Үйі / Жаңалықтар / «Халық мұрасының қамқор қайраткері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті

«Халық мұрасының қамқор қайраткері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен әдебиеттанушы-ғалым, ф.ғ.д., академик Рахманқұл Бердібайдың 95 жыл толуына орай «Халық мұрасының қамқор қайраткері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.
Философия, саясаттану және дінтану институтының мәжіліс залында өткен шараға ғалымдар, әдебиет және өнер зерттеушілер, институтымыздың ғалыми қызметкерлері және акамдемик Р. Бердібайдың ет жақындары арнайы қатысты.
Конференцияны институттың Бас директоры, ф.ғ.д., Қазақстанның ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Кенжехан Матыжанов жүргізді. Ол кіріспе сөзінде Р. Бердібайдың өнегелі өмір жолы мен ғылымдағы орнына, ұлт руханияты мен әдебиетін дамытудағы ерен еңбегіне тоқталды. Академиктің кеңестік кезеңде ойлы тыңдарман мен «көкірегі сезімді» жастар арасында трендке айналған «Халық университетінің» құрылу тарихынан сыр шертті. Қазіргі таңда бұл дәстүр жалғасын тауып, айына бір рет өткізіліп жатқанын жеткізді.
Шара барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Д. Ысқақұлы «Ұлт руханиятының жанашыры»; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Фольклортану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Б.У. Әзібаева «Академик Р. Бердібай – фольклортанушы ғалым»; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор А.С. Ісімақова «Академик Рахманқұл Бердібай: совет кезіндегі түркология мен ұлттық әдебиеттануды дамытқан бірегей ғалым»; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.В. Ананьева «Динамика научного знания в трудах академика Р. Бердибая»; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф. ғ.к. А.С. Бұлдыбай «Рахманқұл Бердібай – айтыс ажарын ашқан тұлға»; Нұр-Мүбәрәк университеті Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор Ш. Керім «Рахманқұл Бердібай – ұлтшыл, шығысшыл,түркішіл қайраткер»; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., профессор С. Медеубеков «Халық мұрасының жанашыры, жоқшысы»; ф.ғ.к., доцент Ж. Камалқызы «Р. Бердібай мұрағатындағы ұлт аманатын арқалаған хаттар сыры» тақырыптарында баяндама жасап, келелі ойларын ортаға салды.
Ақын, сазгер ф.ғ.к. А. Дүйсенбі «Ұлтын ұйытқан абыз» арнау жырын арнаса, өнерпаздар күй орындап, терме айтты.

  23 желтоқсан 2022 г.