Главная / Новости / «Қазақ эпостануының теориялық мәселелері» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел

«Қазақ эпостануының теориялық мәселелері» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел

23 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Фольклортану» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Сәкен Сейілбек Икрамбайұлы «Қазақ эпостануының теориялық мәселелері» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында қазақ эпостануының негізгі мәселелері қаралып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген еліміздің ұлттық құндылықтарын насихаттау арқылы әлемге таныту мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстар легі таныстырылды.
Аталмыш шараға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің "Қазақ әдебиеті" кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері қатысты.

  23 апреля 2020 г.