Главная / Новости / «Жаһандық мәдениет және ұлттық сахна өнері: диалог және ықпалдастық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Жаһандық мәдениет және ұлттық сахна өнері: диалог және ықпалдастық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен Қазақстан театр қайраткерлер одағының Төралқа мүшесі, Қазақстан Театр сыншылар бірлестігінің Вице-президенті, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының Академигі, өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор Аманкелді Оразбайұлы Мұқанның 60 жасқа толуына орай «Жаһандық мәдениет және ұлттық сахна өнері: диалог және ықпалдастық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Алғыс хаты» мен «Төсбелгісін» президент кеңесшісі Мәлік Отарбайдың табыстауымен басталды. Мәжіліс аясында Мәдениет және спорт министрінің құттықтау хаты оқылды. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Қазақстан театр қайраткерлер одағының өкілдері жүрекжарды лебіздерін білдіріп, құттықтады. Ал М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Кенжехан Матыжанов ғалымға шапан жауып, М.Әуезовтің портреті бейнеленген кілемшені табыстады.
ҚР ҰҒА Орталық Ғылыми кітапханасының мәжіліс-залында өткен шараға театр саласынан отандық және шетелдік танымал ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері шақырылды. Конференцияға магистранттар, докторанттар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, өнертанушы ғалымдар қатысты.
Баяндамышылар бүгінгі театрлық үдерістері мен өзекті мәселелері туралы құнды мағұлматтарымен бөлісіп, келелі пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану докторы Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы «Амангелді Мұқанның ғылыми еңбектеріндегі театр өнерінің көркемдік әлемі»; Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Қабдиева Сәния Дүйсенхановна «Казахский театр. Современный взгляд на прошлое»; Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының профессоры, өнертану докторы Туляходжаева Мухаббат Турабовна «Баходыр Юлдашев во времени и пространстве узбекского театра»; Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, өнертану докторы Утегалева Сауле Исхаковна «О новых методах и подходах в изучении домбровой музыка казахов»; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Орда Гүлжаһан «Бүгінгі қазақ театртану ғылымы: зерттелуі мен зерделенуі»; Варшава мемлекеттік университетінің профессоры, өнертану докторы Москвин Андрей «Национальные тевтр Центральной и Восточной Европы (1992-2022) и национальная драматургия»; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әдеби байланыстар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Ананьева Светлана Викторовна «Современное театральное искусство Казахстана: тренды, тенденции, имена»; Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, өнертану кандидаты Мұқышева Назира Рахманқызы «Қазақ кинотану ғылымындағы бүгінгі үдерістер»; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, өнертану кандитаты Шарипова Диляра Сафаргалиевна «Проблема целостного постижения мира художником: стилевые направления в современной живописи Казахстана»; И.Арабаева атындағы қырғыз мелмекеттік университеті, НАН ҚР аспиранты Турдубекова Элеонора Маратовна «Художественный перевод драматургии: трансляция литературного опыта, межкультурная коммуникация»; Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаудыр Айболат Жанғалиұлы «Бүгінгі театр өнеріндегі өзекті мәселелер» атты тақырыпта баяндамалар оқыды.
Конференцияда оқылған баяндамалар және секцияларға бөлінген мақалар топтамасы арнайы жинақ болып басылып шықты. Сондай-ақ мерейтой иесінің «Бикен Римова. Көктем қалпынан өзгермей қалған жан» атты «Сахна сазы» шығармашылық портреттер сериясымен жалғасатын жеке кітабы оқырманға жол тартты. Еңбектің тұсауын театр өнерінің белгілі өкілдері театртанушы С.Қабдиева, театр режиссер Ә.Рахимов, профессор Б.Құлбаев кесті. Бұл серия одан әрі жалғасын таппақ. Биыл 100 жылдық мерейтойы тойланып жатқан танымал актрисаның сан қырлы шығармашылық қызметі жан-жақты қарастырылады.

  19 мартa 2023 г.