«УЫЗ ТӘРБИЕ» жарық көрді

Үш баланың әкесі, онға тарта немеренің атасы; фольклортану, әдебиеттану, этнопедагогика, мәдениеттану мәселелерімен көптеп шұғылданып жүрген ғалым, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақтанның еңбек сіңірген қайраткері, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжановтың «УЫЗ ТӘРБИЕ» кітабы жарық көрді.
Адам баласының бақытты болашағының балбұлағы балғын балалық шақта (3-5 жас), отбасының ұялы құтхасында, ата-ананың аялы алақаны мен жылы жүрегінде деген қағида әлемде әлдеқашан орныққан. Қолдарыңыздағы кітап сол балбұлақтың құнарлы қайнары – уыз тәрбиені әрбір отбасының, ата-ана мен балғын бөбектің қанып ішетін кәусарына қалай айналдырамыз деген сауалға жауап іздейді. Автор уыз тәрбиенің (баланы ерте дамытудың) күрделі мәселелерін ұлттық және дүниежүзі халықтары тәрбиесімен астарластыра зерделейді. Қазіргі тәрбие трендтеріндегі тың ғылыми толғамдар мен ұстанымдарды кеңінен қамтып саралайды. Тоғыз толғам мен қарапайым қырық бес қағидаға жіктелген еңбектің баяны еркін, ойы оралымды, тілі жеңіл. Сәбиіңіз ұлттық рух пен адамгершілік асыл қасиеттерге сусындап өссін деген ойыңыз болса, бұл кітап сізге сырлас болады деп сенеміз.
Кітаптың тоғыз тарауының әрбір қағидасы иллюстрациялық көркем суреттермен безендірілген.
Кенжехан Матыжанов. Уыз тәрбие. – Алматы: Breand Book, 2023. – 268 б.
Кітаптың бағасы: 5 000 тг.
Байланыс телефоны: +7 7272 72 74 11

19 March 2023 г.