Main / News / ӘУЕЗОВ ҮЙІНДЕГІ ПЬЕСА ОҚЫЛЫМЫ

ӘУЕЗОВ ҮЙІНДЕГІ ПЬЕСА ОҚЫЛЫМЫ

27 ақпан күні «Drama.KZ» фестивалі аясында Әуезов мұражай-үйінде белгілі жазушы-драматург Серік Асылбекұлының "Қазақша ашылып сайлау" атты екі актілі, алты көріністі комедиясының және Байділдә Айдарбектің "Суицид" драмасының оқылымы өтті.
Оқылымға шақырылған қонақтар арасында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, театр сыншысы, өнертану ғылымдарының кандидаты Анар Ермекбай, пьесалардың авторлары драматургтер Серік Асылбекұлы, Байділдә Айдарбек, журналист Ләзиза Керімқұл, Абай атындағы ҚазҰПУ, Ж.Елебеков атындағы РЭЦК студенттері болды.
Театр сыншылары мен жанашырлары, өнерлі студенттердің басын қосқан дәстүрлі іс-шара өткен жылы бастау алып, биыл да жалғасын табуда. Қонақтарымыз жақсы пікірлер, тосын тұжырымдар айтып ойларымен бөлісті. Қазіргі заманғы өзекті тақырыпты қозғаған екі пьеса да қызу талқыланды. Сонымен қатар, лабораторияға жаңа пьесалар қабылдау жалғасуда екенін естеріңізге саламыз.
Толық ақпаратты 87013279029 телефон нөмірінен ала аласыздар.

  27 February 2020 г.