Main / News / «Көне күйлерді жүйелеу және іріктеу жұмыстарының өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел

«Көне күйлерді жүйелеу және іріктеу жұмыстарының өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Музыкатану бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 12-наурыз күні «Көне күйлерді жүйелеу және іріктеу жұмыстарының өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.
Жиында қазақ халқының ұлттық ерекшелігі мен бірегейлігін айқындайтын қобыз, домбыра, сыбызғы және т.б. аспаптарға арналған күйлерді нотаға түсіру, ғылыми түсініктемелер беру және экспедициялар нәтижесінде жинақталып, Институттың сирек қорында сақталған көне аудиожазбаларды халыққа насихаттау, таңдаулы үлгілерді жүйелеу, музыкалық мұраларымызды дүниежүзінің мәдени кеңістігіне таныстыру мәселелері талқыланды.
Жиынға М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Музыкатану бөлімінің ғылыми қызметкерлері, өнертанушы, музыкатанушы мамандар мен күйшілер қатысты.

  12 April 2020 г.