Ғалым мен ғылым машақаты

«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қызметкері, филология ғылымының кандидаты, әуезовтанушы Ермек Қаныкейұлының «М.О.Әуезов және қазіргі қазақ әдебиеті: ғылыми-танымдық ізденістер» атты төрт бөлімнен тұратын кітабы жарық көрді. Ғылым үшін, әуезовтану үшін қажет кітап, табысты еңбек. Жиырма жылдан бері осы орталықта тапжылмай жұмыс істеп, ізденіп келе жатқан аға-әріптесіміздің қажыры мен қайратына бәрекелді айтпасқа амалымыз жоқ. Оның себебін ғылым айналасында жүрген әрбір адам біледі, сезінеді.
Ермек Қаныкейұлы ұстазы Бақытжан Майтановтан тәлім алып, ғылым жолында бекем келе жатқанына күмәнім жоқ. Сөйте тұра, өзінің жақын ағасы болған, марқұм әуезовтанушы, сыншы Рафат Әбдіқұловтың тәрбие өнегесі бойында молынан сезіледі. Ерағаң да Әбдіқұлов сияқты бойын жасырып, көп ортасында көсілмей, баспасөзге де ара-тұра бір шығып қойып, өзінің жып-жылы ұясында момақан ғана тіршілік еткенді қалайды. Сол момақан тіршілігімен «Абай жолының» 1-2 кітабының текстологиясын зерттеп, бір кітап және жазып қойды. Ол кітабы таусылып қалыпты. Ғылыми еңбекті былай қойғанда, көркем әдебиеттің өзі былай тез тарап кетпейді деп ойлағам. Сөйтіп үйге кеп, берген кітабын оқыдым. Таралымына қарасам – 100 дана! Сонда ғана екінші кітабының неге сонша «тез» бітіп қалғанын сездім.
Қаншама ғылыми еңбектер, монографиялар осындай таралыммен ғана шығып жатыр. Бұл ғылымның көсегесін көгерте ме? Ғалым бұл кітаптарын өз ақшасына шығарып жатыр. Әр кездері бір монографиялардың бөлімі ретінде жазғандарын, жүйелеп, бір кітапқа сыйдырып отыр. Ол шыққан ұжымдық монографияларда көптің қолына жететіндей таралыммен шығып жатпағаны түсінікті. Енді өз еңбегін көрсете алатындай кітап шығарғанда – таралымның тұрқы мынау.
Жалпы ақын-жазушылардың кітаптары белгілі бір бағдарламамен шығып жатқаны сияқты (Мысалы, «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы), ғылыми кітаптардың да шығатын өз бағдарламасы болуы керек деп ойлаймын. Бұл ғалымдардың еңбегі жүзден әлдеқайда көп таралыммен шығып, еліміздің біраз кітапханасына жетеді деген сөз.
Ғалымдарымыздың кітаптары дұрыс шықпай жатқанына қарап, инемен құдық қазғандай машақатқа пара-пар ғылым жолы қаншалықты елеусіз емес сияқты көрініп, әр жерде – президент сөзімен де, министр ләмімен де айтылып жатқанымен, соншалықты қорғансыз, қараусыз, назарсыз қалған күйінен ажырай қоймағандай күй кешесің. Өзім білетін, аз ғана жағдайларды айтайын.
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инистуты Ахмет Байтұрсынұлының 5 томдық академиялық жинағын дайындады. Оны бар жоғы елу данамен шығарып, толық тиражын шығарудың қаржылық көзіне таба алмағаны жазылды. Ұлт ұстазының мұрасын мемлекет болып шығара алмай отырғанымыз ғылымымызға сын емес пе алдымен? Айтудың өзі ыңғайсыз.
Алдыңғы жылдары Абайдың академиялық басылымын да институт басшысы Кенжехан Матыжанов қайта-қайта айтып жүріп, әзер шығарттырған. Осыларды көргенде ғылымға көңіл жеткілікті бөлініп жатыр деп айта аламыз ба?
«Дүниенің кілті – ғылымда» деген сөзбен бүгін ешкімді таңғалдыра қоймайсың. Жалпы ғылымға қатысты қандай да бір қанатты сөз айтылмай қалған жоқ. Сондықтан біз де оқырманға ондай сөз айтпаймыз. Қанатты сөздер ұрандарға қосылып, қаншама баяндамаларда, жолдауларда басшылардың аузына салынды. Қаншалықты көп айтылған сайын – сөздің қадірі қашты. Әйтеуір жұртты «аһ» дегізетін бір сөз табуды ойлаған басшылар оның қалай іске асатынын көп ойламайтын сияқты әсер береді де тұрады. Ғылымның маңыздылығын айтатын сөздердің бүгін бізге керегі жоқ. Бізге керегі – ғылымның өзі. Нақты ғылыммен айналысатын, аңыз бен фактіні, дақпырт пен деректі шатастырмайтын мамандарды іріктеп, солардың ғылыммен айналысуына мол мүмкіндік жасау керек. Осы күні ғылым атын жамылған псевдоғалымдар көп-ақ. Бірінің пікірі біріне қабыспайтын, сөйте тұра бірінің кітабындағы деректер екіншісінің кітабында мұртын бұзбаған күйі көшіп жүретіні тағы бар. Кей профессорлардың мақаласын оқудың өзі – азап.
Одан қалса, скопус жүйесіне енген халықаралық журналға мақала жариялау деген шарт бар. Бұл шарттың машақаты туралы аз айтылған жоқ. Мазағы да аз боп жатпағанға ұқсайды. Академик ақсақалымыз шетел журналдарының біріне мақала жарияламақ болғанда, мақаласы плагиат боп шығыпты. Автор аң-таң. Сөйтсе, ол кісінің мақаласын оған дейін бір пысықайлар аударып, шетел журналына өз атынан жариялап жіберген. Өз мақаласы өзіне плагиат боп шыққан академиктің оқиғасы осы күнгі ғылым жүйесіндегі үлкен олқылықтың мысалындай дүрсін-дүрсін айтылып жүр.
Өткен жылы бір доктарант қыз қорғамақ болып, оппонент іздегенде Қазақ Ұлттық университетіндегі мүйізі қарағайдай ұстазымыз оппоненттікке жарамай қалыпты-мыс. Сондағысы хирша индексі жоқ боп шыққан. Ол дегеніңіз сіздің сол беделді журналға шыққан мақалаңызға тағы бір сол журналға мақала жариялаған ғалым сілтеме жасауы керек. Сонда сіз өнімді, табысты ғалымдардың қатарында екенсіз. Бұныңыз – халықаралық өлшем. Ал осы өлшем қазақ әдебиеттануына қалай жүреді айтыңызшы.
Кімнің не жазып, қандай жетістікке жетіп жатқаны қазір маңызды болмай қалған. Тек халықаралық журналдарда көбірек мақаласы шықса, көбірек конференцияларға қатысса, ВАК-тың журналдарына жиі шықса ғалымның еңбегі сонымен өлшенетін болды. Оның жазғандарының сапасы туралы ешқандай әңгіме жоқ.
Бұл айтып отырған мәселеліріміз, ғалымдардың емес, ғылымның кемшілігі болып тұр. Бізге скопус жүйесіне енген өз журналымыз керек. Шетелдік ақылы журналдарға қаншама ақшамыз кетіп жатыр. Оның бағасы да қымбат. Бір адамның жариялауға шамасы жетпей 3-4 автор бірігіп, бір мақала жариялайды. Оның сапасынан гөрі шыққаны маңызды. Шықпай қалу қаупі де бар.
Оданша сол журналдарға төленетін ақшаны өз журналымызға төлеген әлдеқайда жақсы болар ма еді?! Қалай болғанда да ғылымға жауапты министрлік осы тарапта бір төтенше жол табуы керектей.
Әңгіме Ермек Қаныкейұлының 100 ғана данамен шыққан кітабынан басталды. Сөз кітап жөнінде болуы керек еді. Бірақ жәй кітап емес, ғылыми кітап болғандықтан, әрі көңілге томпақ келген таралымы ой қозғап, осындай аз сөз шығындауымызға тура келді.
Ермек Қаныкейұлының бұл кітабының бірінші бөлімінде Әуезов өміріндегі публицистиканың орны әжептәуір ашылған. Нақты мысал, нақты даталармен көрсетіп тұрып, Әуезовтің жазушылығынан бөлек, қоғамдық жұмыстарын жақсы зерттеген. Әуезовтің алғашқы мақалаларының бірі «Жапония». Ермек Қаныкейұлы Әуезовтің осы мақаласындағы Жапонияның күрт дамуына себеп болған факторларды санамалап шығады. Соның негізгі бір бағыты ғылым екенін ерекше айтуға тура келеді.
М.Әуезовтің шығармашылық ғұмырбаянындағы публицистиканың қаншалықты маңызды болғанын жүйелі жазылған еңбекті оқығанда тереңірек түсінесіз. Жазушы Әуезовтің газет бетінде қоғамдық, әлеуметтік, тіпті, кейбір саяси мәселелерге белсенді араласуына тура келді. Бұл сол кезеңдегі қазақ қоғамының келбетін көрсетсе, екінші жағынан жазушының азаматтық позициясын айқындайтын құнды еңбектер. Ермек Қаныкейұлы Әуезов қаламынан туған дүниелерді хронологиялық тізбекпен жүйелеп, әсіресе, 1917–1930 жылдардағы ғылыми, педогогикалық, қайраткерлік жолын жап-жақсы, түсінікті етіп жеткізе білген.
Кітабының екінші бөлімі шағын. Онда тарихи драмалардың идеялық бағытын зерттеп, сонда еркіндікке құштар рухты сездіреді.
Кітабының үшінші бөлімі әдеби сынға арналған. Ермек Қаныкейұлы тек қана әдебиеттанушы емес, қазақ әдебиетінің процессіне үнемі назар аударып, бағалап отыратын сыншы. Ә.Нұрпейісов, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Ж. Шаштайұлы, М.Шаханов, Ғ.Жайлыбай, Т.Әсемқұлов, А.Алтай, А.Кемелбаева шығармаларын талдаған сын мақалалары баспасөз беттеріне шығып, әдеби ортада ой тудырған дүниелер болатын.
Ермек Қаныкейұлы көркем шығармаларды әдебиеттанушы сияқты емес, әдебиет сыншысы ретінде жазады. Бізге ұнайтыны да – сол. Шығарманы да, кейіпкерді де сезіне отырып, талдайды. Бұл біздің әдебиеттанушыларға жетісіңкіремейтін қасиет.
Соңғы бөлімінінде Әуезов әулетінің жақындары мен жәдігерлері туралы жазған мақалалары топтастырылған. Онда Ләйлә Мұхтарқызының адал перзенттік келбеті пен Ернар Әуезовтің ғалымдық бейнесі көрінген. Орнитология ғылымында өшпес із қалдырып, реликті шағаланың бөлек түр екенін дәлелдеген біртауар ғалым Ернар Әуезовтің жарқын бейнесін көз алдыңызға әкеледі.
Кітап жалпы оқырман қауымға ұнайтындай-ақ. Бірыңғай ғылыми кітап емес. Оның себебі түсінікті. Жоғарыда айттық. Жазған еңбегі аз таралыммен шығатын әр монографияда жүргендіктен, бәрінің басын қосып, оқырманға ұсынып отыр. Әзірге осыған біз де қанағат дейміз.
Бағашар Тұрсынбайұлы,
М.О. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының
ғылыми қызметкері

19 March 2023 г.