ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы


Қазіргі қазақ балалар әдебиеті

Қазіргі қазақ балалар әдебиеті

Орда Г. Қазіргі қазақ балалар әдебиеті (1991-2021 жж.): Монография. – Алматы: Тоғанай, 2024. – 320 б. ІSВN 978-601-7154-19-6

bala

Монографияда тәуелсіздік тұсындағы қазақ балалар әдебиетінің даму бағыттары зерттелген. Автор жекелеген жанрлар бойынша шолу тараулар мен шығармашылық портреттерде заманауи қазақ балалар әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығын, балалар әдебиеттіндегі мазмұн мен түр жаңалығын бағамдайды. Қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі қол жеткізген көркемдік-эстетикалық жетістіктер соңғы жылдарда жарық көрген жекелеген қаламгерлердің кітаптарымен, қазіргі қазақ балалар поэзиясының, әңгімелерінің антологияларына енген шығармалармен саралаған. Қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі көркемдік жетістіктің бірі – ауыз әдебиеті үлгілерінен жалғасып келе жатқан санамақ, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өтірік өлең, ертегі, аңыз, әңгіме, айтыс жанрларының кездесетіндігі. Мұның өзі қазіргі балалар әдебиетінде қалыптасқан дәстүрдің заңды жалғастығын көрсетеді. Балаларға арнап жазатын ақын-жазушылар өз шығармаларымен отбасын, отанын, елін, қоршаған табиғатты сүйетін ұрпақ қалыптастыруға үлес қосуда. Қазақ қаламгерлері балалар арасында жаңа Қазақстандық патриотизм қалыптастыруда, ұлттық құндылықтарды насихаттауда тынымсыз еңбек етіп жатқаны байқалады. Балалардың арман-мақсаттарын ертегі кейіпкерлерімен байланыстыра білген авторлардың бала психологиясын еркін меңгергені олардың көркем шығармаларынан көрінеді. Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен PhD докторанттарға, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлттық әдебиет туралы білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.