Главная / Новости / "Рухани жаңғыру аясында гуманитарлық ғылымдардың дамуы" атты онлайн-дөңгелек стол

"Рухани жаңғыру аясында гуманитарлық ғылымдардың дамуы" атты онлайн-дөңгелек стол

17 апреля М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Ғылыми қызметкерлер күніне орай онлайн форматта "Рухани жаңғыру аясында гуманитарлық ғылымдардың дамуы" атты онлайн-дөңгелек стол өтті.
Әлемдегі мәдени құбылыстар ғылым тарапынан да жаңаша көзқарас зердесін талап етеді. ХХІ ғасырдағы адамзаттың рухани-эстетикалық сұранысын түсіну үшін жаңаны да, ескіні де өзгеше ракурста бажайлап, тың ғылыми-танымдық ізденістерге бару қажет. Әдебиеттанушы, өнертанушы мамандардың бас қосуы ғылым дамуының осындай келелі мәселесін талқылауға арналды. Сонымен бірге отандық ғылым жүйесінің дамуы, зерттеушілер арасындағы бәсекеге қабілеттілік жайлы мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.
Шараға институт қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар қатысты.

  17 апреля 2020 г.