Үйі / Жаңалықтар / М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ғылыми кеңесінің отырысы

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ғылыми кеңесінің отырысы

2020 жылдың 15 қыркүйегінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесінде жуырда әзірленген Әдеп жөніндегі ережелер мазмұны таныстырылды. Мамандар ұжымдық әдеп нормалары мен еңбек тәртібінің негізгі талаптары жөнінде пікір алмасты. Аталған құжат ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан, шежірелі тарихы бар мекеменің өзіндік дәстүрін арқау еткен құндылықтар жүйесі негізінде әзірленген. Олар: әр қызметкердің үлесі мен жетістігін бағалаудағы әділдік пен объективтілік, ғылымға және қызметке, ұжымға деген адалдық, маңызды мәселелерді талқылаудағы ашықтық пен өзара сенім, ұжымдағы сыйластық пен мәдениет.

  15 қыркүйек 2020 г.