Қазақ қорларындағы қолжазбалардың бірыңғай тізілімі
Единый реестр рукописей казахстанских фондов
Қорлардың тізімі
Жылнамалық тізімі
Жанры, сипаты бойынша тізімі
Қолжазба анықтамасы
1) автордың, немесе көшіруші адамның қолымен жазылған немесе терілген жазбаша шығарма, құжат, хат, дерегі бар мағлұматтар;
2) баспаға ұсынылған немесе теруге жіберілген материалдың түпнұсқасы.
Қолжазбалар сақталған қорлардың тізімі
Батырлық жырлар
🌏 «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ АЯСЫНДА «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫ» (ІІІ-бөлігі) 🏛️ 18 қазан күні ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссиялары бекіткен Халықаралық сарапшылармен «Алпамыс батыр» эпосын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізу мәселесін талқыланды. Соның негізінде жұмыс кестесін бекітіп, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар мәселесі айтылды. 🚠 Екі күнге созылған халықаралық конференцияның соңынан Институт қызметкерлері шет елдерден келген қонақтарды «Әуезов музей-үйімен» таныстырып, Алматы қаласының көрнекті жерлерін көрсетті. 🇰🇿 «АЛПАМЫС БАТЫР» жырын ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу бағытында алдағы уақытта да жұмыстар атқарыла бермек.
Ғашықтық жырлар
Діни шығармалар
Ортағасырлық шығармалар
🌏 «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ АЯСЫНДА «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫ» (ІІІ-бөлігі) 🏛️ 18 қазан күні ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссиялары бекіткен Халықаралық сарапшылармен «Алпамыс батыр» эпосын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізу мәселесін талқыланды. Соның негізінде жұмыс кестесін бекітіп, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар мәселесі айтылды. 🚠 Екі күнге созылған халықаралық конференцияның соңынан Институт қызметкерлері шет елдерден келген қонақтарды «Әуезов музей-үйімен» таныстырып, Алматы қаласының көрнекті жерлерін көрсетті. 🇰🇿 «АЛПАМЫС БАТЫР» жырын ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу бағытында алдағы уақытта да жұмыстар атқарыла бермек.
📜 «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ АЯСЫНДА: «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫ» (ІІ-бөлігі) 📋 Пленарлық отырыстың І-бөлімінде: «Әлемдік эпос қазынасының жауһар жәдігері» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, филол.ғ.д, ҚР ҰҒА академигі Кенжехан Ісләмжанұлы МАТЫЖАНОВ; «Алпамыс батыр» дастаны мен Қам Бөрінің ұлы Бамсы Бәйрек дастанындағы кейіпкердің қайта оралу сапары» – филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркі әлемі зерттеулері институты Эге университетінің профессоры, филол.ғ.д. Метин ЕКИЖИ (Измир, Түркия); «Алпамыс батыр» жырын зерттеудің герменевтикалық мәселелері» – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филол.ғ.д. Тынысбек ҚОҢЫРАТБАЙ; «Алпомиш» эпосының құрылымындағы шежіре формуласының поэтикалық мәні мен семантикасы» – Өзбекстан Ғылым академиясы Тіл, әдебиет және өнер институтының Қолжазба және фольклор бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор Шомирза Ганиевич ТУРДИМОВ; «Алпамыс» батырлық эпосындағы контаминация» – Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік тіл мен тіл саясаты ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары, филол.ғ.д., профессор Жылдыз Калмашевна ОРОЗОБЕКОВА (Бішкек, Қырғыз Республикасы); «Алпамыс батыр» жыры мен «Қорқыт атамның кітабы» («Дедем Қоркудун китабы») дастандарын салыстырмалы талдау» – филол.ғ.д, профессор, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы Фольклор институты Сәйфаддин Гүлверди оглы РЗАЕВ (Баку, Әзірбайжан); «Алтайлықтардың «Алып Манаш» эпосы мен қырғыздың «Манас» эпосы сюжеттерін салыстырмалы талдау» – Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімі, Филология Институты Сібір халықтарының фольклоры секторының жетекші ғылыми қызметкері, филол.ғ.д. Надежда Романовна ОЙНОТКИНОВА (Новосибирск, РФ); «Алпамыс» эпосының татар нұсқасы: мотивтер модернизациясы» – Ғ. Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д., доцент Лилия Хатиповна МУХАМЕТЗЯНОВА (Қазан, Татарстан, РФ); «Башқұрт батырлық эпосындағы рухани құндылықтар және олардың заманауи шарттардағы көкейтестілігі» – Ресей Ғылым академиясы Уфа федералды зерттеу орталығы Тарих, тіл және әдебиет институтының директоры, филос.ғ.д., профессор Зугура Ягануровна РАХМАТУЛЛИНА (Уфа, Башқұртстан, РФ) баяндама жасады. ІІ-бөлімде: «Жалпытүркілік «Алпамыс» эпосының башқұрт тіліндегі ертегі нұсқалары» – Ресей Ғылым академиясы Уфа федералды зерттеу орталығы Тарих, тіл және әдебиет институты Фольклор бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д. Гульнур Равиловна ХУСАИНОВА (Уфа, Башқұртстан, РФ); «Түркі халықтарының эпикалық дәстүрлерін құрайтын екі негізгі элемент: салт-дәстүр және жад» – Мармара университеті Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар факультетінің профессоры, филол.ғ.д. Мехмет АЧА (Ыстамбұл, Түркия);«Алпамыс батыр» дастанының әзірбайжан фольклортануында зерттелу мәселелері» – филол.ғ.д., профессор, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы Фольклор институты Галиб Амирага оглы САЙЫЛОВ (Баку, Әзірбайжан); «Алпамыш» архаикалық батырлық ертегісінің «Жаншы, Байыш» қырғыз эпосының мотивтік қорына ықпалы» – Ш. Айтматов ат. Тіл және әдебиет институты Қолжазба қорының меңгерушісі, филол.ғ.к. Асель Кенешбековна ИСАЕВА (Бішкек, Қырғыз Республикасы); «Лақай сақышилиқ мектебі өкілдерінің «Әлпомыш» дастанын насихаттауына қатысты» – Шыршық мемлекеттік педагогика университетінің профессоры, филос.ғ.д. Насриддин Атақулович НАЗАРОВ (Ташкент, Өзбекстан); «Алпамыс батыр» жырының ономастикалық кеңістігі (Қазақ, қарақалпақ нұсқалары бойынша)» – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, филол.ғ.д. Абат Шамұлы ПАНГЕРЕЕВ; «Қазақтың «Алпамыс батыр» эпосы мен алтай аңыздарына ортақ мотивтер» – С.С.Суразаков атындағы алтайтану ғылыми-зерттеу институтының ғалымы, филол.ғ.д. Сурлай Владимировна АБЫСОВА (Алтай аймағы, РФ); «Ноғай эпосы: Ресейдегі жиналу, жариялану және ғылыми зерттелу тарихы» – У.Д. Алиев атындағы Қарашай-Шеркес мемлекеттік университеті, филол.ғ.д. Насипхан Хусиновна СУЮНОВА(Карачаевск қаласы, РФ); «Алпамыс батырдың» қоңырат версиясының поэтикалық ерекшеліктері» – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, филол.ғ.к. Болат Сағынбекұлы ҚОРҒАНБЕКОВ; «Башқұрттың «Урал батыр» эпосындағы әлем бейнесі қалыптасуының суреттелуі» – Башқұртстан Республикасы Ғылым академиясы Стратегиялық зерттеу институтынң ғылыми қызметкері, филос.ғ.к. Закирьян Галимьянович АМИНЕВ (Уфа, Башқұрстан, РФ) баяндама жасады. 🎼 Конференция барысында «Алпамыс батыр» жырынан үзіндіні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, белгілі әнші-жыршы Ақан ӘБДУӘЛІ, Жетісу жыр мектебінің өкілі, Алматы облыстық Халық шығармашылығы орталығында «Жыр-терме» бөлімінің үйлестірушісі, жыршы Серік СҮЙІНДІК) пен оның қызы Алматы облысы Талғар ауданы № 42 мектептің 8 сынып оқушысы, «Жыр-терме» орталығының тәрбиеленушісі Ақжарқын АЙТБАЙ, «Тұлпар мініп, ту алған!» атты мектеп оқушылары арасындағы республикалық байқаудың 2018 жылғы Бас жүлде иегері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Журналистика факультетінің 4-курс студенті Аружан АБСАТТАР орындады. Сонымен біргеҚұрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Халық әні» бөлімінің 4 курс студенті Фариза ХАСЕНОВА, Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің 3-курс студенттері Шұғыла МАРХАБАТОВА және Кішкене ЖҰМАМҰРАТ «Алпамыс батыр» жырынан үзінді орындады. 🎟️ Конференцияға қатысуға отандық және шетелдік ғалымдар, эпостанушылар, фольклортанушылар, тілтанушылар, әдебиеттанушылар, тарихшылар, өнертанушылар, философтар, мәдениеттанушылар, ЖОО оқытушылары шақырылды.
⚜️ «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ АЯСЫНДА: «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (І-бөлігі) ✅ 2024 жылдың 17-қазанында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, ҚР Бейзаттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласы «Достық үйінде» «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ АЯСЫНДА: «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 🖌️Шараның басты мақсаты – «Алпамыс батыр» жырын Түркі халықтарына ортақ мұра ретінде ЮНЕСКО көлемінде Материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу. Соның негізінде «Алпамыс батыр» жырының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымы таныстырылды. ❇️ Конференцияның модераторы – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, филол.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Кенжехан Ісләмжанұлы МАТЫЖАНОВ. 📑 Халықаралық конференцияда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның құттықтау хатын министр кеңесшісі Шариязданов Олжас Казбекұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің хатын Институттың жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мағазбек Нұр Жандосұлы, Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаевтың хатын академияның сарапшысы Айнұр Маемерова табыстады. Сондай-ақ ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Жанар Есентайқызы Шайменованың құттықтауын бас хатшының орынбасары Бақберген Қойшыбаев жеткізді. Сонымен қатар шараға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова қатысып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. 🌏 Конференцияға ЮНЕСКО-ның Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия сияқты мемлекеттердегі Ұлттық комиссиялары бекіткен халықаралық сарапшылар конференцияға арнайы келіп, қатысты. 📈 Халықаралық сарапшылар: Екижи Метин, Түркі әлемі зерттеулері институты Эге университеті, профессор, доктор, Түркия; Рзаев Сәйфаддин Гюлверди оглу, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы, Фольклор институты, ф.ғ.д., профессор, Әзірбайжан; Турдимов Шомирза Ганиевич, Өзбекстан Ғылым Академиясы Тіл, әдебиет және өнер институтының Қолжазба және фольклор бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор, Өзбекстан; Абдуллаев Шухратулла Хайруллаевич, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігіне қарасты Мәдени зерттеулер мен материалдық емес мұра жөніндегі ғылыми-зерттеу институты ЮНЕСКО бөлімінің меңгерушісі, Өзбекстан; Орозобекова Жылдыз Калмашевна, Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік тіл мен тіл саясаты ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары, ф.ғ.д., профессор, Қырғыз Республикасы; Исаева Асель Кенешбековна, Ш. Айтматов ат. Тіл және әдебиет институты Қолжазба қорының меңгерушісі, Қырғыз Республикасы Ғылым академиясы, ф.ғ.к., Қырғыз Республикасы; Цолмон Цэрэндорж, Моңғолияның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы Материалдық емес мәдени мұра саясатын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіруші маман, Моңғолия. 📖 Сонымен қатар шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінің және Ресей Федерациясының (Уфа, Қазан, Новосибирск) танымал эпостанушы ғалымдары қатысып, төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасады. (жалғасы келесі ақпаратта)