Үйі / Жаңалықтар / Көрнекті ақын, әдебиеттанушы ғалым Шөмішбай Сариев өмірден озды.

Көрнекті ақын, әдебиеттанушы ғалым Шөмішбай Сариев өмірден озды.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымы белгілі ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Франц Кафка атындағы халықаралық алтын медаль, «Платина Тарлан», «Жыл адамы», «Алтын адам» сыйлықтарының лауреаты, І дәрежелі «Барыс» орденінің (2020) иегері Шөмішбай Нағышыбайұлы Сариевтің дүниеден озуына байланысты отбасына, туған-туысы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Шөмішбай Нағышыбайұлы Сариев еңбек жолын Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде журналистіктен бастаған. 1971 жылы ҚазМУ-дің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген. 1970-1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болған. 1993 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта қандидаттық диссертация қорғап, ғылым кандидаты дәрежесін иеленген. Осы күнге дейін ҚР БҒМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жетекші ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарды.
Шөмішбай Нағашыбайұлының есімі өнерсүйер қазақ елінің есінде мәңгі сақталады. Ақын рухы жырларымен бірге ұрпақтарға жете беруін тілейміз.

  15 ақпан 2021 г.