Үйі /
Жаңалықтар /
Ғылыми жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумға қол қойылды

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Ресей ғылым академиясының Қалмақ ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Куканова Виктория Васильевна арнайы келді.
Виктория Васильевна институттың Бас директоры, филология ғылымдарының докторы Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлымен сұхбаттасып, арадағы ғылыми әріптестікті нығайту жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ екі тарап арасындағы ғылыми ақпарат пен ғылыми тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулерді үйлестіру және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, Виктория Васильевна «Oriental Studies» журналының бас редакторы, ғылыми журнал халықаралық Scopus базасында индекстеледі.
Кездесуде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Бас директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төрәлі Қыдыр, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Пәкизат Алпысбаева, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Светлана Викторовна Ананьева болды.

22 ақпан 2023 г.