Main / News / ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

21 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында онлайн Ғылыми кеңес отырысы ұйымдастырылды. Күн тәртібінде «PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының есебін тыңдау, аттестациялау» мәселесі талқыланды. Жиын барысында институт директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов докторантура мамандығында білім алушылардың диссертациялық есептерінің жұмыс барысын тыңдап, оларды аттестациялау мәселесі туралы тапсырма берді.
Онлайн жиынға институттың ғалымдары, ғылыми қызметкерлері мен докторанттар, магистранттар қатысты.

  21 May 2020 г.