Үйі / Жаңалықтар / "Халықаралық әдеби байланыс және мәдени дипломатия" онлайн дәрісі

"Халықаралық әдеби байланыс және мәдени дипломатия" онлайн дәрісі

22 апреля Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Еуразия Жазушылар одағының төрағасы, Еуропа ғылым, өнер және әдебиет академиясының мүшесі, Гази университетінің оқытушысы, жазушы Якуп Өмероғлумен онлайн кездесу болып өтті. Онлайн шара барысында Якуб Өмероғлу "Халықаралық әдеби байланыс және мәдени дипломатия" тақырыбында дәріс оқып, қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, өзара пікір алысты.
Онлайн байланыс барысында қазіргі заманғы мәдени кеңістіктегі әлем және қазақ әдебиетінің дамуы мен басты бағыт-бағдарлары, сондай-ақ, шығармашылық интеграция, студенттердің кітап оқуға қызығушылығын ояту мәселелері талқыланады.
Әлем әдебиетінің қазіргі беталысы, әдебиет пен тарихи мұраларды өзара сабақтастыру сынды ауқымды мәселелер қаузалған дидарласудан болашақ тілші ғалымдар жақсы әсер алды.
Шараға институт қызметкерлері мен университет оқытушылары және студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

  5 маусым 2020 г.