ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы


ХХІ ғасыр әдебиеттануы: терминдер сөздігі

ХХІ ғасыр әдебиеттануы: терминдер сөздігі

Жауапты шығарушы, құрастырушылар: А.Қалиева, Г. Сәулембек. – Алматы: «Service Press» баспасы, 2024 – 296 б.

terminbook

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары, филол.ғ.к. Қалиева Альмира Қайыртайқызы және Институттың жетекші ғылыми қызметкері, PhD Сәулембек Гүлмира Рзаханқызының құрастыруымен жарық көрген басылым қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті терминдері мен ұғымдарына арналған. Сөздікте ғылыми кеңістіктегі пәндер интеграциясы жаңа парадигмалар, әдебиет әлеміндегі көркемдік эволюция, жанрлық құбылулар шеңберінде толыға түскен ұғымдар мен түсініктер қамтылды. Сонымен қатар жаңа ғылыми теориялар контексінде семантикалық аясы өзгеріске ұшыраған кейбір «ескі» термин сөздер қайта зерделенді.

Сөздік әдебиеттанушы, фольклортану, мәдениеттану, өнертанушы мамандарға және осы салалармен шектесетін өзге де ғылым салаларының зерттеушілеріне арналады.