Қалиева Альмира Қайыртайқызы

Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары

Қалиева Альмира Қайыртайқызы – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2003-2005 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасында «Филология» мамандығы (Мамандану – «Әдебиет теориясы») бойынша білім алған. 2010 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Майтановтың жетекшілігімен «Шығармашылық тұлғаны суреттеудегі психологизм» (мамандығы: «10.01.08 – Әдебиет теориясы; мәтінтану») тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. «Көркем әдебиет: шығармашылық тұлға және психологизм» атты монографияның (Алматы, 2012), 70-тен астам ғылыми мақалалардың авторы. 2007 жылдан М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жүзеге асырылған «Казахская литературная классика», «М.О.Әуезов шығармашылығындағы тәуелсіздік идеясы», «М.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны», «Тәуелсіздік дәуір әдебиетіндегі ұлттық және жалпыадамдық парадигма (қазақ және өзге халықтар әдебиеті негізінде)» атты іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеу жобаларына қатысып, жекелеген тараулардың авторы болды. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты – әдебиет поэтикасы, әдеби даму заңдылықтары, қазіргі әдеби үдеріс және әуезовтану мәселелері.