Үйі / Институттың бөлімдері / Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімі

Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімі

СЫРТҚЫ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ АНАЛИТИКА БӨЛІМІ

 

Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімін ашу туралы  М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Ғылыми Кеңесінің 2001 жылдың желтоқсан айында өткен отырысында шешім қабылданды. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықаралық қатынастардың кеңейіп, тереңдеу түсуінің арқасында институттың құрылымы осындай жаңа бөлімге толығуы заман талабы болатын. Кезінде әлемдік әдеби үдерістер жайында қазақстандық әдебиеттанушылардың еңбектері басылып шықпағандықтан, осы жаңа бөлімнің мақсаты – әлем әдебиеті жайлы жан–жақты зерттеу жүргізіп, қазақ оқырманына әлемдік әдеби үдерістің жаңа көрінісін беріп, қазақ әдебиетін сол үдерістің қатарына қосып, оны әлем әдебиетінің бір бөлігі етіп елге  таныту.

Кез–келген тарихи дәуірде әр елдің әдебиетінің даму ерекшелігі әр түрлі болғаны белгілі, сол себепті қазіргі замандағы болып жатқан әлемдік әдеби үдерістерді,  олардың өзара байланысу мен ықпалдасу мәселелерін баса назар аударып зерттеу қажет. Тәуелсіздік кезеңінде халықтар арасындағы қарым-қатынас нығайып, ұлттық әдеби байланыстар жаңа сатыға көтеріледі. Жаңа ашылған бөлімді алғаш басқарған филология ғылымдарының докторы, профессор М.Х. Маданова (2002-2006 жж.), кейіннен филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Р Елеукенов (2007-2009 жж.), бүгінгі күні, 2010 жылдан бастап бөлімді филология ғылымдарының кандидаты С.В Ананьева басқарып келеді.

Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің зерттеу жүмыстарының негізгі бағыттары: қазіргі заман әлем әдебиеті, қазіргі қазақстандық әлем әдебиеті, компаративистика, Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары. Бөлімнің он жылдық ғылыми–зерттеу жұмысының нәтижесінде ұжымдық және жеке монографиялар, ғылыми жинақтар, мақалалар жинағы, халықаралық ғылыми конференциялар материалдары, библиографиялық көрсеткіштер және т.б. еңбектер жарық көрді. Алыс және жақын шетел мемлекеттерінің ғылыми орталықтарымен шығармашылық байланыстар орнатылып, өзара ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.

  21 қаңтар 2022 г.