегінен» тіркесі 1991 (448-б.), 2003 (339-б.), 2013 (326-б.) ж. жинақтарда «бұрынғының ертегісінен» болып берілген. Аталған өзгеріс осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Ұлы әңгіме яки роман. Түпнұсқадағы (253-б.) «жақсысы, жаманы бар» тіркесіндегі «жақсысы» деген сөз 1989 (280-б.), 1991 (448-б.), 2003 (340-б.), 2013 (327-б.) ж. жинақтарда «жақсы» болып берілген.
Түпнұсқадағы (253-б.) «сирек болатын» тіркесіндегі «болатын» сөзі 1989 (280-б.) ж. жинақта «солатын» болып берілген. 1991 (448-б.), 2003 (340-.б.), 2013 (327-б.) ж. жинақтарда түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқа (253-б.) мен 1989 (280-б.) ж. жинақта кездесетін «өмір бойы оны» сөз тіркесіндегі «оны» сөзі «Ақ жол» (448-б.) мен 2003 (340-б.), 2013 (327-б.) ж. жинақтарда мүлдем кездеспейді.
Түпнұсқа (254-б.) мен 2003 (341-б.) ж. жинақта «Сол сияқты адам қаталасқан бір ғана ісінен» 1991 (449-б.) ж. жинақта «Сол сияқты адам қаталасқан бір қатасынан» болып, «ісінен» деген сөзі «қатасынан» болып өзгеріске ұшыраған. «Сол» деген сөз 1989 (281-б.) ж. жинақта «со» деп берілген.
Сондай-ақ түпнұсқадағы (255-б.) «…байланып жатады. Тіршілік ісінің парқын айыру, мәнісін білу» сөйлеміндегі «байланып» деген сөз 1989 (281-б.) ж. жинақта «байланысып», ал «айыру, мәнісін» сөздері «Ақ жол» (449-б.), 2003 (341-б.) ж. бестомдық пен 2013 (328-б.) ж. алтытомдықта «абырой-мәнісін» болып өзгеріске ұшыраған.
Осы тарауда кездесетін (255-б.) «…қамтама қаласың. Олардың бөгетшілігін…» деген сөйлем 1991 жылғы басылымда (449-б.) «…қапы қаласы». Олардың бөгеттілігін…» деп өзгерген. 1989 (281-б.), 2003 (341-б.), 2013 (328-б.) жылғы басылымдарда түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқа (257-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (283-б.) «ірілі-уақты» деген тіркес 1991 (450-б.), 2003 (343-б.), 2013 (329-б.) ж. жинақтарда «ірі-уақты» деп берілген.
Жоғарыда аталған өзгерістер осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша берілді.
Әуезе жыры. Түпнұсқа (259-б.) мен 1989 (283-б.) ж. жинақтағы «еткен қайратын», «азаматының көрсеткен» тіркестеріндегі «азаматының» деген сөз 1991 (451-б.), 2003 (344-б.), 2013 (330-б.) ж. жинақтарда «азаматтың» болып, «еткен» деген сөз 2013 ж. алтытомдықта «өткен» болып берілген.
Аңыз өлең. Түпнұсқа (260-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (284-б.) «аңыз болады» тіркесіне 1991, 2003, 2013 ж. жинақтарда «аңыз» сөзінен кейін «өлең» деген сөз қосылып, «аңыз өлең болады» деп берілген.
Мысал. Түпнұсқадағы (261-б.) «бір-бірі айрылмайды» тіркесі 1989 (285-б.), 1991 (452-б.), 2003 (346-б.), 2013 (332-б.) ж. жинақтарда «бір-бірінен айрылмайды» болып берілген. Сөйлемдегі контекстік мағынаға сәйкес «бір-бірінен» деген дұрыс келеді. Осы академиялық жинақта «бір-бірінен» болып берілді.
Белгілі француз мысалшының есімі түпнұсқа (262-б.) мен 1989 (285-б.) ж. жинақта «Буттен» болып берілсе, «Ақ жол» жинағында (452-б.) «Лафонтен» болып, 2003 (346-б.) ж. бестомдық шығармалар жинағы мен 2013 (332-б.) ж. алтытомдық шығармалар жинағында «Лабунтен» болып берілген. «Буттен» деген баспа тарапынан кеткен қателік болуы мүмкін. Әсілі, 1991 ж. жинақта бұл есім дұрыс берілген.
ІІ. Толғау түрлері. Түпнұсқа (262-б.) мен 1989 (286-б.) ж. жинақтағы «…көрсетілген де еді» тіркесіндегі «де» шылауы «Ақ жол» (452-б.), 2003 (347-б.), 2013 (333-б.) ж. жинақтарда түсіп қалған.
Түпнұсқадағы (263-б.) «Нас, былғаныш» деген сөздердегі «нас» сөзі 2013 (333-б.) ж. жинақта «лас» болып, ал 1989 (286-б.), 1991 (453-б.), 2003 (347-б.) ж. жинақтарда түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқадағы (264-б) «…өрнекті сөздермен айтып білдіріп…» сөйлеміндегі «айтып» сөзі 1989 (387-б.) ж. жинақта түсіп қалған. 1991 (453-б.), 2003 (348-б.), 2013 (334-б.) ж. жинақтар түпнұсқа бойынша берілген.
Осы академиялық жинақта өзгеріске түскен сөздер түпнұсқа бойынша берілді.
Толғау түрлері. Түпнұсқа мен 1989 (287-б.) ж. жинақтағы «Толғау түрлері» деген тарауша атауы 1991 (453-б.), 2003 (348-б.), 2013 (334-б.) ж. жинақтарда мүлдем кездеспейді.
Түпнұсқадағы (364-б.) «Көңіл наразылығы мұң туғызады, мұң ой туғызады. Осы айтылған мәністерге қарай…» сөйлеміндегі «мұң туғызады» деген тіркес 1989 (287-б.) ж. жинақта түсіп қалса, «мәністерге» сөзі 1991 (453-б.), 2003 (348-б.), 2013 (334-б.) ж. жинақтарда «істерге» болып өзгеріске ұшыраған.
Кейінгі басылымдардағы орын алған өзгерістер осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Марқайыс толғау. Түпнұсқа (265-б.) мен 1989 (287-б.), 1991 (453-б.), 2003 (348-б.) ж. жинақтардағы «Көңіл шын ырза» деген тіркестегі «шын» сөзі 2013 (334-б.) ж. алтытомдық жинақта «шық» болып өзгеріске ұшыраған. Аталған өзгеріс осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша берілді.
Налыс. Түпнұсқа (265-б.) мен 1989 (287-б.), 2003 (349-б.) ж. жинақтарда осы тараушаның «Налыс» деген атауы 1991 (454-б.) ж. жинақ пен 2013 (335-б.) ж. алтытомдық жинақта «Налыс толғау» болып берілген.
Түпнұсқадағы «Бағыты сол мұрат» сөз тіркесіндегі «бағыты» деген сөз 1989 (287-б.), 1991 (454-б.), 2003 (349-б.), 2013 (335-б.) ж. жинақтарда «яғни» болып өзгеріске ұшыраған.
Осы тараушада келетін (265-б.) «…бақытты болған шақта да бақыт…» сөйлеміндегі «да» шылауы 1989 (287-б.) ж. жинақта кездеспейді. Осы тараушаның соңында берілген «Сондай мұңды, шерлі толғаулар налыс деп аталады» сөйлемінде «Ақ жол» (454-б.) мен 2003 (349-б.), 2013 (335-б.) ж. жинақтарда «налыс толғау деп аталады» деп «толғау» сөзі қоса берілген.
Кейінгі басылымдарда өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа бойынша түзетілді.
Сұқтаныс. Түпнұсқа (267-б.) мен 1989 (289-б.) ж. жинақтағы «Ұлы болсын, ұсақ болсын біз жақсы нәрсеге сұқтанамыз» сөйлеміндегі «біз» сөзі 1991 (454-б.), 2003 (350-б.), 2013 (336-б.) ж. басылымдарда «бір» болып өзгеріске ұшыраған.
Ойламалдау. Осы тараушада кездесетін (268-б.) «шаруалық» сөзі «Ақ жол» (455-б.) мен 2003 (351-б.), 2013 (336-б.) ж. жинақтарда «шаруашылық» болып өзгеріске түскен. 1989 (289-б.) ж. жинақта түпнұсқа бойынша берілген.
Намыстаныс. Түпнұсқадағы (266-б.) «Намыстаныс» тараушасының атауы 1991 (454-б.) ж. жинақта «Намыс толғау» болып өзгеріске ұшыраған. 1989 (288-б.), 2003 (349-б.), 2013 (335-б.) ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған. Аталған өзгеріс осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша берілді.
Түпнұсқада (266-б.) кездесетін «Намыс толғау соғыс кезінде, соғысқа түсіру үшін яғни» деген тіркес 1991 жылғы жинақта (454-б.) берілмеген. Бұдан кейінгі жинақтарда бұл тіркес кездеседі.
Түпнұсқаның осы сөйлеміндегі «…жерде айтылған» тіркесіндегі «айтылған» сөзі 1991 (454-б.), 2003 (349-б.), 2013 (335-б.) ж. жинақтарда «айтқан» болып берілген. 1989 (288-б.) ж. жинақ түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқада (266–267 б.) «Қазақ орыс патшасына қарап басы байланған соң соғыс болмаған…соғысқа бара-бара ер басына… Не жайбарақат орында…» деген сөйлемдегі «бара-бара» қос сөзі 1989 ж. жинақ пен «Ақ жолда (454-б.) «бара-бар» болып, «орыс патшасына» тіркесі 1989 (288-б.) ж. жинақта «Қазақ патшаға», ал «жайбарақат» сөзінің алдында «не» шылауы қоса берілген. 2003 (349-б.) ж. бестомдық пен 2013 (335-б.) ж. алтытомдықта түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқа (267-б.) мен 1989 (288-б.) ж. жинақта «Бірақ намыс толғаудың» деген тіркестегі «толғаудың» сөзі 1991 (454-б.) ж, 2003 (350-б.) бестомдық пен 2013 (335-б.) ж. алтытомдық жинақта «толғауының» болып берілген.
Жоғарыда аталған өзгерістер осы академиялық жинақта түпнұсқа бойынша берілді.
Сұқтаныс. Түпнұсқадағы «Сұқтаныс» тараушасының атауы 1991 (454-б.) ж. жинақта «Сұқтаныс толғау» болып берілген. 1989 (288-б.), 2003 (350-б.), 2013 (336-б.) ж. жинақта түпнұсқа қалпы сақталған.
Осы академиялық жинақта аталған өзгеріс түпнұсқа бойынша берілді.
Сөгіс толғау. 1989 (290-б.) жинақта «Бұрынғы үгіт түріндегі сөздердің орнын бірте-бірте сөгіс толғау алып, өте үгіт түріндегі сөздер жоғалмақшы», 1991 (455-б.), 2003 (351-б.), 2013 (337-б.) ж. жинақтарда «Бұрынғы тек үгіт түріндегі сөздердің орнын бірте-бірте сөгіс толғау алып, өте үгіт түріндегі сөздер жоғалмақшы» болып берілген. Түпнұсқада (269-б.) «Бұрынғы үгіт түріндегі сөздердің орнын бірте-бірте сөгіс толғау алып, тек үгіт түріндегі сөздердің орнын бірте-бірте сөгіс толғау алып,
өте үгіт түріндегі сөздер жоғалмақшы» осы сөйлемде сөйлемдер екі рет қайталанып, баспа тарапынан қателік орын алған. Осы академиялық жинақта контекстік мағынаға сәйкес «Бұрынғы тек үгіт түріндегі сөздердің орнын бірте-бірте сөгіс толғау алып, тек үгіт түріндегі сөздер жоғалмақшы» деп берілді.
Осы тараудағы Абай өлеңінен мысал ретінде келтірілген (270–271 б.)
«Сылдырлап өңкей келісім
……………………………………….
Тәңірінің күні жарқырап,
……………………………………
Шиыршық айтып толғанар.
Адалат пенен ақылға
………………………………………..
Жек көрсең де, өзің біл»
өлең жолдары 1989 (291-б.) ж. жинақта
«Сылдырап өңкей келісім
……………………………………….
Тәңіріңнің күні жарқырап,
……………………………………
Шиыршық атып толғанар.
Әділет пенен ақылға
……………………………………..
Жек көрсең де, өзің біл»
болса, 1991 (456-б.) ж. жинақта
Шиыршық атып толғанар.
Әділет пенен ақылға
…………………………………………
Жек көрсеңдер, өзің біл»
деп, түзетілген. Ал 2003 (353-б.), 2013 (338-б.) ж. жинақтарда соңғы екі шумағындағы тармақтардағы «айтып», «көрсең де» деген сөздері «атып» және «көрсеңдер» болып өзгеріске ұшыраған. Әсілі, «шиыршық айтып» тіркесіндегі «айтып» сөзі баспадан кеткен қателік болуы мүмкін. Мүрсейіт қолжазбалар негізінде дайындалған 2020 жылы жарық көрген Абайдың академиялық жинағында (296-б.)
«Шиыршық атар, толғанар.
……………………………………….
Әділет пен ақылға
……………………………………….
Жек көрсеңдер, өзің біл»
деп берілген.
Осы академиялық жинақта бұл сөздер «атып», «көрсең де» болып берілді.
Күліс. Түпнұсқадағы «Неден күлкі болып тұрған мәнісін тексермейміз» сөйлеміндегі «тексермейміз» сөзі 1989 (292-б.) ж. басылымда «тексереміз» деп, болымды сөзбен берілген.
Айтыс-тартыс. Осы тараудың атауы түпнұсқада (273-б.) «Айтыс-тартыс» деп берілсе, 2003 (354-б.), 2013 (339-б.) ж. жинақтарда «Айтыс-тартыс түрлері» болып «түрлері» сөзі қоса жазылған. 1989 (292-б.), «Ақ жол» (457-б.) жинағында түпнұсқа қалпы сақталған. Осы тараудың атауы түпнұсқа мазмұнында (287-б.) «Айтыс-тартыс түрлері» болып берілген.
Түпнұсқада (276-б.) «Аз болсын, көп болсын әркімнің мүддесі бар» деген жолдағы «мүддесі» деген сөз 2013 (342-б.) жылғы алтытомдықта «мұраты» болып өзгеріске ұшыраған. 1989 (294-б.), 1991 (458-б.), 2003 (357-б.) ж. жинақтарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Түпнұсқада (277, 279-б.) «…әдебиет түріне тек айтыс дегеннен…» және «…амалы болса, сол амал мақсатты қайраттан туған амал болады» деген сөйлемдер «Ақ жолда» (459–460-б.) кездеспейді. 1989 (296-б.), 2003 (358-б.), 2013 (343-б.) ж. жинақтарда түпнұсқа бойынша берілген.
Түпнұсқадағы (279, 280-б.)
«Ұстасудың үш дәуірі болады:
1) байланыс, 2) шиіленіс, 3) шешіліс. Ұстасудың бұл үш дәуірі күресу дәуірлері сияқты. Байланыс – палуандардың белдерін буынып, білектерін сыбанып, балтырларын түрініп, күреске шығып ұстасқаны есебіндегі дәуірі; шиіленіс – палуандардың әдіс-амал, күш, өнері бәрін жұмсап, қайрат қылып, күресті қыздырған шағы сияқты дәуір; шешіліс – палуандардың бірін-бірі жыққан мезгілі сияқты дәуір» деген сөйлемдегі «шиіленіс» сөзі 1989 (296-б.), 1991 (460-б.), 2003 (359-б.), 2013 (343,
344-б.) ж. басылымдарда «шиеленіс» болып берілген. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» бойынша (584-б.) осы академиялық жинақта «шиіленіс» сөзі «шиеленіс» болып берілді.
Әуреленіс. Түпнұсқадағы «Сондықтан әлектеністің сүйінішті сүйіндіріп, күйінішті күйіндіріп…» сөйлеміндегі «сүйінішті» және «күйінішті» сөздері 1989 (297-б.) ж. жинақ пен «Ақ жолда» (460, 461-б.) «сүйініші», «күйініші» болып өзгертілген. 2003 (360-б.), 2013 (344-б.) ж. басылымдарда түпнұсқа қалпы сақталған.
Жинақты дайындау барысында өзгеріске ұшыраған сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп берілді.
К. Мұстафаева