Султан Ертай

Директордың иновация бойынша орынбасары

СУЛТАН Ертай – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының инновация бойынша орынбасары, PhD доктор. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2011-2013 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасында «Филология: қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. 2014-2017 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты арасындағы «Білім және ғылым интеграциясы» бірлескен білім беру бағдарламасы аясында «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураны оқып аяқтады. 2018 жылы қазақ, ағылшын, испан, итальян және жапон романдарының жанрлық өзгерістеріне ғылыми-салыстырмалы талдау жасалған "Қазіргі романның трансформациясы" тақырыбында PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғады (ғылыми кеңесшілері: ҚР ҰҒА академигі, филол.ғ.д., профессор С.С. Қирабаев және Гранада университетінің (Испания) профессоры, доктор А.Ч. Чаморро). ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 03.05.2018 жылғы №701 шешімімен PhD доктор дәрежесі берілді. 2012 жылдан бастап М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет етеді. Осы уақыт аралығында: 2012-2015 жж. Институттың баспасөз хатшысы, іргелі зерттеу жобаларында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер; 2016-2018 жж. Институттың ғалым хатшысы, нысаналық қаржыландыру бағдарламасында аға ғылыми қызметкер; 2019 жылдан ҚР БҒМ Ғылым комитетінің шешімімен Институт директорының инновация бойынша орынбасары болып тағайындалды. Master’s in Development Practice Global Classroom бағдарламасы бойынша Колумбия Университеті мен БҰҰ (Нью-Йорк, АҚШ), әл-Фараби ҚазҰУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Кадис университетінде (Кадис қ., Испания), Гранада университетінде (Гранада қ., Испания) ғылыми тағылымдамалардан өтті. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің "Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының" иегері атанды.