Үйі / Жаңалықтар / "АБАЙДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА" ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

"АБАЙДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА" ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

М.Әуезов мұражай-үйінде 26 ақпанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абайдан қалған асыл мұра" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік дөңгелек стол өтті.
Жиынға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Асқарұлы Қасқабасов, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы, дәстүрлі әнші, өнертанушы Еркін Шүкіман, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы Тұрсынжан Шапай және институттың абайтану, әдебиеттанушы, текстолог мамандары қатысты.
Іс-шарада ұлы Абай шығармаларының академиялық басылымын дайындау дың ғылыми-тәжірибелік мәселелері талқыланды.

  28 ақпан 2020 г.