Main / News / "Мыңжылдықтар тоғысындағы тіл білімі және әдебиеттану" Халықаралық ғылыми- тәжірибелік онлайн-конференциясы

"Мыңжылдықтар тоғысындағы тіл білімі және әдебиеттану" Халықаралық ғылыми- тәжірибелік онлайн-конференциясы

27 сәуір күні ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай, "Мыңжылдықтар тоғысындағы тіл білімі және әдебиеттану" тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция болып өтті. Конференция ұйымдастырушылары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің орыс филологиясы кафедрасы.
Пленарлық отырыста М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры К.І.Матыжанов пен Х.Досұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры С.Н.Ыдырысовтың құттықтау сөздері тыңдалды. Сондай-ақ Орал қаласындағы Ресей Федерациясының вице-консулы В.А.Волков, Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Б.Қыстаубаева, «Былина» Атырау этномәдени бірлестігінің төрағасы А.А.Кораблев та іс-шараның ашылуында өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Конференция барысында Д.Ысқақұлы, К.О.Жүсіп, С.М.Алтыбаева, О.В.Кряхтунова, С.В.Ананьева, С.И.Камеловалардың баяндамалары тыңдалды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған онлайн конференцияға Қазақстан, Ресей, Чехия, Болгария, Қытай мемлекеттерінен жүзден астам тыңдаушылар қатысып, танымал ғалымдардың баяндамасы талқыланды. Сондай-ақ, онлайн-конференция жұмысына ғылым докторлары мен кандидаттары, ЖОО басшыларымен қатар, жас ғалымдар, магистранттар, мектеп мұғалімдері мен колледж, ЖОО оқытушылары да қатысты.
Пленарлық онлайн-отырыс нәтижелері бойынша конференция материалдарының жинағы жарыққа шықты. Ұйымдастырушы комитетпен іріктелген 95 ғылыми мақала «Қазіргі заманғы әлем үшін Абайдың шығармашылық мұрасының мәні», "Қазіргі заманғы лингвистиканың өзекті мәселелері. Мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері", «Қазіргі заманғы әдебиеттанудың теориялық және қолданбалы мәселелері" секциялары бойынша бөлінді.
Конференцияның қатысушылары баяндамаларда көтерілген мәселелер туралы өз пікірлерімен бөлісіп, жылы тілектер айтып, іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.
Онлайн-форматта жүргізілген конференция пікір алмасуға, өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға, халықаралық ғылыми қауымдастыққа кіруге жақсы мүмкіндік болып табылды.

  27 April 2020 г.