Үйі / Жаңалықтар / Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сессиялық жиыны

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сессиялық жиыны

4 наурыз күні Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың қатысуымен ҚР Ұлттық ғылым академиясының сессиялық жиыны өтті.
Күн тәртібінде ҚР ҰҒА Төралқасының 2019 жылы атқарылған жұмысының қорытындысы шығарылып, ғылым мен білім саласындағы жұмысты жақсарту туралы ұсыныстар қаралды, сонымен қатар ҰҒА-ның 2020 жылға арналған мақсаттары мен міндеттері айқындалды.
М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д. Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов "Абай шығармашылығындағы адамзаттық құндылықтар" тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Осы орайда Елбасы тарапынан терең зерделенген Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен байланысты "Ұлттық болмыстың үлгісі" сөз болды, сондай-ақ кемеңгер ойшылдың "Мемлекет ісінің мүдделесі", "Жаңа қоғамның жанашыры", "Әлемдік мәдениеттің тұлғасы" ретіндегі қырлары ашылды.
ҚР ҰҒА Төралқасының отырысына ҰҒА академиктері, корреспондент-мүшелері, құрметті мүшелері, ЖОО ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, оқытушылар мен ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

  11 наурыз 2020 г.